Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 27).Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, , Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Сыртқы сілтемелер
- —XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aktaban shubyryndy Alkakol sulama kazak halkynyn tarihyndagy ashy kasiret Otan basyna kүn tugan asa kajgyly kezen 1723 27 Tәuke han kajtys bolgannan kejin Үsh zhүzdin derbestenip bir birinen alshaktanuy Қazak handygynyn әskeri sayasi kuatyn әlsiretti 18 gasyrdyn basynda ozderinin ishki kajshylyktaryn rettep әskerin zharaktady Orys elimen katynasyn zhaksartyp korshi memleketterden karu ok dәrini koptep satyp aldy 1715 zh orystarda tutkynda zhүrgen shved sheberi Renatty koldaryna tүsirip zenbirek kuyu tehnologiyasyn mengerdi 1723 zhyldyn kokteminde zhajlauga koshuge kamdangan bejkam kazak eline zhongarlardyn kalyn koly tutkiyldan shabuyl zhasady Tarihshy zhazuynsha zhәne kazak zhyraularynyn kuәligine karaganda kalmaktary әrkajsysy 10 myn zhauyngeri bar 7 kolmen kazaktardy shapkan Olar Balkash Қaratau bagytymen zhylzhyp kolbasshysy Қaldan Seren Altaj asyp Koktal ozeni bojymen orledi kontajshy Қulan Batur Nura onirin kanga batyryp Әmirsana Shelek ozeni Dorzhy Esik koli Lama Dorzhy Shu onirin taptap Doda Dorzhy toktausyz Ileden otip Sevan Rabdan karudyn kүshimen najzanyn ushymen kazak zherlerin iemdendi Ekpini katty shapkynshylar Қazakstannyn ontүstik audandaryndagy bejbit eldi ayausyz kyrgynga ushyratyp Tүrkistan Sajram Tashkent kalalaryn basyp aldy Zhongarlardyn zhojkyn shabuylynyn nәtizhesinde kazaktar shajkas dalasynda 100 mynga zhuyk zhauyngerlerinen ajyryldy al korgansyz halyktyn shygyny odan әlde kajda kop boldy Abylaj hannyn ajtuynsha sol kezde әrbir on adamnyn torteui kaza tapty Bul derekti Shәkәrim Қudajberdiuly da kostajdy Қorganuga murshasy kelmegen el әsirese Talas Boraldaj Arys Syrdariya ozenderi bojynda kop kyryldy Tiri kalgandar ata mekenin tastap shykty Tarihta buryn bolyp kormegen alapat kubylys kazak halkynyn үdere kashkan boskynshylygy tudy Toz toz bolgan Ұly zhүz Orta zhүzdin shagyn boligi Syrga Shyrshyk kuyatyn tustan sәl zhogary otkelden otip Hodzhent Samarkan ielikterine koshti Kishi zhүz Sauran kalasyn ajnalyp Sajran ajnalgan Bukaraga audy Shubyrgan halyktyn basym kopshiligi Syrdan otip Alkakolge zhetip kulady Kejbir tajpa rular Қyzylkum Қarakum ishine sindi Osy tusta halyktyn zhүreginde mәngi saktalgan ashy zar men auyr munga toly Elim aj әni dүniege keldi Zhongar shapkynshylygynan kүjzelgen kazak zherine Edil kalmaktary Zhajyktyn kazak orysy Oral bashkurttary Қokan bekteri Bukar men Hiua handary tus tustan shabuyl zhasady Қazak eli oz tarihynda algash ret kasiretti zardaby ote zor zulmatka tap bolyp zher betinen ult retinde zhok bolu kaupine ushyrady Қazaktar bul apattyn syryn tүsindi zhasangan zhaularyna karsylyk zhasap bakty urpagyn kyrgynnan aman alyp kaludyn amalyn izdep karmandy Aktaban shubyryndy Alkakol sulamanyn shyrgalany men alasapyrany kazaktardyn erkindik pen erlik ruhyn shyndady Ұlt perzentteri bardyn basyn kosyp halyk birikpej tirlik bolmajtynyn tүsindi Bogenbaj Қabanbaj Sauryk Zhәnibek Malajsary Abylaj Әbilkajyr bastagan kalyn el zhongarlarga karsy majdan ashyp Bulanty men ozenderinin zhagasynda Anyrakaj dalasynda uly zheniske zhetti Aktaban shubyryndy Alkakol sulama kazak halkynyn esinde uly kasiret bolyp mәngi tarihka hattaldy DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3Syrtky siltemeler XVIII gasyrdyn birinshi shiregindegi Қazakstan Bul zhana makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz