Грегор Иоганн Мендель. (22 шілде 1822 жыл, , Аустрия империясы – 6 қаңтар 1884 жыл, Брно, Аустрия-Венгрия) — аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын (Мендель заңдылықтары) алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах.
Грегор Иоганн Мендель | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | (қазіргі Вражне селосы), , Аустрия империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Брно, |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны | Старобрнен монастырі |
Альма-матер |
|
Несімен белгілі | Генетиканың негіздеушісі, Мендель заңдылықтарының ашушысы |
жанындағы философия класын бітірген (1843). Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 – 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдылықтары деп аталды.
Бірақ, оның еңбегі өз замандастарының арасында толық қолдау таппады. Тек 1900 жылы тиісті бағасын алды. Х. де Фриз (Голландия), (Германия) және (Австрия) секілді ғалымдар әр түрлі өсімдіктерге тәжірибелер жүргізіп, соның нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. Сондай-ақ Мендель , ара шаруашылығы және метеорология салаларында да зерттеулер жүргізген.
1965 жылы Мендель заңының ашылуының 100 жылдығын дүниежүзілік ғылыми қауымдастық салтанатпен атап өтті.
Өмірбаяны
Мендель аустрияның Хайцендорф деп аталатын (қазiргi Чехияда) ауылда немiс-славян шаруа жанұясында дүниеге келдi. Мендельдiң арғы аталары ХVII ғасырдың басынан осы ауылда тұрған. Оның ата-аналары, Антон мен Розинаның үш баласы болды. Иоганн жанұядағы жалғыз ұл болды. Бала кезiнен бастап әкесi оны ауылшаруашылық жұмыстарына араластырды, Иоганн бақ пен ара шаруашылықтарын ұнатты.
Ауыл мектебiнде оқып жүргенiнде-ақ Мендельдiң қабiлетi күштi болғандықтан көзге түстi, сондықтан 11 жасында ол Лейпник (қазiргi ) деп аталатын жақын орналасқан қаладағы төрт кластық училищеге жiберiлдi. Бiр жылдан соң, 1834 жылы келесi саты Троппау (қазiргi ) қаласындағы гимназияға ауыстырылды. Оқу жалғастырылды, бiрақ ұлын қамтамасыз ету ата-анасына қиындай түстi. Бiрiнен кейiн бiрi жеделдетiп кеткен сәтсiз оқиғаларға ұшыраған ата-анасы 1838 жылы ұлының оқуына жұмсаған шығынды жаба алмайтын жағдайға жеттi. Әкесiнiң кеудесiне құлаған тал зиян келтiрiп, ол ұзақ ауруға ұшырап нәтижесiнде еңбекке жарамсыз болып қалды. Он алты жасар гимназия шәкiртiне өз тамағын өзi тауып жеуге тура келдi. Сондықтан ол негiзгi Басты аймақтық мектептiң «Мұғалiмдiкке кандидаттар және жеке мұғалiмдер» курсына қатысты. Мендель мұғалiмге жарайтындығы туралы куәлiк алып шығып, өзiнiң күн көрiсiне жарайтын еңбек табуына мүмкiншiлiк алды. Өткен жылдардағы басынан өткен ауыр жағдайлар iз-түзсiз өткен жоқ. 1839 жылы Мендель қатты ауруға ұшырап гимназияға қатыса алмай үйiне қайтты. Сонда да 1840 жылы ол гимназияның алты класын бiтiрдi.
Сабақ беруге құқық алуға үмiттенген Мендель 1841 жылы Ольмюце (қазiргi ) қаласындағы университеттiң философия курсына түседi. Осында философиялық және гуманитарлық ғылымдардан басқа өзiн бұрыннан қызықтыратын математика және физика пәндерiн үйрене бастады. Бiрақ курсты бiтiргенiмен Мендельдiң тұрмыс жағдайы жақсара қойған жоқ. Ол философия курсының оқытушыларының арасындағы дiни адамдардан кеңес сұрады. Физика пәнiнiң оқытушысы Брюнна (қазiргi Брно) қаласындығы Августин орденiнiң иегерi монастырға оқушы болуды ұсынды. Ата-анасының келiсiмiмен қажеттi әрекеттердi жасаған соң, Мендель 1843 жылы 9 қазаннан бастап монах болып қабылданды. Оның жаңа есiмi — Грегор болды.
Брюндегi әулие Фоманың католиктiк монастыры қаланың мәдени өмiрiнiде маңызды орын алды. Бұған екi мәдени орталықтар Австро-Венгрияның Вена мен Праганың жақын орналасуы әсер еттi. Дiни оқушылар мен монастырдың дiни өкiлдерiнiң көпшiлiгi әртүрлi ғылыми қызығушылықтарымен Брюндегi және қала маңындағы оқу орындарында оқытушылар болды. Олар өздерiнiң аймақтарының фаунасы мен флорасын жақсы бiлдi, минералдар мен гербарийлердi жинады және монастырдың жанынан ботаникалық бақ өсiрдi. Мендельге өзiнiң бiлiмiн жалғастыра отырып сүйiктi iсiмен шұғылдануға мүмкiншiлiк туды. Ол бос уақытында монастырдағы өзiне бекiтiлген ботаника-минералогиялық жинақтармен айналысты. Ол жаратылыстануды өз бетiнше үйрендi, сондықтан да мақсатына жету баяу жүрдi.
Мендель 1845-1848 ж. монастырдағы училищесiнде оқыды, онда тек ертедегi шығыс тiлдерiмен әулиелiк кiтаптарды оқытты. 1847 жылы оны дiн қызметшiсi етiп қойды, бiрақ ол бұл жұмысқа жарамсыз болып шықты, себебi аурулармен және өлiм аузындағылармен араласу оған қиынға түстi. Оқытушы болып iстеудi ұсынғанда Мендель қуанышпен қарсы алды. 1849 жылы ол Брюнна қаласының оңтүстiгiнде орналасқан шағын қаладағы гимназияға мұғалiмнiң қызметiн атқарушы болып орналасты. Мендель 3 және 4 сыныпқа математика мен грек тiлдерiн оқытты. Жаратылыс тарихы мен физикадан сабақ беру үшiн оған сырттай жазбаша емтиханды тапсыру керек болды. Венск университетiнiң профессорларының құрастыруымен қойылған екi сұраққа жазбаша жауап қайтару керек болды. Бiр сұрақ физикадан, екiншiсi геологиядан болды. Емтихан алушыға геологиядан қайтарылған жауап ұнамады, ал физикадан жауабы есепке алынды. Мендельдiң биографы Г.Ильтис екiншi профессордың пiкiрi объективтi емес деп санады. Оның пiкiрiнше библиядағы айтылғандарға қарсы келгендiгi үшiн Мендельдiң жауабы қабылданған жоқ.
Геологиядан қанағаттанғысыз баға алғанына қарамастан Мендель Венск университетiне емтихан тапсыруға жiберiлдi. 1850 жылдың аяғында емтихан тапсыру үшiн Венаға келдi. Бұл жолы да ол сәтсiздiкке ұшырады. Ол физикадан қойылған сұрақтарға жартылай жауап бердi, ал жаратылыс тарихынан (зоология) жауабы түгелiмен дұрыс болмады. Оған гимназияда физикадан оқыту құқығы берiлмедi, сондада бiр жылдан соң емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берiлдi.
Мендель монастырға ауыр көңiл-күймен оралды. Бiрақ оның жетекшiлерi мен әрiптестерi оған сендi. Монастрь иелерi Мендельдi Вена университетiне оқып бiлiмiн жетiлдiру үшiн жiбердi. 1851 ж. 27 қазанында Мендель Венаға сапар шегiп Венск университетiнде еркiн тыңдаушы болып 4 семестр оқыды. Осы мерзiм iшiнде ол профессор Х.Допплердан физикадан экспериментальды курсты өтiп және химия, зоология, ботаника мен палеонтология курстарын өттi. Ботаникадан атақты ғалым Франц Унгер оқытты. 1853 жылы Мендель Венадағы зоология-ботаника қоғамының мүшесi болды және шалқанның зиянкестерi туралы өзiнiң бiрiншi ғылыми хабарламасын жасады. 1853 жылдың жазында Венадан Брюннге оралды, бiрақ қоғаммен байланысты үзбедi. Оның бұршақтардың зиянкес қоңызы туралы бiрiншi жазбаша ғылыми жұмысы «қоғамдық жинақтарында» жарық көрдi.
1854 жылдың мамырынан бастап жергiлiктi училищеде физика мен табиғаттанудан мұғалiмнiң көмекшiсiнiң орнын алды. Осы орында ол 14 жыл жұмыс iстедi. Оқушылардың айтуынша Мендель тамаша педагог болды. 1856 жылы Мендель тағы да Венаға мұғалiмдiкке емтихан тапсыруға жол жүрдi. Ол тағыда сәтсiздiкке ұшырады. Замандастарының еске түсiруi бойынша ол ботаникадан емтихан алушымен пiкiр таластырған. Ол үйiне ауырып қайтты.
Оқытушылық жұмысымен қатар Мендельдiң ғылымға деген қызығушылығы зор болды. Ол 1863 жылдан бастап жүйелi түрде метеорологиямен айналысып ауа райы туралы мәлiметтер жазып жүрдi. Мендельдi өсiмдiктер мен жануарларды өсiру мәселелерi бүтiндей тартып әкеттi. Оны ерекше қызықтырған өсiмдiктiң гүлдерiнiң бояуларының әртүрлi болуы. Ол оның пайда болу себептерiн iздестiрдi. Оны сол кездегi түсiнiктер қанағаттандырмады. Мендель осы әртүрлiлiктi анықтайтын басқа нақты заңдылықтар бар деп есептедi. Осы ойға мүмкiн оны аралар мен тышқандарда жүргiзiлген бақылаулар жеткiздi. Мендель бала кезiнен аралармен жұмыс iстедi. Мендель 1856 жылдан бастап дейiн бұршақтармен атақты тәжiрибелерiн жүргiздi. Ол тәжiрибелердi өте жақсы жоспарлап үлкен жұмыс атқарды. Мендель өзiнiң тәжiрибелерiн 35 х 7 метрге созылған бақта жүргiздi.
Мендель бұршақтың 34 сорттарымен жұмыс iстедi. Ол айқын көрiнетiн ажыратылатын жетi жұпты белгiлердi таңдап алды. Өзiнiң тәжiрибелерiнде 10000-нан астам гибридтер алды. Ол жаңадан алынған нәтижелерi сол кездегi ғылымның жағдайына сәйкес келмейтiнiн түсiндi. Мендель бұршақтардан алынған нәтижелерi туралы Брюндегi ғылыми қоғамның мәжiлiсiнде баяндама жасады. Мәжiлiс хатынан сұрақтар қойылмағанын, талқылау жүрмегендiгiн көруге болады. Математикамен үйлестiрiлiп ботаникадан жасалған баяндаманы түсiну өте қиын болды. Дегенмен, ғылыми қоғамның мүшелерi баяндаманы «қоғамның жұмыстарында» жариялауға ұсынды. 1866 жылдың аяғында Мендельдiң жұмысы баспадан шықты. Ол 40 көшiрмесiн алды. Көшiрмелердiң көпшiлiгiн Мендель достарына таратты. Бiзге сол кездегi 2 көшiрмесi iрi ғалымдарға жiберiлгенi ғана белгiлi. Олар ботаниктер: немiс Карл Нэгели және австриялық Антон Кернер фон Марилаун. Кернер Мендельдiң жұмысымен танысқан жоқ, хат ашылмаған күйiнде қалды.
Мендель Нэгелиге көп үмiт артты. Себебi, ол сол кездегi iрi ғалымдардың бiрi болды. Нэгелидiң жауабы 2 айдан кейiн келдi. Ол Мендельдiң нәтижелерiне күдiктендi. Нэгели оларды жаңа, таныс өсiмдiкте, ястребинкада, қайтадан тексеруiн ұсынды. Мендель осы тәжiрибелердi бастады. Ястребинкалардың гүлдерi өте ұсақ болғандықтан жыныс мүшелерiн алып тастау қиынға түстi. Сондықтан орындау техникасы өте ауыр болды. Алынған тәжiрибелердiң нәтижесi бұршақтармен салыстырғанда басқаша болды. Бұл Мендельдi есiнен тандырды. Негiзiнде Мендельдiң заңдары осы жағдайдада жұмыс iстедi. Ястребинканың биологиялық ерекшелiгi байқалынды. Ол ерекше көбею жолы – партеногенез арқылы көбейе алады. Бұл тәсiл бойынша жаңа өсiмдiк ұрықтанбаған жыныс клеткадан дамиды. Осы жағдайда гибридтер пайда болмайды. Ал Мендельдiң заңдары гибридтерге ашылған.
Дегенмен оның өмiрiнде елеулi өзгерiстер болды. 1868 жылдың 30-наурызына оны монастырдың прелаты (басқарушысы) болып сайланды. Оның жаңа қызметi сүйiктi iсiмен айналысуына аз уақыт қалдырды. Мендель 1869 жылы 9 маусымда Қоғам мәжiлiсiнде ястребинкаға жасалған тәжiрибелерiнiң нәтижелерi туралы баяндама жасады. Тәжiрибелердiң қиындығының нәтижесiнде Мендельдiң көзi көрмей қалды. Ол бiр жылға барлық будандастыруды тоқтатты. Мендель 1871 жылы тәжiрибелердi қайта жасамақ болды, бiрақ кейiннен мүлдем тоқтатты. Мендельге Нэгели хатты үстi үстiне жолдады. Олар жауапсыз қалды. Мұндай өзiмшiл ғалым өзiн Мендельдiң жетекшiсi деп есептедi. Өзiнiң бiр жұмысында, ол астама деген анықтаманы қолданды, ал Мендельдiң атын атамады. Мендель өсiмдiктердiң гибридизациясын тоқтатып, ара, жемiс-жидектер, ағаш отырғызу шаруашылығымен шұғылданды. Оның суреттерiне қарап араларды шағылыстыру тәжiрибелерiн ойластырды деп айтуға болады.
Мендель шетелдерге шығып тұрды. 1862 жылы Францияда болды, одан кейiн Англияда Екiншi Дүниежүзiлiк көрмеге қатысты. 1868 жылы Рим папасына прелат ретiнде кездесуге барды, 1871 жылы Гамбургте және ара шаруашылығына арналған съездiнде, кейiн Берлинде болды. 1879 жылы Мендель Венецияға барып қайтты.
Прелат қызметi оны толығымен өзiне қаратып алды. Монастырдың үлкен шаруашылығына жетекшiлiк ету көп уақытын алды. Бiрақта Мендель көптеген қаланың және мекемелердiң жұмыстарына қатысты. 1876 жылы Мендель Морав банкiсiнiң директоры болды. Ол Морав ландтагының депутаты болып сайланды. Мендельдiң өмiрiнiң соңы монастырға салынған шiркеу салығы үшiн шайқаспен ұласады. Мендель 1884 жылы 6 қаңтарда қайтыс болды. Мендельдiң дүние жүзiне атының әйгiлi болуына 16 жыл өмiрi жетпедi.
Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
Гибридологиялық әдіс
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізінГрегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:
- бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;
- өсіруге қолайлы;
- гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетііндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі;
- бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.
Міне, сондықтан,Мендель асбұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің реңі мен орналасуы. Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар:
- будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады;
- зерттелетін белгілер тұрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады;
- әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізілді.
Мендель өзінің тәжірибелерін 8 жыл бойы (1856—1864) Брно қаласындағы Августин монастырының бағында жүргізді. Ол өз зерттеулерінің нәтижесі туралы 1865 жылы 8 ақпанда сол Брно қаласындағы табиғат зерттеушілер қоғамының кеңесінде баяндады. Соның негізінде “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” атты еңбегін жариялады.
Қандай да болсын белгі-қасиеттерінде тұқым қуалайтын өзгешеліктері бар организмдерді будандастырғанда гибридті формалар алынады. Бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастырылса моногибридті, екі жұп белгісі болса дигибридті, ал белгілердің саны көп болса полигибридті будандастыру деп атайды.
Моногибридті будандастыру
"«Бір-бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын гомозиготалы дарақтарды будандастырса, бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкі будандар алынады.»" |
Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп атайды. |
Тұқым қуалаушылықты зерттегенде Менедль ең қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен. Мендельделдің ұсынысы бойынша гендер латын әріптерімен белгіленеді. Бір аллельді жұптың гендерін бірдей әріппен, яғни доминантты (басым) генді үлкен әріппен, рецессивті (басылыңқы) генді кіші әріппен белгілеу ұсынылған. Олай болса доминантты қасиет көрсететін асбұршақтың гүлінің қызыл түсі мен тұқымының сары түсін — А, рецессивті — гүлдің ақ түсі мен тұқымының жасыл түсін — а деп, тұқымының доминантты тегіс пішінін — В, рецессивті кедір- бұдырлы пішінін — b деп белгілейді. Ата-аналық формалар Р әріпімен белгіленеді (латынша “parents” — ата-ана). Аналықты белгісімен, аталықты белгісімен, будандастыруды Х, ұрпақтарын Ғ әрпімен (латынша “Fіlіus” — ұрпақ), гаметаларды Г, ал бірінші, екінші және үшінші ұрпақтарын Ғ1, Ғ2, Ғ3 және т.б. деп белгілейді. Бірінші ұрпақтың біркелкі болуы. Менделдің бірінші заңы. Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дарақтарды будандастыруды моногибридті деп атайды. Мендель өз тәжірибелерінің бірінде асбұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Сонда бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, жасыл түс көрінбеген 7Дәл осындай нәтиже, асбұршақтың қызыл гүлді және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда да көрініс берді. Яғни, қызыл гүлді және ақ гүлді асбұршақты будандастырғанда бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болып, ақ түс байқалмады. Осы зерттеулердің нәтижесінде Менделдің бірінші заңы — бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп те атайды.
Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды. Қарама-қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер — аллельді гендер деп аталады. Мысалы, тұқымның сары түсі мен жасыл түсін, гүлдің қызыл түсі мен ақ түсін анықтайтын гендерді — аллельді дейді. Сонымен, зиготада әр уақытта ата-аналарынан қабылдаған екі аллель (ген) бар деп есептеп, кез келген белгі бойынша оның генотиптік формуласын екі әріппен белгілейді. Генотип деп — ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады. Генотипіне қарай организм гомозиготалы не гетерозиготалы болуы мүмкін. Гомозиготалы деп тек бірыңғай доминантты (АА) немесе рецессивті (аа) аллельдерден тұратын организмді айтады. Гетерозиготалы организм, керісінше, әр түрлі аллельдерден тұрады (Аа). Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын фенотип деп атайды. Мысалы, тұқымның түсі, пішіні, сабақтың биіктігі, көздің қара немесе көк болуы және т.б.
Белгілердің ажырау заңы
"Бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау ара қатынасы фенотипі бойынша — 3 : 1, ал генотипі бойынша — 1:2:1-ге тең болады |
Мендель бұл тәжірибені одан әрі жалғастырып, бірінші ұрпақтағы будандарды өздігінен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта сары тұқымды да, жасыл тұқымды да дарақтар алынған. Екінші ұрпақта — ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығын — ажырау заңы деп атайды. Белгілердің ажырауы кездейсоқ болмай, белгілі бір сандық ара қатынаста жүреді. Атап айтқанда, екінші ұрпақта алынған барлық өсімдіктердің -і сары тұқымды, -і жасыл тұқымды болып шығады. Олай болса, фенотипі жағынан доминантты және рецессивті белгілердің сандық ара қатынасы 3:1-ге тең болып өзгереді.
Бұл сызбанұсқадан екінші ұрпақтағы дарақтардың бір бөлігі, яғни 25-і генотипі жағынан доминантты белгі бойынша гомозиготалы (АА), екі бөлігі — 50-і, гетерозиготалы (Аа) және бір бөлігі 25 рецессивті белгі бойынша гомозиготалы (аа) екенін оңай түсінуге болады. Осы айтылғандарды қорыта келе, ажырау заңын былай тұжырымдайды: «Бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау ара қатынасы фенотипі бойынша — 3 : 1, ал генотипі бойынша — 1:2:1-ге тең болады.»
Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері
Өз тәжірибелері негізінде тиянақты да дұрыс нәтиже алғанымен бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкі болуы және екінші ұрпақта белгілердің ажырау себептері , гаметалар тазалығының механизмі Мендельге белгісіз болды. Себебі, ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді. Атап айтқанда, жасушаның тұқым қуалау аппараты, митоздық бөліну және мейоз , гаметалардың түзілуі мен ұрықтануы, т.б. Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде орасан зор табыстарға жетті. Сондықтан Мендель заңдылықтарына цитологиялық тұрғыдан негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.
Ағзаның кез келген сомалық жасушасында хромосомалардың жиплоидты жиынтығы бар. Асбұршақтың хромосомалар саны 14, яғни 7 жұп. Алуан түрлі белгілерді анықтайтын аллельді гендер түрлі жұп хромосомалардың бірдей үлескілерінде орналасқан. Тұқымның түсін анықтайтын аллельді гендерді бір ғана жұп хромосомада : А-тұқымның сары түсін анықтайтын доминантты ген, а-жасыл түстің рецессивті гені. Әр гаметада бір хромосомадан немесе бір геннен ғана болады. Ұрықтану нәтижесінде гаметалар арқылы келген хромосомалар қайтадан жұпталып, ондағы гендер аллельді жұп құрайды. Мендель тәжірибесіндегі алғашқы доминантты және рецессивті белгі бойынша гомозиготалы даралар ұрпақта біркелкі гетерозиготалы будандар (Аа) алынған. Бұл будандардың екі түрлі гендері бар гомологтық хромосомалары мейоздық бөлінуі кезінде екі гаметаға ажырап кетеді. Осындай екі түрлі бірінде доминантты, ал екіншісінде рецессивті гені бар гаметалардың қосылуына байланысты келесі ұрпақта (Ғ2) ажырау жүрген. Ажыраудың арақатынасы 1АА/2Аа/ 1аа сипатта болатыны сондықтан.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 7-том
- Mendel: Man and Mind Мұрағатталған 21 қазанның 2014 жылы. // Статья на сайте Музея Менделя. (ағыл.) (Тексерілді 15 шілденің 2010)
- Durant Will The Story of Philosophy — United States: Simon & Schuster, Inc., 1926 (2006). — P. 82. — ISBN 9780671739164.
- Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану",10-11,2003,112 б,ISBN 9965-16-200-X
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Gregor Mendel |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gregor Iogann Mendel 22 shilde 1822 zhyl Austriya imperiyasy 6 kantar 1884 zhyl Brno Austriya Vengriya austiriyalyk biolog zhәne botanik belgili tabigat zertteushi tukym kualau zandylyktaryn Mendel zandylyktary algash ashkan galym genetikanyn negizin salushy monah Gregor Iogann MendelTugan kүni22 shilde 1822 1822 07 22 Tugan zheri kazirgi Vrazhne selosy Austriya imperiyasyҚajtys bolgan kүni6 kantar 1884 1884 01 06 61 zhas Қajtys bolgan zheriBrno Ғylymi ayasyGenetikaZhumys ornyStarobrnen monastyriAlma materNesimen belgiliGenetikanyn negizdeushisi Mendel zandylyktarynyn ashushysy zhanyndagy filosofiya klasyn bitirgen 1843 Mendel burshak osimdigine uzak uakyt bojy 1856 1865 zhүrgizgen zertteu tәzhiribelerinin nәtizhesinde Өsimdik budandarymen zhүrgizilgen tәzhiribeler degen enbegin zhariyalady Ol tәzhiribeleri arkyly tukym kualaushylyktyn negizgi zandylyktaryn ashty Kejin bul Mendel zandylyktary dep ataldy Birak onyn enbegi oz zamandastarynyn arasynda tolyk koldau tappady Tek 1900 zhyly tiisti bagasyn aldy H de Friz Gollandiya Germaniya zhәne Avstriya sekildi galymdar әr tүrli osimdikterge tәzhiribeler zhүrgizip sonyn nәtizhesinde Mendel zandylyktarynyn durystygyn dәleldedi Kop keshikpej bul zandylyktardyn zhanuarlarga da tәn ekendigi anyktaldy Sondaj ak Mendel ara sharuashylygy zhәne meteorologiya salalarynda da zertteuler zhүrgizgen 1965 zhyly Mendel zanynyn ashyluynyn 100 zhyldygyn dүniezhүzilik gylymi kauymdastyk saltanatpen atap otti ӨmirbayanyMendel austriyanyn Hajcendorf dep atalatyn kazirgi Chehiyada auylda nemis slavyan sharua zhanuyasynda dүniege keldi Mendeldin argy atalary HVII gasyrdyn basynan osy auylda turgan Onyn ata analary Anton men Rozinanyn үsh balasy boldy Iogann zhanuyadagy zhalgyz ul boldy Bala kezinen bastap әkesi ony auylsharuashylyk zhumystaryna aralastyrdy Iogann bak pen ara sharuashylyktaryn unatty Opavadagy estelik taktajy Auyl mektebinde okyp zhүrgeninde ak Mendeldin kabileti kүshti bolgandyktan kozge tүsti sondyktan 11 zhasynda ol Lejpnik kazirgi dep atalatyn zhakyn ornalaskan kaladagy tort klastyk uchilishege zhiberildi Bir zhyldan son 1834 zhyly kelesi saty Troppau kazirgi kalasyndagy gimnaziyaga auystyryldy Oku zhalgastyryldy birak ulyn kamtamasyz etu ata anasyna kiyndaj tүsti Birinen kejin biri zhedeldetip ketken sәtsiz okigalarga ushyragan ata anasy 1838 zhyly ulynyn okuyna zhumsagan shygyndy zhaba almajtyn zhagdajga zhetti Әkesinin keudesine kulagan tal ziyan keltirip ol uzak auruga ushyrap nәtizhesinde enbekke zharamsyz bolyp kaldy On alty zhasar gimnaziya shәkirtine oz tamagyn ozi tauyp zheuge tura keldi Sondyktan ol negizgi Basty ajmaktyk mekteptin Mugalimdikke kandidattar zhәne zheke mugalimder kursyna katysty Mendel mugalimge zharajtyndygy turaly kuәlik alyp shygyp ozinin kүn korisine zharajtyn enbek tabuyna mүmkinshilik aldy Өtken zhyldardagy basynan otken auyr zhagdajlar iz tүzsiz otken zhok 1839 zhyly Mendel katty auruga ushyrap gimnaziyaga katysa almaj үjine kajtty Sonda da 1840 zhyly ol gimnaziyanyn alty klasyn bitirdi Sabak beruge kukyk aluga үmittengen Mendel 1841 zhyly Olmyuce kazirgi kalasyndagy universitettin filosofiya kursyna tүsedi Osynda filosofiyalyk zhәne gumanitarlyk gylymdardan baska ozin burynnan kyzyktyratyn matematika zhәne fizika pәnderin үjrene bastady Birak kursty bitirgenimen Mendeldin turmys zhagdajy zhaksara kojgan zhok Ol filosofiya kursynyn okytushylarynyn arasyndagy dini adamdardan kenes surady Fizika pәninin okytushysy Bryunna kazirgi Brno kalasyndygy Avgustin ordeninin iegeri monastyrga okushy boludy usyndy Ata anasynyn kelisimimen kazhetti әreketterdi zhasagan son Mendel 1843 zhyly 9 kazannan bastap monah bolyp kabyldandy Onyn zhana esimi Gregor boldy Bryundegi әulie Fomanyn katoliktik monastyry kalanyn mәdeni omirinide manyzdy oryn aldy Bugan eki mәdeni ortalyktar Avstro Vengriyanyn Vena men Praganyn zhakyn ornalasuy әser etti Dini okushylar men monastyrdyn dini okilderinin kopshiligi әrtүrli gylymi kyzygushylyktarymen Bryundegi zhәne kala manyndagy oku oryndarynda okytushylar boldy Olar ozderinin ajmaktarynyn faunasy men florasyn zhaksy bildi mineraldar men gerbarijlerdi zhinady zhәne monastyrdyn zhanynan botanikalyk bak osirdi Mendelge ozinin bilimin zhalgastyra otyryp sүjikti isimen shugyldanuga mүmkinshilik tudy Ol bos uakytynda monastyrdagy ozine bekitilgen botanika mineralogiyalyk zhinaktarmen ajnalysty Ol zharatylystanudy oz betinshe үjrendi sondyktan da maksatyna zhetu bayau zhүrdi Mendel 1845 1848 zh monastyrdagy uchilishesinde okydy onda tek ertedegi shygys tilderimen әulielik kitaptardy okytty 1847 zhyly ony din kyzmetshisi etip kojdy birak ol bul zhumyska zharamsyz bolyp shykty sebebi aurularmen zhәne olim auzyndagylarmen aralasu ogan kiynga tүsti Okytushy bolyp isteudi usynganda Mendel kuanyshpen karsy aldy 1849 zhyly ol Bryunna kalasynyn ontүstiginde ornalaskan shagyn kaladagy gimnaziyaga mugalimnin kyzmetin atkarushy bolyp ornalasty Mendel 3 zhәne 4 synypka matematika men grek tilderin okytty Zharatylys tarihy men fizikadan sabak beru үshin ogan syrttaj zhazbasha emtihandy tapsyru kerek boldy Vensk universitetinin professorlarynyn kurastyruymen kojylgan eki surakka zhazbasha zhauap kajtaru kerek boldy Bir surak fizikadan ekinshisi geologiyadan boldy Emtihan alushyga geologiyadan kajtarylgan zhauap unamady al fizikadan zhauaby esepke alyndy Mendeldin biografy G Iltis ekinshi professordyn pikiri obektivti emes dep sanady Onyn pikirinshe bibliyadagy ajtylgandarga karsy kelgendigi үshin Mendeldin zhauaby kabyldangan zhok Geologiyadan kanagattangysyz baga alganyna karamastan Mendel Vensk universitetine emtihan tapsyruga zhiberildi 1850 zhyldyn ayagynda emtihan tapsyru үshin Venaga keldi Bul zholy da ol sәtsizdikke ushyrady Ol fizikadan kojylgan suraktarga zhartylaj zhauap berdi al zharatylys tarihynan zoologiya zhauaby tүgelimen durys bolmady Ogan gimnaziyada fizikadan okytu kukygy berilmedi sondada bir zhyldan son emtihandy kajta tapsyruga ruksat berildi Mendel monastyrga auyr konil kүjmen oraldy Birak onyn zhetekshileri men әriptesteri ogan sendi Monastr ieleri Mendeldi Vena universitetine okyp bilimin zhetildiru үshin zhiberdi 1851 zh 27 kazanynda Mendel Venaga sapar shegip Vensk universitetinde erkin tyndaushy bolyp 4 semestr okydy Osy merzim ishinde ol professor H Dopplerdan fizikadan eksperimentaldy kursty otip zhәne himiya zoologiya botanika men paleontologiya kurstaryn otti Botanikadan atakty galym Franc Unger okytty 1853 zhyly Mendel Venadagy zoologiya botanika kogamynyn mүshesi boldy zhәne shalkannyn ziyankesteri turaly ozinin birinshi gylymi habarlamasyn zhasady 1853 zhyldyn zhazynda Venadan Bryunnge oraldy birak kogammen bajlanysty үzbedi Onyn burshaktardyn ziyankes konyzy turaly birinshi zhazbasha gylymi zhumysy kogamdyk zhinaktarynda zharyk kordi 1854 zhyldyn mamyrynan bastap zhergilikti uchilishede fizika men tabigattanudan mugalimnin komekshisinin ornyn aldy Osy orynda ol 14 zhyl zhumys istedi Okushylardyn ajtuynsha Mendel tamasha pedagog boldy 1856 zhyly Mendel tagy da Venaga mugalimdikke emtihan tapsyruga zhol zhүrdi Ol tagyda sәtsizdikke ushyrady Zamandastarynyn eske tүsirui bojynsha ol botanikadan emtihan alushymen pikir talastyrgan Ol үjine auyryp kajtty Okytushylyk zhumysymen katar Mendeldin gylymga degen kyzygushylygy zor boldy Ol 1863 zhyldan bastap zhүjeli tүrde meteorologiyamen ajnalysyp aua rajy turaly mәlimetter zhazyp zhүrdi Mendeldi osimdikter men zhanuarlardy osiru mәseleleri bүtindej tartyp әketti Ony erekshe kyzyktyrgan osimdiktin gүlderinin boyaularynyn әrtүrli boluy Ol onyn pajda bolu sebepterin izdestirdi Ony sol kezdegi tүsinikter kanagattandyrmady Mendel osy әrtүrlilikti anyktajtyn baska nakty zandylyktar bar dep eseptedi Osy ojga mүmkin ony aralar men tyshkandarda zhүrgizilgen bakylaular zhetkizdi Mendel bala kezinen aralarmen zhumys istedi Mendel 1856 zhyldan bastap dejin burshaktarmen atakty tәzhiribelerin zhүrgizdi Ol tәzhiribelerdi ote zhaksy zhosparlap үlken zhumys atkardy Mendel ozinin tәzhiribelerin 35 h 7 metrge sozylgan bakta zhүrgizdi Mendel burshaktyn 34 sorttarymen zhumys istedi Ol ajkyn korinetin azhyratylatyn zheti zhupty belgilerdi tandap aldy Өzinin tәzhiribelerinde 10000 nan astam gibridter aldy Ol zhanadan alyngan nәtizheleri sol kezdegi gylymnyn zhagdajyna sәjkes kelmejtinin tүsindi Mendel burshaktardan alyngan nәtizheleri turaly Bryundegi gylymi kogamnyn mәzhilisinde bayandama zhasady Mәzhilis hatynan suraktar kojylmaganyn talkylau zhүrmegendigin koruge bolady Matematikamen үjlestirilip botanikadan zhasalgan bayandamany tүsinu ote kiyn boldy Degenmen gylymi kogamnyn mүsheleri bayandamany kogamnyn zhumystarynda zhariyalauga usyndy 1866 zhyldyn ayagynda Mendeldin zhumysy baspadan shykty Ol 40 koshirmesin aldy Koshirmelerdin kopshiligin Mendel dostaryna taratty Bizge sol kezdegi 2 koshirmesi iri galymdarga zhiberilgeni gana belgili Olar botanikter nemis Karl Negeli zhәne avstriyalyk Anton Kerner fon Marilaun Kerner Mendeldin zhumysymen tanyskan zhok hat ashylmagan kүjinde kaldy Mendel Negelige kop үmit artty Sebebi ol sol kezdegi iri galymdardyn biri boldy Negelidin zhauaby 2 ajdan kejin keldi Ol Mendeldin nәtizhelerine kүdiktendi Negeli olardy zhana tanys osimdikte yastrebinkada kajtadan tekseruin usyndy Mendel osy tәzhiribelerdi bastady Yastrebinkalardyn gүlderi ote usak bolgandyktan zhynys mүshelerin alyp tastau kiynga tүsti Sondyktan oryndau tehnikasy ote auyr boldy Alyngan tәzhiribelerdin nәtizhesi burshaktarmen salystyrganda baskasha boldy Bul Mendeldi esinen tandyrdy Negizinde Mendeldin zandary osy zhagdajdada zhumys istedi Yastrebinkanyn biologiyalyk ereksheligi bajkalyndy Ol erekshe kobeyu zholy partenogenez arkyly kobeje alady Bul tәsil bojynsha zhana osimdik uryktanbagan zhynys kletkadan damidy Osy zhagdajda gibridter pajda bolmajdy Al Mendeldin zandary gibridterge ashylgan Chehiyanyn Brno kalasyndagy Mendelge eskertkish Degenmen onyn omirinde eleuli ozgerister boldy 1868 zhyldyn 30 nauryzyna ony monastyrdyn prelaty baskarushysy bolyp sajlandy Onyn zhana kyzmeti sүjikti isimen ajnalysuyna az uakyt kaldyrdy Mendel 1869 zhyly 9 mausymda Қogam mәzhilisinde yastrebinkaga zhasalgan tәzhiribelerinin nәtizheleri turaly bayandama zhasady Tәzhiribelerdin kiyndygynyn nәtizhesinde Mendeldin kozi kormej kaldy Ol bir zhylga barlyk budandastyrudy toktatty Mendel 1871 zhyly tәzhiribelerdi kajta zhasamak boldy birak kejinnen mүldem toktatty Mendelge Negeli hatty үsti үstine zholdady Olar zhauapsyz kaldy Mundaj ozimshil galym ozin Mendeldin zhetekshisi dep eseptedi Өzinin bir zhumysynda ol astama degen anyktamany koldandy al Mendeldin atyn atamady Mendel osimdikterdin gibridizaciyasyn toktatyp ara zhemis zhidekter agash otyrgyzu sharuashylygymen shugyldandy Onyn suretterine karap aralardy shagylystyru tәzhiribelerin ojlastyrdy dep ajtuga bolady Mendel shetelderge shygyp turdy 1862 zhyly Franciyada boldy odan kejin Angliyada Ekinshi Dүniezhүzilik kormege katysty 1868 zhyly Rim papasyna prelat retinde kezdesuge bardy 1871 zhyly Gamburgte zhәne ara sharuashylygyna arnalgan sezdinde kejin Berlinde boldy 1879 zhyly Mendel Veneciyaga baryp kajtty Prelat kyzmeti ony tolygymen ozine karatyp aldy Monastyrdyn үlken sharuashylygyna zhetekshilik etu kop uakytyn aldy Birakta Mendel koptegen kalanyn zhәne mekemelerdin zhumystaryna katysty 1876 zhyly Mendel Morav bankisinin direktory boldy Ol Morav landtagynyn deputaty bolyp sajlandy Mendeldin omirinin sony monastyrga salyngan shirkeu salygy үshin shajkaspen ulasady Mendel 1884 zhyly 6 kantarda kajtys boldy Mendeldin dүnie zhүzine atynyn әjgili boluyna 16 zhyl omiri zhetpedi Monogibridti budandastyrudagy tukym kualau zandylyktaryGibridologiyalyk әdis Tukym kualaushylyktyn zandylyktaryn zertteudin gylymi negizinGregor Mendel kalady Ol oz tәzhiribelerine kolajly obekt retinde asburshakty Pisum sativum aldy Sebebi baska osimdiktermen salystyrganda asburshaktyn mynadaj ajryksha kasietteri bar birneshe belgileri bojynsha bir birinen ajkyn azhyratylatyn koptegen sorttary bar osiruge kolajly gүlindegi zhynys mүsheleri kүltezhapyrakshalarymen tolyk kalkalanyp turatyndyktan osimdik ozdiginen tozandanady Sondyktan әr sort ozinshe taza damyp zhetiindikten belgileri urpaktan urpakka ozgerissiz beriledi bul osimdiktin sorttaryn koldan tozandandyru arkyly osimtal budandar aluga bolady Mine sondyktan Mendel asburshaktyn 34 sortynan belgileri ajkyn azhyratylatyn 22 sortty tandap alyp oz tәzhiribelerine pajdalandy Ol osimdiktin negizgi zheti belgisine konil audardy sabagynyn uzyndygy tukymynyn pishini men tүsi zhemisterinin pishini men tүsi gүlderinin reni men ornalasuy Mendel tәzhiribelerinin kelesi bir ereksheligi belgilerdin tukym kualauyn zertteude gibridologiyalyk әdisti koldanu arkyly dәl zhәne tiyanakty nәtizhe aluynda boldy Bul әdistin negizgi zhagdajlary mynalar budandastyru үshin bir birinen ajkyn zhup belgileri bojynsha azhyratylatyn bir tүrdin daraktary alynady zertteletin belgiler turakty yagni birneshe urpak bojy kajtalanyp otyrady әr urpaktagy alyngan budandarga zheke taldau zhasalyp naktyly sandyk esepteuler zhүrgizildi Mendel ozinin tәzhiribelerin 8 zhyl bojy 1856 1864 Brno kalasyndagy Avgustin monastyrynyn bagynda zhүrgizdi Ol oz zertteulerinin nәtizhesi turaly 1865 zhyly 8 akpanda sol Brno kalasyndagy tabigat zertteushiler kogamynyn kenesinde bayandady Sonyn negizinde Өsimdik budandarymen zhүrgizilgen tәzhiribeler atty enbegin zhariyalady Қandaj da bolsyn belgi kasietterinde tukym kualajtyn ozgeshelikteri bar organizmderdi budandastyrganda gibridti formalar alynady Bir gana zhup belgilerinde ajyrmashylygy bar ata analyk formalar budandastyrylsa monogibridti eki zhup belgisi bolsa digibridti al belgilerdin sany kop bolsa poligibridti budandastyru dep atajdy Monogibridti budandastyru Bir birinen ajkyn bir zhup belgi arkyly azhyratylatyn gomozigotaly daraktardy budandastyrsa birinshi urpakta genotipi de fenotipi de birkelki budandar alynady Muny birinshi urpak budandarynyn birkelkilik zany dep atajdy Tukym kualaushylykty zerttegende Menedl en karapajym monogibridti budandastyrudan bastap әri karaj birtindep kүrdelendire tүsken Mendeldeldin usynysy bojynsha gender latyn әripterimen belgilenedi Bir alleldi zhuptyn genderin birdej әrippen yagni dominantty basym gendi үlken әrippen recessivti basylynky gendi kishi әrippen belgileu usynylgan Olaj bolsa dominantty kasiet korsetetin asburshaktyn gүlinin kyzyl tүsi men tukymynyn sary tүsin A recessivti gүldin ak tүsi men tukymynyn zhasyl tүsin a dep tukymynyn dominantty tegis pishinin V recessivti kedir budyrly pishinin b dep belgilejdi Ata analyk formalar R әripimen belgilenedi latynsha parents ata ana Analykty belgisimen atalykty belgisimen budandastyrudy H urpaktaryn Ғ әrpimen latynsha Filius urpak gametalardy G al birinshi ekinshi zhәne үshinshi urpaktaryn Ғ1 Ғ2 Ғ3 zhәne t b dep belgilejdi Birinshi urpaktyn birkelki boluy Mendeldin birinshi zany Ata analary bir birinen bir zhup belgi bojynsha azhyratylatyn daraktardy budandastyrudy monogibridti dep atajdy Mendel oz tәzhiribelerinin birinde asburshaktyn tukymdary sary zhәne zhasyl tүsti eki sortyn alyp budandastyrgan Sonda birinshi urpaktan alyngan budandardyn barlygy sary tukymdy bolyp zhasyl tүs korinbegen 7Dәl osyndaj nәtizhe asburshaktyn kyzyl gүldi zhәne ak gүldi formalaryn alyp budandastyrganda da korinis berdi Yagni kyzyl gүldi zhәne ak gүldi asburshakty budandastyrganda birinshi budandyk urpaktyn barlygy kyzyl gүldi bolyp ak tүs bajkalmady Osy zertteulerdin nәtizhesinde Mendeldin birinshi zany birinshi budandyk urpaktyn belgilerinin birkelki bolu zany kalyptasty Muny birinshi urpak budandarynyn birkelkilik zany nemese tolyk dominanttylyk zany dep te atajdy Birinshi urpakta basymdyk kasiet korsetip birden zharykka shygatyn belgini dominantty korinbej kalgan belgini recessivti dep atajdy Қarama karsy alternativti belgilerdi anyktajtyn zhup gender alleldi gender dep atalady Mysaly tukymnyn sary tүsi men zhasyl tүsin gүldin kyzyl tүsi men ak tүsin anyktajtyn genderdi alleldi dejdi Sonymen zigotada әr uakytta ata analarynan kabyldagan eki allel gen bar dep eseptep kez kelgen belgi bojynsha onyn genotiptik formulasyn eki әrippen belgilejdi Genotip dep ata analardan alynatyn genderdin tolyk zhiyntygyn ajtady Genotipine karaj organizm gomozigotaly ne geterozigotaly boluy mүmkin Gomozigotaly dep tek biryngaj dominantty AA nemese recessivti aa allelderden turatyn organizmdi ajtady Geterozigotaly organizm kerisinshe әr tүrli allelderden turady Aa Organizmge tәn ishki zhәne syrtky belgilerdin zhiyntygyn fenotip dep atajdy Mysaly tukymnyn tүsi pishini sabaktyn biiktigi kozdin kara nemese kok boluy zhәne t b Belgilerdin azhyrau zany Birinshi urpaktagy alyngan gibridterdi ozara budandastyrgan zhagdajda ekinshi urpakta Ғ2 belgilerdin azhyrauy zhүredi Azhyrau ara katynasy fenotipi bojynsha 3 1 al genotipi bojynsha 1 2 1 ge ten bolady Mendel bul tәzhiribeni odan әri zhalgastyryp birinshi urpaktagy budandardy ozdiginen tozandandyrganda ekinshi urpakta sary tukymdy da zhasyl tukymdy da daraktar alyngan Ekinshi urpakta ata analarynyn ekeuine de tәn belgilerdin korinis beru zandylygyn azhyrau zany dep atajdy Belgilerdin azhyrauy kezdejsok bolmaj belgili bir sandyk ara katynasta zhүredi Atap ajtkanda ekinshi urpakta alyngan barlyk osimdikterdin i sary tukymdy i zhasyl tukymdy bolyp shygady Olaj bolsa fenotipi zhagynan dominantty zhәne recessivti belgilerdin sandyk ara katynasy 3 1 ge ten bolyp ozgeredi Bul syzbanuskadan ekinshi urpaktagy daraktardyn bir boligi yagni 25 i genotipi zhagynan dominantty belgi bojynsha gomozigotaly AA eki boligi 50 i geterozigotaly Aa zhәne bir boligi 25 recessivti belgi bojynsha gomozigotaly aa ekenin onaj tүsinuge bolady Osy ajtylgandardy koryta kele azhyrau zanyn bylaj tuzhyrymdajdy Birinshi urpaktagy alyngan gibridterdi ozara budandastyrgan zhagdajda ekinshi urpakta Ғ2 belgilerdin azhyrauy zhүredi Azhyrau ara katynasy fenotipi bojynsha 3 1 al genotipi bojynsha 1 2 1 ge ten bolady Monogibridti shagylystyrudyn citologiyalyk negizderiӨz tәzhiribeleri negizinde tiyanakty da durys nәtizhe alganymen birinshi urpaktagy budandardyn birkelki boluy zhәne ekinshi urpakta belgilerdin azhyrau sebepteri gametalar tazalygynyn mehanizmi Mendelge belgisiz boldy Sebebi ol kezde zhasusha turaly mәlimetter zhetkiliksiz edi Atap ajtkanda zhasushanyn tukym kualau apparaty mitozdyk bolinu zhәne mejoz gametalardyn tүzilui men uryktanuy t b Al kazir citologiya gylymy zhan zhakty zertteuler nәtizhesinde orasan zor tabystarga zhetti Sondyktan Mendel zandylyktaryna citologiyalyk turgydan negizdeme beruge tolyk mүmkindik bar Agzanyn kez kelgen somalyk zhasushasynda hromosomalardyn zhiploidty zhiyntygy bar Asburshaktyn hromosomalar sany 14 yagni 7 zhup Aluan tүrli belgilerdi anyktajtyn alleldi gender tүrli zhup hromosomalardyn birdej үleskilerinde ornalaskan Tukymnyn tүsin anyktajtyn alleldi genderdi bir gana zhup hromosomada A tukymnyn sary tүsin anyktajtyn dominantty gen a zhasyl tүstin recessivti geni Әr gametada bir hromosomadan nemese bir gennen gana bolady Ұryktanu nәtizhesinde gametalar arkyly kelgen hromosomalar kajtadan zhuptalyp ondagy gender alleldi zhup kurajdy Mendel tәzhiribesindegi algashky dominantty zhәne recessivti belgi bojynsha gomozigotaly daralar urpakta birkelki geterozigotaly budandar Aa alyngan Bul budandardyn eki tүrli genderi bar gomologtyk hromosomalary mejozdyk bolinui kezinde eki gametaga azhyrap ketedi Osyndaj eki tүrli birinde dominantty al ekinshisinde recessivti geni bar gametalardyn kosyluyna bajlanysty kelesi urpakta Ғ2 azhyrau zhүrgen Azhyraudyn arakatynasy 1AA 2Aa 1aa sipatta bolatyny sondyktan DerekkozderҚazak Sovet Enciklopediyasy bas redaktory M Қ Қarataev Almaty 1972 zh 7 tom Mendel Man and Mind Muragattalgan 21 kazannyn 2014 zhyly Statya na sajte Muzeya Mendelya agyl Tekserildi 15 shildenin 2010 Durant Will The Story of Philosophy United States Simon amp Schuster Inc 1926 2006 P 82 ISBN 9780671739164 Қasymbaeva T Tirshiliktanu 10 11 2003 112 b ISBN 9965 16 200 XOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Gregor Mendel