Аргентина — Англия матчы — 1986 жылғы әлем біріншілігінің 1/4 финалындағы кездесу. 1986 жылы 22 маусымда Мехикодағы "Ацтека" стадионында өтті. Аргентина футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Аргентина - Англия (ӘЧ-1986) | |||||||
Турнир | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Дата | |||||||
Стадион | |||||||
Арбитр | |||||||
Көрермендер | 114 580 | ||||||
Ауа райы | ашық, ыстық |
Матчқа дейін
Алаауыздық
Бұл екі құраманың футболдағы ымырасыз бәсекелестігі 1966 жылғы Англияда өткен әлем біріншілігінде басталды. Ширек финалда құрамалар өзара кездесті де, неміс төрешісі Крайтляйн аргентиналық алаңнан қуды. Ол кезде әлі қызыл, сары қағаздар көрсетілмейтін, төреші тек ауызбен ғана айтатын. Ағылшын тілін де, неміс тілін де түсінбейтін Раттин біразға дейін алаңнан кетпей жүріп алды. Мән-жайды түсінген соң ағылшын жанкүйерлеріне, төрешіге біраз тіл тигізеді де, мұнысына ашуланған ағылшындардың бапкері Альф Рамсей аргентиналықтарды айуанға теңейді. Бұл жәйттер екі елдің футболдағы ара-жігін алшақтата түсті.
Тағы бір басты себеп — Аргентина мен Англияның арсында Фолькленд аралдары (аргентиналықтар ол аралды Мальвин аралдары деп атайды) үшін талас. 1982 жылғы 14 маусымдағы арал үшін қақтығыста 700-ге тарта адам қаза болды. Нәтижесінде аралға ағылшындар қожайын болды.
Осы матчтың алдында аргентиналық Диего Марадона "бұл Мальвин аралдары үшін айқастың кезекті бөлімі болуы тиіс" деп мәлімдеді.
Ширек финалға дейінгі жол
Аргентина құрамасы Италия, Болгария, Корея футболшыларымен "А" тобында ойнады. Екінші турда Италиямен 1:1 есебімен тең ойнады да, қалған екі қарсыласын екі доп айырмасымен (Кореяны - 3:1, Болгарияны - 2:1) ұтып, бірінші орынмен 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда 1:0 есебімен Уругвайды тізе бүктірді.
Англия құрамасы Португалия, Марокко, Польша командаларымен бірге "G" тобына түсті. Алғашқы турда Португалиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды да, келесі турда күтпеген жерде 0:0 есебімен Мароккомен тең ойнады. Соңғы турда 3:0 есебімен Польшаны ойсырата ұтып, 1/8 финалға екінші орынмен жолдама алды. Бұл ойында ағылшын футболшысы Гари Линекер хет-трик жасады. 1/8 финалда Парагвайды да 3:0 етіп ірі есеппен ұтты. Бұл ойында Линекер екі гол соқты.
Матч
Шолу
Бірінші таймда аргентиналықтар аздап басым болды. Шабуылдардың көбін Марадона ұйымдастырды. Бірақ ең қауіпты шабуылды 13-минутта англиялықтар ұйымдастырды: қақпашының қателігін тиімді пайдалана алмады, қақпашы қайтарған допқа бірінші жеткенімен, доп қақпадан тым алыс кетіп еді, сол себепті қақпаға бағыттаймын дегенше аргентиналық қорғаушылар жиналып қалды. Осылайша бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Қызықты оқиғалардың бәрі екінші таймда болды. 51-минутта сол қанаттан шабуылды Марадонаның өзі бастады. Айып алаңына таяп келді де, Вальданоға пас берді, бірақ доп ағылшындардың қорғаушысы келді. Ходж допты қақпашыға әуелете, қолайсыз түрде бағыттады. Допқа қақпашы Шилтон мен Марадона қатар ұмтылды. Марадона жылдамдық жасап, қақпаға допты қолмен ұрып жіберді. Доп бос қалған қақпаға еніп кетті. Марадонаның қолмен ұрғанын бәрі де көрді. Алайда бас төреші Бен-Насер "гол болды" деген белгі көрсетіп, ортаны нұсқады.
Бұнысымен келіспеген ағылшындар төрешіге тап-тап берді. Бірақ төреші шешімін өзгерткен жоқ. Тәртіптің бұзылғанын көрген аргентиналық футболшылар да бірден қуана қоймады, өйткені доп қолмен соғылған сәтте олар да гол есептеліп кетеді деп күтпепті.
Матчтан соң осы гол туралы сұраққа Марадона "қолмен соққаным рас, бірақ ол менің қолым емес, Құдайдың қолы ғой" деп жауап берді.
54-минутта Эктор Энрике алаң ортасында Марадонаға пас берді. Допты алған бетте , , (мұны екі рет), , Питер Шилтонды қапы қалдырып, бос қақпаға гол соқты. Марадона шабуыл барысында Хорхе Вальданоға пас бермек болған екен, бірақ ол ойынан айнып, тәуекелге бел буыпты. Сондай-ақ, тәртіпті бұзбағандары үшін ағылшындарға да риза екенін мәлімдеген.
Кейін осы ғаламат гол "ХХ ғасыр голы" деп аталды.
Бұл голды Несіп Жүнісбаев өз кітабында былай суреттеді.
«...Ол доп алған жерден қақпаға шейін кемінде елу метр еді. Ең әуелі есін жиған Батчер болды. Марадона Батчерді ә дегенше жолда қалдырды. Өзі қақпаға қарай тарта берді. Оның алдынан Стевенс, Фенвик, Сэнсом және Ходдл қопарыла шықты. Бұл жерде басқа біреу болса, допты тезірек әріптесіне тастап, бір пәледен тез-ақ құтылар еді... Жоқ, Марадона олай ете алмайды. Сондықтан да ол басқа емес, Марадона. Сэнсом зу етіп алға шықты да, Марадонаның шылауына оралды. Фенвик – Марадонаны білетін ойыншы. Бапкері Робсон бұған оны қалай бағуды үйреткен. Марадона Сэнсомды да, мұны да қапы қалдырды. Фенвик сол жағын баққан боп қисая берді. Сөйтті де, тура аяққа жетеді-ау деген кезде көз ілеспес жылдамдықпен оң жағын тарпыды. Көзін қатты ашып допты іздеді. Әлі Марадонаның аяғында бара жатыр. Оның алдында Стевенс пен Шилтон ғана қалыпты. Жан ұшыра соңынан жүгірді. Жете алар емес. Бұл босқа жүгіріп келеді. Марадона допты қақпақылдап барады. Қарап тұрсаң, керемет! Аяғы допқа тигені де білінбейді. Бейне бір теңбіл допты жетектеп бара жатқандай. Доп жүгіріп бара жатқан Марадонамен қатар домалап барады. Міне, доп алып жүрудің классикалық үлгісі бұл! Марадона допқа, доп Марадонаға еш кедергі келтірмейді. Қарадай допқа сүрініп кетіп, етпетінен түсетіндер немесе допты бағындыру үшін бір жүгіріп, бір тоқтап жататындар аз ба! ...Стевенс доптың жолына тосқауыл қоюдың қажеттігін сезді. Сезді де, бойына бар қуатын жинады. Ал Марадона болса бұдан қашқақтамай, қақпаға тура тартып келеді. Стевенс оны көрді де, бір орнында қимылсыз қатты да қалды. Марадона әлі келе жатыр. Ол болса сол допты сыртқа қағып жіберуі ғана керек. «Міне, келді... ал теп...». Теуіп қалды. Жерді теуіпті. Марадона Шилтонмен бетпе-бет келді. Шилтон бұдан әрі шыдамады. Бағанадан бәрін көріп тұрған. Бес жігітті қамыстай жапырып кеткен мына Марадонаға тосқауыл болар енді өзі ғана! Қақпадан атып шықты. Сескеніп, тез ұрып жіберсін дегені. Марадона абыржыған жоқ. Қасқайып тарта берді. Шилтонға тіпті тақау келді. «Ә, қателігің осы болар!» деп қуана ойлап өтті Шилтон. Арыстанша атылды аяғына. «Міне, міне...». Допты ұстаймын деп ұмтылған қос қолына алаңдағы шөп қана ілікті. Дереу аунап түсіп, Марадонаның аяғына қол созды... Ол қақпаға барып қалыпты. Марадонамен иық тірескен Фенвикті көрді. Үміт оты қайта жанды. Фенвик допты да, Марадонаны да көрген жоқ. Әйтеуір оны етпетінен түсіруі керек екенін ғана еміс-еміс сезеді. Ол келіп иығынан қаға бергенде, Марадона «менің спектаклім осымен бітті» дегендей, сол аяғының алқымымен допты торға атты да жіберді. Өзі бұлт етіп оңға ойыса қойды. Фенвик өз-өзінен гүрс етіп жерге құлады...». "Мексикадағы футбол тойы" кітабынан. |
Ұтылыс қаупі төнген ағылшындардың бапкері екі бірдей тың ойыншыны алаңға қосты. Оның бірі Джон Барнс пайда әкелді: қапталдан асырған добын Линекер баспен ұрып торға түсірді: 2:1. Келесі минутта аргентиналық Карлос Тапиа бағананы көздеді. 87-минутта Гари Линекер тағы да баспен ұрып еді, қорғаушы Олртикочеа кедергі жасады. Осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.
Протокол
22 маусым 1986 жыл |
| Ацтека, Мехико Көрермендер саны: 114 580 Төреші: Әли Бен-Насер | ||||||
Аргентина | Англия |
|
|
Матчтан кейін
Ойын біткен соң Марадона мен Стив Ходж футболка алмасты. Аргентина тарапы бұл жеңісті Фолькленд аралдары мен 1966 жылғы жеңіліс үшін қайтарылған есе ретінде қабылдады.
- "Әлем чемпионы атанбасақ та, Англияны жеңу біз үшін шарт еді". (Аргентина футболының ардагері )
Аргентина жартылай финалда Бельгияны 2:0 есебімен ұтты. Бұл жолы да Марадона екі гол соқты. Финалда 3:2 есебімен ГФР құрамасын ұтып, әлем чемпионы атанды.
Кейінгі жылдары
1998 жылғы әлем чемпионатында бұл екі құрама 1/8 финалда кездесті. Бұл жолғы ойынның тартыстылығы 1986 жылғыдан кем болмады. 16-минутта Англия шабуылшысы Майкл Оуэн алаң ортасына таяу жерден доп алып, үш ойыншыны қапы қалдырып барып қақпаны дәл көздеді. Бұл 1986 жылғы Марадонаның голына аздап ұқсас еді, осылайша Англия тарапы бұл голды Марадонаның 1986 жылғы екінші голына жауап ретінде қабылдады. Бұл ойында Англияның бір голы себепсіз есептелмей қалды, сондай-ақ 47-минутта англиялық Дэвид Бекхэм алаңнан жазықсыз қуылды.
2002 жылы Аргентина мен Англия бір топқа түсті. Бекхэм 44-минутта пенальтиді дәл соғып, Англияға жеңіс әперді.
2015 жылы 17 тамыз күні Марадона баяғы қолмен соққан голды есептеп жіберетін төреші Әли Бен-Насерге арнайы жолығып, өзің қолтаңбасы қойылған футбол жейдесін сыйға тартты да, төрешіні өзінің мәңгілік досы деп атады.
Сілтемелер
Матч туралы есептеме Мұрағатталған 22 қаңтардың 2009 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Argentina Angliya matchy 1986 zhylgy әlem birinshiliginin 1 4 finalyndagy kezdesu 1986 zhyly 22 mausymda Mehikodagy Acteka stadionynda otti Argentina futbolshylary 2 1 esebimen zheniske zhetip zhartylaj finalga zholdama aldy Argentina Angliya ӘCh 1986 TurnirFutboldan 1986 zhylgy әlem birinshiligiArgentina Angliya2 1Data22 mausym 1986StadionActeka MehikoArbitrӘli Ben NaserKorermender114 580Aua rajyashyk ystykMatchka dejinAlaauyzdyk Bul eki kuramanyn futboldagy ymyrasyz bәsekelestigi 1966 zhylgy Angliyada otken әlem birinshiliginde bastaldy Shirek finalda kuramalar ozara kezdesti de nemis toreshisi Krajtlyajn argentinalyk alannan kudy Ol kezde әli kyzyl sary kagazdar korsetilmejtin toreshi tek auyzben gana ajtatyn Agylshyn tilin de nemis tilin de tүsinbejtin Rattin birazga dejin alannan ketpej zhүrip aldy Mәn zhajdy tүsingen son agylshyn zhankүjerlerine toreshige biraz til tigizedi de munysyna ashulangan agylshyndardyn bapkeri Alf Ramsej argentinalyktardy ajuanga tenejdi Bul zhәjtter eki eldin futboldagy ara zhigin alshaktata tүsti Tagy bir basty sebep Argentina men Angliyanyn arsynda Folklend araldary argentinalyktar ol araldy Malvin araldary dep atajdy үshin talas 1982 zhylgy 14 mausymdagy aral үshin kaktygysta 700 ge tarta adam kaza boldy Nәtizhesinde aralga agylshyndar kozhajyn boldy Osy matchtyn aldynda argentinalyk Diego Maradona bul Malvin araldary үshin ajkastyn kezekti bolimi boluy tiis dep mәlimdedi Shirek finalga dejingi zhol Argentina kuramasy Italiya Bolgariya Koreya futbolshylarymen A tobynda ojnady Ekinshi turda Italiyamen 1 1 esebimen ten ojnady da kalgan eki karsylasyn eki dop ajyrmasymen Koreyany 3 1 Bolgariyany 2 1 utyp birinshi orynmen 1 8 finalga shykty 1 8 finalda 1 0 esebimen Urugvajdy tize bүktirdi Angliya kuramasy Portugaliya Marokko Polsha komandalarymen birge G tobyna tүsti Algashky turda Portugaliyadan 0 1 esebimen utylyp kaldy da kelesi turda kүtpegen zherde 0 0 esebimen Marokkomen ten ojnady Songy turda 3 0 esebimen Polshany ojsyrata utyp 1 8 finalga ekinshi orynmen zholdama aldy Bul ojynda agylshyn futbolshysy Gari Lineker het trik zhasady 1 8 finalda Paragvajdy da 3 0 etip iri eseppen utty Bul ojynda Lineker eki gol sokty MatchMaradonanyn ekinshi golySholu Birinshi tajmda argentinalyktar azdap basym boldy Shabuyldardyn kobin Maradona ujymdastyrdy Birak en kauipty shabuyldy 13 minutta angliyalyktar ujymdastyrdy kakpashynyn kateligin tiimdi pajdalana almady kakpashy kajtargan dopka birinshi zhetkenimen dop kakpadan tym alys ketip edi sol sebepti kakpaga bagyttajmyn degenshe argentinalyk korgaushylar zhinalyp kaldy Osylajsha birinshi tajmda esep ashylgan zhok Қyzykty okigalardyn bәri ekinshi tajmda boldy 51 minutta sol kanattan shabuyldy Maradonanyn ozi bastady Ajyp alanyna tayap keldi de Valdanoga pas berdi birak dop agylshyndardyn korgaushysy keldi Hodzh dopty kakpashyga әuelete kolajsyz tүrde bagyttady