Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі.
Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының қалалары мен далаларыңда еңбек етеді.
Шыққан тегі
Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз — Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай (Ауызүсіген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайынан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Сабдалы, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы — әйгілі Қараменде би. Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік-тапқырлығымен тәнті еткен Бөлтірік ел ішінің дау-шарына көп араласқан, өз ортасының ісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі ауыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп-ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай-ақ, Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас , мырза , сарыүйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, , албан , суан Қожбанбет би, шапырашты , қасқарау Ноғайбай би, тобықты Құнанбай Өскенбайұлы мырза, сондай-ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан. Айтқан сөзі жерге түспеген аға сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: "Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі — жалайыр Бақтыбай, біреуі — қызыл екей Сүйінбай, үшіншісі — Бөлтірік шешен. Атам — Абылай, әкем — Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды". Сондай-ақ, "Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт", — деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді.
Бөлтірік шешен туралы А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, К.Әзірбаев, З.Қабдолов, Ж.Дөдебаев еңбектерінде толымды мағлұматтар кездеседі.
Дереккөздер
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты — Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Boltirik Әlmenuly kazaktyn kornekti shesheni bii batyry Boltirik Әlmenuly 1771 zhyly kazirgi Zhambyl oblysynyn Shu audanyndagy Shokpar temir zhol stanciyasy manynda dүniege kelgen Ysty ruynan shykkan Boltirik Әlmenuly Bala kezinen ak akyndyk sheshendik soz onerine zhәne batyrlykka bejim bolgan esejgen shagynda el arasyndagy zher su enbek kun zhәne zhesir daularyna talaj әdil torelik ajtkan El arasyndagy tapkyr utkyr sozderdi takpak terme anyz әngimelerdi zhattap ony zhastar arasynda ajtyp kyzyk duman kurgan El arasynda Boltirik ajtypty degen sheshendik sozder kop Boltiriktin Appak sakal karangy tүnde ajdaj korinedi Ұry kary degen atak alypty Tore balasy men tүje botasy Han balasyna bata Қyrgyz kazaktyn bajlyk ajtyskany Қudajdyn ozi ongarar Daudyn tүbin kyz bekitedi sekildi sozderi az sozben kop magyna berudin үlgisi bolyp tabylady Sonyn birinde Boltirik sheshen Argymak atta zhal bolmas zhaby kelip zhalymenen teneser dep tүjindejdi Boltiriktin sheshendin sozderi kyrgyz ozbek halyktary arasynda da kezdesedi Boltirik sonymen birge mergen sayatker at үstinen aldyrmajtyn shabandoz batyr bolgan Esejgen shagynda el arasyndagy zher su zhesir dauyna zhajlau kystau enbek zhonindegi talas tartystarga aralasyp әdil de sheshen torelik ajtkan Sondyktan da halky ony kalap bi sajlap algan Zorlykshyl kiyanatshyl barymtashy basbuzar zhalakor alayaktar Boltirik bidin kara kyldy kak zhargan әdil biliginen beti kajtyp әshkerelenip otyrgan Ondajlar Boltirik otyrgan zherden seskenip aulak zhүrgen Boltirik sheshen tek kana kazaktar arasynda gana emes kyrgyz ozbekterge de belgili bedeldi sheshen bolgan Ne bir toreler bekter baj manaptar onyn otkir sozinen betin bar zhүzin bar demej tike ajtatyn zhon zhosykty bilik sheshiminen ayagyn tartkan Boltirik sheshen 1854 zhyly dүnieden kajtkan Onyn үrim butaktary Zhambyl Shymkent Almaty oblystarynyn kalalary men dalalarynda enbek etedi Shykkan tegiBoltiriktin shykkan tegi Ұly zhүz Ysty Shezhire deregi bojynsha Ystydan orbigen bir ata Ojyktan Қyzylkurt Zorbaj Auyzүsigen Orbaj Kokshekoz Sәtek tugan Osy tort butaktyn Zorbajynan Bәjgeldi odan Қosaj odan Malaj odan Sүjindik odan Өtegen odan Sabdaly odan Әlmen odan Boltirik tuady Boltiriktin nagashysy әjgili Қaramende bi Akyndyk sheshendik oneri erte tanylyp toniregin әdildik tapkyrlygymen tәnti etken Boltirik el ishinin dau sharyna kop aralaskan oz ortasynyn isilikti zharastykty boluyna ajryksha ykpal etken Onyn abyroj bedeli auyl arasymen shektelmej el kamy men halyk tagdyryna katysty isterde de elenip eskerilip otyrgan Ol Kenesary bastagan ult azattyk kozgalysyna katysyp sozimen de isimen de tanylgan Sondaj ak Boltirik oz tusyndagy Balpyk bi andas myrza saryүjsin Sary bi botpaj Sypataj bi alban suan Қozhbanbet bi shapyrashty kaskarau Nogajbaj bi tobykty Қunanbaj Өskenbajuly myrza sondaj ak Suranshy batyr Sypataj batyr Tezek tore siyakty igi zhaksylarmen tize tүjistirip bastas bolyp el isine bel sheshe aralaskan Ajtkan sozi zherge tүspegen aga sultan Tezek tore ajtypty dejdi Men eki akyn bir sheshendi kordim biri zhalajyr Baktybaj bireui kyzyl ekej Sүjinbaj үshinshisi Boltirik sheshen Atam Abylaj әkem Әdil ozim Tezek edim On segiz myn galamdy zharylkap korgauga kүshim zhetushi edi osy үsheuinen birzhola sagym syndy Sondaj ak Akyn dep Shozheni ajt sheshen dep Boltirikti ajt batyr dep Sypatajdy ajt degen sozdi әjgili Nogajbaj bi ajtypty dejdi Boltirik sheshen turaly A Bajtursynov M Zh Kopeev S Sejfullin K Әzirbaev Z Қabdolov Zh Dodebaev enbekterinde tolymdy maglumattar kezdesedi DerekkozderBaspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Ysty Almaty Izdatelstvo Өner 2003 2005 ISBN 9965 595 60 7 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Ajbyn Enciklopediya Bas redaktory B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 ISBN 9965 893 73 H