Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
- толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
Тарихы
Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен көрсеткіші болып саналады. Ежелгі көшпелілердегі тауар айналымы айырбас (мал, аң терісі, алтын, күміс кесектері, сәндік және т.б. заттар) түрінде өтті. мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Жібек жолы бойымен айырбас тауар ретінде қарқынды дамыды. Түркі дәуірінің монеталарының аверс бетінде басылған таңбалар, реверс бетінде жыртқыш аң бейнеленген. 704-766 жылдары Тараз шаһарында соғылып, айналымға енген қола теңгелер Түргеш мемлекетінің қуаттылығын білдіреді. Қазақ жерінде түргештердің саудалық,әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб пен Тараз сол дәуірлерде қарқындап өркендеді.
Кейін ақша соғу ісі Қарахан әулеті тұсында кеңінен етек алған. Қарахандықтар әулеті ислам дінін ресми қабылдауына байланысты ақша айналымдағы тиындары арабша атады, яғни , , деп аталды. Ішкі нарықта айырбас ақша ретінде адли (қола ) монеталары мол болды. ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан көлемінде соғды, саманид фелстері айналымға кең таралды. Сол кезде күміс дирхемдері «исмаили» деп аталатын. Оған қоса ең жоғары қоспалы күміс бұқара-худаттық - мусейяби, аз қоспалы күміс - мухаммади, мыстан немесе арзан металл гитрифи ақшалары және қытайлық тиындары айналымда болды. Қыпшақтар жайлаған Дешті қыпшақ аумағында ғасырдың ортасында-ақ өзінің күміс және мыс ақшалары болған: алғашқысы танга (теңге), екіншісі пул (пул) деп аталған.
1260-1280 жылдар аралығында Орта Азияның 16-дай қаласында монета соғатын ақша сарайлары жұмыс істегені жазбаларда айтылады. Олардың қатарында Тараз, Кенже, Жент теңге сарайлары ерекшеленеді.
Алтын Орда теңгелерінің алғашқысын Бұлғар қаласында 1257, 1267 жылдары Берке соқтырған. XIV ғасырда Алтын Ордада сауда мен экономика өркендеп, Сарай, Сарайшық, , Қырым, , Хорезм, Жент, Баршын, Сығанақ қалаларының ақша сарайларында соғылған дирхемдер мен пұлдардың Қазақстанның ежелгі қаларының сауда айналымындағы маңызы жоғары болды. Сарайшық қаласынан табылған Алтын Орда теңгелерінің аверс және реверс беттерінде арыстан мен сұңқардың, балық суреттері, геометриялық өрнектер, түрлі таңбалар, ислам дінінің ағымының символдары шекілген. Бірқатар дирхемдер мен пұлдарда тарази, шаян сияқты шоқжұлдыздар, ал бірқатарында тотықұс бейнесі шекілген.
Теңге атауы Алтын Орда тұсында қолданыла бастады. Жібек жолы торабында пени, фуле, дирхем, динар, мапа т.б. металл ақша түрлері тарады. Мұндағы динар алтыннан жасалған, дирхем күмістен жасалған тиынды белгілейді. Сондай-ақ, ділда, алтын күміс ақша жамбы деп те аталды (толығырақ қ. Жамбы). Бөлшек, сақ саудада XVI-XVII ғасырларда ішкі ғана емес, қала аралық төлем құралы болған мыс ақша пайдаланылды. Бұл кезеңдерде Қазақстанның елді мекендеріндегі ақша айналымы негізінен Темір және Шайбани әулеттері кезінде шығарылған мыс ақшалары арқылы қамтамасыз етілді. XVI ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері, XVI ғасырдың соңы XVII ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс теңгелер Қазақстан жерінде және Орта Азияда сауда айналымында кеңінен қолданылды. Бұл ақшалардың шыңдалу шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен, Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықты біріктіруде үлкен міндет атқарды. XVII ғасырда орта Азиялық қалалардың құлдырауы себебінен ақша соғатын шеберлер, шеберханалар жұмысы құлдырай бастады.
Толық құнды ақшалар
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Mеталл ақшалар
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар
Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Үндістан, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:
- вексель;
- банкнота;
- чек.
Вексель
Вексель (ағылш. bill note) — міндеттеме шоты) — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің ешнәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі:
- қаржылық;
- қазыналық;
- достық;
- бронзалық.
- Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
- Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
- Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
- Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
- даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
- айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, «домицилиант» — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота
Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
- эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;
- қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
- ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота — бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
- Шаруашылықты несиелеу жолымен;
- Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
- ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
- ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
- ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
- мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
- есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
- жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
- кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
- біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
- екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
- үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар
Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 20 банк және «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, Smart AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.
Мысалға Темірбанкі АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері 2-қосымша бетте берілген.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aksha tүrleri tauarlardyn kunyn korsetetin zhalpyga birdej balama retinde koldanylatyn tolem kuraly Aksha ozinin damuy barysynda eki tүrge bolinedi tolyk kundy akshalar nagyz akshalar tolyk kunsyz akshalar kundyk belgileri TarihyAksha sogu ony ajnalymga engizu isi zhәne ony belgili bir kogamda tolem kuraly retinde pajdalanu memlekettin әleumettik ekonomikalyk zhәne sayasi damudyn zhogargy dengejine zhetken korsetkishi bolyp sanalady Ezhelgi koshpelilerdegi tauar ajnalymy ajyrbas mal an terisi altyn kүmis kesekteri sәndik zhәne t b zattar tүrinde otti men otyrykshy elder arasynda sauda sattyk katynastary Zhibek zholy bojymen ajyrbas tauar retinde karkyndy damydy Tүrki dәuirinin monetalarynyn avers betinde basylgan tanbalar revers betinde zhyrtkysh an bejnelengen 704 766 zhyldary Taraz shaһarynda sogylyp ajnalymga engen kola tengeler Tүrgesh memleketinin kuattylygyn bildiredi Қazak zherinde tүrgeshterdin saudalyk әri zhәrmenkelik kalashyktary Suyab pen Taraz sol dәuirlerde karkyndap orkendedi Kejin aksha sogu isi Қarahan әuleti tusynda keninen etek algan Қarahandyktar әuleti islam dinin resmi kabyldauyna bajlanysty aksha ajnalymdagy tiyndary arabsha atady yagni dep ataldy Ishki narykta ajyrbas aksha retinde adli kola monetalary mol boldy IH HI gasyrlarda Қazakstan koleminde sogdy samanid felsteri ajnalymga ken taraldy Sol kezde kүmis dirhemderi ismaili dep atalatyn Ogan kosa en zhogary kospaly kүmis bukara hudattyk musejyabi az kospaly kүmis muhammadi mystan nemese arzan metall gitrifi akshalary zhәne kytajlyk tiyndary ajnalymda boldy Қypshaktar zhajlagan Deshti kypshak aumagynda gasyrdyn ortasynda ak ozinin kүmis zhәne mys akshalary bolgan algashkysy tanga tenge ekinshisi pul pul dep atalgan 1260 1280 zhyldar aralygynda Orta Aziyanyn 16 daj kalasynda moneta sogatyn aksha sarajlary zhumys istegeni zhazbalarda ajtylady Olardyn katarynda Taraz Kenzhe Zhent tenge sarajlary erekshelenedi Altyn Orda tengelerinin algashkysyn Bulgar kalasynda 1257 1267 zhyldary Berke soktyrgan XIV gasyrda Altyn Ordada sauda men ekonomika orkendep Saraj Sarajshyk Қyrym Horezm Zhent Barshyn Syganak kalalarynyn aksha sarajlarynda sogylgan dirhemder men puldardyn Қazakstannyn ezhelgi kalarynyn sauda ajnalymyndagy manyzy zhogary boldy Sarajshyk kalasynan tabylgan Altyn Orda tengelerinin avers zhәne revers betterinde arystan men sunkardyn balyk suretteri geometriyalyk ornekter tүrli tanbalar islam dininin agymynyn simvoldary shekilgen Birkatar dirhemder men puldarda tarazi shayan siyakty shokzhuldyzdar al birkatarynda totykus bejnesi shekilgen Tenge atauy Altyn Orda tusynda koldanyla bastady Zhibek zholy torabynda peni fule dirhem dinar mapa t b metall aksha tүrleri tarady Mundagy dinar altynnan zhasalgan dirhem kүmisten zhasalgan tiyndy belgilejdi Sondaj ak dilda altyn kүmis aksha zhamby dep te ataldy tolygyrak k Zhamby Bolshek sak saudada XVI XVII gasyrlarda ishki gana emes kala aralyk tolem kuraly bolgan mys aksha pajdalanyldy Bul kezenderde Қazakstannyn eldi mekenderindegi aksha ajnalymy negizinen Temir zhәne Shajbani әuletteri kezinde shygarylgan mys akshalary arkyly kamtamasyz etildi XVI gasyrda Otyrardyn mys tengeleri Iasynyn Tүrkistannyn kүmis tengeleri XVI gasyrdyn sony XVII gasyrdyn basynda Қazak handarynyn atymen ondirilgen mys tengeler Қazakstan zherinde zhәne Orta Aziyada sauda ajnalymynda keninen koldanyldy Bul akshalardyn shyndalu sheberligi zhogary dәrezhede bolmaganymen Қazak handygynda sauda isin bir zholga koyuda halykty biriktirude үlken mindet atkardy XVII gasyrda orta Aziyalyk kalalardyn kuldyrauy sebebinen aksha sogatyn sheberler sheberhanalar zhumysy kuldyraj bastady Tolyk kundy akshalarTolyk kundy akshalar nagyz akshalar nominaldyk kuny ony dajyndauga ketken nakty kunymen sәjkes keletin akshalar Metall akshalar 640 B d b lidiyadan zhasalgan tiyn үlkejtilgen Metall akshalarga mystan kүmisten zhәne altynnan zhasalgandary zhatady Metall akshalar әr tүrli nysanda bolgan Moneta tүrindegi nysany bul olardyn songy nysany Monetanyn bet zhagy avers artky zhagy revers zhәne zhany gurt dep atalady Moneta sozinin shyguyn rimdikterdin zhүregi sanalatyn shirkeu kudajy Yunona Moneta esimimen bajlanystyrady yagni sol shirkeuden berilgen akshalaj karazhattyn komegimen rimderdin epir hany Pirrmen sogysta b e d 275 zh zheniske zhetkendigi turaly anyz bar Moneta sozi latynsha moneo kenes beremin konilinnen shygamyn degendi bildiredi Algashky monetalar VII g b z b Ertedegi Қytajda zhәne Ertedegi Lidiya memleketinde pajda boldy Kiev Rusinde algashky monetalardyn pajda boluy IX X gg zhatady Bastapky kezderi ajnalysta altyn monetalarymen katar kүmis monetalar da kosa zhүredi Altyn ajnalysyna birkatar elder de XIX g ekinshi zhartysynda otti Bul elderdin ishinde altyn ondiru zhagynan birinshi oryndy ozinin otarlarymen birge agylshyn eli algan Altyn ajnalysy tusynda kunnyn kagazdaj belgilerinin pajda boluynyn mynadaj obektivti kazhettilikteri bolgan altyn ondirisi tauar ondirisinin artynan ilese almaj nәtizhesinde ajnalystagy akshaga degen kazhettilikti tolyk otej almady zhogary kundy altyn akshalar usak kundy ajnalymga kyzmet korsete almady altyn standarty zhalpy alganda ondiristi zhәne tauar ajnalymyn yntalandyrmady Altyn ajnalysy ne bary birinshi dүniezhүzilik sogyska dejin boldy zhәne sogysushy elder ozderinin shygystaryn zhabu maksatynda kunnyn kagazdaj belgilerin shygarudy ulgajtty Sonyn nәtizhesinde birtindep altyn ajnalystan shyga bastajdy Tolyk kunsyz akshalarTolykkunsyz akshalar kunnyn belgileri nominaldyk kuny nakty kunynan yagni olardyn ondirisine ketken kogamdyk enbekten zhogary bolyp keletin akshalar Olarga mynalar zhatady kunnyn metaldyk belgileri arzan bagaly metaldardan zhasalgan usak monetalar mysalga zhez alyuminij t b monetalar kunnyn kagazdan zhasalgan belgileri Қunnyn kagazdaj belgileri ekige bolindi kagaz akshalar zhәne nesielik akshalarga Қagaz akshalar 1896 Қagaz akshalar bul nagyz akshalardyn okilderi Tarihta olar ajnalysta zhүrgen altyn zhәne kүmis monetalardyn orynbasarlary retinde pajda boldy Қagaz akshalardyn ajnalysta zhүruinin obektivti mүmkindigi olardyn ajnalys kuraly kyzmetin atkaru erekshelikterine bajlanysty Metall akshalardyn kagaz akshaga auysu sebepteri mynadaj metall akshalardyn tasymaldap alyp zhүru kolajsyzdygy metall akshalardyn memlekettik bilik organdarynyn zhasagan әreketinin nәtizhesinde yagni kazynaga kosymsha tabys alu maksatynda metaldyk kuramyn tomendetui barysynda bүlinui bagaly metaldardy ondirudin kagaz akshalardy shygaruga karaganda kymbatka tүsui emissiondyk tabys shygarylgan akshalardyn nominaldyk kuny men olardyn nakty kuny arasyndagy ajyrma alu maksatynda kazynanyn kagaz akshalardy shygaruy byudzhet tapshylygyn zhabu maksatynda kagaz akshalardyn shygaryluy Algashky kagaz akshalar b z XII g Қytajda 1690 zhyly Ұlybritaniya otary bolgan Soltүstik Amerikada 1762 zhyly Avstriyada zhәne 1769 zhyly Resejde pajda boldy Birinshi dүniezhүzilik sogys zhyldary kagaz akshalar barlyk elderde shygaryldy Қazirgi kezde kagaz akshalar kazynalyk biletter tүrinde on elde AҚSh Italiya Үndistan Indoneziya zhәne t b gana saktalgan Keshegi KSRO da 1961 zhypy bolgan aksha reformasy negizinde kagaz akshalar yagni 1 3 5 rubldik kazynalyk bilet nysanynda songy ret ajnalymga shygarylyp kejinnen Resejdegi 1991 1992 zhyldary zhәne Қazakstandagy 1993 zhylgy aksha reformasy nәtizhesinde ajnalymnan alyndy Қagaz akshalar kazynalyk biletter byudzhet tapshylygyn zhabu maksatynda shygarylatyn zhәne metalga auystyrylmajtyn sondaj ak memleket belgilegen ozindik nominaly bar kunnyn belgileri Қagaz akshalar tek kana ajnalys kuraly zhәne tolem kuraly kyzmetin atkardy Olardyn ajnalysta ulgayuy memlekettin karzhy zhetpispeushiligine bajlanysty shygaruymen tүsindiriledi Қagaz akshalar ozinin tabigaty zhagynan turaksyz zhәne kunsyzdanuga tez ikemdi Olardyn kunsyzdanu sebepterine ajnalyska basy artyk kagaz akshalardyn shygaryluyn emitentke degen senimnin tomendeuin zhәne tolem balansynyn kolajsyzdyk zhagdajyn zhatkyzady Nesielik akshalar Nesielik akshalar tauar ondirisinin damuymen yagni tauarlardy satyp alu zhәne satudyn uakytyn keshiktirip toleuge nesiege beriluimen bajlanysty pajda bolgan akshalar Nesielik akshalardyn shyguy bankterdin nesieleu operaciyalarymen bajlanysty Mundaj akshalardyn basty maksaty aksha ajnalymyn ikemdi etu nagyz akshalardy үnemdeu kolma kolsyz aksha ajnalymynyn damuyna mүmkindik zhasau Nesielik akshalardyn mynadaj tүrleri bar veksel banknota chek Veksel Veksel agylsh bill note mindetteme shoty belgili bir somany aldyn ala kelisilgen merzimde zhәne belgilengen zherde tolejtindigi turaly boryshkordyn karyzdyk mindettemesi Vekseldin eki tүri bar zhaj zhәne audarmaly Vekseldin tүrlerine Қazakstan Respublikasyndagy veksel ajnalysy turaly 28 04 97 Қazakstan Respublikasy Zanynda mynadaj tүsiniktemeler berilgen Zhaj veksel solo vekseldi ustaushyga vekselde korsetilgen somany belgili bir uakytta nemese talap etuge bajlanysty toleu turaly veksel berushinin eshnәrsemen negizdelmegen mindettemesin sipattajtyn veksel Audarmaly veksel tratta vekselde korsetilgen somany belgili bir uakytta algashky vekseldi ustaushyga remitentke toleu turaly үshinshi bir tulgaga trassatka veksel berushinin trassanttyn esh nәrsemen negizdelmegen usynysyn bujrygy sipattajtyn veksel Trassat tratta bojynsha toleuge kelisimin bergennen bastap boryshkor bolyp tabylady Audarmaly veksel kelesi betindegi indossament baska bireuge audaryp zhazu komegimen ajnalysta zhүre beredi Audaru turaly koldardyn kobeyuine bajlanysty veksel ajnalysy ulgaya tүsedi zhәne mundagy әr indossant veksel bojynsha mindettemege birlesip zhauap beredi Zhaj zhәne audarmaly veksel kommerciyalyk vekseldin tүrleri retinde karastyrylady Sonymen katar ekonomikalyk әdebitterde vekseldi mynadaj tүrlerge boledi karzhylyk kazynalyk dostyk bronzalyk Қarzhylyk banktik veksel belgili bir aksha somasyn karyzga beruden tuyndajtyn karyzdyk mindetteme Қazynalyk veksel byudzhet tapshylygyn zhabu maksatynda memleket tarapynan shygarylatyn onyn mindettemesi Қazynalyk veksel bojynsha memleket boryshkor bolyp sanalady Dostyk veksel kejinnen bankte olardy esepke alu maksatynda biri birine beriledi Bronzalyk veksel nakty kamtamasyz etilmegen karyzdyk mindettemeni bildiredi Vekseldin kelesidej ozine tәn kasietteri bar dereksizdik yagni vekselde mәmilenin nakty tүrinin korsetilmeui dausyzdyk yagni protestturaly aktini notariuspen zhasagannan kejin tiisti shara koldanylganga dejingi karyzdyn mindetti tүrde tolenuge tiistigi ajnalymdylyk yagni baska bir tulgalarga audaryp zhazu arkyly indossament tolem kuraly retinde vekseldin berilui Қazakstanda zhogaryda atalgan zan kabyldanganga dejin zhәne onan kejin de veksel ajnalysy damyp keledi Veksel ajnalysyn birinshi bolyp koldaushylardyn katarynda Kazkommercbank tәzhiribesin atap ketuge bolady Bul bank 1996 zhyly Қazakstan Respublikasy Үkimetinin astyk zhinau bagdarlamasyna sәjkes ozinin 500 1000 zhәne 5000 AҚSh dollaryndagy astyk vekselderin ajnalymga shygaryp olardy nesie kuraly retinde klientterine berdi Sol klientterinin ishinde atap ajtsak syrtka astyk satumen ajnalysatyn Astyk akcionerlik kompaniyasy 5000 AҚSh dollaryndagy vekseldi tender bojynsha zhenip alyp ony ozinin zhabdyktaushylary arasynda tolem kuraly retinde pajdalandy Sonymen katar osy bank 2003 zhyly domiciliant retinde Қazakstan temir zholy ҰK nyn 200 0 mln tengege bagalagan vekselderin otedi Mundagy domiciliant vekselde korsetilgen tolemdi zhүzege asyratyn vekselde deldal retinde katysatyn bank Banknota Banknota agylsh Bank note bank bileti ortalyk banktin ajnalyska shygargan әrtүrli nominaldagy aksha birlikteri Ol vekselden zhәne kagaz akshalardan ozara azhyratylady Banknotanyn vekselden tomendegidej ajyrmashylygy bar merzimdiligine karaj eger de veksel merzimdi karyzdyk mindetteme bolsa 3 6 ajlyk al banknota merzimsiz karyzdyk mindetteme kepildigine karaj vekseldi ajnalyska zheke kәsipkerler shygarady zhәne onyn zheke kepildigi bolady al banknotany kazirgi kezde ortalyk bank shygaratyndyktan ogan memleket kepildik beredi Ekonomikalyk әdebitterde banknotany eki tүrge boledi klassikalyk zhәne zhaj Klassikalyk banknota bul banknotanyn algashky pajda bolgan nysany retinde altynga erkin almastyrylatyn yagni altynmen kamtamasyz etilgen Ortalyk banktin bileti Klassikalyk banknotanyn kagaz akshalardan ozindik ajyrmashylygy bar zharatylysyna karaj kagaz akshalar akshanyn ajnalys kuraly retindegi kyzmetinen tuyndasa al banknota akshanyn tolem kuraly kyzmetinen pajda bolgan emissiyalau әdisi bojynsha kagaz akshalardy ajnalyska kazynashylyk shygarsa al banknotany Ortalyk bank shygarady kajtaryluyna karaj klassikalyk banknottar veksel merziminin ayaktaluyna bajlanysty Ortalyk bankke kajtarylsa al kagaz akshalar kajtarylmajdy yagni olar ajnalysta kala beredi auystyryluyna karaj klassikalyk banknotalar bankke kajtuyna bajlanysty altynga nemese kүmiske auystyrylyp otyrsa kagaz akshalar kashannan auystyrylmajtyn bolgan Banknotalardyn altynga auystyryluy toktalgannan bastap banknota altynmen kamtamasyz etilui kyskaryp onyn vekseldik kamtamasyz etilui de kүrt nasharlaj tүsti sebebi Ortalyk banktin vekseldik portfeli kobirek kazynalyk vekselder men mindettemelerge tolykty Zhaj banknota bul kazirgi kezdegi ajnalyska shygarylgan Ortalyk bank bileti Olar metalga almastyrylmajdy tek kana Ortalyk banktin barlyk aktivterimen kamtamasyz etiledi Endeshe kazirgi ajnalysta zhүrgen ortalyk bankten shygatyn zhaj banknotalar altynmen kamtamasyz etilmejdi birak olardyn belgili bir dәrezhede tauarlyk nemese nesielik negizi saktalgan sondaj ak olar kagaz aksha ajnalysynyn zandylyktaryna bagynady Қazirgi kezde Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Bankisinin zhaj banknotalardyn emissiyalanuynyn tomendegidej үsh zholyn bolip korsetuge bolady Sharuashylykty nesieleu zholymen Memleketti үkimetti nesieleu yagni memlekettik karyzdyk mindettemelerdin ornyna banknottardyn shygaryluy barysynda Shynynda da elimiz tәuelsizdik algan zhyldardyn basynda ekonomikadagy turaksyzdyktyn nәtizhesinde 1993 1998 zhyldary mundaj korinistin kuәsi boldyk Ajtalyk 1995 1996 zhyldary byudzhet tapshylygy ZhIӨ nin 5 5 na dejin zhetti endeshe sol uakyttary respublikalyk byudzhet tapshylygynyn 80 ga zhuygy Ұlttyk Banktin Үkimetke bergen nesieleri esebinen zhabylgany belgili Әrine bul zholdyn teris zhaktary da boldy onyn biri elimizde giperinfliyaciyanyn oryn aluy ulttyk valyuta bagamynyn turaktylygyn kamtamasyz etu zhәne elimizdin syrtky karyzdardy oteu үshin memlekettin valyutalyk rezervterin arttyru maksatynda ajnalyska kosymsha aksha emissiyalau zholymen Chek Chek veksel men banknotaga karaganda kommerciyalyk bankterdin kurylyp olardagy agymdyk shottarda bos akshalaj karazhattardyn zhinaktaluyna bajlanysty nesielik zhәne ajnalys kuraly retinde birshama kesh pajda boldy Algashky chekter 1683 zhyly Angliyada pajda boldy Chek agymdagy shot iesinin chekti ustaushyga belgili bir akshalaj somany toleu turaly nemese baska agymdyk shotka audaru turaly ozinin bankisine bergen zhazbasha bujrygy Chektin mynadaj tүrleri bar akshalaj chek bankten kolma kol aksha aluga arnalgan tolem kuraly orderli chek bir tulganyn atyna toltyrylgan birak indossament bojynsha baska bir tulgaga beruge kukyk beredi mәlimdeushi chek chekti mәlimdeushige ondagy korsetilgen somasy tolenedi esep ajyrylysu chegi zandy tulgalar arasynda kolma kolsyz esp ajyrysularda koldanylady zhol chegi turistik saparlarga arnalgan tolem kuraly kepildendirilgen chek banktin chekte korsetilgen somany toleuge kepildendiruin sipattajtyn tolem kuraly Chektin ekonomikalyk zharatylysy mynadaj birinshiden ol bankten nakty akshany aluga kyzmet etedi ekinshiden ol ajnalys zhәne tolem kuraly kyzmetin atkarady үshinshiden ol kolma kolsyz akshamen esep ajyrylysu kuraly Elektrondyk akshalarElektrondyk akshalar kompyuter torabynyn akparattardy avtomatty tүrde ondeu kuraldaryn koldanatyn bajlanys zhүjeleri arkyly zhүzege asyratyn bankter zhәne olardyn klientteri satushylar men satyp alushylar arasyndagy tolemder zhiyntygy Elektrondy akshalar plastikalyk kartochka nysanynda bolady Olar eki tүrli bolyp keledi Debettik tolem kartochka bankte arnajy kartochkalyk karazhaty bar klient arasyndagy kelisimshartka sәjkes shottagy karazhatty pajdalanuga bankomat arkyly kolma kol aksha aluga sondaj ak tauarlar men kyzmetter үshin toleuge arnalgan tolem kuraly Kredittik kartochka onyn emiteti men kartochka iesi arasyndagy kelisimshartka sәjkes nesielik koleminde tauarlar men kyzmetter үshin tolemdi zhasauga ne kolma kol aksha aluga arnalgan kartochka Қazakstan Respublikasyndagy ekinshi dengejdegi bankter debettik zhәne kredittik kartochkalardyn lokaldyk zhәne halykaralyk tүrlerin keninen koldanyluda Halykaralyk kartochkalarga Eurocard Master Card Visa Maestro zhәne t b zhatady Қazirgi kezde zhalaky aluga arnalgan debettik kartochkalar da keninen koldanyluda Mundaj kartochkalardyn shottary kobine tengede ashylady Nesielik kartochkalar bolshek sauda ajnalymynda zhәne kyzmet korsetu ayasynda koldanylady Қazirgi uakytta nesielik kartochkalardyn mynadaj tүrleri koldanylady banktik saudaga arnalgan benzin satyp aluga arnalgan turizm zhәne ojyn sauyk sharalaryn toleuge arnalgan Birshama keninen taralgan tүrine sauda kartochkalaryn zhatkyzuga bolady 2011 zhyldyn 1 akpanyndagy zhagdaj bojynsha 20 bank zhәne Қazpochta AҚ naktyly tүrde tolem kartochkalaryn shygarudy zhүzege asyruda Ekinshi dengejli bankter zhergilikti zhүje tolem kartochkalaryn Altyn Card Қazakstannyn Halyktyk Banki AҚ Smart AlemCard BTA Banki AҚ Siti banki AҚ shygaruda Budan baska kazakstandyk bankter kelesidej halykaralyk zhүje kartochkalaryn shygarumen zhәne taratumen ajnalysuda VISA International MasterCard Worldwide American Express International China Union Pay zhәne Diners Club International Mysalga Temirbanki AҚ nyn shygaratyn zhәne kyzmet korsetetin tolem kartochalarynyn tүrleri 2 kosymsha bette berilgen DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Aksha nesie bankter teoriyasy Okulyk Almaty Zheti zhargy 2011 ISBN 978 601 288 026 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet