Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған жылуды реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы сыртқа бөлінеді. Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі — химиялық жол, екіншісі - физикалық жол.
Химиялық жолмен жылудың реттелуі зат алмасу кезінде ағзада түзелетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия арқылы реттеледі.
Физикалық жолмен реттелуі ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судың арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің, қантамырлардың, тері шелмай қабатының қатысуымен жүреді.
Ағзадағы жылу денеге қан арқылы таралады. Терідегі тітіркенуінен зат алмасу қарқыны өзгереді. Мысалы, сыртқы орта температурасы көтерілсе, зат алмасу бәсеңдейді де, қантамырлар кеңейеді. Теріге көп мөлшерде қан ағып келіп, теріде температура көтеріледі де бұл кезде сыртқа көп жылу бөлінеді. Осылай ағза өзін қызып кетуден қорғайды. Егер сыртқы орта температурасы ағзаның дене температурасынан төмен болса, қантамырлар тарылады. Бұл кезде теріге қан аз келеді де, ағзада жылу сақталып, өзін тым салқындап кетуден сақтайды. Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелей жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.
Тері түсінің өзгеру себептері
Терінің түсі сыртқы ортаның және тікелей ағзаның әсерінен де өзгеруі мүмкін. Тері түсінің өзгеруі тамақтану ережесінің бұзылуынан, витаминдердің жетіспеуінен болуы мүмкін. Мысалы, А витамині жетіспесе, тері құрғайды, жарылады. Сыртқы ортаның әсерінен тері түсінің өзгеруі бір заттың қатты тиюіне, түрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін.
Терінің гигиенасы
Терінің және оның қосалкы бөліктерінің (шаш, тырнақ) тазалығына үнемі көңіл бөлініп түру қажет. Тері ластанса (кірлесе), түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан теріні, шашты күніне арнайы сұйықсабынмен (шампунь), түрлі иіс сабынмен жуып тұру қажет. Терінің тазалығына түрлі аурулардың таралмауына киетін киімдердің де әсері бар. Ауа өткізбейтін немесе тар аяқ киімдер, жасанды матадан тігілген киімдер теріге зиянды әсер етеді.
Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Терінің күюі өртке, кейбір химиялық заттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, әлсіз ерітіндісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана түрлі емдік жақпамай жағып, таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ерітіндісімен жуылады.
Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Тері үсіген кезде теріде ақ дақтар пайда болады, тері еш нәрсені сезбейді. Мұрын, құлақ, бет үсігенде жұмсақ матамен ептеп ысқылайды. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды, өйткені қар түйіршіктері үсіген теріні жарақаттап жіберуі мүмкін. Үсіген жердің сезімталдығы қалпына келмесе, тез арада дәрігерге қаралу қажет. Қолы немесе аяғы қатты үсіген адамды жылы бөлмеге жатқызып, үсіген жерді жылы затпен орап тастау керек. Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамға жылытатын сусындар ішкізу керек.
Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек
Ыстық күндері ұзақ серуенге шыққанда, ыстық орындарда ауыр істегенде күн өтуі (ыстық өтуі) мүмкін. Күн өткенде бас айналады, ауырады, көз қарауытады, кейде есінен танып қалуы да мүмкін. Күн өткен адамның беті қызарады, тыныс алуы, жүректің соғуы жиілейді. Дене температурасы күрт көтеріліп, +40°С жетуі мүмкін. Күн өткен адамды тез арада салқын жерге әкеліп, денесін қысып тұрған киімдерін шешеді. Басын жоғары жатқызып, маңдайына, жүрек тұсына салқын орамал қояды. Салқын сусындар ішкізу де пайдалы. Тез арада дәрігер шақыру қажет. Егер ауру адам тыныс ала алмаса, жасанды жолмен демалдыру шараларын жасау керек. Күн өтпеу үшін ыстықта киіп жүрген жөн.
Дереккөздер
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Deni sau eresek adamnyn dene temperaturasy 36 5 S 36 9 S Bir tәuliktin ishinde de dene temperaturasynyn sәl de bolsa auytkuy bajkalady Mysaly tүnge karaganda kүndiz sәl zhogarylau bolady Bul agzadagy zat almasudyn ozgeruine tikelej bajlanysty Adam dene temperaturasynyn mundaj az gana auytkuyn seze bermejdi Dene temperaturasynyn 43 S koterilui nemese 25 S tomendeui kazaga ushyratady Agzanyn oz dene temperaturasyn birkalypty saktauga bagyttalgan zhyludy retteu dejdi Dene temperaturasynyn turaktylygy agzada pajda bolgan zhylumen syrtka bolinetin zhyludyn molsherine bajlanysty Agza zhyludy teri arkyly shygarady Adamnyn bir tәulikte boletin zhalpy zhyluy shamamen 13 500 Dzh bolsa onyn 80 y teri arkyly syrtka bolinedi Adam denesinde zhylu eki zholmen retteledi Birinshisi himiyalyk zhol ekinshisi fizikalyk zhol Teri Himiyalyk zholmen zhyludyn rettelui zat almasu kezinde agzada tүzeletin zhylu men bulshyketterdin zhumysyna bajlanysty Bul tagamnyn kuramyndagy agzalyk zattardyn ydyrauynan bolinetin energiya arkyly retteledi Fizikalyk zholmen rettelui agzada pajda bolgan energiyanyn syrtky ortaga zhylu tүrinde bolinui arkyly zhүzege asady Ogan teriden sudyn arkyly bulanuy mysal bolady Teri arkyly agzadagy zhyludyn rettelui ter bezderinin kantamyrlardyn teri shelmaj kabatynyn katysuymen zhүredi Agzadagy zhylu denege kan arkyly taralady Teridegi titirkenuinen zat almasu karkyny ozgeredi Mysaly syrtky orta temperaturasy koterilse zat almasu bәsendejdi de kantamyrlar kenejedi Terige kop molsherde kan agyp kelip teride temperatura koteriledi de bul kezde syrtka kop zhylu bolinedi Osylaj agza ozin kyzyp ketuden korgajdy Eger syrtky orta temperaturasy agzanyn dene temperaturasynan tomen bolsa kantamyrlar tarylady Bul kezde terige kan az keledi de agzada zhylu saktalyp ozin tym salkyndap ketuden saktajdy Agzadan zhyludyn bolinui tek syrtky ortanyn temperaturasyna gana bajlanysty emes Kejde adamnyn konil kүjine de sәjkes zhyludyn bolinui ozgeredi Mysaly kejbir adamdar katty ashulangan kezde terisi kyzaryp ne bozaryp ketedi Bul da terige keletin kan molsherinin ozgeruine bajlanysty Teri arkyly zhyludyn rettelui tikelej zhүjke zhәne endokrindik zhүjelerdin bakylauy arkyly zhүzege asady Teri tүsinin ozgeru sebepteriTeri Terinin tүsi syrtky ortanyn zhәne tikelej agzanyn әserinen de ozgerui mүmkin Teri tүsinin ozgerui tamaktanu erezhesinin buzyluynan vitaminderdin zhetispeuinen boluy mүmkin Mysaly A vitamini zhetispese teri kurgajdy zharylady Syrtky ortanyn әserinen teri tүsinin ozgerui bir zattyn katty tiyuine tүrli aurularga bajlanysty boluy mүmkin Terinin gigienasyTerinin zhәne onyn kosalky bolikterinin shash tyrnak tazalygyna үnemi konil bolinip tүru kazhet Teri lastansa kirlese tүrli aurulardyn pajda boluyna әser etedi Sondyktan terini shashty kүnine arnajy sujyksabynmen shampun tүrli iis sabynmen zhuyp turu kazhet Terinin tazalygyna tүrli aurulardyn taralmauyna kietin kiimderdin de әseri bar Aua otkizbejtin nemese tar ayak kiimder zhasandy matadan tigilgen kiimder terige ziyandy әser etedi Teri kүjgende korsetiletin algashky zhәrdemTerinin kүyui ortke kejbir himiyalyk zattarga kүnge de bajlanysty Terinin kүjgen zherin suyk sumen shajyp әlsiz eritindisimen sүrtedi Eger kүjgen teride kүldiregen kopirshik pajda bolsa ony zharuga bolmajdy Kopirshik zharylgannan kejin gana tүrli emdik zhakpamaj zhagyp tanuga bolady Өte katty kүjgen terige taza tangysh salyp emhanaga zhetkizu kerek Қyshkylga kүjgen teri aldymen taza sumen artynan eki pajyzdyk soda eritindisimen zhuylady Үsigen kezde korsetiletin algashky zhәrdem Teri үsigen kezde teride ak daktar pajda bolady teri esh nәrseni sezbejdi Muryn kulak bet үsigende zhumsak matamen eptep yskylajdy Үsigen zherdi karmen yskylauga bolmajdy ojtkeni kar tүjirshikteri үsigen terini zharakattap zhiberui mүmkin Үsigen zherdin sezimtaldygy kalpyna kelmese tez arada dәrigerge karalu kazhet Қoly nemese ayagy katty үsigen adamdy zhyly bolmege zhatkyzyp үsigen zherdi zhyly zatpen orap tastau kerek Үsigen zherdin zhajlap zhylygany pajdaly Terisi үsigen adamga zhylytatyn susyndar ishkizu kerek Kүn otkende korsetiletin algashky komekYstyk kүnderi uzak seruenge shykkanda ystyk oryndarda auyr istegende kүn otui ystyk otui mүmkin Kүn otkende bas ajnalady auyrady koz karauytady kejde esinen tanyp kaluy da mүmkin Kүn otken adamnyn beti kyzarady tynys aluy zhүrektin soguy zhiilejdi Dene temperaturasy kүrt koterilip 40 S zhetui mүmkin Kүn otken adamdy tez arada salkyn zherge әkelip denesin kysyp turgan kiimderin sheshedi Basyn zhogary zhatkyzyp mandajyna zhүrek tusyna salkyn oramal koyady Salkyn susyndar ishkizu de pajdaly Tez arada dәriger shakyru kazhet Eger auru adam tynys ala almasa zhasandy zholmen demaldyru sharalaryn zhasau kerek Kүn otpeu үshin ystykta kiip zhүrgen zhon DerekkozderBiologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2008 ISVN 9965 34 812 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz