Байырғы әскери рәміздер — әскери белгі ретінде қолданылған ертедегі рәміздер. Олар түрлі әскери мағыналар мен ұғымдарды білдірген. Байырғы әскери рәміздер:
- 1) киелі рәміздер;
- 2) әскери дәреже және лауазым белгілері;
- 3) түрлі айырым белгілері деп бөлуге болады.
Ертеде әскер қосындары соғысқа өздері табынатын киелі бейнелерді әскери рәміздік белгі ретінде көтеріп шыққан. Олар ұрыста күш беріп, жеңіске жеткізеді, қорғайды деп ырым еткен. Ондай бейнелер металдан соғылып, алыстан көріну үшін қанық түсті матадан тігілген әскери туға жапсырылып, оның жоғарғы жағына қасиетті аңның құйрығы байланып, тігінен не көлденеңінен ағаш сапқа бекітілген. Туда әскердің киесі, күші болады, тудың құлауы әскердің жеңілуі деп түсінгендіктен әрбір жауынгер, бүкіл әскер туды сақтауға, қорғауға міндетті болған. Әр әскер қосындарының туы өз түсімен ерекшеленген. Бүкіл әскерлік ту үлкен, үшбұрышты етіп жасалады. Ту алыстан айқын көріну үшін ашық көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталар, кейде бір туда екі-үш түс бірдей қолданылған. Әр түс көшпелі халықтар мәдениетінде белгілі бір ұғымды білдіретін болған. Қазақтарда ақ түс тазалықтың, әділдіктің, қызыл түс ерліктің, жасыл түс жаңғырудың, өркендеудің нышаны болған. Жазбаша, ауызша әдеби деректерде Қаракерей Қабанбай батырдың ақ туы, Абылайдың туы болғаны айтылады. Бұрынғы кездері арнайы әскери киім болмағандықтан, өз әскерін жау әскерінен айыру үшін жауынгерлер дулығаға және найзаға түсті айырым белгі таққан. Оны жалау деп атаған. “Жалаулы найза қолға алып” деген осыдан шыққан. Әр әскери бөлімнің жауынгерлері жалауды бір түстен тағады да, қолбасшы сол арқылы олардың қимыл-әрекетін бақылап, басқарып отырады. Жалау алыстан көріну үшін ашық, шаңқан түсті маталар таңдалған. Түсті матадан тігілген айырым-белгілер найза мен бас киімнен басқа жеңге, иыққа да тағылуы мүмкін. Мысалы, Кенесары сарбаздары мұндай белгілерді киімнің жеңіне таққан. Жалаулы найза ұстаған қазақ жауынгерлерінің бейнесін тастағы суреттерден, 19 ғасырдағы өнер туындыларынан көруге болады. Айырым-белгі тағу дәстүрі Еуропа елдеріне де ауысып, қазір бұл белгі жауынгердің бас киіміндегі әскер түрін белгілейтін түсті жиекке айналып, осы күнге жетіп отыр. Әскери рәміздік белгі ретінде ең бірінші пайда болған байрақ қазір қолданыстан шыққан. Қасиетті әскери атрибут — жауынгерлік ту осы заманғы армияға орнықты да, кейін пайда болған жалау әскери айырым-белгі ретінде ғана емес, әр түрлі ұйымдардың, мемлекеттердің, қоғамдардың айырым-белгісі ретінде кең қолданылатын рәмізге айналды. Ескі әскери рәміздердің ұмтылуына байланысты және мәнінде, сыртқы пішімінде ұқсастық болғандықтан, қазіргі түркі тектес халықтар тілінде ту, байрақ, жалау атаулары бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді. Байырғы әскери белгілер қатарына хандардың, патшалардың, қолбасшылардың дәреже белгісі ретінде бас киімге, дулығаға тағылатын құстың — жығаны, аттың тұрманына тағылатын шоқты да жатқызуға болады.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bajyrgy әskeri rәmizder әskeri belgi retinde koldanylgan ertedegi rәmizder Olar tүrli әskeri magynalar men ugymdardy bildirgen Bajyrgy әskeri rәmizder 1 kieli rәmizder 2 әskeri dәrezhe zhәne lauazym belgileri 3 tүrli ajyrym belgileri dep boluge bolady Ertede әsker kosyndary sogyska ozderi tabynatyn kieli bejnelerdi әskeri rәmizdik belgi retinde koterip shykkan Olar urysta kүsh berip zheniske zhetkizedi korgajdy dep yrym etken Ondaj bejneler metaldan sogylyp alystan korinu үshin kanyk tүsti matadan tigilgen әskeri tuga zhapsyrylyp onyn zhogargy zhagyna kasietti annyn kujrygy bajlanyp tiginen ne koldeneninen agash sapka bekitilgen Tuda әskerdin kiesi kүshi bolady tudyn kulauy әskerdin zhenilui dep tүsingendikten әrbir zhauynger bүkil әsker tudy saktauga korgauga mindetti bolgan Әr әsker kosyndarynyn tuy oz tүsimen erekshelengen Bүkil әskerlik tu үlken үshburyshty etip zhasalady Tu alystan ajkyn korinu үshin ashyk kok kyzyl sary zhasyl ak tүsti matalar kejde bir tuda eki үsh tүs birdej koldanylgan Әr tүs koshpeli halyktar mәdenietinde belgili bir ugymdy bildiretin bolgan Қazaktarda ak tүs tazalyktyn әdildiktin kyzyl tүs erliktin zhasyl tүs zhangyrudyn orkendeudin nyshany bolgan Zhazbasha auyzsha әdebi derekterde Қarakerej Қabanbaj batyrdyn ak tuy Abylajdyn tuy bolgany ajtylady Buryngy kezderi arnajy әskeri kiim bolmagandyktan oz әskerin zhau әskerinen ajyru үshin zhauyngerler dulygaga zhәne najzaga tүsti ajyrym belgi takkan Ony zhalau dep atagan Zhalauly najza kolga alyp degen osydan shykkan Әr әskeri bolimnin zhauyngerleri zhalaudy bir tүsten tagady da kolbasshy sol arkyly olardyn kimyl әreketin bakylap baskaryp otyrady Zhalau alystan korinu үshin ashyk shankan tүsti matalar tandalgan Tүsti matadan tigilgen ajyrym belgiler najza men bas kiimnen baska zhenge iykka da tagyluy mүmkin Mysaly Kenesary sarbazdary mundaj belgilerdi kiimnin zhenine takkan Zhalauly najza ustagan kazak zhauyngerlerinin bejnesin tastagy suretterden 19 gasyrdagy oner tuyndylarynan koruge bolady Ajyrym belgi tagu dәstүri Europa elderine de auysyp kazir bul belgi zhauyngerdin bas kiimindegi әsker tүrin belgilejtin tүsti zhiekke ajnalyp osy kүnge zhetip otyr Әskeri rәmizdik belgi retinde en birinshi pajda bolgan bajrak kazir koldanystan shykkan Қasietti әskeri atribut zhauyngerlik tu osy zamangy armiyaga ornykty da kejin pajda bolgan zhalau әskeri ajyrym belgi retinde gana emes әr tүrli ujymdardyn memleketterdin kogamdardyn ajyrym belgisi retinde ken koldanylatyn rәmizge ajnaldy Eski әskeri rәmizderdin umtyluyna bajlanysty zhәne mәninde syrtky pishiminde uksastyk bolgandyktan kazirgi tүrki tektes halyktar tilinde tu bajrak zhalau ataulary bir birinin sinonimi retinde koldanyla beredi Bajyrgy әskeri belgiler kataryna handardyn patshalardyn kolbasshylardyn dәrezhe belgisi retinde bas kiimge dulygaga tagylatyn kustyn zhygany attyn turmanyna tagylatyn shokty da zhatkyzuga bolady DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet