Балық өсіру
Балық өсіру– балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын бір саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі.
Табиғи суда өсіру
Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, , сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах, форель, бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.
Биологиялық жолмен өсіру
Балық өсірудің әдістерінің биологиялық негіздерін және биотехникасын зерттейтін ғылым саласы. Ол биология, ихтиология, балық физиологиясы, гидробиология сияқты ғылымдарға негізделген.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balyk osiruBalyk Balyk osiru balyk sharuashylygynyn balyktardy zhersindiretin olardyn zhana tukymyn shygaratyn korektendiretin sudagy koryn molajtyp sapasyn arttyratyn bir salasy Balyk negizinen tabigi sular men togandarda osiriledi Tabigi suda osiru Tabigi suda balyk osiru ozen kol men tenizderdegi balyk tүrlerinin sapasyn arttyruga zhәne onyn koryn molajtuga bagyttalgan Adamnyn is әreketinin nәtizhesinde mysaly su kurylystarynyn salynuy sudyn lastanuy t b tabigi sulardagy balyktardyn osip onui nasharlap tipti kejbir tүrlerinin zhojyluyna aparyp sokty sondyktan olardyn osip onuin kamtamasyz etu sapaly balyk tүrlerin kobejtu siyakty zhumystardyn kazheti tudy Adam әreketinin keri ykpaly әsirese zhartylaj otkinshi kokserke sazan torta t b zhәne otkinshi balyktarga bekire tәrizdilerdin albyrttardyn kopshiligi t b katty tidi Zhartylaj otkinshi balyktar kolderde ozenderde zhәne onyn sagasynda al otkinshi balyktar tenizderde tirshilik etip uyldyrygyn shashu үshin ozen arnasymen zhogary orlejdi Balyktardyn orleu zholynda kezdesetin kedergiler zhojylady mysaly zhyrtkysh balyktar aulanady zhyrtkysh sүtkorektiler men kustar үrkitiledi uyldyryk shashatyn balyktardy aulau uakytsha toktatylady Sondaj ak suda balyk zheminin mol boluy men sudyn tazalygy kadagalanady Balyk uyldyryk shashatyn zherler tabigi kalpynda saktaluy kerek Koktemgi su taskynynan ozen zhajylymdarynda majda shabaktardyn birazy kalyp koyady da su tartylgannan kejin kyrylyp kalady Muny boldyrmau үshin arnajy kanal kazylyp shabaktar ozen kolderge agyzylady nemese shabaktar aulanyp ozenge koldan zhiberiledi Kәsiptik manyzy bar balyk tүrlerinin әr tүrli sebepterden tabigi kobeyui zhogary dengejde bolmasa olardyn shabagy koldan osirilip esejgen son tabigi suga zhiberiledi Balyk aulanatyn sulardagy ihtiofaunanyn sapasyn arttyru үshin kәsiptik manyzy bar balyk tүrlerin zhersindiredi Mysaly kezinde Kaspijge Қara tenizden kefal Aralga Baltyk tenizinen salaka Қara tenizden kambala Araldan Balkash koline aral bekiresi men kayazy t b әkelingen Toganda balyk osiru arnajy kazylgan su kojmalarynda zhүrgiziledi sondyktan mundagy balyktar uryktanuynan bastap үlkejgenge dejin adamnyn bakylauynda bolady Togan sharuashylyktarynda ezhelgi tukydan baska koptegen balyk tүrleri ak amur donmandaj taban ongak bahtah forel bester t b osiriledi Balyktardy korektendiru үshin kurama azyk koldanylady Қazakstanda zhalpy aumagy үsh myn gektardaj togyz togan sharuashylygy Almaty Shygys Қazakstan Pavlodar Қyzylorda oblysynda on үsh pitomnik zhәne birneshe arnauly sharuashylyktar Atyraudagy bekire shabagyn osiretin sharuashylyk t b bar Biologiyalyk zholmen osiru Balyk osirudin әdisterinin biologiyalyk negizderin zhәne biotehnikasyn zerttejtin gylym salasy Ol biologiya ihtiologiya balyk fiziologiyasy gidrobiologiya siyakty gylymdarga negizdelgen DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet