Тибет медицинасы – дәстүрлі медицина түрі. Тибет медицинасы Тибет жерінде 5–7 ғасырларда кең етек алған көне қытай және медицинасы (Аюрведа саласы) жетістіктерінен бастау алады. Тибет медицинасы туралы алғашқы деректер 9 ғасырда санскриттен аударылған «Чжуд-ши» («Төрт баяндама») трактаттарында келтірілген және бұл еңбек осы күнге дейін Тибет медицинасын оқып-үйренуде өз маңызын жойған жоқ. Табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің үш бастамадан (жел, сілекей, өт) құралатыны жөніндегі түсінік – Тибет медицинасының түп негізі болып табылады. Бұл заттар үнемі қозғалыста болады. Егер бұл заттардың арасындағы сәйкестік (гармония) бұзылмаса – физиологиялық норма, ал бұзылса – патология деп есептелінеді. Олардың өзара қатынасы әрбір адамның темпераменті мен мінез ерекшеліктерін анықтайды. Тибет медицинасымен емдегенде дәрігер ауруды «көруі, естуі және зерттеуі» қажет. Ауруды «сатымен жоғары көтерілу» әдісімен емдейді, яғни әуелі кеңес беру, одан кейін организмге қажетті диета тағайындау, дәрі беру, мұның бәрі көмектеспеген жағдайда ғана пышақ қолдану. «Чжуд-ши» трактатында 400-дей аурудың түрі мен олардан туатын 1616 жаңа аурудың түрі сипатталған. Ең қиыны бала мен әйелді емдеу екені атап көрсетілген. Ежелгі Тибетте дәрігерді қасиетті, киелі адам деп есептеген. Зерттеушілер Тибетте дәрі-дәрмекті пайдаланудың 2 кезеңін бөліп көрсетеді:
- б.з. 1-мыңжылдығының басында тропиктік белдеуде орналасқан Үндістан мен Қытай дәрілері;
- б.з. 1-мыңжылдығының ортасында жергілікті дәрілерді пайдалану.
Сол кезде Тибет дәрілерінің тізімі 1000-нан асып кеткен. Тибет медицинасының ең негізгі бөлімі – (дұрыс және таза тамақтану). Әр түрлі жануарлардың еті (құстар, сүтқоректілер, тасбақа, жылан) көптеген ауруларды емдеуге пайдаланылды. Дұрыс, бір мезгілде тамақтанатын адамдарда ас қорыту, зат алмасу процесі жақсы жүретіні, соның нәтижесінде организм қалдықтары (үлкен дәрет, несеп, тер) организмнен толық шығатыны, ал мұның өте пайдалы екені насихатталды. Сонымен қатар ұйқы, демалу, жыныс қатынасы туралы да кеңестер беріледі. 13 ғасырда Моңғолия Тибет медицинасын толықтай қабылдады. Ал Қазақстанда Тибет медицинасын оқыту Дәрігерлер білімін жетілдіру институтындағы кафедрада, (Түркістан қаласы) жүргізіледі.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tibet medicinasy dәstүrli medicina tүri Tibet medicinasy Tibet zherinde 5 7 gasyrlarda ken etek algan kone kytaj zhәne medicinasy Ayurveda salasy zhetistikterinen bastau alady Tibet medicinasy turaly algashky derekter 9 gasyrda sanskritten audarylgan Chzhud shi Tort bayandama traktattarynda keltirilgen zhәne bul enbek osy kүnge dejin Tibet medicinasyn okyp үjrenude oz manyzyn zhojgan zhok Tabigattagy barlyk tirshilik ielerinin үsh bastamadan zhel silekej ot kuralatyny zhonindegi tүsinik Tibet medicinasynyn tүp negizi bolyp tabylady Bul zattar үnemi kozgalysta bolady Eger bul zattardyn arasyndagy sәjkestik garmoniya buzylmasa fiziologiyalyk norma al buzylsa patologiya dep eseptelinedi Olardyn ozara katynasy әrbir adamnyn temperamenti men minez erekshelikterin anyktajdy Tibet medicinasymen emdegende dәriger aurudy korui estui zhәne zertteui kazhet Aurudy satymen zhogary koterilu әdisimen emdejdi yagni әueli kenes beru odan kejin organizmge kazhetti dieta tagajyndau dәri beru munyn bәri komektespegen zhagdajda gana pyshak koldanu Chzhud shi traktatynda 400 dej aurudyn tүri men olardan tuatyn 1616 zhana aurudyn tүri sipattalgan En kiyny bala men әjeldi emdeu ekeni atap korsetilgen Ezhelgi Tibette dәrigerdi kasietti kieli adam dep eseptegen Zertteushiler Tibette dәri dәrmekti pajdalanudyn 2 kezenin bolip korsetedi b z 1 mynzhyldygynyn basynda tropiktik beldeude ornalaskan Үndistan men Қytaj dәrileri b z 1 mynzhyldygynyn ortasynda zhergilikti dәrilerdi pajdalanu Sol kezde Tibet dәrilerinin tizimi 1000 nan asyp ketken Tibet medicinasynyn en negizgi bolimi durys zhәne taza tamaktanu Әr tүrli zhanuarlardyn eti kustar sүtkorektiler tasbaka zhylan koptegen aurulardy emdeuge pajdalanyldy Durys bir mezgilde tamaktanatyn adamdarda as korytu zat almasu procesi zhaksy zhүretini sonyn nәtizhesinde organizm kaldyktary үlken dәret nesep ter organizmnen tolyk shygatyny al munyn ote pajdaly ekeni nasihattaldy Sonymen katar ujky demalu zhynys katynasy turaly da kenester beriledi 13 gasyrda Mongoliya Tibet medicinasyn tolyktaj kabyldady Al Қazakstanda Tibet medicinasyn okytu Dәrigerler bilimin zhetildiru institutyndagy kafedrada Tүrkistan kalasy zhүrgiziledi DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy 18 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet