Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - Қазақстанның ұлттық, әрі ең ірі кітап қоры. Алматы қаласында орналасқан.
Тарихы
1910 жылғы 31 желтоқсанда Л. Толстой атындағы Верный қалалық кітапхана болып құрылды. 1920 жылы бұл кітапхана негізінде Жетісу облыстық көпшілік кітапхана құрылды. Кейін атауы Алматы губерниялық кітапхана, өңірлік кітапхана деп өзгертілді.
Қазақ АКСР Орталық Атқару комитеті Төралқасының 1931 жылғы 12 наурыз күні шыққан «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» Қаулысымен Мемлекеттік көпшілік кітапхана мәртебесі берілді. 1937 жылғы ақпанда орыс ақыны Пушкиннің өлгеніне 100 жыл толуына орай кітапханаға соның аты берілді.
Кітапхана Республикадағы ең ірі кітап қорына айнала бастады. Мұнда Кеңес Одағының түкпір-түкпірінде жарық көрген басылымдар сақталып, ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысының негізгі орталығы атанды. Кітап қоры 1931 жылы небәрі 64 мыңды құраса, 1982 жылы 4 миллион данадан асты. Ал оқырман саны 1940 жылғы 9 мыңнан 1982 жылғы 55 мыңға дейін өскен еді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 9 желтоқсан күні шыққан №775 Қаулысы бойынша Пушкин атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік кітапханасы Қазақ КСР Ұлттық кітапханасы деп өзгертілді. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы атауы берілді.
Кітапхана ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы №8 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
Кітапхана қорында әлем халықтарының тілдерінде 7 млн сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман келеді. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырманға арналған 15 оқу залы қызмет көрсетеді, оның ішінде 14-і мамандандырылған. Олар 1500 оқырманға бір уақытта қатар қызмет көрсете алады.
Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..
1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу).
Басшылығы
Келесі тізімде кітапхананы басқарған директорлар тізімі хронологиялық тәртіппен келтірілген:
- Жандосов Ораз Қыйқымұлы – алғашқы директор
- Шмелева Е. Н.
- Дәулетова Н. К.
- Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (1987 – 2003)
- Әуезов Мұрат Мұхтарұлы (2003 – 2007)
- Исахов Орынбасар (2007 – 2011)
- Балабекова Гулиса Қабарқызы (2011 – 2014)
- Асқар Әлібек (2014 – 2016)
- Сейдуманов Жанат Тұрарұлы (2016 – 2019)
- Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы (2019 бастап)
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk kitaphanasy Қazakstannyn ulttyk әri en iri kitap kory Almaty kalasynda ornalaskan Tarihy1910 zhylgy 31 zheltoksanda L Tolstoj atyndagy Vernyj kalalyk kitaphana bolyp kuryldy 1920 zhyly bul kitaphana negizinde Zhetisu oblystyk kopshilik kitaphana kuryldy Kejin atauy Almaty guberniyalyk kitaphana onirlik kitaphana dep ozgertildi Қazak AKSR Ortalyk Atkaru komiteti Toralkasynyn 1931 zhylgy 12 nauryz kүni shykkan Қazak AKSR memlekettik kopshilik kitaphanasyn bekitu turaly Қaulysymen Memlekettik kopshilik kitaphana mәrtebesi berildi 1937 zhylgy akpanda orys akyny Pushkinnin olgenine 100 zhyl toluyna oraj kitaphanaga sonyn aty berildi Kitaphana Respublikadagy en iri kitap koryna ajnala bastady Munda Kenes Odagynyn tүkpir tүkpirinde zharyk korgen basylymdar saktalyp gylymi әdistemelik zhәne zertteu zhumysynyn negizgi ortalygy atandy Kitap kory 1931 zhyly nebәri 64 myndy kurasa 1982 zhyly 4 million danadan asty Al okyrman sany 1940 zhylgy 9 mynnan 1982 zhylgy 55 mynga dejin osken edi Қazak KSR Ministrler Kenesinin 1991 zhylgy 9 zheltoksan kүni shykkan 775 Қaulysy bojynsha Pushkin atyndagy Қazak KSR Memlekettik kitaphanasy Қazak KSR Ұlttyk kitaphanasy dep ozgertildi Tәuelsizdik algan son Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk kitaphanasy atauy berildi Kitaphana gimaraty Қazak Ministrler Kenesinin 1982 zhylgy 26 kantardagy 8 Қaulysynyn zhәne ҚR Tarihi mәdeni murany saktau men pajdalanu turaly Zanynyn 11 zhәne 19 baptarynyn negizinde tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin memlekettik tizimine engizildi Kitaphana korynda әlem halyktarynyn tilderinde 7 mln saktau birligin kurajtyn әmbebap zhalpyulttyk әdebietter zhinagy saktalady Қor zhyl sajyn 100 myn danaga tolyktyrylyp otyrady Kүn sajyn kitaphanaga 3 mynga zhuyk okyrman keledi Okyrmandarga 1 zhylda 2 millionnan asa kuzhat beriledi Okyrmanga arnalgan 15 oku zaly kyzmet korsetedi onyn ishinde 14 i mamandandyrylgan Olar 1500 okyrmanga bir uakytta katar kyzmet korsete alady Oku zaldarynda negizgi kitap saktau zhәne kosalky korlardan әdebiet beriledi sonyn ishinde sirek kitaptar men kolzhazbalar kartalar notalar dybys zhazbalary elektrondy basylymdar toptamalary da bar 1990 zhyly ҚR ҰK Halykaralyk kitaphana kauymdastyktary men mekemeleri Federaciyasynyn kuramyna kirdi IFLA zhәne Euraziya kitaphana assambleyasynyn EKA ten kuryltajshysy boldy Toleranttylyk bilim dialogka ashyktyk Ұly Zhibek zholyndagy Keruen saraj zhobasynyn negiz kalaushy ideyalary bolyp tabylady ҚR ҰK gy shetelderdin mәdeniet Ortalyktary akparatty saktauga kүshejtu men beruge mәdeni dәstүrlerdin zhangyruy men halyktardyn nakty ozara ykpaldastygyna zhәrdemdesedi zhәne ozderinin kyzmeti arkyly Ұly Zhibek zholyndagy Keruen saraj bagdarlamasyn iske asyrady ҚR Ұlttyk kitaphanasynda Resejlik zertteuler Қytaj Pәkistan Tүrkiya mәdeniet Ortalyktary Үndistandy zerdeleu Iran zhәne Ortalyk Aziya halyktarynyn mәdenietin zerdeleu Ortalyktary zhumys istejdi Okyrmandarga әdebiet Internet resurstar CD zhәne DVD materialdar kitap zhәne oner tuyndylarynyn kormeleri mәdeniet zhәne gylymi kajratkerlerimen kezdesuler arkyly tүrli halyktardyn mәdenieti turaly akparat beriledi 2007 zhyly Amerika mәdeniet Ortalygyn ashu zhosparlandy Tepe ten bastamalarda Қytaj kitaphanalarynyn birinde Қazakstan mәdeniet Ortalygy ashylady Osyndaj Ortalykty Қyrgyzstan Ұlttyk kitaphanasynda Bishkek zhәne Resej memlekettik kitaphanasynda Ortalyk Aziya memleketteri men Қazakstan resurstary Ortalygyn ashu ujgaryldy Mәskeu BasshylygyKelesi tizimde kitaphanany baskargan direktorlar tizimi hronologiyalyk tәrtippen keltirilgen Zhandosov Oraz Қyjkymuly algashky direktor Shmeleva E N Dәuletova N K Berdigalieva Roza Amangalikyzy 1987 2003 Әuezov Murat Muhtaruly 2003 2007 Isahov Orynbasar 2007 2011 Balabekova Gulisa Қabarkyzy 2011 2014 Askar Әlibek 2014 2016 Sejdumanov Zhanat Turaruly 2016 2019 Ospanova Bakytzhamal Қajyrbekkyzy 2019 bastap DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet