Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлдеқайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилиялар жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.
Таралуы
Бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.
Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.
Жіктелуі
- І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа)
- 1-отряд: (лат. Rһуnсһосеpһаlіа)
- ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа)
- ІV-класс тармағы - Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа)
- 6-отряд - (лат. Сrурtоdіга)
- 7-отряд - (лат. РІеuгоdiга)
- 8-отряд - Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа)
- 9-отряд - (лат. Тгіоnусһоіdіае) .
Рептилилердің дене құрылысы
Сыртқы көрінісі
Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептилилер үшке бөлінеді.
Кесіртке тәрізділер
Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
Жылантәрізділер
Б9лардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кей-бір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын ба-сы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісін-ше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
Тасбақа тәрізділер
Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,
Тері жабындысы
Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қа-баты қалпына келтіреді. Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.
Омыртқасы
Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқаларынан көп және бұлардьщ алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін — эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді. Бел — көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған. Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның ал- дыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын, да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда — бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.
Ми сауыты
Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген. Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тәрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытының түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына жалғасып жатады.
Есту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі — алдыңғы құлақ — бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі — артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі — жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек күйінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйектерден: мұрын, маңдай алды, маңдай және маңдай артындағы, төбе және тақ төбе аралық сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады. Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйек-терден қалыптасады. Ми сауытының төбесінін, астықғы жағында, самай маңында, кесірткелерде — бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады. Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (sиргаапgиlаге), садақша (согопаге) және тақташа (sрlепіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Иық белдеуі
Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы — жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.
Жамбас белдеуі
Жамбас белдеуі мықын сүйектен шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.
Ас қорыту
Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты. Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орна-ласқан. Амфибилерден айырмашылығы — гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген. Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі жақсы жетілген. Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
Тыныс органдары
Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды. Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады. Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады. Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қарыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншаның сол жақ бөлімінен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең соңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның оң жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпё артерияларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына — таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ колқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады. Құйрық бөліміндегі вена қандары — құйрық венасына жина-лады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасы-на тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан вёналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады.Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына — бауыр венасы да құйылады.
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар
венаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының. қаны кұйылады.
Зәр шығарү органдары
Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жыныс органдары
Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған болатын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.
Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров каналы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воронка тәрізді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатын безі бар.
Жүйке жүйесі
Рептилилердің жүйке жүйесі амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткенмен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсе-рін өте жақсы қабылдайды. Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды.
Сезім органдары
Механикалық қозуларды қабыршақтарының үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жи-налған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.
Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ортаңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі.
Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңры құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқалады.
Дереккөздер
Сілтеме
- Клуб любителей рептилий REPTILE.RU
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bauyrymen zhorgalaushylar reptiliyalar lat Reptilia zher betinde tirshilik etetin zhogargy satydagy omyrtkalylar Bauyrymen zhorgalaushylar Zher betinde tirshilik etetin barlyk zhogargy satydagy omyrtkalylarga tәn belgiler bauyrymen zhorgalaushylardan ajkyn bajkalady Olardyn miy әldekajda zhaksy zhetilgen Sondyktan bauyrymen zhorgalaushylardyn reflektorlyk әreketi kүrdeli bolady Қurlykta tirshilik etuine bajlanysty bulardyn denesi amfibiler men balyktarga karaganda zhaksy zhiktelgen Әsirese basyn әr tүrli bagytta kozgauyna mүmkindik beretin mojyn boliminin boluy Denesin kurgap ketuden saktajtyn terisinde mүjizdi epidermis kabaty men mүjizdi kabyrshaktarynyn boluy Өkpe arkyly tynys alady Zhүregi men arteriyalyk dogasy zhaksy zhiktelgen On zhәne sol karynshanyn arasynda perde bolady osy karynshadan үsh arteriya kan tamyry shygady Әjtkenmen reptiliyalar zhogargy satydagy omyrtkalylar dyn ishinde nashar ujymdaskan organizm bolyp sanalady Aortanyn eki sistemaly dogasyna bajlanysty olardyn tulga boliminin arteriya kany aralas bolady Dene zhyluynyn rettelu kabileti nashar Dene temperaturasy turakty emes mysaly kejbir kesirtkelerdin aktiv kozgalysy kezindegi dene temperaturasy 14 32 gradustyn arasynda bolady Ezhelgi bauyrymen zhorgalaushylar kotilozavrlar orta tas komir kezeninde karapajym kosmekendi stegocefaldan taragan Kotilozavrlardan trias kezeninin ayagynda an tәrizdi bauyrymen zhorgalaushylar toby sүtkorektilerdin algashky tүrleri shykty Bauyrymen zhorgalaushylardyn en zhaksy damygan kezeni mezozoj Bul kezde ihtiozavrlar mozazavrlar pterozavrlar ushkysh kesirtkeler dinozavrlar taragan Bulardyn bәri mezozojdan kajnozojga otken kezde zhojylyp ketti de olardyn ornyna Bauyrymen zhorgalaushylardyn kazirgi tүrleri kalyptasty Қazakstanda yura kezeninde tirshilik etken ushatyn kesirtkenin bor kezenindegi dinozavrlardyn mezozoj kajnozoj shogindilerinen tүrli tasbakanyn kesirtkenin koltyrauynnyn krokodildin kaldyktary tabylgan TaraluyBauyrymen zhorgalaushylar salkynkandy zhanuarlar Bul olardyn denelerin kyzdyru үshin kүn sәulesi kazhet ekenin bildiredi sondyktan da olardy ote suyk klimatta kezdestire almajsyn Aua rajy suyk kezde olar kobinese tәtti ujkyga ketedi Bauyrymen zhorgalaushylar tenizde tushy suda zhәne kurlykta tirshilik etedi Bauyrymen zhorgalaushylardyn 6500 den astam tүri bar Olardyn ishinde en kobi 3700 tүri bar kesirtkeler Onan kejingi orynda zhylandar 2800 Tirshilik etip zhatkan zhorgalaushylardyn en irisi zhorgalaushylardyn en az tukymtobyna zhatatyn tәmsaktar bolyp tabylady Olardyn ne bary 25 tүri bar ZhikteluiI klass tarmagy Algashky kesirtkeler lat Rrosaugia 1 otryad lat Rһunsһosepһalia II klass tarmagy Қabyrshaktylar lat Squamata 2 otryad lat Lasegtilia 3 otryad lat Sһamaeleontes 4 otryad Zhylandar lat Orһidia III klass tarmagy lat Sgosodilia 5 otryad Krokodilder lat Sgosodilia IV klass tarmagy Tasbakalar lat Sһelonia 6 otryad lat Srurtodiga 7 otryad lat RIeugodiga 8 otryad Teniz tasbakalary lat Sһeloniidea 9 otryad lat Tgionusһoidiae Reptililerdin dene kurylysySyrtky korinisi Denesinin syrtky korinisine karaj reptililer үshke bolinedi Kesirtke tәrizdiler Bulardyn syrtky kurylysy reptililerdin kopshiligine tәn zhәne birine biri uksas dep ajtuga bolady Olardyn ayaktary zhaksy zhetilgen kujryktary uzyn kejbir tүrlerinde karmak tәrizdi bolady Kesirtke tәrizdilerge kesirtkeler hameleondar krokodilder yasherogadylar zhatady Zhylantәrizdiler B9lardyn denesi cilindr pi shindi ayagy zhok mojyny denesinen ajkyn bolinbegen kokirek bolimi men kujryk bolimi ajkyn azhyratylmaj bir birimen zhalgasyp zhatady Bularga zhylandar ayaksyz kesirtkeler zhatady Algashky zhәne songy tiptin arasynda aralyk formalar bar Mysaly amfisben Amrһizaepidae tukymdasynyn kej bir tүrlerinin tek kana aldyngy ayaktary bolady olardyn ba sy denesinen ajkyn bolinbegen mojyn bolimi bajkalmajdy kyska zhuan kujrygy da denesinen ajkyn bolinbegen Қerisin she zhylandardan ajdaһarlardan artky ayaktyn nuskasyn kezdestiruge bolady Tasbaka tәrizdiler Tasbaka tәrizdilerdin denesi arkasy nan kursagyna karaj kysynky bolyp arka zhәne kursak sauytynyn arasyna ornalaskan Ayaktary kobinese kyska kurlyktagy formalarynda bagana tәrizdi tenizdegi formalarynda eskek tәrizdi mojyny uzyn kozgalmaly Bugan tasbakalar zhatady Teri zhabyndysy Terisinin syrtky kabatynyn epidermisi mүjizdenip әrkashanda tүlep ogyrady Ony tomengi zhatkan ka baty kalpyna keltiredi Denesi syrtynan mүjiz kabyrshakpen kaptalyp zhatady Epidermistin mүjizdenui mүjizdi osindilerdin boluynyn үlken manyzy bar Өjtkeni bular zhanuardy kurgap ketuden saktajdy Teri bezderi bolmajdy Kesirtkelerdin sanynyn ishki betinde tesiksheleri bolady bulardan kobeyu kezinde kojmalzhyn zhelim tәrizdi zhabyskak zattar shygady onyn manyzy әli anyk talmagan Azdap ta bolsa teri bezderi krokodilderde әsirese zhas krokodilderde kezdesedi Olar arkasynda tomengi zhagynda kloakanyn manynda ornalaskan Zhylandarda da teri bezderinin nuskasy bolady Omyrtkasy Қesirtkelerdin kopshiligi nin nin omyrtka zhotasy proceldik omyrtkalardan kalyptaskan Tomengi satydagy formalarynyn omyrtka denesi amficeldi Omyrtka zhotasy amfibilerge karaganda kozgalmaly bolyp bes bolikke bolingen mojyn arka bel segizkoz kүjryk Kesirtkelerdin mojyn omyrtkasynsh sany 8 Reptililer din mojyn omyrtkalary amfibilerdin mojyn omyrtkalarynan kop zhәne bulardsh algashky eki omyrtkasynyn kurylysynda ozindik erekshelikteri bolady Baska amniotalardiki siyakty birinshi mojyn omyrtkasyn atlaz auyz omyrtka ekinshisin epistrofeya erisigorһeis dep atajdy Auyz omyrtkasy sakina pishindi ol zhogargy zhәne tomengi zhartyga bajlanys tkani arkyly bekinedi Zhogargy tesigi zhulynmen bajlanysady da tomengi tesigine ekinshi mojyn omyrtkanyn epistrofeyanyn tis tәrizdi rgosessis odoptoideis osindisi enip turady Auyz omyrtkasy osy osindinin ajnalasynda ajnalyp turady Embriologiyalyk mәlimetterge karaganda epistrofeyanyn bul osindisi auyz omyrtkasynyn denesi bolyp sanalady Mojynnyn mundaj kurylysy onyn kozgalmaly boluyna әserin tigizedi Bel kokirek boliminin omyrtkalary kesirtkelerde 22 bo lady Bulardyn barlygyna da kabyrgalar bekidi birak aldyngy bes omyrtkanyn kabyrgalary tos sүjegine baryp bekidi Sonyn nәtizhesinde koptegen reptililerge tәn nagyz kokirek kuysy pajda bolgan Tos sүjegi bolmajtyn zhylandarda kokirek kuysy da bolmajdy Kesirtkelerdin tosi shemirshekti bolady Ol uryktyk damu kezinde kokirek kabyrgalarynyn iilgen ushtarynyn osuinin nәtizhesinde pajda bolgan Segizkoz eki omyrtkadan kalyptasady bulardyn koldenen esindilerine zhambas sүjekteri bekidi Қujryk bolimi ondagan omyrtkalardan turady Onyn al dyngylarynda bүjir osindileri zhәne kabyrgalardyn da nuskalary bolady Қujryk omyrtkalarynyn songy bolikterinde osindileri zhojylyp tayaksha tәrizdi sүjekke ajnalgan Әrbir omyrtka denesinin ortasynda zhigi bolady Eger әr tүrli sebepten kujrygy үzilip kalsa onda omyrtka osy zhiginen ekige bolinedi Anygyrak ajtkanda bir omyrtkamen ekinshi omyrtkanyn kosylgan buyn aralygynan bolinbejdi Қujrygyndagy arnauly etterdin zhiryluynyn nәtizhesinde kujrygyn үzip kaldyrady Mi sauyty Mi sauytynyn bir ereksheligi ondagy algashky shemirshek sauyt tolyk sүjektenip koptegen teri sүjekter damyp tobe sүjegi bүjir zhәne mi sauytynyn tүbi negizdelgen Bas sүjeginin shүjde bolimi hondraldyk shemirshek tektes tort sүjekten zhogargy shүjde negizgi shүjde zhәne eki bүjir shүjde sүjeginen kuralgan Bul sүjekter karakus tesiginin ajnalasyna ornalaskan Onyn astyngy zhagynda bir gana karakus osindisi bolady Onyn kalyptasuyna eki bүjir zhәne negizgi shүjde sүjek katysady Negizgi shүjde sүjeginin aldydgy zhagynda negizgi syna tәrizdi hasisrһepoideim sүjek ornalaskan Bul mi sauytynyn tүp zhagyn kurauga katysady Parasfenoid sүjegi kishkene ol negizgi syna tәrizdi sүjektin aldyngy ushyna zhalgasyp zhatady Estu kapsulasynyn manynan үsh kulak sүjegi pajda bolady Onyn bireui aldyngy kulak bүkil omir bojy zheke kalyp koyady al