Геракл (көне грекше: Ἡρακλῆς) — көне грек мифологиясындағы ең даңықты жартылай құдай, жартылай адам кейіпкер. Ол өзінің орасан зор күшімен еркектіктің үлгісі болды. Ол Зев пен Алкменнен туған. Рим мифологиясында оны Геркулес деп аталған.
Зевс Персейдің немересі, Фивы патшасы (King of Thebes) әйелі аздырып көңіл қосады. Одан Геракл Амфитрионаның ұлы Ификлмен егіз болып туылады. Сондықтан ол Персейдің де немересі есептеледі. Жартылай Құдайлық қасиеті бар Геракл жастайынан түрлі соғыс өнерін жеттік игеріп, батылдығына ақылы сай болып, жұрт таныған әйгілі батыр болып өседі.
Гераклде ғажайып қайсарлық, ерлік, парасат, өнер, қабілет болып қана қоймай, оның мінезінде ер және әйелдік ерекшеліктер бірдей болған көрінеді. Одиссей, немесе Нестор секілді керемет ақылды бомалғанымен, бірақ ол да өз ақылымен кейбір әлсіздіктерін толықтай білген екен. Мысалы, жерден күш-құдірет алатын Антейді жерге тигізбей көтеріп тұрып, сілесін қатырып өлтіруі, немесе ғарышты көтеруден босаған сәтінде, қайтадан ғарышты көтергісі келмей қалған Атласқа ақылмен ғарышты қайтадан көтерткізуі секілділер өзіндік ақыл-парасаттың жемісі. Ол сондай-ақ грек аренасы мен палестрасының (күрес мектебі) қолдаушысы және қорғаушысы болды.
Гераклдің белгісі оның арқасындағы арыстан терісі және қолындағы зәйтүн таяғы. Сондай-ақ, ол ойынқұмар болып, бос уақыты болса болды балалармен ойын ойнауға әуес болыпты. Ол өте көне жабайы күшке ие болып, "адамзатты жамандықтан құтқарып қауіпсіз етуші" қормал жан болды.
Геракл сондай-ақ мейір-махаббаттың да үлгісі. Ол досы үшін басын өлімге бәй тігеді. Мысалы ханзаданың жақсы күтіп алғанына разы болып, ажал құдайы Танатоспен айқасады, немесе, қуғындалған Спарта патшасы патшалық таққа қайта отырғызады. Адамзатқа от ұрлап әкеліп беремін деп Зевстің жазасына ұшыраған әйгілі Прометейді оның кеудесін әр күні жейтін бүркіттерді өлтіріп азат етеді. Оған құрмет білдіргендер оның ескерткішін жасағанда, ол оны шағып тастайды. Сондай-ақ ол өзіне сатқындық жасаған жауларына (Augeas, Neleus, Laomedon) тым қатал болады.
Гераклдың дүниеге келуі
Орталық Грекияның батысындағы Акарнанияда өмір сүрген телебойлар тайпасы ұрлап кеткен малын Электрионға қайтарып беру арқылы ержүрек Амфитрион сұлу Алкменаны әйелдікке алады. Алкмена Амфитрион патшадан өз ағаларын өлтірген Птерелай патшадан кек алуын сұрайды. Амфитрион әскер жинап, телебойлар патшасы Птерелайға қарсы аттанғанда, Алкмена сұлудың көркіне ғашық болған найзағай құдайы Зевс Амфитрионның кейпіне еніп, Алкменаға келеді. Алкмена Зевс пен Амфитрионнан егіз ұл туады. Зевс Алкмена босанатын күні бүкіл құдайларды жинап алып, «бүгін дүниеге келетін ұл өзінің барлық туысқандарына билік жүргізетін патша болатындығын» жариялайды. Зевстың жердегі сұлу Алкменаға есі кетіп, ғашық болып жүргенін білетін Гера оған қатты ызаланып:
—-Найзағай тәңірісі, сен бүгін дүниеге келетін бала сенің Персей әулетіңдегі барлық туысқандарыңа билік жүргізетіндігіне уәде бер! —- деп Олимптегі барлық құдайлардың көзінше уәдесін алады да, өзінің алтын күймесімен ұшып отырып, Аргосқа жетеді. Аргосқа келіп, Гера Сфенелдің толғатып отырған әйелін тездетіп босандырып, әлжуаз, аурушаң Эврисфейді дүниеге келтіреді де, дереу Олимпке қайта оралып, оны Зевске хабарлайды. Бұл хабарды естіген Зевс Гераның өзін алдап соққанын жақсы түсінеді. Гера өзінен уәде беруін талап еткен уақытта ақыл-ойын алдамшылық құдайы Атаның билеп алғандығына ызаланып, әйел құдай Атаны шашынан бұрап ұстап алады да, Олимптен лақтырып жібереді. Сол күннен бастап алдамшылық құдайы Ата жерде адамдар арасында өмір сүріп келеді.
Бірақ, әрине Зевс өзінің берген уәдесінен танып кете алмады. Ол өз баласының Эврисфейге қызмет ететінін, қандай қорлықтар мен ауыр азаптарды басынан кешіретіндігін білді. Гераға қарап: «Енді сенің Алкменадан туған ұлдың маңдайына қырсық үймелетіп, қыр соңынан қалмасыңды білемін. Бірақ, ол бәріне де төзіп, бәрін де жеңіп шығады, сенің жасаған қастандық әрекеттерің оның даңқын асырғаннан басқа ештеңе бітірмейді. Ол құлақ естіп, көз көрмеген ерліктер жасайды, жеңістен жеңістерге жетеді. Ал жердегі дәм-тұзы таусылған кезде мен оны Олимпке алдырамын, содан кейін оны ажалсыздар қатарына өзің-ақ қабылдайсың. Сондықтан оның аты «даңқты батыр» дегенді білдіріп, Геракл болсын!»** деп баласына ат қояды да, Герамен келісімге келіп, өз баласын өмір бойы Эврисфейге бағынбайтын етіп шарт жасасып, тек Эврисфей тапсырмасымен он екі ерлік жасайтын болып келіседі. Баласының уақытынан бұрын шала туған әлжуаз Эврисфейге қызмет етіп, азаптанып жүргенін көргенде сан рет Зевстің жаны қиналғанымен ештеңе жасай алмады. Ол тек Афина-Палладаның Гераклға көмектесіп жүруін тапсырды.
Эврисфей дүниеге келген соң іле-шала Алкмена да босанады. Ол егіз ұл тауып, үлкеніне – Алкид (Зевс перзенті), кішісіне – Ификл (Амфитрион баласы) деп ат қояды. Алкид бүкіл Грекияға аты шыққан батыр болады. Оны көріпкел әйел-пифия да «Геракл» деп атайды.
Зевс баласы Гераклдың аман-есен дүниеге келгенін естігенде Гера оны құрту мақсатымен түнде Алкмена үйіне екі жылан жібереді. Жыландар сұп-сұр болып жорғалап, қараңғыда көздері жарқырап, балалар жатқан бөлмеге еніп, Гераклдың денесін орап, қылғындыра бастағанда, бала оянып кетіп, кішкентай қолдарымен екі жыланды ұстап алады да, олардан бұрын өзі буындырып өлтіріп тастайды. Мұны көріп қайран қалған Амфитрион көріпкел Тиресийді шақырып, сәбиінің болашағын болжатады. Көпті көрген Тиресий Амфитрионға Гераклдың орасан күшті батыр болатындығын, қандай ерліктер жасайтындығын және мәңгілік өмірге ие болатындығын дәл айтып береді.
Гераклдің балалық шағы
Баласының болашағынан зор үміт күткен Амфитрион оны дене, қуат жағынан ғана жетілдіріп қоймай, батырға лайық тәрбие береді. Көптеген білімді ұстаздарды жалдап, Гераклға ғылымды, музыканы үйретеді. Ән айтып, жаза білуді, кифарада ойнауды үйреткенімен, Геракл тек садақ ату мен қару-жарақты емін-еркін пайдалануды ғана ерекше меңгереді. Садақ ату мен найза лақтыруда ол ешқашан нысананы мүлт жібермейтін. Ал жазып-сызу өнеріне селқостық танытты.
Бір күні музыкадан сабақ беретін мұғалімі Лин мүлде оқығысы келмеген Гераклға ызаланып, оны бетінен салып қалады. Ұстазының әрекетіне ренжіген Геракл өзін-өзі ұстай алмай қолындағы кифарасымен Линнің басынан ұрып жібергенде, Геракл қуатына шыдай алмаған Лин өліп қалады. Ұстазының өліміне кінәлі деп танылған Геракл сотқа шақырылады. Сонда Геракл Аид патшалығындағы әділ қазының бірі Радаманттың өзі «кімде-кім өзін біреу ұрса, оған соққымен жауап берсін» деп айтқандығын алға тартып, ақталып шығады.
Бірақ баласының күшінен қорыққан Алкмена оны Киферон тауына мал бағуға жібереді. Киферон орманында мал бағып жүріп, Геракл бұрынғыдан да қарулы азамат болып өседі. Күш-қуаты жағынан оған адам баласынан тең келетін ешкім болмайды. Киферон тауын мекендеген арыстанды өлтіріп, оның терісін шекпен орнына жамылып жүрді, ал бас терісін дулыға етіп киіп алды. Оның барлығынан ерекше болғаны соншалық, үйеңкіні тамырымен жұлып алып, өзіне күрек жасап алды. Оған Гермес семсер, Гефест алтын сауыт жасап берсе, Аполлон садақ пен жебе сыйлады.
Ер жеткен соң Геракл Фивы патшасы Креонтты Орхомен патшасы Эргиннің алым-салығынан құтқарып, керісінше, орхомендіктер фивылықтарға екі есе артық салық төлейтін болды. Гераклдың бұл ерлігіне риза болған Креонт патша өз қызы Мегараны қосып, құдайлар Геракл мен Мегараға үш ұл сыйлайды. Сөйтіп олар бақытты ғұмыр кешіп жатады.
Гераклдің он екі ерлігі
Бірақ олардың бұл бақытын көре алмаған Гера құдай болды. Ол Зевс баласының бақытын көп көріп, оған сұмдық ауру жібереді. Ақыл-есінен айрылып, жынды болып қалған Геракл өз балаларын да, інісі Ификлдың балаларын да ұрып, өлтіріп қояды. Есін жиған сәтте өзінің істеген сұмдықтарына шыдай алмай, Аполлон патшаға барады. Аполлон Гераклға өз отаны Тиринфке барып, Сфенел баласы Эврисфейге он екі жыл қызмет етіп, он екі ерлік жасаса ғана, Гера құдайдың қаһары мен барлық ауыртпалықтардан құтылатындығын айтады.
Геракл Тиринфке келгенде, оны көріп зәресі ұшқан шала туған, қорқақ, әлжуаз, аурушаң Эврисфей өзі баруға жүрегі шыдамай, өз тапсырмаларын шабарман Копрей арқылы айтып отырды. Әр тапсырмасын орындап, оның куәларын алып келген сайын Эврисфей қорыққанынан бозарып, үрейлене қарап, бірде қашып кетсе, бірде Гераклдың аяғына жығылып жалбарынып, бірде құмыраның ішіне тығылып қалып отырды. Қалай дегенде де ол Гераклдың керемет күш иесі екенін түсінді. Гераклдың әрбір ерлігі өліммен бетпе-бет келетін ауыр да азапты болды. Бірақ осы қиындықтың бәріне төтеп беріп, Геракл Эврисфейдің он екі тапсырмасын орындап шықты.
Бірінші, Тифон мен Ехидна жаратқан, Немей қаласының маңын мекендеп, әбден ойран салған үлкен арыстанды буындырып өлтіріп, өлігін иығына салып арқалап алып келеді.
Екінші, немей арыстаны секілді Тифон мен Ехиднадан жаралған, жылан денелі, тоғыз айдаһар басты, Лерн қаласының маңын мекендеп, малдың бәрін жалмап біткен, тоғыз басының біреуі ешқашан өлмейтін Лерн айдаһарын өлтіріп, мәңгі өлмейтін басын жерге көміп, үстін жартаспен бастырып тастайды. Ал денесін қақ жарып, өтін суырып алады да, айдаһардың улы өтіне жебесін батырып алады. Осыдан бастап Гераклдың жебесі тиген адам мәңгілік жазылмайтын болады.
Үшінші ерлігі, адамға да, малға да шабуыл жасап, тыныштық бермей, қатты қола қауырсындарын жебе сияқты көктен лақтырып, мыс тырнақтарымен және тұмсықтарымен қырып отырған, Стимфал қаласының маңын мекендеген құстарды Афина-Паллада берген екі тимпанды даңғырлата соғып қорқытып, ұшқан құстарды садақпен атып өлтіріп отырды.
Төртінші, мүйіздері алтын, аяқтары мыс ғажайып сұлу, желдей жүйткитін Артемида құдайдың бұғысын егістік алқаптарын таптап кеткендігі үшін аяғынан жарақаттап, ұстап алып, Микеныға Эврисфейге әкеліп береді.
Бесінші, адамдарды аямай, азу тістерімен жарып өлтіретін Эриманф қабанын қалың қарға айдап тығып ұстап алады. Бірақ осы сапарында Геракл ауыр қайғыға душар болады. Себебі ол досы кентавр Хиронды лерн айдаһарының өтіне малынған жебесімен атып алады. Геракл салған жарақаттан жазылмайтынын білген Хирон азап шекпес үшін өз еркімен Аид патшалығына аттанады.
Алтыншы, Элида патшасы Авгийдің табын-табын малы: аппақ аяқты үш жүз бұқа, қып-қызыл екі жүз бұқа, аққудай аппақ он екі бұқа, жұлдыздай жарқыраған бір бұқа мекендеген, өмірі тазаланбаған мал қорасын бір күнде тазалап береді. Геракл қораның екі қабырғасын құлатып, Алфей және Пеней өзендерінің арнасын бұрып әкеліп, қораның ішімен ағызып жібереді. Сөйтіп қатты ағыспен бір-ақ күнде қораны тазалап береді де, қабырғасын қайта тұрғызады.
Жетінші, Крит аралына барып, Посейдон құдайға құрбандыққа шалынуға тиіс, бірақ құтырған бұқаны ұстап алып, бас үйретіп, Микеныға алып келеді.
Сегізінші, Диомед патшаның ғажайып сұлу, күшті, тек темір тұсау ғана салынатын, тек адам етімен ғана қоректенетін аттарын ұстап әкеледі. Бірақ бұл сапарында да Геракл үлкен трагедияға тап болады. Оның жанында жүрген Гермес баласы Абдерді Диомед аттары шайнап тастайды. Геракл оның құрметіне Абдер атты қала салдырады.
Тоғызыншы, амазонкалар – жаугерші-әйелдер еліне барып, амазонкалар патшасы Ипполитаға соғыс құдайы Арестің өзі сыйға тартқан белдікті Эврисфейдің қызы Адметаға әкеліп береді.
Оныншы, үш кеуделі, үш басты, алты қол, алты аяқты Герионның сиырларын Эврисфейге әкелу жолында сұмдық қиын соғысты басынан кешіріп, Герионды Афина-Палладаның көмегі арқылы жеңеді. Бұл сиырларды әкелуде Геракл көптеген қиындықтарға тап болады: екі басты Орфо төбетін өлтіріп, Эвритион алыппен айқасады; табыннан қашып, Сицилияға барып, Посейдон баласы Эрикс табынына қосылған бір сиырды алу үшін оны қимай, бергісі келмеген Эрикс патшаны қысып өлтіреді; сиырлардың бәрін әйел құдай Гера құтыртып жіберіп, құтырған сиырлар жан-жаққа қашып, Геракл оларды Фракияға жеткенде ғана жинап алады.
Он бірінші, жер асты Аид патшалығының күзетушісі үш басты, мойнында ирелеңдеген жыланы бар, құйрығы айдаһардың басымен аяқталатын қорқынышты төбет Керберді алып келеді. Осы сапарында, яғни тас түнек қараңғы Аид патшалығында Геракл Аидтың әйелі Персефонаны ұрлап, жер бетіне шығарғысы келгені үшін жазаланған Тесей батырды құтқарып алады және Мелеагр патшаның аруағын кездестіріп, оның өтініші бойынша артында жетім қалған жалғыз қарындасы Деянираны өз қамқорлығына алып, оған үйленуге уәде береді.
Он екінші, ең қиын, ең соңғы ерлігі – алып иықтарымен бүкіл көк аспанды көтеріп тұрған ұлы титан Атластың бағынан оның қыздары Гесперидалар алтын ағашта өсіріп отырған үш алтын алманы әкеп берді. Гесперидалар алмаларын алу үшін Геракл бүкіл Азия мен Еуропаны шарлап, теңіз ақсақалы көріпкел Нерейді үлкен қиындықпен қолға түсіріп, оны байлап тастап, Атлас бағының қайда орналасқанын біліп алды; сонсоң Посейдон мен Геядан жаралған батыр Антейді буындырып өлтіреді; ұйқтап жатқан уақытында аяқ-қолын байлап тастап, өзін Зевс құдайдың құрметіне құрбандыққа шалмақ болған Египеттің қатігез патшасы Бусирис пен оның баласы Амфидамантты өлтіреді; Атлас алмаларды әкелемін дегенше Атластың орнына тұрып, ауыр көк аспанды арқалап тұрады. Бұған қатты қиналып, аспан салмағынан белі бүгіліп, бүкіл денесін тер жауып кетеді, бұлшық еттері бұлтиып ісіп кетеді. Бірақ Афина-Паллада оған көп көмек көрсетеді.
Осылайша, Геракл Эврисфейдің он екі тапсырмасын үлкен абыроймен орындап, оған қызмет етуден босайды. Бірақ әрине, кекшіл Гера мұнымен Гераклды жазалауын тоқтатпайды, мұнан кейін де ол басынан небір ауыр қасіреттерді өткізеді.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
- Н.А.Кун. Ежелгі Грекия мифтері мен аңыздары. Мұғалімдерге арналған оқу құралы. Қазақ тіліне аударғандар: М.Машақов, Ж.Рсаев, Л.Сенғазина, Н.Тұрсунқұлова. Алматы, Мектеп, 1979
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Дуров В.С. –М., 2004
- Тоқшылықова Г.Б. Антика әдебиетінің тарихы. 2011
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gerakl kone grekshe Ἡraklῆs kone grek mifologiyasyndagy en danykty zhartylaj kudaj zhartylaj adam kejipker Ol ozinin orasan zor kүshimen erkektiktin үlgisi boldy Ol Zev pen Alkmennen tugan Rim mifologiyasynda ony Gerkules dep atalgan Gerakl nemese Gerkules Zevs Persejdin nemeresi Fivy patshasy King of Thebes әjeli azdyryp konil kosady Odan Gerakl Amfitrionanyn uly Ifiklmen egiz bolyp tuylady Sondyktan ol Persejdin de nemeresi esepteledi Zhartylaj Қudajlyk kasieti bar Gerakl zhastajynan tүrli sogys onerin zhettik igerip batyldygyna akyly saj bolyp zhurt tanygan әjgili batyr bolyp osedi Geraklde gazhajyp kajsarlyk erlik parasat oner kabilet bolyp kana kojmaj onyn minezinde er zhәne әjeldik erekshelikter birdej bolgan korinedi Odissej nemese Nestor sekildi keremet akyldy bomalganymen birak ol da oz akylymen kejbir әlsizdikterin tolyktaj bilgen eken Mysaly zherden kүsh kudiret alatyn Antejdi zherge tigizbej koterip turyp silesin katyryp oltirui nemese garyshty koteruden bosagan sәtinde kajtadan garyshty kotergisi kelmej kalgan Atlaska akylmen garyshty kajtadan kotertkizui sekildiler ozindik akyl parasattyn zhemisi Ol sondaj ak grek arenasy men palestrasynyn kүres mektebi koldaushysy zhәne korgaushysy boldy Gerakldin Nessus ti oltirui Mәrmәr Giambologna Florence Gerakldin belgisi onyn arkasyndagy arystan terisi zhәne kolyndagy zәjtүn tayagy Sondaj ak ol ojynkumar bolyp bos uakyty bolsa boldy balalarmen ojyn ojnauga әues bolypty Ol ote kone zhabajy kүshke ie bolyp adamzatty zhamandyktan kutkaryp kauipsiz etushi kormal zhan boldy Gerakl sondaj ak mejir mahabbattyn da үlgisi Ol dosy үshin basyn olimge bәj tigedi Mysaly hanzadanyn zhaksy kүtip alganyna razy bolyp azhal kudajy Tanatospen ajkasady nemese kugyndalgan Sparta patshasy patshalyk takka kajta otyrgyzady Adamzatka ot urlap әkelip beremin dep Zevstin zhazasyna ushyragan әjgili Prometejdi onyn keudesin әr kүni zhejtin bүrkitterdi oltirip azat etedi Ogan kurmet bildirgender onyn eskertkishin zhasaganda ol ony shagyp tastajdy Sondaj ak ol ozine satkyndyk zhasagan zhaularyna Augeas Neleus Laomedon tym katal bolady Gerakldyn dүniege keluiGerakldin arystanmen ajkasuy Keramika b z b 540zhyl Ortalyk Grekiyanyn batysyndagy Akarnaniyada omir sүrgen telebojlar tajpasy urlap ketken malyn Elektrionga kajtaryp beru arkyly erzhүrek Amfitrion sulu Alkmenany әjeldikke alady Alkmena Amfitrion patshadan oz agalaryn oltirgen Pterelaj patshadan kek aluyn surajdy Amfitrion әsker zhinap telebojlar patshasy Pterelajga karsy attanganda Alkmena suludyn korkine gashyk bolgan najzagaj kudajy Zevs Amfitrionnyn kejpine enip Alkmenaga keledi Alkmena Zevs pen Amfitrionnan egiz ul tuady Zevs Alkmena bosanatyn kүni bүkil kudajlardy zhinap alyp bүgin dүniege keletin ul ozinin barlyk tuyskandaryna bilik zhүrgizetin patsha bolatyndygyn zhariyalajdy Zevstyn zherdegi sulu Alkmenaga esi ketip gashyk bolyp zhүrgenin biletin Gera ogan katty yzalanyp Zevs zhәne Gera Najzagaj tәnirisi sen bүgin dүniege keletin bala senin Persej әuletindegi barlyk tuyskandaryna bilik zhүrgizetindigine uәde ber dep Olimptegi barlyk kudajlardyn kozinshe uәdesin alady da ozinin altyn kүjmesimen ushyp otyryp Argoska zhetedi Argoska kelip Gera Sfeneldin tolgatyp otyrgan әjelin tezdetip bosandyryp әlzhuaz aurushan Evrisfejdi dүniege keltiredi de dereu Olimpke kajta oralyp ony Zevske habarlajdy Bul habardy estigen Zevs Geranyn ozin aldap sokkanyn zhaksy tүsinedi Gera ozinen uәde beruin talap etken uakytta akyl ojyn aldamshylyk kudajy Atanyn bilep algandygyna yzalanyp әjel kudaj Atany shashynan burap ustap alady da Olimpten laktyryp zhiberedi Sol kүnnen bastap aldamshylyk kudajy Ata zherde adamdar arasynda omir sүrip keledi Gera b z b 470 zhyldary salyngan suret Birak әrine Zevs ozinin bergen uәdesinen tanyp kete almady Ol oz balasynyn Evrisfejge kyzmet etetinin kandaj korlyktar men auyr azaptardy basynan keshiretindigin bildi Geraga karap Endi senin Alkmenadan tugan uldyn mandajyna kyrsyk үjmeletip kyr sonynan kalmasyndy bilemin Birak ol bәrine de tozip bәrin de zhenip shygady senin zhasagan kastandyk әreketterin onyn dankyn asyrgannan baska eshtene bitirmejdi Ol kulak estip koz kormegen erlikter zhasajdy zhenisten zhenisterge zhetedi Al zherdegi dәm tuzy tausylgan kezde men ony Olimpke aldyramyn sodan kejin ony azhalsyzdar kataryna ozin ak kabyldajsyn Sondyktan onyn aty dankty batyr degendi bildirip Gerakl bolsyn dep balasyna at koyady da Geramen kelisimge kelip oz balasyn omir bojy Evrisfejge bagynbajtyn etip shart zhasasyp tek Evrisfej tapsyrmasymen on eki erlik zhasajtyn bolyp kelisedi Balasynyn uakytynan buryn shala tugan әlzhuaz Evrisfejge kyzmet etip azaptanyp zhүrgenin korgende san ret Zevstin zhany kinalganymen eshtene zhasaj almady Ol tek Afina Palladanyn Geraklga komektesip zhүruin tapsyrdy Evrisfej dүniege kelgen son ile shala Alkmena da bosanady Ol egiz ul tauyp үlkenine Alkid Zevs perzenti kishisine Ifikl Amfitrion balasy dep at koyady Alkid bүkil Grekiyaga aty shykkan batyr bolady Ony koripkel әjel pifiya da Gerakl dep atajdy Gerakldin zhylan oltirui mәrmәr rim tuyndysy II gasyr Zevs balasy Gerakldyn aman esen dүniege kelgenin estigende Gera ony kurtu maksatymen tүnde Alkmena үjine eki zhylan zhiberedi Zhylandar sup sur bolyp zhorgalap karangyda kozderi zharkyrap balalar zhatkan bolmege enip Gerakldyn denesin orap kylgyndyra bastaganda bala oyanyp ketip kishkentaj koldarymen eki zhylandy ustap alady da olardan buryn ozi buyndyryp oltirip tastajdy Muny korip kajran kalgan Amfitrion koripkel Tiresijdi shakyryp sәbiinin bolashagyn bolzhatady Kopti korgen Tiresij Amfitrionga Gerakldyn orasan kүshti batyr bolatyndygyn kandaj erlikter zhasajtyndygyn zhәne mәngilik omirge ie bolatyndygyn dәl ajtyp beredi Gerakldin balalyk shagyBalasynyn bolashagynan zor үmit kүtken Amfitrion ony dene kuat zhagynan gana zhetildirip kojmaj batyrga lajyk tәrbie beredi Koptegen bilimdi ustazdardy zhaldap Geraklga gylymdy muzykany үjretedi Әn ajtyp zhaza biludi kifarada ojnaudy үjretkenimen Gerakl tek sadak atu men karu zharakty emin erkin pajdalanudy gana erekshe mengeredi Sadak atu men najza laktyruda ol eshkashan nysanany mүlt zhibermejtin Al zhazyp syzu onerine selkostyk tanytty Gerakl zhәne Omfala Bir kүni muzykadan sabak beretin mugalimi Lin mүlde okygysy kelmegen Geraklga yzalanyp ony betinen salyp kalady Ұstazynyn әreketine renzhigen Gerakl ozin ozi ustaj almaj kolyndagy kifarasymen Linnin basynan uryp zhibergende Gerakl kuatyna shydaj almagan Lin olip kalady Ұstazynyn olimine kinәli dep tanylgan Gerakl sotka shakyrylady Sonda Gerakl Aid patshalygyndagy әdil kazynyn biri Radamanttyn ozi kimde kim ozin bireu ursa ogan sokkymen zhauap bersin dep ajtkandygyn alga tartyp aktalyp shygady Birak balasynyn kүshinen korykkan Alkmena ony Kiferon tauyna mal baguga zhiberedi Kiferon ormanynda mal bagyp zhүrip Gerakl buryngydan da karuly azamat bolyp osedi Kүsh kuaty zhagynan ogan adam balasynan ten keletin eshkim bolmajdy Kiferon tauyn mekendegen arystandy oltirip onyn terisin shekpen ornyna zhamylyp zhүrdi al bas terisin dulyga etip kiip aldy Onyn barlygynan erekshe bolgany sonshalyk үjenkini tamyrymen zhulyp alyp ozine kүrek zhasap aldy Ogan Germes semser Gefest altyn sauyt zhasap berse Apollon sadak pen zhebe syjlady Er zhetken son Gerakl Fivy patshasy Kreontty Orhomen patshasy Erginnin alym salygynan kutkaryp kerisinshe orhomendikter fivylyktarga eki ese artyk salyk tolejtin boldy Gerakldyn bul erligine riza bolgan Kreont patsha oz kyzy Megarany kosyp kudajlar Gerakl men Megaraga үsh ul syjlajdy Sojtip olar bakytty gumyr keship zhatady Gerakldin on eki erligiKadmus zhәne ajdaһar b z b 550zh Euboean Amfora Birak olardyn bul bakytyn kore almagan Gera kudaj boldy Ol Zevs balasynyn bakytyn kop korip ogan sumdyk auru zhiberedi Akyl esinen ajrylyp zhyndy bolyp kalgan Gerakl oz balalaryn da inisi Ifikldyn balalaryn da uryp oltirip koyady Esin zhigan sәtte ozinin istegen sumdyktaryna shydaj almaj Apollon patshaga barady Apollon Geraklga oz otany Tirinfke baryp Sfenel balasy Evrisfejge on eki zhyl kyzmet etip on eki erlik zhasasa gana Gera kudajdyn kaһary men barlyk auyrtpalyktardan kutylatyndygyn ajtady Gerakl Tirinfke kelgende ony korip zәresi ushkan shala tugan korkak әlzhuaz aurushan Evrisfej ozi baruga zhүregi shydamaj oz tapsyrmalaryn shabarman Koprej arkyly ajtyp otyrdy Әr tapsyrmasyn oryndap onyn kuәlaryn alyp kelgen sajyn Evrisfej korykkanynan bozaryp үrejlene karap birde kashyp ketse birde Gerakldyn ayagyna zhygylyp zhalbarynyp birde kumyranyn ishine tygylyp kalyp otyrdy Қalaj degende de ol Gerakldyn keremet kүsh iesi ekenin tүsindi Gerakldyn әrbir erligi olimmen betpe bet keletin auyr da azapty boldy Birak osy kiyndyktyn bәrine totep berip Gerakl Evrisfejdin on eki tapsyrmasyn oryndap shykty Birinshi Tifon men Ehidna zharatkan Nemej kalasynyn manyn mekendep әbden ojran salgan үlken arystandy buyndyryp oltirip oligin iygyna salyp arkalap alyp keledi Ekinshi nemej arystany sekildi Tifon men Ehidnadan zharalgan zhylan deneli togyz ajdaһar basty Lern kalasynyn manyn mekendep maldyn bәrin zhalmap bitken togyz basynyn bireui eshkashan olmejtin Lern ajdaһaryn oltirip mәngi olmejtin basyn zherge komip үstin zhartaspen bastyryp tastajdy Al denesin kak zharyp otin suyryp alady da ajdaһardyn uly otine zhebesin batyryp alady Osydan bastap Gerakldyn zhebesi tigen adam mәngilik zhazylmajtyn bolady Үshinshi erligi adamga da malga da shabuyl zhasap tynyshtyk bermej katty kola kauyrsyndaryn zhebe siyakty kokten laktyryp mys tyrnaktarymen zhәne tumsyktarymen kyryp otyrgan Stimfal kalasynyn manyn mekendegen kustardy Afina Pallada bergen eki timpandy dangyrlata sogyp korkytyp ushkan kustardy sadakpen atyp oltirip otyrdy Tortinshi mүjizderi altyn ayaktary mys gazhajyp sulu zheldej zhүjtkitin Artemida kudajdyn bugysyn egistik alkaptaryn taptap ketkendigi үshin ayagynan zharakattap ustap alyp Mikenyga Evrisfejge әkelip beredi Gerakldin krit bukasyn tizgindeui Besinshi adamdardy ayamaj azu tisterimen zharyp oltiretin Erimanf kabanyn kalyn karga ajdap tygyp ustap alady Birak osy saparynda Gerakl auyr kajgyga dushar bolady Sebebi ol dosy kentavr Hirondy lern ajdaһarynyn otine malyngan zhebesimen atyp alady Gerakl salgan zharakattan zhazylmajtynyn bilgen Hiron azap shekpes үshin oz erkimen Aid patshalygyna attanady Altynshy Elida patshasy Avgijdin tabyn tabyn maly appak ayakty үsh zhүz buka kyp kyzyl eki zhүz buka akkudaj appak on eki buka zhuldyzdaj zharkyragan bir buka mekendegen omiri tazalanbagan mal korasyn bir kүnde tazalap beredi Gerakl koranyn eki kabyrgasyn kulatyp Alfej zhәne Penej ozenderinin arnasyn buryp әkelip koranyn ishimen agyzyp zhiberedi Sojtip katty agyspen bir ak kүnde korany tazalap beredi de kabyrgasyn kajta turgyzady Zhetinshi Krit aralyna baryp Posejdon kudajga kurbandykka shalynuga tiis birak kutyrgan bukany ustap alyp bas үjretip Mikenyga alyp keledi Segizinshi Diomed patshanyn gazhajyp sulu kүshti tek temir tusau gana salynatyn tek adam etimen gana korektenetin attaryn ustap әkeledi Birak bul saparynda da Gerakl үlken tragediyaga tap bolady Onyn zhanynda zhүrgen Germes balasy Abderdi Diomed attary shajnap tastajdy Gerakl onyn kurmetine Abder atty kala saldyrady Togyzynshy amazonkalar zhaugershi әjelder eline baryp amazonkalar patshasy Ippolitaga sogys kudajy Arestin ozi syjga tartkan beldikti Evrisfejdin kyzy Admetaga әkelip beredi Gerakl zhәne onyn uly Telephos rim oneri II gasyr Mәrmәr Luvr Onynshy үsh keudeli үsh basty alty kol alty ayakty Gerionnyn siyrlaryn Evrisfejge әkelu zholynda sumdyk kiyn sogysty basynan keshirip Geriondy Afina Palladanyn komegi arkyly zhenedi Bul siyrlardy әkelude Gerakl koptegen kiyndyktarga tap bolady eki basty Orfo tobetin oltirip Evrition alyppen ajkasady tabynnan kashyp Siciliyaga baryp Posejdon balasy Eriks tabynyna kosylgan bir siyrdy alu үshin ony kimaj bergisi kelmegen Eriks patshany kysyp oltiredi siyrlardyn bәrin әjel kudaj Gera kutyrtyp zhiberip kutyrgan siyrlar zhan zhakka kashyp Gerakl olardy Frakiyaga zhetkende gana zhinap alady Gerakldin on birinshi erligi Rim oneri II gasyr Mys On birinshi zher asty Aid patshalygynyn kүzetushisi үsh basty mojnynda irelendegen zhylany bar kujrygy ajdaһardyn basymen ayaktalatyn korkynyshty tobet Kerberdi alyp keledi Osy saparynda yagni tas tүnek karangy Aid patshalygynda Gerakl Aidtyn әjeli Persefonany urlap zher betine shygargysy kelgeni үshin zhazalangan Tesej batyrdy kutkaryp alady zhәne Meleagr patshanyn aruagyn kezdestirip onyn otinishi bojynsha artynda zhetim kalgan zhalgyz karyndasy Deyanirany oz kamkorlygyna alyp ogan үjlenuge uәde beredi Agridzhentodagy Gerakl hramy On ekinshi en kiyn en songy erligi alyp iyktarymen bүkil kok aspandy koterip turgan uly titan Atlastyn bagynan onyn kyzdary Gesperidalar altyn agashta osirip otyrgan үsh altyn almany әkep berdi Gesperidalar almalaryn alu үshin Gerakl bүkil Aziya men Europany sharlap teniz aksakaly koripkel Nerejdi үlken kiyndykpen kolga tүsirip ony bajlap tastap Atlas bagynyn kajda ornalaskanyn bilip aldy sonson Posejdon men Geyadan zharalgan batyr Antejdi buyndyryp oltiredi ujktap zhatkan uakytynda ayak kolyn bajlap tastap ozin Zevs kudajdyn kurmetine kurbandykka shalmak bolgan Egipettin katigez patshasy Busiris pen onyn balasy Amfidamantty oltiredi Atlas almalardy әkelemin degenshe Atlastyn ornyna turyp auyr kok aspandy arkalap turady Bugan katty kinalyp aspan salmagynan beli bүgilip bүkil denesin ter zhauyp ketedi bulshyk etteri bultiyp isip ketedi Birak Afina Pallada ogan kop komek korsetedi Osylajsha Gerakl Evrisfejdin on eki tapsyrmasyn үlken abyrojmen oryndap ogan kyzmet etuden bosajdy Birak әrine kekshil Gera munymen Gerakldy zhazalauyn toktatpajdy munan kejin de ol basynan nebir auyr kasiretterdi otkizedi DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Filosofiya zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 ISBN 9965 808 82 1 N A Kun Ezhelgi Grekiya mifteri men anyzdary Mugalimderge arnalgan oku kuraly Қazak tiline audargandar M Mashakov Zh Rsaev L Sengazina N Tursunkulova Almaty Mektep 1979 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Durov V S M 2004 Tokshylykova G B Antika әdebietinin tarihy 2011