Dopka kakpashy Shilton men Maradona katar umtyldy Maradona zhyldamdyk zhasap kakpaga dopty kolmen uryp zhiberdi Dop bos kalgan kakpaga enip ketti Maradonanyn kolmen urganyn bәri de kordi Alajda bas toreshi Ben Naser gol boldy degen belgi korsetip ortany nuskady Bunysymen kelispegen agylshyndar toreshige tap tap berdi Birak toreshi sheshimin ozgertken zhok Tәrtiptin buzylganyn korgen argentinalyk futbolshylar da birden kuana kojmady ojtkeni dop kolmen sogylgan sәtte olar da gol eseptelip ketedi dep kүtpepti Matchtan son osy gol turaly surakka Maradona kolmen sokkanym ras birak ol menin kolym emes Қudajdyn koly goj dep zhauap berdi 54 minutta Ektor Enrike alan ortasynda Maradonaga pas berdi Dopty algan bette muny eki ret Piter Shiltondy kapy kaldyryp bos kakpaga gol sokty Maradona shabuyl barysynda Horhe Valdanoga pas bermek bolgan eken birak ol ojynan ajnyp tәuekelge bel buypty Sondaj ak tәrtipti buzbagandary үshin agylshyndarga da riza ekenin mәlimdegen Kejin osy galamat gol HH gasyr goly dep ataldy Bul goldy Nesip Zhүnisbaev oz kitabynda bylaj surettedi Ol dop algan zherden kakpaga shejin keminde elu metr edi En әueli esin zhigan Batcher boldy Maradona Batcherdi ә degenshe zholda kaldyrdy Өzi kakpaga karaj tarta berdi Onyn aldynan Stevens Fenvik Sensom zhәne Hoddl koparyla shykty Bul zherde baska bireu bolsa dopty tezirek әriptesine tastap bir pәleden tez ak kutylar edi Zhok Maradona olaj ete almajdy Sondyktan da ol baska emes Maradona Sensom zu etip alga shykty da Maradonanyn shylauyna oraldy Fenvik Maradonany biletin ojynshy Bapkeri Robson bugan ony kalaj bagudy үjretken Maradona Sensomdy da muny da kapy kaldyrdy Fenvik sol zhagyn bakkan bop kisaya berdi Sojtti de tura ayakka zhetedi au degen kezde koz ilespes zhyldamdykpen on zhagyn tarpydy Kozin katty ashyp dopty izdedi Әli Maradonanyn ayagynda bara zhatyr Onyn aldynda Stevens pen Shilton gana kalypty Zhan ushyra sonynan zhүgirdi Zhete alar emes Bul boska zhүgirip keledi Maradona dopty kakpakyldap barady Қarap tursan keremet Ayagy dopka tigeni de bilinbejdi Bejne bir tenbil dopty zhetektep bara zhatkandaj Dop zhүgirip bara zhatkan Maradonamen katar domalap barady Mine dop alyp zhүrudin klassikalyk үlgisi bul Maradona dopka dop Maradonaga esh kedergi keltirmejdi Қaradaj dopka sүrinip ketip etpetinen tүsetinder nemese dopty bagyndyru үshin bir zhүgirip bir toktap zhatatyndar az ba Stevens doptyn zholyna toskauyl koyudyn kazhettigin sezdi Sezdi de bojyna bar kuatyn zhinady Al Maradona bolsa budan kashkaktamaj kakpaga tura tartyp keledi Stevens ony kordi de bir ornynda kimylsyz katty da kaldy Maradona әli kele zhatyr Ol bolsa sol dopty syrtka kagyp zhiberui gana kerek Mine keldi al tep Teuip kaldy Zherdi teuipti Maradona Shiltonmen betpe bet keldi Shilton budan әri shydamady Baganadan bәrin korip turgan Bes zhigitti kamystaj zhapyryp ketken myna Maradonaga toskauyl bolar endi ozi gana Қakpadan atyp shykty Seskenip tez uryp zhibersin degeni Maradona abyrzhygan zhok Қaskajyp tarta berdi Shiltonga tipti takau keldi Ә kateligin osy bolar dep kuana ojlap otti Shilton Arystansha atyldy ayagyna Mine mine Dopty ustajmyn dep umtylgan kos kolyna alandagy shop kana ilikti Dereu aunap tүsip Maradonanyn ayagyna kol sozdy Ol kakpaga baryp kalypty Maradonamen iyk tiresken Fenvikti kordi Үmit oty kajta zhandy Fenvik dopty da Maradonany da korgen zhok Әjteuir ony etpetinen tүsirui kerek ekenin gana emis emis sezedi Ol kelip iygynan kaga bergende Maradona menin spektaklim osymen bitti degendej sol ayagynyn alkymymen dopty torga atty da zhiberdi Өzi bult etip onga ojysa kojdy Fenvik oz ozinen gүrs etip zherge kulady Meksikadagy futbol tojy kitabynan Ұtylys kaupi tongen agylshyndardyn bapkeri eki birdej tyn ojynshyny alanga kosty Onyn biri Dzhon Barns pajda әkeldi kaptaldan asyrgan dobyn Lineker baspen uryp torga tүsirdi 2 1 Kelesi minutta argentinalyk Karlos Tapia baganany kozdedi 87 minutta Gari Lineker tagy da baspen uryp edi korgaushy Olrtikochea kedergi zhasady Osy esep ojyn sonyna dejin ozgergen zhok Protokol 22 mausym 1986 zhyl Argentina 2 1 AngliyaDiego Maradona 51 54 Goldar Gari Lineker 80 Acteka Mehiko Korermender sany 114 580 Toreshi Әli Ben NaserArgentina AngliyaArgentina kk 18 Neri Pumpidok 5 Hose Luis Braunk 9 Hose Luis Kusiuffok 19 Oskar Rudzherizhk 2 Serhio Batista 60 zhk 7 Horhe Burruchaga 75 zhk 10 Diego Maradona k zhk 12 Ektor Enrikezhk 14 Rikardo Dzhustizhk 16 Hulio Olartikoecheash 11 Horhe ValdanoAlanga shykkandar zhk 21 75 Bapker Karlos Bilardo Angliya kk 1 Piter Shilton k k 2k 3k 14 9 zhk 6zhk 4zhk 16 64 zhk 17 74 zhk 18sh 10 Gari Linekersh 20Alanga shykkandar sh 11 64 sh 19 74 Bapker Matchtan kejinOjyn bitken son Maradona men Stiv Hodzh futbolka almasty Argentina tarapy bul zhenisti Folklend araldary men 1966 zhylgy zhenilis үshin kajtarylgan ese retinde kabyldady Әlem chempiony atanbasak ta Angliyany zhenu biz үshin shart edi Argentina futbolynyn ardageri Argentina zhartylaj finalda Belgiyany 2 0 esebimen utty Bul zholy da Maradona eki gol sokty Finalda 3 2 esebimen GFR kuramasyn utyp әlem chempiony atandy Kejingi zhyldary1998 zhylgy әlem chempionatynda bul eki kurama 1 8 finalda kezdesti Bul zholgy ojynnyn tartystylygy 1986 zhylgydan kem bolmady 16 minutta Angliya shabuylshysy Majkl Ouen alan ortasyna tayau zherden dop alyp үsh ojynshyny kapy kaldyryp baryp kakpany dәl kozdedi Bul 1986 zhylgy Maradonanyn golyna azdap uksas edi osylajsha Angliya tarapy bul goldy Maradonanyn 1986 zhylgy ekinshi golyna zhauap retinde kabyldady Bul ojynda Angliyanyn bir goly sebepsiz eseptelmej kaldy sondaj ak 47 minutta angliyalyk Devid Bekhem alannan zhazyksyz kuyldy 2002 zhyly Argentina men Angliya bir topka tүsti Bekhem 44 minutta penaltidi dәl sogyp Angliyaga zhenis әperdi 2015 zhyly 17 tamyz kүni Maradona bayagy kolmen sokkan goldy eseptep zhiberetin toreshi Әli Ben Naserge arnajy zholygyp ozin koltanbasy kojylgan futbol zhejdesin syjga tartty da toreshini ozinin mәngilik dosy dep atady SiltemelerMatch turaly esepteme Muragattalgan 22 kantardyn 2009 zhyly