Грунт сулары (нем. grund — негіз, табан) — жер бетіне таяу жатқан тұрақты сулы қабаттардағы гравитациялық сулар. Олар көбінесе атмосфералық жауын-шашынның, өзен, көл, бөген, суару каналдары мен шахта суларының жерге сіңуінен пайда болады.
Грунт суларының арын күші жоқ немесе өте әлсіз, ал су деңгейі жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Мұндай суларды ұңғыма немесе құдық арқылы ашқанда, олардың деңгейі қай терендікте ұшырасса, сол тереңдікте тұрақталады. Грунт суларының таралу және қоректену аймақтары, әдетте, бір-біріне сәйкес келеді. Сапасы жақсы грунт сулары кішігірім елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Орналасқан ауданының геологиялық құрылысына, геоморфол. жағдайына және жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай грунт суы өзен аңғарлары мен көл ойыстарында, құм төбелер, жазық далаларда, өзенаралық жазықтарда, таулы өңірлерде, тау беткейлерінде кездеседі. Грунт суы кездесетін жерлерде грунт тасқыны не грунт алабы болады, кейде екеуі де болуы мүмкін. Грунт тасқынында су біршама көтеріңкі тұстан төменірек жатқан жаққа ағады. Мұның өзі жер бедерінің ерекшеліктеріне (өзен аңғарының еңістігі, грунт тасқынын кесіп өтетін сайлар, жыралар, көл ойысы, өзен арнасы, т.б.) байланысты. Грунт алаптары жер бетіне таяу жатқан ылғал өткізбейтін қабаттың үстіндегі құм қабаттарында болады. Қазақстанда грунт алаптары көне кристалл жыныстар кең тараған Сарыарқада және құмды өңірлерде кездеседі. Грунт суы жер бетіндегі қар, жаңбыр суымен, кейде конденсациялық сулармен толығады. Климаты әр түрлі аудандарда Грунт суының толығуы да түрліше. Табиғатта Грунт суының таралуына климат, жер бедері, топырақ, өсімдік түрлерінің таралуы да әсер етеді, Грунт суы көптеген қалалар мен елді мекендерді, өнеркәсіп орталықтары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Грунт суларының ағыны — жер асты суларының гидравликалық еңістің әсерімен қоректену аймағынан, еркін су алмасу белдемінің арылу аймағына қарай бағытталған ағыны. Грунт суларының беті — грунт суларының еркін, бос беті.
Грунт суы - жер бетіне жақын жатқан бірінші арынды су қабатының үстіңгі жағында орналасқан арынсыз немесе жергілікті ғана арыны бар жер асты сулары. Грунт суының жату тереңдігі, химиялық кұрамы, режімі климаттың, топырақтың және өсімдік жамылғысының озгеруін көрсетеді. Орманды, орманды-далалы және далалы аудандарда грунт суы түщы немесе сол ғана минералданған, құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді жерлерде тұзды Грунт суы басым болады.
Грунт суының айнабеті
Грунт суының беті; түскен қысым атмосфералық қысымға тең болатын грунт суының жоғарғы шекарасы (беті). Жалпы алғанда грунт суының режимі біршама өзгермелі, оның еркін айнасы - деңгейі, астында жатқан бір ғана су тірегі болады және судың арыны болмайды. Грунт суы жер қыртысында сулы қабат ауқымында деңгейі биіктеу орналасқан бөлікшеден деңгейі төмендеу бөлікшеге қарай баяу жылыстайды, яғни ағады.
Тақырыпқа байланысты
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Grunt sulary nem grund negiz taban zher betine tayau zhatkan turakty suly kabattardagy gravitaciyalyk sular Olar kobinese atmosferalyk zhauyn shashynnyn ozen kol bogen suaru kanaldary men shahta sularynyn zherge sinuinen pajda bolady Grunt sularynyn aryn kүshi zhok nemese ote әlsiz al su dengeji zhyl ishinde mausym sajyn ozgerip otyrady Mundaj sulardy ungyma nemese kudyk arkyly ashkanda olardyn dengeji kaj terendikte ushyrassa sol terendikte turaktalady Grunt sularynyn taralu zhәne korektenu ajmaktary әdette bir birine sәjkes keledi Sapasy zhaksy grunt sulary kishigirim eldi mekenderdi auyz sumen kamtamasyz etu үshin pajdalanylady Ornalaskan audanynyn geologiyalyk kurylysyna geomorfol zhagdajyna zhәne zher bederinin erekshelikterine karaj grunt suy ozen angarlary men kol ojystarynda kum tobeler zhazyk dalalarda ozenaralyk zhazyktarda tauly onirlerde tau betkejlerinde kezdesedi Grunt suy kezdesetin zherlerde grunt taskyny ne grunt alaby bolady kejde ekeui de boluy mүmkin Grunt taskynynda su birshama koterinki tustan tomenirek zhatkan zhakka agady Munyn ozi zher bederinin erekshelikterine ozen angarynyn enistigi grunt taskynyn kesip otetin sajlar zhyralar kol ojysy ozen arnasy t b bajlanysty Grunt alaptary zher betine tayau zhatkan ylgal otkizbejtin kabattyn үstindegi kum kabattarynda bolady Қazakstanda grunt alaptary kone kristall zhynystar ken taragan Saryarkada zhәne kumdy onirlerde kezdesedi Grunt suy zher betindegi kar zhanbyr suymen kejde kondensaciyalyk sularmen tolygady Klimaty әr tүrli audandarda Grunt suynyn tolyguy da tүrlishe Tabigatta Grunt suynyn taraluyna klimat zher bederi topyrak osimdik tүrlerinin taraluy da әser etedi Grunt suy koptegen kalalar men eldi mekenderdi onerkәsip ortalyktary men auyl sharuashylygyn sumen kamtamasyz etuge pajdalanylady Grunt sularynyn agyny zher asty sularynyn gidravlikalyk enistin әserimen korektenu ajmagynan erkin su almasu beldeminin arylu ajmagyna karaj bagyttalgan agyny Grunt sularynyn beti grunt sularynyn erkin bos beti Grunt suy zher betine zhakyn zhatkan birinshi aryndy su kabatynyn үstingi zhagynda ornalaskan arynsyz nemese zhergilikti gana aryny bar zher asty sulary Grunt suynyn zhatu terendigi himiyalyk kuramy rezhimi klimattyn topyraktyn zhәne osimdik zhamylgysynyn ozgeruin korsetedi Ormandy ormandy dalaly zhәne dalaly audandarda grunt suy tүshy nemese sol gana mineraldangan kurgak dalaly sholejtti zhәne sholdi zherlerde tuzdy Grunt suy basym bolady Grunt suynyn ajnabetiGrunt suynyn beti tүsken kysym atmosferalyk kysymga ten bolatyn grunt suynyn zhogargy shekarasy beti Zhalpy alganda grunt suynyn rezhimi birshama ozgermeli onyn erkin ajnasy dengeji astynda zhatkan bir gana su tiregi bolady zhәne sudyn aryny bolmajdy Grunt suy zher kyrtysynda suly kabat aukymynda dengeji biikteu ornalaskan boliksheden dengeji tomendeu bolikshege karaj bayau zhylystajdy yagni agady Takyrypka bajlanystyZher asty suynyn zhatys zhagdajlary Қalkyma su Topyrak suy Қabataralyk suDerekkozderMunaj zhәne gaz geologiyasy tanymdyk zhәne kәsiptik tehnologiyalyk terminderinin tүsindirme sozdigi Anyktamalyk basylym Almaty 2003 ISBN 9965 472 27 0 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Su sharushylygy Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Қazak enciklopediyasy Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6 Bajbatsha Ә B Zhalpy geologiya Zher dinamikasy Okulyk Almaty ҚazҰTU 364 b Suret 132 Keste 30 Әdebietter tizimi 15 atay ISBN 987 601 228 001 2