XVII ғасырдың бірқатар Еуропа елдерінде корольдік билік орнаған соң, өнердегі ең басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм (classicus) латын тілінен аударғанда "ең үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда XVII—XVIII ғғ. кең етек жайды. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және римнің классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизмге тән негізгі ерекшелік — көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды "үш бірлікті" сақтай отырып жазу керек. Бұл "үш бірлікті" сақтамаса, жоғарыда айтылған ережеге сәйкес болмайды. "Үш бірлік" дегеніміз — уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік — 24 сағат ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір жерде, бір өтуі керек) және оқиға бірлігі (мұнда оқиға бірінен-бірі туып, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік шиеленісте болуы керек). Трагедия міндетті түрде 5 актіден құрылып және бөлек — жазылуы керек болды.
Классицизм драмасында суреттелген кейіпкерлер, әдетте, үстем тап өкілдерінен ғана алынды. Төменгі тап өкілдері тек комедиялық шығармаларға ғана тән болды. Тақырыпты және шығармаға қатысушы кейіпкерлерді осылай таңдап алудың әсерінен, классицизм әдебиетінің жаңа түрлері — трагедия, комедия және батырлықты суреттеген поэмалар, поэзияның лирикалық түрлерінен ода болды. Бұл кезеңдегі классицизмнің ірі өкілдері — Никола Буалоның поэтикалық толғаулары, Пьер Корнельдің, Жан Расиннің трагедиялары, Жан Батист Мольердің комедиялары, т.б. кеңінен мәлім.
Театр өнеріндегі классицизм XVII—XVIII ғғ. Францияда кең өріс алды. Ол Н.Буалоның "Поэтика өнері" атты теориялық поэмасы негізінде қалыптасты. Классицизм трагедияға тән кейіпкердің көңіл күйі мен сезім дүниесін орынсыз әсерлеп кәрсететін тәсілден арылуға әрі драмалық шығармалардың идеясын тереңірек ашуға жол салып, театрды шынайы өнер биігіне көтерді. Рөл үстінде саналы оймен жұмыс істеу актерлер шығармашылығының негізгі бір шартына айналды. Бірақ актер ойнайтын қаһарманының ішкі жан дүниесінен гөрі оның сыртқы бейнесіне, сахналық қимыл-әрекетіне көбірек көңіл аударды. Мысалы, трагедиялық актерден өлең жолдарын мәнеріне келтіріп, сезіммен әсерлеп оқу ғана талап етілді. Ал, жалпы, актерлік өнерде шартты сахналық кимыл-әрекет кең қанат жайды. Мұның өзі актерлік амплуаны туғызды. Актерлік өнерде классицизмге тән қайшылықтар да бой көрсетті. Табиғатқа, ақыл-ой мен шындыққа негізделген сахналық ұстанымдар, көбіне тоғышар ақсүйектердің және сарай төңірегіндегілердің талғам-талабынан аса алмады. Актерлер — сахнада кімнің рөлін ойнаса да, оны сұлу, өмірдегіден әлдеқайда "биігірек" етіп көрсетуге тырысты. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі, театрдан алыстады. Трагедиялық актер өнерінде музыкалы-поэтикалық негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты классикалық спектакль — , характерлерді ашуда монологтік қағидаға негізделді. Пьер Корнель, Жан Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор каһармандық пафосқа, психологиялық шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды.
Пьер Корнель (1606—1684)
Қаһармандық трагедияның жаңа үлгісін жасаушы. Ол ғасырдың гуманистік идеяларын толық білдіріп, классикалық драматургия жанрының биік эстетикалық нормаларын іске асырды. Корнельдің 1936 жылы жазған “Сид” трагедиясы француз театр тарихының өте маңызды кезеңін бастады. Драматургия мен театр саласындағы XVIII ғасырдағы француз театрын өз ықпалына бағындырған классицизм, осыдан бастап ең басты стильдік бағыт болды және Еуропаның басқа елдерінің драмалық және сахналық шығармашылығының дамуына әсер етті.
Классикалық трагедия жанры дамуының екінші кезеңі Жан Расиннің (1639—1699) атымен байланысты. Ол бұл жанрды терең эстетикалық мәселелермен және каһармандарын психологиялық жағынан суреттеумен байытты.
Салтанаттық дерексіздік пен монументтілікке құрылған сахналық безендірулер спектакль формасын айқындады. Әсем көріністі декорация аясындағы тар, үнсіз қозғалыссыз, симметриялы мизансценалар құрылды. Спектакльдер, негізінен, симметрияға құрылған мизансценаларымен, монументтік сән-салтанатымен ерекшеленеді, ал актерлер тарихи және тұрмыстық нақтылықтан жұрдай декорация аясында ойнады. Классицизмнің актерлік өнерде орнығып калыптасуы Г.Мондори, Ж.Флоридор, Т.Дюпарк, М.Шанмеле сияқты француз актерлерінің шығармашылығымен байланысты болды.
XVII ғасырдың ортасында классикалық комедияның реалистік реформасын жасаған Жан Батист Мольер қызметінің нәтижесінде, қарапайым халық өкілдерінің сахналық бейнесі жасалды. 1680 жылы Парижде "Комеди Франсез" театрының негізі қаланды. Актерлік өнерде әлеуметтік типтендіру мен түрлену өнерінің алғашқы белгілері орын тебе бастады. Мұның өзі еуропалық театрдың кейінгі даму сатысында, әсіресе трагедиялық актерлер ойынынан айқын көрініс тапты. Шынайы толғаныс, қарапайым стильге деген ұмтылыс Мишель Бaрон мен Адриенна Лекуврёр және т.б. актерлер өнерінен байкалды.
Жан Батист Мольер (1622—1673)
Реалистік драматургияның өркендеуіне негіз салған "жоғары комедия" жанрын туғызушы, буржуазиялық қоғамның әлеуметтік мерезін аяусыз әшкерелейтін комедиялық шығарманың жаңа типін жасаушы. Жан Батист Поклен патша сарайының үй жиһазын жасаушы Жан Поклен шебердің отбасында туған. 1639 жылы бітіргеннен кейін Жан Батист Поклен театр жұмысына беріліп, Мольер деген бүркеншік ат алып, 1643 жылы "Әшекейлі театрды" ұйымдастырушыларының бірі болады. Бірақ оның пьесалары орындаушылардың тәжірибесі аз, актерлік шеберліктері төмен болғандықтан, бұл ісінен оншалықты нәтиже шыға қоймайды. Бұдан кейін ол Парижді тастап, соңғы он үш жыл ішінде (1645—1658) көшпелі театр труппасымен халық алдында өнер көрсетіп, шағын комедиялық пьесалар жазумен шұғылданды. Провинцияда өткен жылдарында Мольер халық өмірінің ащы шындығын көреді. Болашақ драматург қайыршылықпен катар халықтың ақылын, күшін, ерлігін бағалайды. Мольер және оның актерлері — Франция қалалары Нанта мен Тулуза, Нарбонне мен Лиможде, Лион мен Гренобльде, Безье мен Руанда, доп ойынына арналған залдарда, қонақ үйлерде және ашық аспан аясында өз өнерлерін көрсетті. Мольер алғашқы көлемді "Ерке”, "Махаббат өкініші" атты комедияларын италия драматургтеріне еліктеп жазып, қарапайым халық өкілдерінің өмірін суреттеп көрсеткен. Мольер есімі патша сарайында 1659 жылы қойылған "Сөлекет қылымсы" пьесасынан кейін кеңінен мәлім болды. XIV Людовик сеніміне ие болып, театр ұйымдастыру, пьеса жазу, спектакльдер көрсету жұмысымен қызу шұғылданды. Сарай маңындағы тоғышарлардың қудалауына қарамай, шығармашылық үлкен табысқа ие болды. Ол: "Әйелдер мектебі", “Версалъ экспромты” т.