Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы X-XI ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.
Бабаджа-Хатун кесенесі | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Мемлекет қорғауында |
Орналасуы | Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы |
Құрылысы аяқталды | XII ғ. |
Биіктігі | 5 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Басқа да өлшемдері | 6,8x6,8 м |
Архитектурасы
Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына көркем қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, көркем қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.
Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аталған аңыздың түрлі нұсқалары бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XІІ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, ойшыл, ғұлама Сүлеймен Бақырғанидың қызы болған. Ол өмірден озғанынан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан.
Кесене сәулеттік композицияның қарапайымдылығымен, монументтілігімен және пішіндердің аса әсемдігімен ерекшеленеді. Көлемді композицияның тұрақтылығы мен тақтатастан жасалған төсеніші бар тас іргетастан тұрғызылуының арқасында кесене осы уақытқа дейін сақталған. Оның шаршы тұрпаттас ғимараты он алты қырлы жұмыр қабырғада орналасқан қырлы күмбезбен көмкерілген; қасбет қабырғаларының беті жерге жетпейтін қуыстармен, әшекейлеп қаланған бойтұмарлармен безендірілген. Бас қасбеттің ортасында кесенеге баратын дөңгелек қақпа тұрғызылған. кесененің бас қасбетінің парапетінде араб тілінде: «Бұл Бабаджа-Хатун қабірі. Оны салушы...» деген жазу қалдықтары сақталған.
Кесененің шаршы тұрпаттас пішіні бар, оның мөлшері 6,8х6,8х5,0 метр, қабырғалардың қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Мөлшері 24х24х 0,5 см болатын ашық күйдірілген кірпіштен қаланған. Бабаджа-Хатун кесенесінің сәулеттік композициясы қарапайым, әрі безендірулері аз. Ғимарттың үш қасбетінде (батыс қасбеттен басқа) қуыстар мен бойтұмарлар өрнектелген. Басты қасбет жанама қасбеттерден парапеттің болуымен ғана ерекшеленеді.
Қасбет қабырғаларының беті жалған арка тәріздес жалған терезелермен және қуыстармен безендірілген. Терезелер үстінде әшекейленіп, кірпіштен қаланған шеңберлер бар. Декоративті қуыстар мен бойтұмарлар қабырғаға қаланған, кесіндісінде тік қырлы науаны жасайтын П әрпі түріндегі шеңбердің ішіне салынған. Жиектеменің үстімен бұрыштары сыртқы қабырғаға қарай бұрылған қосарланған кірпіштерден тұратын тісті көлденең жолақ өтеді. Осындай жиектемелер күмбез қойылған парапет пен барабанның үстімен бойлай өтеді. Қабырғалардан сегіз қырлы қабырға мен күмбезге өтетін жер тромпалармен бүркемеленген. Кесене қашалған барабанмен көмкерілген, ол 16 қырлы конус күмбез үшін негіз болды. Өкінішке орай, тарихи күмбез осы уақытқа дейін сақталған жоқ. 1981 жылы күмбез «Қазжобареставрация» жобалау институтының жобасы бойынша қайта жаңартылды.
Зерттеу жұмыстары
XIX ғасырдың соңынан бастап Бабаджа-Хатун кесенесін бірнеше ғалымдар: 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген.1982 жылдан бастап Кесене сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттің қорғауына алынды
Қазіргі кезде
2002 жылы Бабаджа-Хатун кесенесінде реставрациялау жұмыстары жүргізілді, күмбез зерттеліп, бүкіл құрылыс іргетасының негізі нығайтылды.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Babazhi Khatun Mausoleum |
Дереккөздер
- Басенов Т.К., Орнамент Казахстана, А.-А., 1957;
- Бернштам А.Н., К происхождению мавзолея Бабаджи Хатун, Таш., 1959.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, [[1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Babazhy katyn kesenesi Қazakstandagy X XI gasyrlardan saktalgan sәulet oneri eskertkishi Taraz kalasynan 18 km kashyktyktagy Ajsha bibi kesenesinin manynda ornalaskan Babadzha Hatun kesenesiZhalpy mәlimetStatusyMemleket korgauyndaOrnalasuyҚazakstan Respublikasy Zhambyl oblysy Zhambyl audanyҚurylysy ayaktaldyXII g Biiktigi5 mTehnikalyk sipattamasyBaska da olshemderi6 8x6 8 mArhitekturasyTekshe tәrizdi tik buryshty kyzyl kirpishten turgyzylgan eskertkishtin audany 6 8h6 8 m biiktigi 5 m den astam kabyrgalaryna korkem kalangan kirpishterinin kolemi 24h24h5 sm Қasbeti men 2 kaptaly bir birine uksas korkem kalangan kirpishten kүn tәrizdi ornekter zhasalgan Zhogary zhagy arkaly ishke kirer esik shygys zhak kabyrgasynda Қabyrgalardan segizkyrly barabanga auysatyn trompbeldeu zhasalgan Onyn үstinen ishki ensenin 16 kyrly kүmbezi bastalady Al syrtky kүmbezi biiktigi 86 sm kyrly prizmanyn үstine ornatylgan Mundaj kobyly kүmbezder Қazakstandagy Kokkesene Zhubanana siyakty kone eskertkishterden kezdesedi Bir birine kaptaj salgan kos kүmbez eskertkishtin uzak saktaluyna sebepshi bolgan Kүmbez tugyry arshamen kursaulanyp taktalardan suagarlar zhasaluy sol kezdegi kurylys onerinin ote zhogary dәrezhede bolganyn korsetedi Babadzha Hatun kesenesinin turgyzyluy turaly anyz Ajsha Bibi kesesinin salynuy turaly anyzben tikelej bajlanysty Atalgan anyzdyn tүrli nuskalary bar Ken taralgan anyzga sәjkes Ajsha Bibi XII gasyrda omir sүrgen atakty akyn ojshyl gulama Sүlejmen Bakyrganidyn kyzy bolgan Ol omirden ozganynan kejin Ajsha Ajkozhy shejhtin tәrbiesinde boldy Birde Taraz әmirshisi Қarahan Muhammed Taraz kalasyndagy kesene Shah Mahmud Harun Bugra Қarahan kurmetine turgyzylgan kyz balaga үjlengisi keldi alajda Ajshanyn әkesi bugan kelisim bergen zhok Eki zhastyn kosyluyna Ajsha Bibinin әkesi karsy bolyp Seni Қarasudyn bojynda kara zhylan shagyp oltirsin dep teris batasyn beredi Ajsha Bibi kara sudyn bojynda uәdelesken zherde Қarahandy kүtip suga tүsip zhuynyp zhatkanda kara zhylan shagady Ajsha Bibi zhan tәsilimin bermej Қarahandy kүtip zhatady Zhanynda bolgan serigi tәrbieshi әjel Babadzha hatun shapshan kalaga zhetip Қarahan batyrga habar beredi Batyr shauyp kelip hal үstinde zhatkan kalyndygyn korip moldaga tezdetip Ajsha ekeuinin nekesin kiyuga әmir etedi Neke rәsimi ayaktalgan sәtte aru kyz batyrdyn kolynda zhan tapsyrady Osyndaj katigezdikti tүsinbegen kopshilik Ajsha bibinin әkesinen surajdy Siz nege oz kyzynyzga teris batanyzdy berdiniz Sonda bajgus әke Osy surakty halkymnyn koyatynyn bilip edim Sebebi Қarahan batyr omiri at үstinde eldin shetinde zhaudyn betinde zheldin otinde kyrgyn kantogiste otedi Қarahan sogysta kaza tapsa ziyarat etuge bara almajmyn balamnyn zhastaj zhesir kaluyn kalamap edim Alla tileuimdi berdi dep okinishten ozegi ortengen sorly әkenin zhauaby osy bolypty Өkinishke oraj әmirshi Ajshamen zhүzdesu mүmkindiginen mәngi ajyryldy ojtkeni kyz bala bas kiimde zhasyryngan zhylannyn shaguynan Asa ozeninin zhagalauynda kaza tapty Nekeli zharynan ajrylgan Қarahan batyr dәl sol zherge erekshe sәuletti kesene turgyzdy Ajsha Bibinin kүtushisi Babadzha Hatun omirinin sonyna dejin kesenenin saktaushysy boldy Kүtushisi Babadzha Hatun kesenesi Ajsha Bibiden 20 kadam zherde kesenesi ornalaskan Kesene sәulettik kompoziciyanyn karapajymdylygymen monumenttiligimen zhәne pishinderdin asa әsemdigimen erekshelenedi Kolemdi kompoziciyanyn turaktylygy men taktatastan zhasalgan tosenishi bar tas irgetastan turgyzyluynyn arkasynda kesene osy uakytka dejin saktalgan Onyn sharshy turpattas gimaraty on alty kyrly zhumyr kabyrgada ornalaskan kyrly kүmbezben komkerilgen kasbet kabyrgalarynyn beti zherge zhetpejtin kuystarmen әshekejlep kalangan bojtumarlarmen bezendirilgen Bas kasbettin ortasynda kesenege baratyn dongelek kakpa turgyzylgan kesenenin bas kasbetinin parapetinde arab tilinde Bul Babadzha Hatun kabiri Ony salushy degen zhazu kaldyktary saktalgan Kesenenin sharshy turpattas pishini bar onyn molsheri 6 8h6 8h5 0 metr kabyrgalardyn kalyndygy 1 23 metrge zhetedi Molsheri 24h24h 0 5 sm bolatyn ashyk kүjdirilgen kirpishten kalangan Babadzha Hatun kesenesinin sәulettik kompoziciyasy karapajym әri bezendiruleri az Ғimarttyn үsh kasbetinde batys kasbetten baska kuystar men bojtumarlar ornektelgen Basty kasbet zhanama kasbetterden parapettin boluymen gana erekshelenedi Қasbet kabyrgalarynyn beti zhalgan arka tәrizdes zhalgan terezelermen zhәne kuystarmen bezendirilgen Terezeler үstinde әshekejlenip kirpishten kalangan shenberler bar Dekorativti kuystar men bojtumarlar kabyrgaga kalangan kesindisinde tik kyrly nauany zhasajtyn P әrpi tүrindegi shenberdin ishine salyngan Zhiektemenin үstimen buryshtary syrtky kabyrgaga karaj burylgan kosarlangan kirpishterden turatyn tisti koldenen zholak otedi Osyndaj zhiektemeler kүmbez kojylgan parapet pen barabannyn үstimen bojlaj otedi Қabyrgalardan segiz kyrly kabyrga men kүmbezge otetin zher trompalarmen bүrkemelengen Kesene kashalgan barabanmen komkerilgen ol 16 kyrly konus kүmbez үshin negiz boldy Өkinishke oraj tarihi kүmbez osy uakytka dejin saktalgan zhok 1981 zhyly kүmbez Қazzhobarestavraciya zhobalau institutynyn zhobasy bojynsha kajta zhanartyldy Zertteu zhumystaryXIX gasyrdyn sonynan bastap Babadzha Hatun kesenesin birneshe galymdar 1897 zhyly V A Kallaur 1938 zhyly A N Bernshtam 1953 zhyly T Қ Bәsenov zerttegen 1982 zhyldan bastap Kesene sәulet eskertkishterinin tizimine engizilip memlekettin korgauyna alyndyҚazirgi kezde2002 zhyly Babadzha Hatun kesenesinde restavraciyalau zhumystary zhүrgizildi kүmbez zerttelip bүkil kurylys irgetasynyn negizi nygajtyldy Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Babazhi Khatun MausoleumDerekkozderBasenov T K Ornament Kazahstana A A 1957 Bernshtam A N K proishozhdeniyu mavzoleya Babadzhi Hatun Tash 1959 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 I tom