Гигиена (грек. hygіeіnos – дені сау) — денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Гигиена әртүрлі саладағы дәрігерлерді дайындауда маңызды орын алады, өйткені болашақ дәрігердің профилактикалық бағытта ойлау қабылетін қалыптастырады және гигиеналық, клиникалық пәндердің байланысы туралы ұғым береді.
Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған. Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.
Ғылым ретінде гигиена келесі міндеттерді алдына қояды:
- Сыртқы ортаның әртүрлі факторларының адам денсаулығы мен жұмысқа қабылеттілігіне әсерін зерттеу.
- Зиянды факторлардың жағымсыз әсерін төмендететін жалпы шараларды әзірлеу.
- Халықтың тіршілік жағдайының, еңбек пен білім алуының оңтайлы нормативтерін жасау.
- Денсаулық деңгейін жоғарылату, өмір сүруді ұзарту, халықтың шығармашылық потенциалын көтеру әдістерін қарастыру.
Гигиенаның басты мақсаты сырқаттың алдын алу (науқасты емдеу емес). Гигиенаның зерттеу нысаны дені сау адам, басқа медицина салалары науқас адаммен айналысады, яғни, емдеу медицинасының міндеті жеке адамдарға мамандандырылған емдеу–профилактикалық көмек көрсету болса, гигиенаның міндеті сау адамдардың жалпы контингентіне қатысты профилактикалық шараларды дайындау. Гигиенаның мақсаты жайлы (комфортты) өмір салтын, оңтайлы еңбек жағдайларын жасау жолымен сырқаттардың пайда болуын алдын алуды, жоюды мақсат етеді.
Тұрғын үй гигиенасы
Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғышпен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.
Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн. Ваннаны пайдаланған сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек. Ванналарды, , қоқысқа арналған шелекті жуу және дезинфекциялау үшін сауда орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон» т. б. арнайы препараттар сатылады.
Тағы қараңыз
- Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы
- Салауатты өмір салты
- Әлеуметтік гигиена
- Эпидемиология
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Гигиена |
Дереккөздер
- Балалар энциклопедиясы, III-том
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Қазақ Энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gigiena grek hygieinos deni sau densaulykty saktau aurulardan aldyn ala saktanu turaly gylym medicinanyn bir salasy Gigiena sozi grekshe hygieinos yagni ol deni sau degen ugymdy bildiredi Gigiena әrtүrli saladagy dәrigerlerdi dajyndauda manyzdy oryn alady ojtkeni bolashak dәrigerdin profilaktikalyk bagytta ojlau kabyletin kalyptastyrady zhәne gigienalyk klinikalyk pәnderdin bajlanysy turaly ugym beredi Қabyrgadagy antiseptikҚol zhuu Қorshagan ortanyn adam organizmine densaulygyna onyn enbek etu kabileti men omirinin uzaktygyna tigizetin әserin zerttejdi eldi mekenderdi taza ustau mundagy adamdardyn turmysy men kyzmet zhagdajyn zhaksartu zhoninde tүrli normativter men gylymi talaptar sanitarlyk sharalar zhүjesin zhasajdy Bizdin zamanymyzdan buryngy 1500 zh Mysyrda Horezmde tazalyk saktau sharalary koldanylgan Adam densaulygyn zhaksartyp nygajtatyn taza aua men su ekenin sol kezdin ozinde ezhelgi grek dәrigeri Gippokrat atap korsetken Gippokrattyn sol kozkarasyn ortagasyrlyk gulama galym Әbu Әli ibn Sina zhalgastyrdy Onyn әlemge әjgili Dәrigerlik gylymnyn kanony degen enciklopediyalyk enbeginde densaulykty kүni buryn saktap durys tamaktana biludin teoriyalyk negizderi bayandalgan Sol kezde Үrgenish Samarkan Otyrar Taraz t b kalalarda mal soyu sүt satu balyk saktau auyz sudy tazartu isterine zhergilikti bilik organdary tarapynan bakylau zhasalyp otyrgan Қazak halky ezhelden deninin saulygyn tazalygyn saktap durys tamaktanuga katty konil bolgen Қazak zherinde tazalyk saktau turaly maglumattar da erteden belgili Atap ajtkanda 15 gasyrda zhazylgan Өtejbojdak Tileukabylulynyn Shipagerlik bayan atty enciklopediyalyk anyktamalyk kolzhazbasynda halyk medicinasy adamnyn on eki mүshesin kүtu mysaly teri koz t b tazalyk saktau turaly mol mәlimetter keltirilgen Osyndaj mәlimetter sondaj ak Halel Dosmuhamedulynyn Okushylardyn saulygyn saktau 1925 Adamnyn tәn tirshiligi 1927 atty enbekterinde ajtylgan Gigiena gylymy eksperimentaldyk zhәne klinikalyk medicina onyn ishinde kәsibi aurular men zhukpaly aurulardy zerttejtin gylymi bagyttardy biologiya himiya fizika klimatologiya t b gylym salalarynyn zhanalyktary men zhetistikterin pajdalanady Gigiena salasyndagy zertteulerdi Қazakstan Respublikasy Densaulyk saktau agenttigi Profilaktikalyk medicina akademiyasy үjlestirip otyrady Ғylym retinde gigiena kelesi mindetterdi aldyna koyady Syrtky ortanyn әrtүrli faktorlarynyn adam densaulygy men zhumyska kabylettiligine әserin zertteu Ziyandy faktorlardyn zhagymsyz әserin tomendetetin zhalpy sharalardy әzirleu Halyktyn tirshilik zhagdajynyn enbek pen bilim aluynyn ontajly normativterin zhasau Densaulyk dengejin zhogarylatu omir sүrudi uzartu halyktyn shygarmashylyk potencialyn koteru әdisterin karastyru Gigienanyn basty maksaty syrkattyn aldyn alu naukasty emdeu emes Gigienanyn zertteu nysany deni sau adam baska medicina salalary naukas adammen ajnalysady yagni emdeu medicinasynyn mindeti zheke adamdarga mamandandyrylgan emdeu profilaktikalyk komek korsetu bolsa gigienanyn mindeti sau adamdardyn zhalpy kontingentine katysty profilaktikalyk sharalardy dajyndau Gigienanyn maksaty zhajly komfortty omir saltyn ontajly enbek zhagdajlaryn zhasau zholymen syrkattardyn pajda boluyn aldyn aludy zhoyudy maksat etedi Turgyn үj gigienasyTurmys gigienasynyn negizi pәterdi kүtip taza ustau zhiһazdy toltyryp zhinaj beruge bolmajdy Sebebi ol shannyn kop zhinaluyna zhol berip үjdi taza ustaudy kiyndatady Tazalyk saktau үshin kүn sajyn shandy sүrtip edendi dymkyl shetkamen sypyru aptasyna keminde 1 ret zhuyp otyru kerek Terezeni kirletpej uaktyly sүrtken abzal Zhumsak zhiһaz ben kilemderdi shansorgyshpen tazalagan zhon Bolmenin auasy taza boluy үshin tereze zheldetkishin kүnine 3 mәrte tanerten dene shynyktyrgan kezde bolmeni zhinastyrganda zhәne ujyktar aldynda peshpen zhylytylatyn үjlerderde pesh zhagylatyn uakytka turalagan zhon 30 minuttaj ashyp zheldetip alu kazhet Zhazda terezelerdi ashyp kojgan durys Eger otbasyda balalar zhasy ulgajgan nemese aurushan adamdar bolsa olarga zhel karysyp kalmas үshin bolmeni saktykpen zheldetken zhon Bolmenin auasyn tazartu үshin mehanikalyk zheldetkishter de pajdalanylady As үjde vannada zheldetuge arnalgan aua tartkyshtar bolady Pәterdi zhinastyrgan kezde tordy zhinalgan shannan tazalagan zhon Қabyrga arkyly da azdap aua almasady sondyktan turgyn үj kabyrgasyn majly boyaumen syrlauga bolmajdy Mүmkindiginshe bolme temperaturasy zhyldyn zhyly mezgilinde 22 S tan 25 S ka dejin kysta 20 S tan 22 S ka dejin alajda 18 S tan tomen emes birkalypty bolgany abzal Esikter men tereze ramalaryndagy sanylaulardy tygyndap bolmeni zhyly ustauga bolady Temperaturany zhogarylatu үshin elektr kaminderdi t b zhylytu aspaptaryn pajdalanu kerek Pesh zhakkan kezde iis tiip kaluynan saktalgan zhon Peshke ot zhagudy keshki 20 sagattan kejin toktatkan durys Otyn tolyk zhanyp bolgannan kejin gana peshtin zhappasyn zhabady Bolmeni salkyndatu үshin terezege ornatylgan kondicionerlerdi pajdalanuga bolady Kondicioner turakty temperaturany saktaj otyryp auany bir mezgilde shan men ylgaldan tazartady Үjdi kүtip ustamagan zhagdajlarda irgesi syz tartkanda toleni su baskanda үjdin tobesinde zhabyndysynda akau bolgandagydan baska peshti zhүjeli tүrde zhakpaganda bolme үnemi zheldetilmegende үj ishine kir zhuyp keptirgende bolmede syz pajda bolyp aua ylgal tartady Syz adamdy naukaska shaldyktyrady үj kabyrgasy men zhiһazdarynyn bүlinuine әkep soktyrady Sondyktan kirdi vannada zhuyp balkonda nemese aulada ogan arnajy bolingen zherlerde keptirgen zhon Adam kobirek bas kosatyn bolmelerdin taza boluyna erekshe mәn bergen durys Әsirese as үjdi taza ustau kazhet Bolmelerde shybyn tarakan kemirgishter pajda bolmau үshin tamakty ashyk ydys ayakty zhuylmagan kүjinde kaldyrmaj tagam kaldyktaryn zhabylatyn shelekke salyp uakytynda shygaryp otyrgan zhon Vannany pajdalangan sajyn zhuyp su agatyn tesikti unitazdardy kүn sajyn arnajy shetkamen tazalau kerek Vannalardy kokyska arnalgan shelekti zhuu zhәne dezinfekciyalau үshin sauda oryndarynda Sanita Sosenka Dezipon t b arnajy preparattar satylady Tagy karanyzGigiena zhәne epidemiologiya gylymi zertteu ortalygy Salauatty omir salty Әleumettik gigiena EpidemiologiyaOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar GigienaDerekkozderBalalar enciklopediyasy III tom O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Қazak Enciklopediyasy Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet