Палеография (көне грекше: παλαιóς «ежелгі; маңызды» + γράφω «жазу») – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филологиялық арнайы пән. Палеография әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мысалы, иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді. Палеографияның ерекше саласы құпия жазу жүйелерінің графикасын зерттейді (криптография). Палеографияда зерттеудің арнайы әдістері (кескіндемелік деректерге талдау жасау техникасы, Палеографиялық белгілердің жиынтығы, т.б. арқылы қолжазбалардың уақытын анықтау әдіснамасы) жасалған. Сондай-ақ басқа ғылымдар мен арнайы пәндердің әдістері де қолданылады: тілтану (тілдік деректер бойынша қолжазбалардың уақыты мен жерін анықтау), текстология мен дипломатика (жазулар мен құжаттардың түрлері бойынша олардың мазмұндарын, стилін, мәтін тарихын анықтау), өнертану (миниатюралар, өрнектерді зерттеу), химия (сиялар мен басқа да бояу заттарға талдау жасау), физика (органикалық материалдардың жасын анықтау үшін радиоактивті изотоптарды пайдалану), т.б. Палеографияның теориялық жағы – жазу тарихы белгілі бір халық мәдениеті тарихының бөлігі бола отырып, оның іс-тәжірибелік жағы үшін ғылыми негіз береді. Ол әліпбилер мен тілге байланысты гректік, латындық, славян-орыс, армян, грузин, арабтық, т.б. Палеографияға бөлінеді. Кейбір ғалымдар (француз Ж.Маллон, австриялық Л.Сантифаллер, бельгиялық Ф.Мазе, т.б.) кез келген жазу үшін ортақ даму заңдарын құру қажеттілігі жөнінде мәселе қойғанымен, жалпы Палеография негіздері жасалған жоқ. “Палеография” терминін алғаш рет 18 ғасырда француз ғалымы Б.Монфокон қолданған. 20 ғасырдың ортасынан бастап Палеографияда жазба ескерткіштерді ол жазылған материалдарға қарамастан зерттеу бағыты пайда болды. Гректік Палеография ежелгі заманнан бастап Византия империясы құлағанға (1453) дейінгі грек жазуының тарихын зерттейді. Латындық Палеография латын әліпбиімен еуропалық тілдерде жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Латындық Палеографияның негізін 17 ғасырда Ж.Мобильон салды. Ол жазуды кітаби және дипломатилық деп бөлді, жазудың ұлттық типтерін (18 ғасырда енгізілген термин) – вестготтық, лангобардтық, ағылшын-сакстық және меровингтік типтерді анықтап, сипаттап жазды. Славян-орыстық Палеография глаголица және кириллицамен жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Армяндық Палеографияның негізін 19 ғасырдың соңында армян ғалымы Я.Ташян салды. Ол армян қолжазбаларының үлгілі каталогын құрастырды, бұл каталог Венадағы кітапханада сақтаулы. Каталогта 5 – 18 ғасырлардағы армян жазуының негізгі ескерткіштері енгізілген. Грузиндік Палеографияның ғылыми пән ретінде пайда болуы грузин жазуының барлық түрлерін кезеңдерге бөліп, Палеографиялық кестелер жариялаған Д.З. Бакрадзенің есімімен байланысты болды. 20 ғасырға таман Қытай Палеографиясы жеке ғылыми пән болып қалыптасты. Араб Палеографиясы араб әліпбиімен жазылған ескерткіштерді (араб, парсы, түрік, т.