Крест жорықтары - иудей, христиан және мұсылман діндерін ұстанатын адамдар үшін қадір тұтылатын Қасиетті жердегі бақылау үшін болған соғыстар. Түріктер христиан қажыларының Иерасулимге келуіне тыйым салғанда, 1096 жылы бірінші крест жорығын жариялады. Бұл жорыққа бүкіл Еуропадан корольдер, әскерлер, тіпті балалар қосылды. Крест жорықтары сегіз рет болды.
Крест жорықтарының себептері
VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы
Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды папа бастады. Ол 1095 жылы (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.
Кедейлердің Шығысқа жорығы
Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.
1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.
Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.
Рыцарьлардың I крест жорығы
Ұзақ, қанды шайқастан кейін кресшілер басып алды. Ол жерде кресшілердің бір көсемі өз кінәздігін құрды да, Иерусалимге бармай, сонда қалды. Тағы бір көсем армяндардың деген бай қаласын басып алды. Осы арада кресшілердің тағы бір мемлекеті - Эдесса графтығының негізі қаланды. 1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс баскесерлік жасады. Олар әйел-еркек, бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын шетінен қыра бастады. Тіпті жас балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең бастысы Иерусалим корольдігі болды. Еуропалық басқыншылар ол мемлекеттердің халқын зорлықпен басыбайлы шаруаларға айналдырды. Оларға бұрын-соңды болмаған ауыр алым-салық салды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.
Кейінгі крест жорықтары.
Палестина мен Сирия халықтары басқыншы кресшілерді жек көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп басқыншылар өздеріне жау елде үнемі қауіп-қатерде өмір сүрді. Франциядағы Клерво монастырының аббаты Бернар христиандарды қолына қару алып, қайтадан Палестинаға аттануға шақырды. Бұл шақыруды француз королі VII Людовик пен неміс императоры III Конрад қабыл алып, 1147 жылы екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші Азияда салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты. 1187 жылы Египет сұлтаны Салах-ад-Дин кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол астына көшті. Енді оны қайтарып алу үшін Германия, Англия, Франция корольдері 1189-1192 жылдары үшінші крест жорығын жасады. Ол жорық та нәтижесіз аяқталды. Христиандар теңіз жағалауындағы енсіз жерді ғана иемденді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды. 1204 жылғы төртінші крест жорығын ұйымдастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз аркылы бармақ болып, Венецияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған соң, Венецияның оміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп кресшілер христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз мемлекетін қүрып, Палестинаға бармай қалды. Олардың мемлекеті деп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді. Осы төртінші жорық кресшілердің құдайдың мүрдесін азат ету үшін күресушілер емес, өздерінің баюын ғана ойлайтын тонаушы басқыншылар екенін анық көрсетті.
1212 жылғы балалар жорығы
Кресшілер жорығын жалғастыру мақсатындағы дінбасыларының уағызымен Еуропаның кейбір елдерінде балалар топтары құрылды. Оларды өздерін «құдай елшісі» деп жариялаған балалар басқарды. Олар құдай мүрдесін күнәға батпаған балалар ғана азат ете алады деп жариялады. Жас кресшілердің біразы жолда аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары теңіз жағасындағы Генуя және Марсель қалаларына жетті. Ол қалалардағы көпестер балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп алдап, кемелерге отырғызды да, Египетке апарып, құлдыққа сатып жіберді.
Соңғы крест жорықтары
Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. мен корольдер 1217-1221 жылдары - бесінші, 1228-1229 жылдары - алтыншы, 1248-1254 жылдары жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдар да Шығысқа енді бұрынғыдай үмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне олардың көздері жетті. Папа кезекті крест жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп жатты. Бірақ ол салықты жинау үлкен күшке түсті. Халық салық жинаушылардың көзінше қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, кресшілерді мазақтай бастады.
1270 жылғы сегізінші крест жорығынан кейін Батыс Еуропа басқыншылары мұсылман елдеріндегі өздерінің барлық иеліктерінен айырылды.
Крест жорықтарының салдары
Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті. Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыган мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауықауық ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.
Дереккөздер
- Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Krest zhoryktary iudej hristian zhәne musylman dinderin ustanatyn adamdar үshin kadir tutylatyn Қasietti zherdegi bakylau үshin bolgan sogystar Tүrikter hristian kazhylarynyn Ierasulimge keluine tyjym salganda 1096 zhyly birinshi krest zhorygyn zhariyalady Bul zhorykka bүkil Europadan korolder әskerler tipti balalar kosyldy Krest zhoryktary segiz ret boldy Krest zhoryktarynyn sebepteriVII gasyr islam dininin orlep hristian dininin dagdaryska ushyrau kezeni boldy Kelesi eki zhүzzhyldykta Batystagy omirdin barlyk salasyna Rim papasynyn zhogargy biligi ornady Mundaj totalitarlyk bilik hristian әleminin dagdarysyn onan sajyn kүshejtti Islam bedelinin osui hristiandyktyn kozine shykkan sүjeldej boldy Batys islam oktemdiginin etek aluyn kalamady Birak bir ortak maksattyn bolmauy hristiandardyn musylmandar әlemine karsy biriguin tezhep kaldy Batystyn birde bir eli musylmandar kol astyna koshken zherlerge basyp kirgen zhok Tek dinbasylary gana kieli zherge kazhylykka baratyn dindarlardy koldaryna karu alyp musylmandardy Ierusalimnen kuyp shyguga shakyryp zhatty Shirkeu Shygyska zhorykty ujymdastyrushyIslam әlemine karsy zhorykka attanudy papa bastady Ol 1095 zhyly Frandiya shirkeu zhiynynda myndagan dinbasylar men halyktyn aldynda soz sojledi Halykty Vizantiyanyn tүrik salzhuktaryna karsy kүresine komektesuge zhatkan Ierusalimdi musylmandardan azat etuge shakyrdy Papa bul zhorykka katyskandardyn barlyk kүnәsi keshiriledi shajkasta kaza tapkandar o dүniede pejishke baryp rakatka bolenedi dep zhariyalady Papa kieli zherdin bajlygy men kunarlylygy turaly da eske saldy II Urbannyn kaһarly sozi zhiynga katysushylarga erekshe әser etti Olar tizerlep otyryp azat etu үshin omirlerin ayamajtyny turaly ant berdi Қudaj osyny kalajdy dep ajkajlap zhүrip sol zherde matalardan krest kiyp alyp ony kiimderine tige bastady Bul hristian zhaularyna karsy zhorykka attanushynyn belgisi boldy Kedejlerdin Shygyska zhorygyShirkeu krest zhorykshylaryna koptegen zhenildik zhasady Olar karyzdaryn toleuden bosatyldy olardyn dүnie mүlikteri men otbasylary shirkeu kamkorlygyna alyndy Papanyn Shygys elderinin shurajly zheri turaly onda kedejlerdin tez bajyp ketetini turaly үndeui kedejler arasynda rakat omirge bolenu үmitin kozdyrdy Osyndaj uagyzdyn nәtizhesinde 1096 zhyldyn kokteminde Franciya men Germaniyanyn ondagan myn kedej sharualary kazhylyk zhorykka attandy Ash zhalanash kedejler zholdaryndagy vengrlerdin bolgarlar men grekterdin zherlerinen otip bara zhatyp zhergilikti halyktardyn azyk tүlik mal mүlikterin tartyp aldy tonaushylykka ushyratty karsylaskandaryn oltirip zorlyk zombylyk zhasady 1096 zhyly kazan ajynda salzhuk tүrikterinin әskeri Kishi Aziyaga basyp kirgen kresshilerdi tolyk derlik kyryp zhiberdi Dini erlik zhasap bajlykka batudy ansagan batystyn kedej sharualary men rycarlary osylaj sәtsizdikke ushyrady Osy birinshi krest zhorygy kezinde Batys Europa elderinin feodaldary bastagan zhaksy karulangan әskeri Shygysta kyrylyp zhatkan kedejlerge komekke attandy 1097 zhyldyn basynda Konstantinopolge kelip zhetken kresshiler ozderin doreki ustady zhergilikti halykty tonap ulttyk dәstүrlerin mazak etti Shygys aldap arbap para berip kresshiler zhasaktaryn әren degende Kishi Aziyaga zhoneltip saldy Rycarlardyn I krest zhorygy Kresshilerdin Ierusalimdi aluy Ұzak kandy shajkastan kejin kresshiler basyp aldy Ol zherde kresshilerdin bir kosemi oz kinәzdigin kurdy da Ierusalimge barmaj sonda kaldy Tagy bir kosem armyandardyn degen baj kalasyn basyp aldy Osy arada kresshilerdin tagy bir memleketi Edessa graftygynyn negizi kalandy 1099 zhyldyn shilde ajynda keskilesken shabuyldan kejin kresshiler Ierusalimdi aldy Kresshiler kalada shekten tys baskeserlik zhasady Olar әjel erkek bala shaga kempir shal demej kala halkyn shetinen kyra bastady Tipti zhas balalardy basyn taska uryp oltirdi Қala halkynyn үjlerin mүlikterimen kosa kresshiler iemdenip aldy Kresshiler Zherorta tenizinin shygys zhagalauyndagy shagyn zherde oz memleketterin kurdy Olardyn ishindegi en bastysy Ierusalim koroldigi boldy Europalyk baskynshylar ol memleketterdin halkyn zorlykpen basybajly sharualarga ajnaldyrdy Olarga buryn sondy bolmagan auyr alym salyk saldy Batys Europa feodaldary zhaulap alyngan elderdin halkyn kandy kyrgynga ushyratty zorlyk zombylyk zhasap kuldyk ezgige tүsirdi Kejingi krest zhoryktary Palestina men Siriya halyktary baskynshy kresshilerdi zhek kordi olarga karsy kүresti toktatpady Sojtip baskynshylar ozderine zhau elde үnemi kauip katerde omir sүrdi Franciyadagy Klervo monastyrynyn abbaty Bernar hristiandardy kolyna karu alyp kajtadan Palestinaga attanuga shakyrdy Bul shakyrudy francuz koroli VII Lyudovik pen nemis imperatory III Konrad kabyl alyp 1147 zhyly ekinshi krest zhorygyn zhasady Olar Kishi Aziyada salzhuk tүrikterinen zhenilip kajtty 1187 zhyly Egipet sultany Salah ad Din kresshilerdi Palestina men Siriyadan kuyp shykty Ierusalim kajtadan musylmandar kol astyna koshti Endi ony kajtaryp alu үshin Germaniya Angliya Franciya korolderi 1189 1192 zhyldary үshinshi krest zhorygyn zhasady Ol zhoryk ta nәtizhesiz ayaktaldy Hristiandar teniz zhagalauyndagy ensiz zherdi gana iemdendi Ierusalim musylmandardyn kolynda kaldy 1204 zhylgy tortinshi krest zhorygyn ujymdastyrdy Kresshiler kasietti zherge teniz arkyly barmak bolyp Veneciyanyn kemelerin zhaldady Akysyn toleuge akshalary zhetpej kalgan son Veneciyanyn omirshisi kresshilerdi ozderimen bәsekeles Shygys Rim imperiyasynyn astanasyna basyp kiruge kondiredi Sojtip kresshiler hristiandar kalasy Konstantinopoldi basyp alyp ony talan tarazhga saldy Europanyn en baj kalasyn iemdengen kresshiler Vizantiyada oz memleketin kүryp Palestinaga barmaj kaldy Olardyn memleketi dep atalyp 1261 zhylga dejin omir sүrdi Osy tortinshi zhoryk kresshilerdin kudajdyn mүrdesin azat etu үshin kүresushiler emes ozderinin bayuyn gana ojlajtyn tonaushy baskynshylar ekenin anyk korsetti 1212 zhylgy balalar zhorygyKresshiler zhorygyn zhalgastyru maksatyndagy dinbasylarynyn uagyzymen Europanyn kejbir elderinde balalar toptary kuryldy Olardy ozderin kudaj elshisi dep zhariyalagan balalar baskardy Olar kudaj mүrdesin kүnәga batpagan balalar gana azat ete alady dep zhariyalady Zhas kresshilerdin birazy zholda ashtyk pen aurudan kaza tapty aman kalgandary teniz zhagasyndagy Genuya zhәne Marsel kalalaryna zhetti Ol kalalardagy kopester balalardy kasietti zherge zhetkizemiz dep aldap kemelerge otyrgyzdy da Egipetke aparyp kuldykka satyp zhiberdi Songy krest zhoryktaryLyudovik IH kresshilerdin basshylygynda Қasietti zherdi azat etemiz degen kresshiler algash basyp algan zherlerinen birtindep ajyryla berdi men korolder 1217 1221 zhyldary besinshi 1228 1229 zhyldary altynshy 1248 1254 zhyldary zhetinshi zhoryktar ujymdastyrdy Bargan sajyn ol zhoryktarga katysuga tilek bildirushiler katary azaya berdi Kedejler de feodaldar da Shygyska endi buryngydaj үmtyla kojmady Musylmandarmen sogysudyn onaj emes ekenine olardyn kozderi zhetti Papa kezekti krest zhorygyn ujymdastyru үshin zhana salyk engizip zhatty Birak ol salykty zhinau үlken kүshke tүsti Halyk salyk zhinaushylardyn kozinshe kajyrshylarga sadaka berip Hristostan da kүshti Muhammedtin aruagy үshin al dep papany kresshilerdi mazaktaj bastady 1270 zhylgy segizinshi krest zhorygynan kejin Batys Europa baskynshylary musylman elderindegi ozderinin barlyk ielikterinen ajyryldy Krest zhoryktarynyn saldaryKrest zhoryktary Batys Europa elderi tarapynan zhүrgizilgen әdiletsiz baskynshylyk sogystar boldy Bul sogystar dүniezhүzilik orkeniettin damuyna edәuir kedergi keltirdi Zhoryktar Europa elderinin gana emes Shygystagy musylman elderinin de sharuashylygyna mәdenietine orny tolmas ziyan әkeldi Koptegen oner tuyndylary kirady kitaptar men kundy derekter zhojylyp ketti Degenmen bul zhoryktardyn Batys Europa elderi үshin biraz pajdaly zhaktary da boldy Birinshiden Zherorta tenizindegi saudanyn kyza tүsuine ykpal etti Bul saudada Soltүstik Italiya kalalary үstemdikke ie boldy Ekinshiden Batys Europa halyktary Shygystan zhogary dәrezhede damygan mәdeniettin үlgisin igerdi Kresshiler musylman halyktardan tamak isher aldynda koldaryn zhuudy auykauyk ystyk monshaga tүsip ish kiimderin tosek oryndaryn auystyryp turudy әdemi kiinudi as ishkende shanyshkyny pajdalanudy үjrendi Үshinshiden europalyktar Shygystan zhana egis dakyldaryn korip Europada kүrish limon orik karbyz osire bastady Europalyktar Shygys halyktarynan zhibek mata tokudy ajna zhasaudy metaldy sapaly ondeudi үjrendi DerekkozderOrta gasyrlardagy dүnie zhүzi tarihy Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 625 9