kalgan ekeui artky kulak sүjegi bүjir shүjde sү iiekpen үstingi kulak sүjegi zhogargy shүjde sүjegimen birigip ketedi Iis bolimindegi shemirshekter sүjektenbej sol shemirshek kүjinde kalyp koyady Mi sauytynyn tobesi mynadaj zhup sүjekterden muryn mandaj aldy mandaj zhәne mandaj artyndagy tobe zhәne tak tobe aralyk sүjekterden kuralgan Tobe aralyk sүjeginin ortasynda tobe organynyn tesigi bolady Mi sauytynyn bүjir zhaktary myna sүjekterden tak zhak aralyk zhup zhogargy zhak koz үsti bet zhәne budyrbetti sүjek terden kalyptasady Mi sauytynyn tobesinin astykgy zhagynda samaj manynda kesirtkelerde bүjir samaj shunkyry dep atalatyn edәuir oyaz zheri bolady Tomengi zhagy Mekkelev shemirshegine uksas buyndaskan sүjekten turady Bul sharshy sүjekpen ushtasady Tis burysh zhәne burysh үsti sirgaapgilage sadaksha sogopage zhәne taktasha srlepiale sүjekterde zhak kuramyna enedi Iyk beldeui Amfibilerdegidej negizinen үsh sүjekten kalyptasady Iyk beldeuinin kursak zhagynda tokpan zhiliktin basy enip turatyn shunkyry bar korakoid bolady Iyk beldeuinin arka zhagy zhauyrynnan zhәne zhauyryn үsti shemirsheginen turady Korakoid tospen bajlanysady al onyn aldyngy zhagynda bugana zhatady Krest tәrizdi tostin sүrinshegi bugana men korakoidtyn arasyn zhalgastyryp turady Zhambas beldeui Zhambas beldeui mykyn sүjekten shondanaj sүjeginen issһiim zhәne shap sүjeginen turady Bulardyn bir zhak ushtary tүjisip kelip ortan zhiliktin basy enip turatyn shunkyrdy kurajdy Mykyn sүjegi eki zhagynan da segizkoz omyrtkalarynyn koldenen osindilerine bekinedi On zhәne sol zhak mykyn sүjegi men shap sүjekteri oz ara bajlanysady As korytu Organdarynyn kurylysy amfibilerdin as korytu organdarynan әldekajda kүrdeli Bul as korytu zholynyn үlken bolimderge bolinuine zhәne kejbir zhana bolimderdin pajda boluyna bajlanysty auyz kuysy zhutkynshaktan ajkyn bolingen Tasbaka men krokodilderdin muryn zhutkynshak zholy auyz kuysynan ekinshi tandaj sүjek arkyly bolingen Auyz kuysynyn tүp zhagynda ornalaskan atylyp shyguga bejimdelgen kozgalmaly etti tili bolady Tilinin formasy tүrlishe bolady Zhylandar men kesirtkyolerdin kopshiliginin tili zhinishke ushy eki ajyr bolady Hameleondardyn kerisinshe tilinin ushy zhalpak Tildin formasynyn tүrlishe boluy korektik zattardy ustau tәsili men pajdalanu sipatyna bajlanysty Reptililerdin kopshiliginin tisi bolady Tisi zhogargy zhak zhak aralyk kanat tәrizdi zhәne tomengi zhak sүjekterine orna laskan Amfibilerden ajyrmashylygy gatterilerden baskalarynda ore sүjeginde tisi bolmajdy Tisteri korsetilgen sүjekterdin zhiekterine bekidi Tek kana krokodilderdin tisteri alveolga ornalaskan Auyz bezderi amfibilerge karaganda kүshti zhetilgen Etti karyny baska as korytu zholynan ajkyn azhyratylgan Ash ishek pen tok ishektin kosylgan zherinde sokyr ishektin nuskasy bolady Tek kana shoppen korektenetin tasbakalardyn sokyr ishegi zhaksy zhetilgen Ұjky bezi on eki eli ishektin iinine ornalaskan Bauyrynda ot bolady Өt zholy da ujky bezinin ashylatyn zherine kelip ashylady Tynys organdary Reptililerdin amfibilerden ajyrma shylygy bulardyn suda tirshilik etetin lichinkalary bolmajdy Ұryktarynyn embrionaldyk damu kezinde zhelbezek apparaty kalyptaspaj zhumyrtkanyn ishindegi uryktyn gaz almasuy alantois pen sary uyz kapshygy arkyly oryndalady Eresek reptililer tek kana okpemen tynys alady Terisinde mүjizdi kabattyn pajda boluyna bajlanysty tynys alura katyspajdy Өkpesinin pishini kapshyk tәrizdi onyn ishi ote usak uyashyktarga bolingen Tasbaka krokodil siyakty zhogargy satydagy reptililerde bul bolimi ote zhaksy damyp kүrdelene tүsken Osy kezdegi ote karapajym gatterilerdin okpesinin ishki kuysynyn ozi de үlken bolady Kesirtkelerdin әsirese hameliondardyn okpesinin astyngy zhagynda uyashyktar men aralyk perdeleri bolmaj sausak tәrizdi keregesi zhuka osindiler okpe kapshykshalary bolady Bularda gaz almasu procesi oryndalmajdy Komekej kuysy ojmak tәrizdi zhәne bir par ozhau tәrizdi shemirshekpen shektelgen komekej kamerasyna zhalgasady Komekejden uzyn kenirdek ketedi Қenirdek eki bronhaga taramdalyp okpege zhalgasady Tynys alu zhәne shygaru kokirek kuysynyn kenejip tary luy nәtizhesinde oryndalady Қan ajnalysy Kopshilik reptililerdin zhүregi amfibilerdiki siyakty үsh kameraly bolady birak zhүrekshelerinin aralygyndagy perdeleri tolyk zhetiledi de karynshalarynyn arasyndagy perdesi tolyk bolmajdy Krokodilderde bul perde tolyk zhetilgendikten karynshany tolyk eki bolikke bolip turady Zhүrek karynshasynyn әr zherinen үsh arteriya ketedi On karynshadan okpe kan tamyry shygady da birazdan son on zhәne sol okpe arteriyasyna bolinedi Қarynshanyn sol zhak boliminen ishinde arteriyalyk kany bar aortanyn on zhak shenberi shygady Odan ujky bugana asty arteriyalary ketedi En sonynda karynshanyn ortasynan kolkanyn sol zhak shenberi ketedi Ol zhүrekke karaj iilip kolkanyn on zhak shenberimen kosylyp arka kolkasyn kurajdy Қan tamyrynyn osyndaj zhiktelui nәtizhesinde okpyo arteriyalaryna tek kana vena kany kujylady da on zhaktagy kolka dogasyna sol siyakty kүre tamyr zhәne bugana asty arteriyalaryna taza arteriyalyk kan keledi Tek kana sol zhak kolka shenberine arka kolkasyna aralas kan keledi birak ottegine baj kan basym bolady Arka kolkasy omyrtkanyn bojymen ketedi de odan ishki organdarda etterge kan tamyry taralady Arka kolkasy zhambas tusyna kelgende үlken mykyn arteriyalaryna bolinip kandy artky ayaktarga aparady Қujryk bolimindegi vena kandary kujryk venasyna zhina lady ol kloakanyn manyna kelgende eki zhambas venasy na taramdalady Zhambas venalaryna artky ayaktardyn venalary zhalgasady Odan kejin bүjrektin kakpa venasyn bolip shygaryp olar kursak venasymen kosylady Қursak venasy ishki organdardyn koptegen venalaryn kosyp alyp bauyrga enip bauyrdyn kakpa venasyn kurajdy Bүjrekten shykkan vyonalardan artky kuys venalrdan artky kuys vena kuralady Artky kuys venasyna omyrtkanyn astyngy betimen baska karaj koterilip on zhүrekshege kelip kuyady Artky kuys venasyna bauyr venasy da kujylady Bas bolimindegi vena kandary kos yaremdyk venaga zhinalady Olar kos bugana asty venalarymen kosylyp aldyngy bir par venany kurap on zhak zhүrekshege kuyady Sol zhak zhүrekshege okpe venalarynyn kany kujylady Zәr shygarү organdary Reptililerdin eresekterinin zәr shygaru organy zhambas bүjrekterinen metanerһgos turady Metanefros dene bojymen sozylyp zhatkan dene bүjregi bastamasynyn aldynry zhagynan damidy Dene bүjrekteri uryktyn damu kezeninde bolatyn organ Dene bүjrekteri uryk zhumyrtkadan shykkansha kejde zhүmyrtkadan shykkan son biraz uakytka dejin zhumys istejdi Zhambas bүjregi zhetilgen son volfov kanalynyn artky boliminen bүjrektin zәr shygaru tүtigimen kosylatyn kanal shygady Sojtip zәr shygaru tүtigi pajda bolady On zhәne sol zәr shygaru tүtikteri kloakanyn arka zharynan kujylady Қursak zhagynan kloakaga kuyk ashylady Krokodilderdin zhylandardyn kesirtkenin kejbir tүrlerinin kuygy zhetilmegen Mundaj zhanuarlardyn zәr zaty kojmalzhyn bolady da negizinen nesep kyshkylynan turady Zhynys organdary Zhynys bezderi dene kuysynyn ishinde omyrtka zhotasynyn eki zhak bүjirine ornalaskan Ұryk bezi mezonefrostyn kaldygy uryk kosalkysy ekeni ajtylgan bolatyn Ұryk kosalkysynyn kanaly reptililerde tek kana uryk otkizgish bolyp sanalatyn volfov kanalyna zhalgasady Gatteriden baska reptililerdin barlygynda da shagylys organy bolady Kesirtkelerde zhylandarda shagylys organdary kloakanyn art zhak keregesinen osken bir par osindi bolyp esepteledi Krokodilder men tasbakalardyn shagylys organdary synar bolady Ұrgashylarynda volfov kanaly saktalmajdy Zhumyrtka zholynyn kyzmetin myullerov kanaly atkarady Myullerov kanaly kabyrgasy zhuka kos tүtikten turady onyn voronka tәrizdi bir ushy dene kuysyna ashylady da ekinshi ushy kloakamen zhalgasady Tasbakalar men krokodilderdin zhumyrtka zholynyn ortasynda zhumyrtkanyn belokty kabygyn bolip shygaratyn bezi bolady Zhumyrtka zholynyn tomengi zhagynda pergament tәrizdi nemese zhumyrtkanyn izvesti singen kabygy pajda bolatyn bezi bar Zhүjke zhүjesi Reptililerdin zhүjke zhүjesi amfibilerdikinen anagurlym zhaksy zhetilgen Mi zharty sharlary үlken olardyn midyn sur zatynan turatyn kyrtysy bolady Әjtkenmen bul kyrtysy әli de zhaksy zhetilmegen sondyktan da aldyngy midyn kopshilik bolimi zholakty deneden turady Aldyngy midyn үlkenirek boluy aralyk midy үstinen zhauyp karaganda korsetpejdi Tobe organy men epifiz zhaksy zhetilgen Tobe organy ozinin kurylysyna karaganda kozge uksajdy Bul organ gatteriya zhәne kesirtkelerde zhaksy zhetilgen Ol tobe sүjekterinin aralygyndagy tesikke ornalasyp zharyktyn әse rin ote zhaksy kabyldajdy Mishyk ote zhaksy damygan Baska zhogargy satydagy omyrtkalylardyn miy siyakty reptililerdin sopaksha miy da vertikal bagytta ajkyn iin zhasajdy Sezim organdary Mehanikalyk kozulardy kabyrshaktarynyn үstine epidermistin astyndagy sezim kletkalarynyn zhi nalgan zherine sezim daktaryna ornalaskan sezgish tүkteri arkyly kabyldajdy Birak suda tirshilik etetin tomengi saty dagy omyrtkalylarda bolatyn bүjir syzyktarynyn organdary bolmajdy Iis organynyn kurylysynda onyn iis sezu zholynyn ortangy boliminin tomengi tynys alu zhogargy nagyz iis sezu bolimine bolinuinin үlken manyzy bar Barlyk iis zholynyn bas zhagynda ajkyn bolingen tabaldyryk bar ol onyn zhutkynshakka ashylatyn tomengi bolimi muryn zhutkynshak zholyn kurady Bugan kosymsha yakobsonov organy bolady Bul auyz ishindegi tamaktyn iisin ajyrady Kesirtkeler tilin auzynan shyraryp kejbir zattarga tigizedi Tilin shygarganda iisi bar zattyn usak tүjiri tiline zhabysady da kajtadan tilin auzyna endirgende tilimen birge engen zattan yakobsonov mүshesi arkyly onyn iisin angarady ajyra biledi Dybys organdary Reptililerde kos mekendiler siyakty ishki zhәne ortanry kulaktan turady Ortadgy kulakta bir gana үzengi sүjegi bolady Zhargakty labirint iirimderi zhiktelinki regen onyn ishinde mүjiz tәrizdi iirimdi bajkauga bolady ol kopshiliginde kalta tәrizdi osindi tүrinde bolady Olardyn kozderinin kozgalymdy kabaktary bolady Onyn tomengisi zhaksy damygan tez kozgalady Kozinin aldyngy buryshynda kozin ashyp zhumatyn үshinshi kabagy bolady Zhylan men gekkonnyn tomengi zhәne zhogargy kabaktary moldir bolady zhәne birimen biri birigip ketken Kozinin kurylysynda zattardy әr tүrli kashyktyktan koruge bejimdelushilik bajkalady DerekkozderSiltemeKlub lyubitelej reptilij REPTILE RU