б. тілдерде) зерттейді. Еуропада араб қолжазбалары 17 ғасырдан бастап зерттелсе, Ресейде араб қолжазбаларын жинастыру мен оларды көшіру Петр І-нің кезінде басталды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Paleografiya kone grekshe palaios ezhelgi manyzdy grafw zhazu zhazu tarihyn onyn keskindik formalarynyn damu zandylyktaryn zertteumen sondaj ak ezhelgi zhazba eskertkishterdi oku olardyn avtorlaryn uakytyn zherin anyktaumen ajnalysatyn tarihi filologiyalyk arnajy pәn Paleografiya әripterdin keskindik formalary zhazba belgiler mysaly ieroglifter evolyuciyasyn olardyn kuramdas elementterinin proporciyalaryn shrifterdin tүrleri men evolyuciyasyn kyskartular zhүjesi men olardyn keskindik bejnelenuin zhazu materialy men kuraldaryn zerttejdi Paleografiyanyn erekshe salasy kupiya zhazu zhүjelerinin grafikasyn zerttejdi kriptografiya Paleografiyada zertteudin arnajy әdisteri keskindemelik derekterge taldau zhasau tehnikasy Paleografiyalyk belgilerdin zhiyntygy t b arkyly kolzhazbalardyn uakytyn anyktau әdisnamasy zhasalgan Sondaj ak baska gylymdar men arnajy pәnderdin әdisteri de koldanylady tiltanu tildik derekter bojynsha kolzhazbalardyn uakyty men zherin anyktau tekstologiya men diplomatika zhazular men kuzhattardyn tүrleri bojynsha olardyn mazmundaryn stilin mәtin tarihyn anyktau onertanu miniatyuralar ornekterdi zertteu himiya siyalar men baska da boyau zattarga taldau zhasau fizika organikalyk materialdardyn zhasyn anyktau үshin radioaktivti izotoptardy pajdalanu t b Paleografiyanyn teoriyalyk zhagy zhazu tarihy belgili bir halyk mәdenieti tarihynyn boligi bola otyryp onyn is tәzhiribelik zhagy үshin gylymi negiz beredi Ol әlipbiler men tilge bajlanysty grektik latyndyk slavyan orys armyan gruzin arabtyk t b Paleografiyaga bolinedi Kejbir galymdar francuz Zh Mallon avstriyalyk L Santifaller belgiyalyk F Maze t b kez kelgen zhazu үshin ortak damu zandaryn kuru kazhettiligi zhoninde mәsele kojganymen zhalpy Paleografiya negizderi zhasalgan zhok Paleografiya terminin algash ret 18 gasyrda francuz galymy B Monfokon koldangan 20 gasyrdyn ortasynan bastap Paleografiyada zhazba eskertkishterdi ol zhazylgan materialdarga karamastan zertteu bagyty pajda boldy Grektik Paleografiya ezhelgi zamannan bastap Vizantiya imperiyasy kulaganga 1453 dejingi grek zhazuynyn tarihyn zerttejdi Latyndyk Paleografiya latyn әlipbiimen europalyk tilderde zhazylgan zhazba eskertkishterdi zerttejdi Latyndyk Paleografiyanyn negizin 17 gasyrda Zh Mobilon saldy Ol zhazudy kitabi zhәne diplomatilyk dep boldi zhazudyn ulttyk tipterin 18 gasyrda engizilgen termin vestgottyk langobardtyk agylshyn sakstyk zhәne merovingtik tipterdi anyktap sipattap zhazdy Slavyan orystyk Paleografiya glagolica zhәne kirillicamen zhazylgan zhazba eskertkishterdi zerttejdi Armyandyk Paleografiyanyn negizin 19 gasyrdyn sonynda armyan galymy Ya Tashyan saldy Ol armyan kolzhazbalarynyn үlgili katalogyn kurastyrdy bul katalog Venadagy kitaphanada saktauly Katalogta 5 18 gasyrlardagy armyan zhazuynyn negizgi eskertkishteri engizilgen Gruzindik Paleografiyanyn gylymi pәn retinde pajda boluy gruzin zhazuynyn barlyk tүrlerin kezenderge bolip Paleografiyalyk kesteler zhariyalagan D Z Bakradzenin esimimen bajlanysty boldy 20 gasyrga taman Қytaj Paleografiyasy zheke gylymi pәn bolyp kalyptasty Arab Paleografiyasy arab әlipbiimen zhazylgan eskertkishterdi arab parsy tүrik t b tilderde zerttejdi Europada arab kolzhazbalary 17 gasyrdan bastap zerttelse Resejde arab kolzhazbalaryn zhinastyru men olardy koshiru Petr I nin kezinde bastaldy PaleografiyaDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet