Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.
Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В.Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14–15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:
- ел билеушісі, иелік етуші;
- сот, төреші;
- батагөй, шешен;
- бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.
Мұрагерлік салтымен дала жұртын ғасырлар бойы билеген Шыңғыс хан ұрпақтары — төрелер тұқымы хандық биліктің бұлжымауы үшін билердің әкімшілік, әлеуметтік-саяси және мәдени рөлімен санасуға тиіс болды. Мысалы, ортағасырлық жәдігер — “Нұсратнаменің” авторы: “Әбілқайыр хан өлгеннен соң оның ұлы Шейх Хайдар хан болды. Оның заманында ұлы бек-билердің абыройы мен атағын һәм олардың мархабалы ру-ұлыстарын құрметтеу тәмамдалды да, содан ханның құдіреті күн санап кеми берді” деп жазады. Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д. Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар.
- Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді.
- Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695-ші жылы Қазақ Ордасында болған орыс елшілері мен “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады.
- Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.
- Төртіншіден, би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі. Мысалы, Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына түскен кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор экспедициясының құрамында елшілікке барған. Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің “біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп тақпақтай сөйлеп, тайсалмай талап қойғанына разы болып, хан басына азаттық берген.
- Бесіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.
Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен. Мысалы, Шыңғыс ханның, сондай-ақ, хандық билікті қалпына келтіру үшін күрескен Кенесарының тұсында билер өкілеттілігін шектеп, сұлтандар мен қол бастаған батырларға басым билік берілген. Әсіресе, патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылмен жүргізген құқықтық-әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі саяси құрылымды түбірінен өзгертті.
- 1822 жылғы реформадан кейін хандық билік жүйесі күйреді. Ал билер институты 19 ғасырдың аяғына дейін формальді түрде өмір сүрді.
- 1854 жылдан бастап би атағын сұлтандар мен ауыл ақсақалдары қоғамдық сайлау арқылы, округ басшыларының бекітуімен алды.
- 1868 жылы 21 қазандағы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” бойынша, би атағы уақытша, тек қызметтік лауазымды атқару барысында ғана берілетін болды.
Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған құжат — 1891 жылы 25 наурыздағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” дәстүрлі потестарлы билік жүйесін толық істен шығарып, би лауазымын жойды. Тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен Қазақстан жұртшылығы замана талабына сай мемлекеттік жүйе мен саяси құрылым қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттің демократиялық-гуманистік принциптерге құрылған билер төрелігі тәрізді жекелеген институттарын қайта жаңғырту қажеттігін жақтады. Елдің сот жүйесінде билер институты қалпына келтіріп, оған жергілікті заң бұзушылық көріністеріне, неке дауы, отбасы, ағайын-туыс араздығы тәрізді келеңсіздіктерге төрелік ету функциясын беру туралы ұсыныстар жасалды (1999).
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bi dәstүrli kazak kogamynyn sayasi әleumettik zhүjesindegi demokratiyalyk biliktin iesi Zertteushi galymdardyn әsirese V V Bartoldtyn pikirinshe bi sozi shamamen 14 15 gasyrlarda ezhelgi tүrki tilindegi bek atauynyn bir nuskasy retinde pajda bolyp baskarushy el bileushi magynasyn bildirgen Kejinnen bastapky semantikalyk tildik renkinen azhyrap kobinese dau zhanzhaldy sheship kesimdi torelik ajtushy әdil үkim shygarushy adamdy bejneleu үshin koldanylgan 17 gasyrda omir sүrgen Mahmud ibn Uәlidin Bahr әl asrar fi manakib әl ahjar atty enbeginde zhogargy mәrtebeli әmirler men elge syjly pendәui tirlikten azat adamdardyn barlygy bi atalganyn zhazady Al kazak halkynyn dәstүrli tүsiniginde bul atau tort tүrli magynada el bileushisi ielik etushi sot toreshi batagoj sheshen bitistirushi diplomat elshi retinde ugynylgan Bidin kogamdagy rolin zhan zhakty tүsinu үshin kazak halkynyn tarihi әleumettik damu kezenderinin ereksheligin zhete eskeru shart Өjtkeni ezhelgi dәuirlerden 19 gasyrdyn basyna dejin kazak kogamy sayasi potestarly bilik zhүjesinin negizinde damygany belgili En tomengi bukaralyk bilikti auyl ajmakka ru tajpa ishine syjly omirlik tәzhiribesi mol aksakaldar atkarsa orta buyndagy yaki tizginin ru tajpa basylary biler uysyna ustady Al memlekettik zhәne memleketaralyk dengejdegi mәselelerdi kamtityn zhogary bilikti tore tukymy handar men sultandar ielengen Mine kүlli kazak kogamynyn eldik tutastygy osy songy eki bilik zhүjesinin ozara tepe tendigi men bir birine karama karsylygy principterine negizdeldi Әleumettik kurylymga arkau bolgan rulyk tajpalyk zhүjenin ozi ajkyn kandas tuystardyn ujymy emes sayasi әskeri zhәne sharuashylyk kauymdastyk kyzmetin gana atkardy Sondyktan kogam bolmysyndagy rulyk negiz memlekettik instituttardyn nygajyp zheke dara үstemdik kuruyna kaj kezde de mүddeli bolgan emes Halyktyn kalyn bukarasyna zhakyn әri onyn tikelej koldauyna arka sүjegen potestarly bilik ieleri yaki ru tajpa basylary biler men batyrlar han sultandardyn biligin belgili bir dәrezhede shektep otyrdy Sol arkyly olar ozderinin әleumettik sayasi statusyn nygajtyp abyroj bedelge keneldi Әjtse de erekshe әleumettik zhik retinde bilerdi tarih sahnasyna shygargan rulyk kurylym ozine subetnikalyk әleumettik toptardy tarta otyryp kogamdy ujymdastyrushylyk memlekettilik nyshandaryn nygajtushylyk kyzmetin atkardy Muragerlik saltymen dala zhurtyn gasyrlar bojy bilegen Shyngys han urpaktary toreler tukymy handyk biliktin bulzhymauy үshin bilerdin әkimshilik әleumettik sayasi zhәne mәdeni rolimen sanasuga tiis boldy Mysaly ortagasyrlyk zhәdiger Nusratnamenin avtory Әbilkajyr han olgennen son onyn uly Shejh Hajdar han boldy Onyn zamanynda uly bek bilerdin abyrojy men atagyn һәm olardyn marhabaly ru ulystaryn kurmetteu tәmamdaldy da sodan hannyn kudireti kүn sanap kemi berdi dep zhazady Handyk bilik zhүjesinde bidin erekshe bedeldi tulga bolgandygyn ajgaktajtyn zhazba derekter de auyz әdebietinin nuskalary da zheterlik Қazaktyn algashky zangerlerinin biri D Sultangazin Buryngy zamandagy kazaktardyn bilik kyluy atty makalasynda biler bolypty bek bilimdi atakty һәm akyldy әdiletti kopti korgen zhәne is bitirgende әdet rәsimderin tegis bilip әr zhumysty kara kyldy kak zharyp ornyna keltiredi eken һәm solardyn bitirgen zhumystaryn uly handary da әrkashan buzbajdy eken Sondaj biler turasynda kazaktyn makaly da bar Batyr men bidi salystyrganda bidi katty artyk koretinin bildiretin sol makaly mynau Batyr degen bir barak it eki katynnyn biri tabatyn bi degen bir aksaragat bүtin elden bireui gana tabatyn dejdi Dala uәlayatynyn gazeti 1888 g51 Bilerdin batyr baj t b әleumettik zhikterden erekshe kurmetteluinin birneshe tarihi sebepteri bar Birinshiden bi memleket baskaru zhүjesinde kejbir ajryksha kukylar ielendi Zheti Zhargy kagidalaryna saj ol ozine bagynyshty ru tajpa sheginde sot zhәne әkimshilik bilik hanmen katar zhүrgizdi Sot toreligin zhүzege asyratyn bolgandyktan bi halyktyn әdet gurpyn salt rәsimin zhol zhosygyn zhatka biluge daulaskanga әdildikpen zhon siltep adaskanga danalykpen zhol korsetuge әsirese tura bide tugan zhok tugandy bide iman zhok degen kukyktyk gumanistik principten ajnymauga tiis edi Tole bi Sonymen katar bi ru tajpanyn basshysy retinde әkimshilik kyzmetti de kosa atkaryp oz kauymynyn turmys tirshiligin kadagalap tәrtip talabyna zhauapty boldy Osylajsha olar bileushi handardyn halyk arasyndagy senimdi tirekterine ajnalyp sayasi bedel ielendi sultandarmen ten kukyly dәrezhede memlekettin mәselelerdi talkylauga katysty El ishine biliktiligimen kara kyldy kak zharatyn әdildigimen tura zholdan tajmajtyn adaldygymen danky taragan Tole bi Қaz dauysty Қazybek bi ajyr tildi Әjteke bi t b sanlaktar han zhanyndagy biler kenesinin kuramyna endi Olar nakty tarihi әleumettik ahualga katysty zhol zhoba belgilep zani zhosyndar kabyldady mәni eskirip manyzy kemigen kagidalardy eldik mүdde turgysynan kajta karap zhanasyn koldanyska engizip otyrdy Tipti hannyn ishki zhәne syrtky sayasatyna әskeri doktrinasyna tikelej ykpal etip ozgerister engize algan Mәselen 1695 shi zhyly Қazak Ordasynda bolgan orys elshileri men Tәuke han Қazak Ordasynyn tandauly adamdaryn ozine shakyryp aldy da bizdin Fedka men Matyushkenin kozimizshe әlgilerden myna bizderdi ustap kala ma әlde zhibere me kalalary men slobodkalaryna sogys ashyp bara ma әlde bejbit tura bere me sony surap aldy dep zhazady Үshinshiden el tagdyry synga tүsken zhaugershilik zamandarda biler batyr baһadүrlermen katar atka konyp karamagyndagy tajpalastarynan zhasak kuryp memleket tutastygyn urpaktar azattygyn korgauga ujytky bolgan kolbasshylyk kyzmet atkargan Tortinshiden bi diplomat elshi El birligine ult tutastygyna nuksan keltirer agajyn arazdygyn basyp ruaralyk dau zhanzhaldardy bitistirumen shektelmej kazak ulysynyn korshi memlekettermen karym katynas zhasap әr tүrli bajlanys ornatu isinde de hanga komekshi әri kenesshi kyzmet atkargany belgili Mysaly Abylaj han 1743 zhyly zhongar baskynshylarynyn kolyna tүsken kezde Қaz dauysty Қazybek bi Resej үkimeti zholdagan sekund major ekspediciyasynyn kuramynda elshilikke bargan Қaldan Seren kazak eline kadiri askan bidin biz kazak mal bakkan elmiz eshkimge soktykpaj zhaj zhatkan elmiz basymyzdan kut bereke kashpasyn dep zherimizdin shetin zhau baspasyn dep najzaga үki takkan elmiz Eshbir dushpan basynbagan elmiz basymyzdan soz asyrmagan elmiz dostykty saktaj bilgen elmiz dәm tuzdy aktaj bilgen elmiz dep takpaktaj sojlep tajsalmaj talap kojganyna razy bolyp han basyna azattyk bergen Besinshiden bi atagy muragerlik zanymen beriletin lauazym emes Koshpeliler mәdenietinin erekshe kyry sheshendik onerdi mengermejinshe tek әdet zhosyndaryn zhetik bilip әdilet principin ustanu arkyly gana bi atanu el senimin ielenu mүmkin bolmagan Halyk arasynda bir auyz sozben kun keship zhalgyz uәzhben dau sheshken dilmarlardyn aty ardaktalyp torelik isteri үlgi onege tutylgan Abylaj han Әjtse de kazak tarihynda atadan balaga bilik tizginin zhalgap birneshe urpagy el ishinde bi atangan әuletter otken Mundaj ajryksha kasiet daryp abyroj kongan әulet biligin halyk shynzhyrkatar dep atagan Bilerdin әleumettik sayasi statusy kazak ulysynyn tarihyndagy әr kily otpeli kezenderge almagajyp uakigalarga bajlanysty ozgerip otyrgan Әsirese ortalyktandyrylgan handyk biliktin pәrmenin nygajtudy talap etetin әskeri zhoryk zhyldarynda plebiscitarlyk yaki halyktyk demokratiyanyn klassikalyk үlgisi retindegi bi biligi torelik etu әkimshilik baskaru roli tomendej tүsken Mysaly Shyngys hannyn sondaj ak handyk bilikti kalpyna keltiru үshin kүresken Kenesarynyn tusynda biler okilettiligin shektep sultandar men kol bastagan batyrlarga basym bilik berilgen Әsirese patshalyk Resejdin otarshyldyk pigylmen zhүrgizgen kukyktyk әkimshilik reformalary kazak dalasyndagy dәstүrli sayasi kurylymdy tүbirinen ozgertti 1822 zhylgy reformadan kejin handyk bilik zhүjesi kүjredi Al biler instituty 19 gasyrdyn ayagyna dejin formaldi tүrde omir sүrdi 1854 zhyldan bastap bi atagyn sultandar men auyl aksakaldary kogamdyk sajlau arkyly okrug basshylarynyn bekituimen aldy 1868 zhyly 21 kazandagy Dalalyk oblystardy baskaru turaly erezhe bojynsha bi atagy uakytsha tek kyzmettik lauazymdy atkaru barysynda gana beriletin boldy Resej patshalygynyn kazak dalasyn otarlau sayasatyn tүbegejli zhүzege asyrgan kuzhat 1891 zhyly 25 nauryzdagy Akmola Semej Zhetisu Oral zhәne Torgaj oblystaryn baskaru turaly erezhe dәstүrli potestarly bilik zhүjesin tolyk isten shygaryp bi lauazymyn zhojdy Tәuelsizdik alyp derbes damu zholyna tүsken Қazakstan zhurtshylygy zamana talabyna saj memlekettik zhүje men sayasi kurylym kalyptastyru үshin dәstүrli kukyktyk mәdeniettin demokratiyalyk gumanistik principterge kurylgan biler toreligi tәrizdi zhekelegen instituttaryn kajta zhangyrtu kazhettigin zhaktady Eldin sot zhүjesinde biler instituty kalpyna keltirip ogan zhergilikti zan buzushylyk korinisterine neke dauy otbasy agajyn tuys arazdygy tәrizdi kelensizdikterge torelik etu funkciyasyn beru turaly usynystar zhasaldy 1999 Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz