Гироскоп – шапшаң айналатын және айналу осі (симметрия осі) өзінің кеңістіктегі бағытын өзгерте алатын симметриялы қатты дене. Оның қарапайым мысалына балалар ойнайтын зырылдауық жатады. Гироскоптық әсер аспан денелерінде, кемеге орнатылған турбина роторында, ұшақ винтінде, т.б. байқалады.Гироскоп - 1. өзі байланысқан айналымның санау жүйесін табуына арналған құрал; 2. тез айналатын қатты дене, оның айналу өсі кеңістікте өзінің жағдайын өзгерте алады. Егер гироскоптың осіне моменті M=Ph-қа тең Р қос күші (h – қос күштің иіні) түсірілсе, онда гироскоп х осінің бағытымен емес, күтпеген бағытта, яғни у осінің бағытымен айнала бастайды. Сыртқы күштер әсер етпесе, гироскоп (грекше gyros – дөңгелек, gyruo – айналамын және skop – көремін, бақылаймын) еркін гироскоп деп аталады. Мысалы, ұшақпен, кемемен, ракетамен, т.б. қатынас көліктерімен тек кардан ілмесінің сақиналары арқылы байланысатын гироскоп еркін гироскоп болып саналады. Гироскопты әр түрлі қозғалыстарды басқару үшін қолдануға болады. Бірақ дәл теңгерілген гироскопты жасау – өте күрделі жұмыс. Гироскопты теңгеру, яғни оның ауырлық центрін кардан ілмесінің центрімен бір нүктеге келтіру өте үлкен дәлдікті қажет етеді. Қосымша жүк арқылы гироскоптың горизонталь осінің дүние тараптарына қарағандағы бағытын өзгертпеуге болады. Гироазимут деп аталатын мұндай гироскоп компас қызметін атқара алады. Гироазимут ұшақтарда, дәлірек айтқанда, магниттік компастың көрсетуі сенімсіз болатын полярлық аймақтарда ұшатын ұшақтарда (полярлық авиацияда) кеңінен қолданылады. Гироскоп ракета жылдамдығын анықтау үшін де пайдаланылады. Ішпектегі үйкеліс әсерінен дәл теңгерілген гироскопта да прецессия құбылысы пайда болады. Бұл прецессияның бұрыштық жылдамдығы ілме осіне әсер ететін үйкеліс моментінің шамасымен анықталады. Гироскоптың ең маңызды қызметінің бірі – оның көмегімен қозғалыстағы нысан үстіндегі денелердің ырғалуын тыныштандыру. Гироскоптық тыныштандырғыш құрылғылар автоұшқыштар мен авторульдерде пайдаланылады. Күрделі гироскоптар кеме сияқты үлкен нысандардың ырғалуын тыныштандыру үшін қолданылады.
Ылғида қайталанатын прецессиясы
Гироскоптың ылғида қайталанатын прецессиясы – гироскоптың жуықтап қана кайталанатын прецессиясы.
Дереккөздер
- Балалар энциклопедиясы, III-том
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Giroskop shapshan ajnalatyn zhәne ajnalu osi simmetriya osi ozinin kenistiktegi bagytyn ozgerte alatyn simmetriyaly katty dene Onyn karapajym mysalyna balalar ojnajtyn zyryldauyk zhatady Giroskoptyk әser aspan denelerinde kemege ornatylgan turbina rotorynda ushak vintinde t b bajkalady Giroskop 1 ozi bajlanyskan ajnalymnyn sanau zhүjesin tabuyna arnalgan kural 2 tez ajnalatyn katty dene onyn ajnalu osi kenistikte ozinin zhagdajyn ozgerte alady Eger giroskoptyn osine momenti M Ph ka ten R kos kүshi h kos kүshtin iini tүsirilse onda giroskop h osinin bagytymen emes kүtpegen bagytta yagni u osinin bagytymen ajnala bastajdy Syrtky kүshter әser etpese giroskop grekshe gyros dongelek gyruo ajnalamyn zhәne skop koremin bakylajmyn erkin giroskop dep atalady Mysaly ushakpen kememen raketamen t b katynas kolikterimen tek kardan ilmesinin sakinalary arkyly bajlanysatyn giroskop erkin giroskop bolyp sanalady Giroskopty әr tүrli kozgalystardy baskaru үshin koldanuga bolady Birak dәl tengerilgen giroskopty zhasau ote kүrdeli zhumys Giroskopty tengeru yagni onyn auyrlyk centrin kardan ilmesinin centrimen bir nүktege keltiru ote үlken dәldikti kazhet etedi Қosymsha zhүk arkyly giroskoptyn gorizontal osinin dүnie taraptaryna karagandagy bagytyn ozgertpeuge bolady Giroazimut dep atalatyn mundaj giroskop kompas kyzmetin atkara alady Giroazimut ushaktarda dәlirek ajtkanda magnittik kompastyn korsetui senimsiz bolatyn polyarlyk ajmaktarda ushatyn ushaktarda polyarlyk aviaciyada keninen koldanylady Giroskop raketa zhyldamdygyn anyktau үshin de pajdalanylady Ishpektegi үjkelis әserinen dәl tengerilgen giroskopta da precessiya kubylysy pajda bolady Bul precessiyanyn buryshtyk zhyldamdygy ilme osine әser etetin үjkelis momentinin shamasymen anyktalady Giroskoptyn en manyzdy kyzmetinin biri onyn komegimen kozgalystagy nysan үstindegi denelerdin yrgaluyn tynyshtandyru Giroskoptyk tynyshtandyrgysh kurylgylar avtoushkyshtar men avtorulderde pajdalanylady Kүrdeli giroskoptar keme siyakty үlken nysandardyn yrgaluyn tynyshtandyru үshin koldanylady PrecessiyaYlgida kajtalanatyn precessiyasyGiroskoptyn ylgida kajtalanatyn precessiyasy giroskoptyn zhuyktap kana kajtalanatyn precessiyasy DerekkozderBalalar enciklopediyasy III tom Oryssha kazaksha tүsindirme zhalpy sozdik Kolik professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 29 1 b ISBN 9965 08 234 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet