Қалың мал - қазақтың бұрыннан келе жатқан салт дәстүрінің бірі. «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне, сонымен бірге салауаттарына да байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Негізінен қыз алатын, яғни Қалың беретін жақты қинамайды. Жігіт жақ қалың берсе, қыз жақ кит кидіретін болған және қыз жасауын береді. Осылайша екі жастың отауын тігіп, шаңырағына керекті заттарды толықтап беретін болған. Қазақта: "теңін тапса тегін бер" - деген осыдан шықса керек. Деседе "қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды" - деп ата салттан аттамауды да дәріптеп отырған. Мұнда қалың малға сүтақы да кіреді.
«Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Дәстүрлі қалыңмал түрлері
- Бас жақсы: түзу мылтық, берік сауыт, жақсы сырт киім, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік және малдығы артық бір түйе немесе олардың орнына бес ірі қарадан 20 жылқы берілген.
- Қара мал: қалың малдың ең өзекті бөлімі ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін (21-25 жылқы) барған.
- Той малы: қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен.
- Сүт ақы: қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы.
- Жігіт түйе: бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман беріледі.
- Ілу: қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілген кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылған.
- Дөңгелек қалың: он шақты қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген).
- Балама қалың: 10-15 ұсақ мал орнына бір тәуір жылқы берілген.
- Олқы қалың: 37 ірі қара - әйелі өліп, балдызын алғанда төленген.
Дереккөздер
- Ел аузынан
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қalyn mal kazaktyn burynnan kele zhatkan salt dәstүrinin biri Men at ton ajybymen kalyn mal kajtartpakshy boldym goj S Kobeev Қuda tүsu rәsimi kelisilgen son dala zany bojynsha kүjeu zhagy kalyn mal toleuge tiis Bul kazak kazak bolgaly bulzhymagan ezhelgi dәstүr Onyn molsheri kudalardyn dәrezhesi men dәuletine sonymen birge salauattaryna da bajlanysty eki zhak kelise otyryp sheshedi Negizinen kyz alatyn yagni Қalyn beretin zhakty kinamajdy Zhigit zhak kalyn berse kyz zhak kit kidiretin bolgan zhәne kyz zhasauyn beredi Osylajsha eki zhastyn otauyn tigip shanyragyna kerekti zattardy tolyktap beretin bolgan Қazakta tenin tapsa tegin ber degen osydan shyksa kerek Desede kalynsyz kyz bolsada kәdesiz kyz bolmajdy dep ata salttan attamaudy da dәriptep otyrgan Munda kalyn malga sүtaky da kiredi Buryngy kedejler arasyndagy kalyn mal molsheri bes alty malmen tynsa iri bajlar arasynda eki zhүz bes zhүz myn zhylkyga dejin zhetken Bi men bajlar han men toreler arasynda kalyn mal үstine bes zhaksy dep atalatyn bes tүjege kosyp bir zhetim kyz kүn ayak zhaksy dep beretin үsh tүjege kosa bir erkek zhetim kul bergendigi kejbir derekter arkyly belgili Қalyn maldyn kyryk zheti otyz zhetinin bүtini otyz zheti otyz zhetinin zhartysy zhaksyly otyz zheti zhiyrma zheti on zheti domalak kalyn mal domalak bata siyakty tүrleri bolgan Munyn syrtynda toj mal sүt aky kүjeu aparatyn ilu oli tiri aparatyn tagy baska koptegen bagaly kәde zhoralar da bolady Bugan kenes үkimeti kezinde kyzdy malga satu dep kara kүje zhagylyp keldi Al shyndygynda kyzdyn zhasauy kalyn mal molsherinen kem bolmagan Demek buryngy dala zanynda bul eskerilgen siyakty Әrine kalyn mal kudalardyn dәuletine bajlanysty bolgan Bul iste әrkim oz shama sharkyna karaj belgilegen Buryngy zamanda kalyn mal bajlyk pen myrzalyktyn dәrezhesin әjgilejtin korinistin ajgagy bolgany shyndyk HIH gasyrdyn algashky shireginde Kishi zhүzde Bajsakal men Orta zhүzde Sapak kuda bolgan Sonda Bajsakaldyn kyzynyn kalyn maly bes zhүz zhylky bolgan Үsh zhүz zhylky kara maly zhүz zhylky үjge kirgizer zhүz zhylky toj malyna ketipti M Zh Kopeev Dәstүrli kalynmal tүrleriBas zhaksy tүzu myltyk berik sauyt zhaksy syrt kiim kashsa kutylatyn kusa zhetetin bir sәjgүlik zhәne maldygy artyk bir tүje nemese olardyn ornyna bes iri karadan 20 zhylky berilgen Қara mal kalyn maldyn en ozekti bolimi iri kara sany bir zhiyrma bes zhiyrmaga dejin 21 25 zhylky bargan Toj maly kyz uzatu tojyna sojyska aparylatyn mal zhyrtys zhәne kalyndyk zhasauynyn shygyny Toj maly 20 70 bas zhylkyga dejin zhetken Sүt aky kalyndyktyn anasyna beriletin 1 7 tүje Қyz әkesinin ata kүshine tolenetin aky Zhigit tүje bugan 2 tүje zhәne mindetti tүrde zhaksy syrt kiim men er turman beriledi Ilu kyzyn tәrbielegeni үshin uryn barganda berilgen kәde Eger iluge kop karazhat zhumsalsa tiisinshe kara mal sany azajtylgan Dongelek kalyn on shakty karadan aspagan kedejler ortasynda zhүrgen Balama kalyn 10 15 usak mal ornyna bir tәuir zhylky berilgen Olky kalyn 37 iri kara әjeli olip baldyzyn alganda tolengen DerekkozderEl auzynan Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet