Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи (араб.: أبو مصعب الزرقاوي, шын есімі Ахмед Фазыл ән-Наззал әл-Халаила, араб.: أحمد فاضل نزال الخلايلة; 1966—2006) — халықаралық лаңкес, «Таухид және жиһад» жамағаты мен Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесінің жетекшісі, Ислам мемлекетінің негізін қалаушы.
Әз-Зарқауи 1966 жылдың 30 қазанында Иорданияның Зарқа қаласында дүниеге келді. Оның Әл-Қағида ұйымымен байланысы 1990 жылдары басталды, бірақ «жақын жауды» қойып, «алыс жауға» (Батыс өркениеті) көңіл бөлу тактикасын құптамаған ол ұйым мүшелерінің қатарына кірген жоқ. 1994—1999 жылдары әз-Зарқауи Иорданияда оған жиһади ілімін үйреткен Әбу Мұхаммед әл-Мақдисимен бірге түрмеде отырды. 1999 жылы ол Ауғанстанға лаңкестер лагерін ұйымдастыру үшін аттанып, Усама бен Ладенмен кездесті. 2001 жылы тәліптердің билігі құлағанда ол Иракқа қашуға мәжбүр болды. 2002 жылдың маусымында әз-Зарқауи Ирактың солтүстігінде Жамағат әт-таухид уәл-жиһад («Таухид және жиһад жамағаты») деп аталатын ұйымды құрды.
Америка Құрама Штаттары Ирак мемлекетіне әскерін енгізгеннен кейін бір жыл өткен Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың осы елдегі бөлімшесін құрды (Қағида әл-жиһад фи билад әр-рафидәйн — «Месопотамиядағы жиһад негізі»). Ирактағы Әл-Қағида (ИӘҚ) шетелдік әскерлерге қарсылық көрсеткен негізгі күшке айналды.
Бұрын Иорданияның шет аудандарының бірінде дүкенші болып жұмыс істеген әз-Зарқауи Сирия жерін кресшілерден азат еткен Нұр әд-Дин Зангиге ұқсауға тырысып бақты. Қатыгез әз-Зарқауиді жек көрген араб шейхтары АҚШ-тан көмек сұрағанымен, олардың мәселесі шешімсіз қалды. Әз-Зарқауидің шииттерге деген зорлық-зомбылығы өршіп кеткенде Усама бен Ладен мен оның жақтастары мазасыздана бастады. Айман әз-Зауаһири (Әл-Қағиданың қазіргі жетекшісі) Интернет желісінде бас шабу бейнежазбаларын жариялауды доғаруды өтінгенімен, Ирактағы баскесерлер оны тыңдаған жоқ.
Әз-Зарқауидің Ислам мемлекетін құру туралы ойы ол 2002 жылы Иракқа келердің алдында пайда болды. Бұл жоспарды әз-Зарқауи 2001 жылы Әл-Қағиданың әскери стратегі Сәйф әл-Әділмен бірге талқылаған болатын. 2004—2006 жылдары осы екеуі болашақ халифат туралы идеяны таратумен айналысты. 2006 жылы Ирактағы Әл-Қағида бұрын көп талқыланған мемлекеттің негізін салуға жақындап қалды. 15 қаңтарда ИӘҚ Ирактағы жиһадилердің 5 тобымен бірігіп, Мәжіліс шура әл-мужаһидин («Мужаһидтер кеңесінің мәжілісі») деп аталатын ұйымды құрды. Сәуір айында әз-Зауаһири бейнехабарлама арқылы Мәжіліске қошемет көрсетіп, үш айдан кейін Ислам әмірлігі құрылады деп үміттенетінін жеткізді, бірақ маусым айында әз-Зарқауи АҚШ әуе күштерінің соққысынан қаза тапты. 12 маусымда ИӘҚ-тың жаңа жетекшісі деп әз-Зауаһиридің «Ислам жиһады» тобының бұрынғы мүшесі Әбу Хамза әл-Муһажир (Әбу Әйюб әл-Мысри ) жарияланды.
Дереккөздер
- Питер Уэлби ИШИМ деген не? (en) // Tony Blair Faith Foudation. — 16 қараша 2015.
- Cole Bunzel, 2015, p. 13
- Бобби Гош ИШИМ: Қысқаша тарихы (en) // The Atlantic. — 14 тамыз 2014.
- Cole Bunzel, 2015, p. 14
- «Ислам мемлекеті» дегеніміз не? (en) = What is 'Islamic State'? // Би-Би-Си. — 2 желтоқсан 2015.
- Дэвид Игнатиус Ислам мемлекеті Таяу Шығыста қалай таралды (en) // The Atlantic. — 29 қазан 2015.
- Cole Bunzel, 2015, p. 15—17
Әдебиет
- Cole Bunzel From Paper State to Caliphate: The Ideology of the Islamic State // The Brookings Project on U.S. Relations with the Islamic World. — 2015. — № 19.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әbu Musgab әz Zarkaui arab أبو مصعب الزرقاوي shyn esimi Ahmed Fazyl әn Nazzal әl Halaila arab أحمد فاضل نزال الخلايلة 1966 2006 halykaralyk lankes Tauhid zhәne zhiһad zhamagaty men Әl Қagidanyn Iraktagy bolimshesinin zhetekshisi Islam memleketinin negizin kalaushy Әz Zarkaui 1966 zhyldyn 30 kazanynda Iordaniyanyn Zarka kalasynda dүniege keldi Onyn Әl Қagida ujymymen bajlanysy 1990 zhyldary bastaldy birak zhakyn zhaudy kojyp alys zhauga Batys orkenieti konil bolu taktikasyn kuptamagan ol ujym mүshelerinin kataryna kirgen zhok 1994 1999 zhyldary әz Zarkaui Iordaniyada ogan zhiһadi ilimin үjretken Әbu Muhammed әl Makdisimen birge tүrmede otyrdy 1999 zhyly ol Auganstanga lankester lagerin ujymdastyru үshin attanyp Usama ben Ladenmen kezdesti 2001 zhyly tәlipterdin biligi kulaganda ol Irakka kashuga mәzhbүr boldy 2002 zhyldyn mausymynda әz Zarkaui Iraktyn soltүstiginde Zhamagat әt tauhid uәl zhiһad Tauhid zhәne zhiһad zhamagaty dep atalatyn ujymdy kurdy Amerika Қurama Shtattary Irak memleketine әskerin engizgennen kejin bir zhyl otken Әbu Musgab әz Zarkaui Usama ben Ladenge sert berip Әl Қagidanyn osy eldegi bolimshesin kurdy Қagida әl zhiһad fi bilad әr rafidәjn Mesopotamiyadagy zhiһad negizi Iraktagy Әl Қagida IӘҚ sheteldik әskerlerge karsylyk korsetken negizgi kүshke ajnaldy Buryn Iordaniyanyn shet audandarynyn birinde dүkenshi bolyp zhumys istegen әz Zarkaui Siriya zherin kresshilerden azat etken Nur әd Din Zangige uksauga tyrysyp bakty Қatygez әz Zarkauidi zhek korgen arab shejhtary AҚSh tan komek suraganymen olardyn mәselesi sheshimsiz kaldy Әz Zarkauidin shiitterge degen zorlyk zombylygy orship ketkende Usama ben Laden men onyn zhaktastary mazasyzdana bastady Ajman әz Zauaһiri Әl Қagidanyn kazirgi zhetekshisi Internet zhelisinde bas shabu bejnezhazbalaryn zhariyalaudy dogarudy otingenimen Iraktagy baskeserler ony tyndagan zhok Әz Zarkauidin Islam memleketin kuru turaly ojy ol 2002 zhyly Irakka kelerdin aldynda pajda boldy Bul zhospardy әz Zarkaui 2001 zhyly Әl Қagidanyn әskeri strategi Sәjf әl Әdilmen birge talkylagan bolatyn 2004 2006 zhyldary osy ekeui bolashak halifat turaly ideyany taratumen ajnalysty 2006 zhyly Iraktagy Әl Қagida buryn kop talkylangan memlekettin negizin saluga zhakyndap kaldy 15 kantarda IӘҚ Iraktagy zhiһadilerdin 5 tobymen birigip Mәzhilis shura әl muzhaһidin Muzhaһidter kenesinin mәzhilisi dep atalatyn ujymdy kurdy Sәuir ajynda әz Zauaһiri bejnehabarlama arkyly Mәzhiliske koshemet korsetip үsh ajdan kejin Islam әmirligi kurylady dep үmittenetinin zhetkizdi birak mausym ajynda әz Zarkaui AҚSh әue kүshterinin sokkysynan kaza tapty 12 mausymda IӘҚ tyn zhana zhetekshisi dep әz Zauaһiridin Islam zhiһady tobynyn buryngy mүshesi Әbu Hamza әl Muһazhir Әbu Әjyub әl Mysri zhariyalandy DerekkozderPiter Uelbi IShIM degen ne en Tony Blair Faith Foudation 16 karasha 2015 Cole Bunzel 2015 p 13 Bobbi Gosh IShIM Қyskasha tarihy en The Atlantic 14 tamyz 2014 Cole Bunzel 2015 p 14 Islam memleketi degenimiz ne en What is Islamic State Bi Bi Si 2 zheltoksan 2015 Devid Ignatius Islam memleketi Tayau Shygysta kalaj taraldy en The Atlantic 29 kazan 2015 Cole Bunzel 2015 p 15 17ӘdebietCole Bunzel From Paper State to Caliphate The Ideology of the Islamic State The Brookings Project on U S Relations with the Islamic World 2015 19