б. комедияларын жазды. Әйтсе де Мольердің даңқын шығарған, оның: "Тартюф", “Дон Жуан", "Мизантроп" атты комедиялары болды. Аталған шығармаларында Мольер әлеуметтік мәселелерді шынайы суреттеп, ақсүйектер әулетінің екіжүзділігін, діни ар-ұжданның жалғандығын, Сарай маңындағы жандайшаптардың тоғышарлық жұмысын аяусыз әшкерелеп көрсеткен. Бұдан кейінгі жылдары жазған: "Сараң" "Скапеннің айласы", “Жалған сырқат” т.б. драматургиялық шығармаларында буржуазиялық қоғамның сан алуан мерезді көрінісін терең бейнеледі. Мольер комедиялары XVIII ғасырдың басынан Ресейдің театрларында қойылып келеді. Қазақ театрларында Мольердің "Сараң" “Ақымақ болған басым-ай" ("Жорж Данден"), т.б. комедиялары қойылды. Кейіннен Мольер қайтыс болғанда, шіркеуліктер "Тартюф" комедиясы үшін сүйегін шіркеу қасындағы зиратқа қойғызбады. Тіпті корольдің сөзіне де бағынбады. Париж архиепископынан приходтық зиратқа жерлеуге әрең рұқсат сұрап алынады.
Дереккөздер
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
XVII gasyrdyn birkatar Europa elderinde koroldik bilik ornagan son onerdegi en basty bagyt bolyp klassicizm kalyptasady Klassicizm classicus latyn tilinen audarganda en үlgili degen magynany bildiredi Dramaturgiya men teatr zhagynan klassicizm әsirese Franciyada XVII XVIII gg ken etek zhajdy Әdebiettegi klassicizm erte zamandagy grek zhәne rimnin klassikalyk әdebi shygarmalaryn үlgi tutty Klassicizmge tәn negizgi erekshelik korkem shygarmanyn kurylysyn bir tәrtipke bagyndyru Mysaly dramalyk shygarmalardy үsh birlikti saktaj otyryp zhazu kerek Bul үsh birlikti saktamasa zhogaryda ajtylgan erezhege sәjkes bolmajdy Үsh birlik degenimiz uakyt birligi okiga bir tәulik 24 sagat ishinde gana boluy kerek oryn birligi okiga tek bir zherde bir otui kerek zhәne okiga birligi munda okiga birinen biri tuyp bir izben damyp otyratyn bir gana syuzhettik shieleniste boluy kerek Tragediya mindetti tүrde 5 aktiden kurylyp zhәne bolek zhazyluy kerek boldy Klassicizm dramasynda surettelgen kejipkerler әdette үstem tap okilderinen gana alyndy Tomengi tap okilderi tek komediyalyk shygarmalarga gana tәn boldy Takyrypty zhәne shygarmaga katysushy kejipkerlerdi osylaj tandap aludyn әserinen klassicizm әdebietinin zhana tүrleri tragediya komediya zhәne batyrlykty surettegen poemalar poeziyanyn lirikalyk tүrlerinen oda boldy Bul kezendegi klassicizmnin iri okilderi Nikola Bualonyn poetikalyk tolgaulary Per Korneldin Zhan Rasinnin tragediyalary Zhan Batist Molerdin komediyalary t b keninen mәlim Per Kornel Teatr onerindegi klassicizm XVII XVIII gg Franciyada ken oris aldy Ol N Bualonyn Poetika oneri atty teoriyalyk poemasy negizinde kalyptasty Klassicizm tragediyaga tәn kejipkerdin konil kүji men sezim dүniesin orynsyz әserlep kәrsetetin tәsilden aryluga әri dramalyk shygarmalardyn ideyasyn terenirek ashuga zhol salyp teatrdy shynajy oner biigine koterdi Rol үstinde sanaly ojmen zhumys isteu akterler shygarmashylygynyn negizgi bir shartyna ajnaldy Birak akter ojnajtyn kaһarmanynyn ishki zhan dүniesinen gori onyn syrtky bejnesine sahnalyk kimyl әreketine kobirek konil audardy Mysaly tragediyalyk akterden olen zholdaryn mәnerine keltirip sezimmen әserlep oku gana talap etildi Al zhalpy akterlik onerde shartty sahnalyk kimyl әreket ken kanat zhajdy Munyn ozi akterlik ampluany tugyzdy Akterlik onerde klassicizmge tәn kajshylyktar da boj korsetti Tabigatka akyl oj men shyndykka negizdelgen sahnalyk ustanymdar kobine togyshar aksүjekterdin zhәne saraj toniregindegilerdin talgam talabynan asa almady Akterler sahnada kimnin rolin ojnasa da ony sulu omirdegiden әldekajda biigirek etip korsetuge tyrysty Korermennin zhan dүniesin baurap alar akterlik sezim dүniesi teatrdan alystady Tragediyalyk akter onerinde muzykaly poetikalyk negizdelgen princip tuzhyrymdaldy Sana men emociya borysh pen sezim arasyndagy kajshylyktar zhәne onyn borysh pen akyl oj pajdasyna karaj sheshilui dramalyk әrekettin negizgi ozegine ajnaldy Osygan bajlanysty klassikalyk spektakl harakterlerdi ashuda monologtik kagidaga negizdeldi Per Kornel Zhan Rasin siyakty kornekti francuz dramaturgteri oz pesalaryn zor kaһarmandyk pafoska psihologiyalyk shynajylykka tartystyn ishki tragizmine kurdy Per Kornel 1606 1684 Қaһarmandyk tragediyanyn zhana үlgisin zhasaushy Ol gasyrdyn gumanistik ideyalaryn tolyk bildirip klassikalyk dramaturgiya zhanrynyn biik estetikalyk normalaryn iske asyrdy Korneldin 1936 zhyly zhazgan Sid tragediyasy francuz teatr tarihynyn ote manyzdy kezenin bastady Dramaturgiya men teatr salasyndagy XVIII gasyrdagy francuz teatryn oz ykpalyna bagyndyrgan klassicizm osydan bastap en basty stildik bagyt boldy zhәne Europanyn baska elderinin dramalyk zhәne sahnalyk shygarmashylygynyn damuyna әser etti Zhan Rasin Klassikalyk tragediya zhanry damuynyn ekinshi kezeni Zhan Rasinnin 1639 1699 atymen bajlanysty Ol bul zhanrdy teren estetikalyk mәselelermen zhәne kaһarmandaryn psihologiyalyk zhagynan suretteumen bajytty Saltanattyk dereksizdik pen monumenttilikke kurylgan sahnalyk bezendiruler spektakl formasyn ajkyndady Әsem korinisti dekoraciya ayasyndagy tar үnsiz kozgalyssyz simmetriyaly mizanscenalar kuryldy Spektaklder negizinen simmetriyaga kurylgan mizanscenalarymen monumenttik sәn saltanatymen erekshelenedi al akterler tarihi zhәne turmystyk naktylyktan zhurdaj dekoraciya ayasynda ojnady Klassicizmnin akterlik onerde ornygyp kalyptasuy G Mondori Zh Floridor T Dyupark M Shanmele siyakty francuz akterlerinin shygarmashylygymen bajlanysty boldy XVII gasyrdyn ortasynda klassikalyk komediyanyn realistik reformasyn zhasagan Zhan Batist Moler kyzmetinin nәtizhesinde karapajym halyk okilderinin sahnalyk bejnesi zhasaldy 1680 zhyly Parizhde Komedi Fransez teatrynyn negizi kalandy Akterlik onerde әleumettik tiptendiru men tүrlenu onerinin algashky belgileri oryn tebe bastady Munyn ozi europalyk teatrdyn kejingi damu satysynda әsirese tragediyalyk akterler ojynynan ajkyn korinis tapty Shynajy tolganys karapajym stilge degen umtylys Mishel Baron men Adrienna Lekuvryor zhәne t b akterler onerinen bajkaldy Zhan Batist Moler 1622 1673 Realistik dramaturgiyanyn orkendeuine negiz salgan zhogary komediya zhanryn tugyzushy burzhuaziyalyk kogamnyn әleumettik merezin ayausyz әshkerelejtin komediyalyk shygarmanyn zhana tipin zhasaushy Zhan Batist Poklen patsha sarajynyn үj zhiһazyn zhasaushy Zhan Poklen sheberdin otbasynda tugan 1639 zhyly bitirgennen kejin Zhan Batist Poklen teatr zhumysyna berilip Moler degen bүrkenshik at alyp 1643 zhyly Әshekejli teatrdy ujymdastyrushylarynyn biri bolady Birak onyn pesalary oryndaushylardyn tәzhiribesi az akterlik sheberlikteri tomen bolgandyktan bul isinen onshalykty nәtizhe shyga kojmajdy Budan kejin ol Parizhdi tastap songy on үsh zhyl ishinde 1645 1658 koshpeli teatr truppasymen halyk aldynda oner korsetip shagyn komediyalyk pesalar zhazumen shugyldandy Provinciyada otken zhyldarynda Moler halyk omirinin ashy shyndygyn koredi Bolashak dramaturg kajyrshylykpen katar halyktyn akylyn kүshin erligin bagalajdy Moler zhәne onyn akterleri Franciya kalalary Nanta men Tuluza Narbonne men Limozhde Lion men Grenoblde Beze men Ruanda dop ojynyna arnalgan zaldarda konak үjlerde zhәne ashyk aspan ayasynda oz onerlerin korsetti Moler algashky kolemdi Erke Mahabbat okinishi atty komediyalaryn italiya dramaturgterine eliktep zhazyp karapajym halyk okilderinin omirin surettep korsetken Moler esimi patsha sarajynda 1659 zhyly kojylgan Soleket kylymsy pesasynan kejin keninen mәlim boldy XIV Lyudovik senimine ie bolyp teatr ujymdastyru pesa zhazu spektaklder korsetu zhumysymen kyzu shugyldandy Saraj manyndagy togysharlardyn kudalauyna karamaj shygarmashylyk үlken tabyska ie boldy Ol Әjelder mektebi Versal ekspromty t b komediyalaryn zhazdy Әjtse de Molerdin dankyn shygargan onyn Tartyuf Don Zhuan Mizantrop atty komediyalary boldy Atalgan shygarmalarynda Moler әleumettik mәselelerdi shynajy surettep aksүjekter әuletinin ekizhүzdiligin dini ar uzhdannyn zhalgandygyn Saraj manyndagy zhandajshaptardyn togysharlyk zhumysyn ayausyz әshkerelep korsetken Budan kejingi zhyldary zhazgan Saran Skapennin ajlasy Zhalgan syrkat t b dramaturgiyalyk shygarmalarynda burzhuaziyalyk kogamnyn san aluan merezdi korinisin teren bejneledi Moler komediyalary XVIII gasyrdyn basynan Resejdin teatrlarynda kojylyp keledi Қazak teatrlarynda Molerdin Saran Akymak bolgan basym aj Zhorzh Danden t b komediyalary kojyldy Kejinnen Moler kajtys bolganda shirkeulikter Tartyuf komediyasy үshin sүjegin shirkeu kasyndagy ziratka kojgyzbady Tipti koroldin sozine de bagynbady Parizh arhiepiskopynan prihodtyk ziratka zherleuge әren ruksat surap alynady Derekkozder Өner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet