Руникалық жазбалардан Тәңірдің қалауымен Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей руникасында «Құдай қалауындағы ел» деп аталады. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы – мазмұны жағынан архаикалық болып келеді, атап айтқанда көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық бірегейлік туралы» сөз қозғағанда «халықтың рухының жерұйығы» туралы ой тастайды. Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі. «Жерұйық» концепциясының негізін түркілер заманынан іздеу осынысымен маңызды. Танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Ақтолқын Құлсариева «Қазақ ұлтынан қазақ еліне» атты мақалалар жинағында «Тәуелсіз Қазақстан идеясы – Жерұйық Қазақстан» атты мақаласында: «Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік азаматтық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, тәуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея «Жерұйық Қазақстан» болмақ», – дей келе, «Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан қайғыдай өз еліне малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. «Құтты қоныс» іздеу – әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция» [2], – деген салиқалы ой білдіреді. Яғни, «Жерұйық» концепциясы ғалымның пікірінше, халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтаған құтты қоныс. Себебі, түркі халықтарының рухани әлемінде өзіндік жинақтаушы күшке ие болған ұғымның қатарына «құт» феноменін жатқызамыз. Барлық елдердегідей түркі тілдес тайпалар да бір-біріне жақсы лебізін, игіліктің көбеюін білдіруте тырысқан. [3]. Бұл турасында белгілі түркітанушы ғалым, Ахмет Ташағыл көне түркілер үшін тәуелсіздіктің маңызын Орхон-Енисей жазбаларының мән-мәтінімен түсіндіреді. Оның ойынша «Жерұйық» – түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен байланысы бар құтты мекен. «Себебі, түркілердің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оны жоғалтуы жайында Орхон жазба ескерткіштерінде барынша тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті жоғалтудың халық үшін өліммен тең екені, тәуелсіздікті алудың қайта тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы және халықтың осындай оқиғалардан сабақ алу керектігі баса айтылған» [4], – деп атап көрсетеді. Егер тарихи деректерге сүйенсек, 630-680 жылдары арасында түркі мемлекеті Қытай басқыншылығына ұшыраған кезеңде тәуелсіздік жолында бірнеше рет көтеріліске шыққандығы белгілі. Нәтижесінде 679 жылы басталған көтеріліс 682 жылы Түркі мемлекетінің тәуелсіздік алуымен аяқталды. Бұл – Түркі қағанатының толық тәуелсіздікке мән беруінің маңызды дәлелінің бірі. Түркілер тәуелсіз мемлекетін сақтап қалу және оны дамыту үшін атадан жеткен асыл мұра – «Жерді» көзінің қарашығындай сақтаған. Көне түркілер дүниетанымында «мемлекет» – билеушінің жеке меншігі емес, Тәңір тарабынан берілген «құт» ретінде көрініс тапқан. Көне түркілер заманында ата-баба жерінің тәуелсіздігін сақтау және оны құтты қонысқа айналдыру – «Жерұйық» концепциясының архаикалық формасы болып табылады. Әрбір халықтың өзіндік тұрмыс-салтын туындатқан дүниетаным мифологияда өзіндік болмыс-бітім қалыптастырады. Мифтер ғылыми білім санатына жетпесе де, көне дәуірлерде орын алып, артынан ешбір із қалдырмаған белгілі бір оқиғалардың бетпердесін ашуға қабілетті және ғылыми талдау үшін нақты дерек бола алатын фактілер санатына жатады. Мифология мен дін тарихын зерттеуші Мирча Элиаде былай деп жазады: “Миф белгілі бір қасиетті тарих туралы, яғни Уақыт басында, ab initio… болған алғашқы оқиғаны сөз етеді. Бұл әрқашан “жаратылыс” туралы, белгілі бір заттың қалайша қалыптасқандығы, яғни өз тіршілігін қалай бастағандығы туралы сөз” [5]. Дж.Ф. Бирлайн: «Миф – адам баласы үшін барлық уақытта да бейне бір өзгермейтін, тұрақты дүние. Мифте көрініс тапқан жалпы модельдер, сюжеттер, тіпті ұсақ детальдар барлық жерде немесе затарда кездеседі. Оны басқаша айтқанда, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың естелік мұраларының жиынтығы. Миф – біздің дүниетанымымыздың құрылымында көрініс тапқан. Ол қанымызда, генімізде таңбаланған» [6]. Мәдени жәдігерлердегі мифтерді ұрпақтан ұрпаққа берілетін тек жалаң мәтіндер корпусы ретінде қабылдау бүгінгі әдістемелік тұрғыдан қате пікір, расында ол жәдігерлерден аға ұрпақтың әлемді қабылдау бейнесіне қатысты идеалдардың немесе түсінік-ұғымдардың жиынтығын семиотикалық деңгейде аңғаруға мүмкіндік мол [7]. Ерте орта ғасырдағы түркілердің мифологиясының мәдени антропологиялық, философиялық, гнесиологиялық және теологиялық тұрғыдан зерттеліп жатқандығын негізге ала отырып, көне түркілердің исламға дейінгі дүниетанымындағы «Жерұйық» концептісінің мазмұнын қарастыру үшін, ең алдымен көне түркілер дүниетанымының негізгі ұстыны саналатын Тәңірлік діни ұстанымына және оған қатысты зерттеушілер пікіріне тоқталу қажет. Зерттеуші Р.Байымбетованың ойынша: «ҮІІ-ІХ ғасырларда жазылған ескерткіштер тілі көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымын көрсететін Тәңірлік идеясы негізгі төрт бағытты қамтыды. Бірінші – Жалғыз жаратқан Ие – Тәңірге тағзым ету; екінші – мәңгі өзгермейтін әлем, Тәңір мекені – Көкті киелі санау; үшінші – тіршіліктің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп отырған, адам мекені – Жер-суды киелі санау; төртінші ата-баба рухын қадірлеу” [8]. «Жер-су» ұғымы ландшафтты сипаттама жағынан әлем бейнесінің этносаяси немесе антропологиялық тұрғыдан «жеке жерге» ие болу деген мағынаға сай келеді. Көне түркілердің этносаяси кеңістігі «жер-су» ұғымына эмоцианалды тұрғыдан белсенділік қасиеті берілген. Егер ол өзіндікі болса – қорғаушы, бөтен болса – дұшпандық. Сондықтан «жер-су» ұғымы түркілер дүниетанымында тек қасиетті ғана емес, тайпалық құдырет ретінде көрініс тапқан. Сол арқылы түркі мифологиясына енген. Оны Күлтегіннің жазуындағы «Көкте түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы» [9] мәтін мазмұнынан байқауға болады. Көне түркілер дүниетанымындағы Орта әлемінің қасиеттісі де «Жер-су» болып саналған. Ол Орхон жазбаларының мәтін мазмұны бойынша Тәңір және Ұмаймен бірлікте түркі халқына қамқорлық танытады. Көне түркілердің діни-мифологиялық тағылымдарына тоқталар болсақ, Орхон руникалық жазбаларының мән мәтінінде Тәңір, Ұмай және Жер-Су наным-сенім ұғымдары берілген. Академик С.Г. Кляшторный Сібір-Орталық Азия мифологиясының негізінде сол кезеңдегі халықтық дүниетанымда өзіндік құдайлардың классификациялау жүйесі орын алғандығын алға тартады. Атап айтқанда, макрокосм ежелгі түркілерді Жоғары, Орта және Төмеңгі трихотомды әлемдерге бөлген, олардың арасында жанды заттар, құдайлар және перілер болған. Бұл трихотомды концепция әлемнің көлденең моделін тігінең суреттейтін моделімен толықтырды. Оның ойынша, Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантеонының құдайы болды. Көк Тәңірі басқа құдайлармен бірлесе отырып, адамдардың тағдырын билеген. Тәңір қағандарға билік пен даналықты сыйлады. Жоғары әлемнің тағы бір құдайы Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім көне түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің қолында. Түркі мифологиясы Орта әлемде «Жер-Суды» киелі санады. Бұлардан басқа, С.Г. Кляшторный Х ғ. «Ырқ бітіг» деп аталатын Дуньхуан үңгірінен табылған руникалық жазбадан «Жол Тәңірі» деген атқа ие бірі ала, бірі қара аттағы жолдың құдайын айқындайды. Жол Тәңірі бейнесі түркілердің мемлекеттік культімен тікелей байланысты деп дәлелдейді. Орталық әлем мен Жоғары әлемнің арасы ардайым байланыста болған. Аталған байланыс халықтың сыйыну тілегімен көрініс тапқан [10]. Міне, С.Г. Кляшторный көне түркі мифологиясына байланысты архаикалық Орталық Азия наным-сенім кейіпкерлері ретінде жоғарыдағы наным-сенім иелерін көне түркі пантеонының басты сипаты ретінде көрсетеді. Аспан ғарыштың бөлшегі ретінде мифологияда және Орхон-Енисей жазбаларында «Көк-Тәңірі» деп аталады. «Көк аспан» – ұшу, көтерілу секілді етістіктермен сипатталады. Ал жер көне түркі мифологиясында төрт бұрышты, шаршы кеңістік. Күлтегіннің жазуында «Төрт бұрыштың бәрі жау еді» деген мәтін түркі әлемінің дүниетанымдық шекарасын көрсетеді. Ышбара қағанның хатында өздері мекен еткен аймақтан тыс мекенде «төрт теңіз» бар екендігі суреттеледі. Оны жердің төңірегіндегі әлемнің мәңгі өзгермейтін негізі немесе әлемнің шегі деп түсінуге болады. Руна ескерткіштерінің авторлары үшін әлемнің құрылысы көгілдір аспан адамдар мекен еткен әлемді яғни жерді жауып тұратын төбе. Атап айтар болсақ, Төбе өзенінің маңында табылған ескерткіштің соңғы екі жолында: - О, менің көк аспаным, бізге шатыр болар көр! - О, менің елім-Еділім, мәңгі жасай гөр! – деп жазылуы, түркілердің әлем түсінігін танытады. Бұл жөнінде Ышбара қағанның 585 жылы суй императорына жазған мына хат мәтіні жоғарыда көрсетілген көне түркі әлем моделін дамыта түседі. Мазмұнына тоқталар болсақ: «Аспан жауып тұрады, жер көтеріп жүреді, жеті ғаламшар сәуле беріп тұрады». Тағы атап кетер басты жайт, дәл осындай үйлесімді қайталау 600 ж. Кимін қағанның хатында да кездескен [11]. Ал ҮІІ ғасырда өмір сүрген Феофилакт Симатта Күлтегін ескерткішінде көрініс тапқан «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» деген сөз тіркесі бойынша мүлдем керісінше ой айтады. Ол өз заманында түркілер «жер мен аспанды жаратқан бір Құдайға табынады» [12] деп, мәлімдейтін дерек қалдырған. Ғалымдар пікірінің тоғысқан жері Орта әлемде көне түркілер «Жер-Суды» киелі санағандығында. Ата-бабасынан мирасқа қалған жерді киелі санау, Жерұйығын қасиет тұту көне түркі мифологиясында нақты көрініс тапқан. Себебі, Жерұйық – ежелгі түркілік «ыдық йер-суб» мифтік кеңістігінің қыпшақ тілді ортадағы кейінгі өзгерген атауы. Көне түркілік ыдуқ – «қасиетті» сөзі «үйекке» айналып кеткен, яғни Жер-Ыдуқтың көктүркілік «отты кеңістік» – Отұқ Кеңг – Ыдуқ Кеңг – Өтүкеннің соңғы өзгерісі, қазақ ұғымындағы сарқыншағы болып табылады. Дж. Клоссонның пікірінше, «Жер-Су» ұғымы Құдай емес, тәңірідей құрметтелген киелі ел, өлке, жер тараптың тұлғасы болған, яғни ол да Өтүкен, Ергенеқон образдарының синонимі болған деп шамалауға болады [13]. Бұл турасында Ахмет Ташағыл: «Отанға деген сүйіспеншілік Орхон жазба ескерткіштерінде анық сипатталған. Сонымен қатар орталық Отүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған. Себебі, көк түркілердің астанасы – Отүкен»,- деп атап көрсеткен. Түркілер мифологиясындағы «Жер-су» Орхон-Енисей ескерткіштерінде «Көк аспанға» оппозиция ретінде орын алған, жалпы, киелі деген мағынаны білдіретін терминологиялық ұғым болып табылады. «Жер-су» ұғымы ландшафты схема бойынша киелі тау шыңына пара-пар тігінен сипатталатын жазықтық немес кеңістік болып табылады. Оны С.Г. Кляшторный «священная Отюкенская чернь» [14], деп сипаттайды, бізше айтқанда «Жерұйығы» және көне түркі мифологиясы бойынша әлемнің кіндігін білдіреді, қағандар ордасын тіккен, түркі халқы мекен еткен, «төрт тарапқа» – «алға», «артқа», «оңға», «солға» жорыққа шыққан. Көне түркі түсінігінен қалған мифтік абыз-ақынның образы Асан қайғы турасында ой қозғауға алып келеді. Атап айтқанда, «Асан – «аспан адамы», қайғы – «ақын, жырау, сазгер» деген туынды мағынаға ие екендігін, Асан қайғы – «аспан жыршысы» екендігін ғана айта аламыз», – деген С. Қондыбайдың зерттеушілік пікірі, Асан қайғының «киелі жерді іздеген Асан» және көктүркілік «халқын киелі жерден, атамекеннен шығарған Асянь-шадты» бір трафаретке еңгізілген образ деп көрсетеді [15]. Л.П. Потапов та Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену – көне түркі қоғамында барлық топтарға таралды [16] деген пікір білдіреді. Осы негізде үш мифтік шығармашылық цикліне арналған алты мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді. Атап айтқанда, 1. Космогония және космология: әлемнің пайда болуы, оның құрылымы туралы және ғарыштық апат туралы мифтер; 2. Пантеон және социум: құдайлар туралы, құдай қалауындағы мемлекеттің және Тәңірі дүниеге алып келген қағандар туралы мифтер; 3. Этнология және генеология: түркі тайпасының шығу тегі туралы және түркі халқының қаһармандары туралы мифтер. Осы алты мифологиялық сюжеттің әр қайсысында «Жерұйық» концепциясының негізі жатқандығына көз жеткізуге болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы «көпірдің» орналасқан жері – «жердің кіндігі – Жерұйықта» дүниеге келген. Осы символдық бейнелеулер түркілік космологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы «Жерұйық» концепциясы негізінде қалыптасқан. Түркі мемлекеті, түркі ордасы дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл орталығында, әлемнің кіндігінде орналасқан. Әлемнің кіндігі – Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да киелі. Көктеме, жайлау, қыстау, күзеу – бұлар көшпелі қоғамның мемлекеттік шекарасы қызметін атқарады. Бұл кеңістіктер Тәңір тарапынан аталарына берілген мирас болғандықтан да қасиетті, киелі отан болып табылады. Өйткені, бұл кеңістіктер түп аталарының сүйегі жерленген – Жерұйық [17]. Бұл туралы Орхон стеллалары, Енисей қырғыздарының жазбалары, көне ұйғыр руникалық және курсивті мәтіндері, қимақ, қыпшақ, ғұз, қарлұқтар туралы мұсылман авторларының және Ұлы қорғанның солтүстігінде тұратын тайпалар туралы қытай деректеріндегі хабарламалардан да білуге болады. Дүниетанымды табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастық көзқарас тұрғысынан әлемді рухани түсіну, тану деп білсек, әр алуан маңызы бар адам бойындағы наным-сенім, сезім, көңіл-күй, талап дүниетанымға бірігіп, адамдардың әлемді түсіну, сол арқылы өзін түсіну, өзін қоршаған әлемде жайлы сезінудің біртұтас түсінігін қалыптастырады. ХХІ ғасырда қазақ халқының Жерұйығы – Тәуелсіз Қазақстан. «Тәуелсіз Қазақстан – Жерұйық Қазақстан» концепциясының бірлігі дұрыс екендігіне де толыққанды көз жеткіздік. Өйткені аталмыш концепция түркі әлем бірлігі мен бүгінгі қоғамдық тұтастықты көрсетеді. «Жерұйық» концепциясының тарихи, мифологиялық, философиялық мазмұны ұлттық рухымыздың түп-тамырынан сыр шертетіндігі, дүниетанымдық ерекшелігі – көне түркі мифологиялық бастауларынан қайнар алатындығы бүгінгі ізденісімізде толыққанды негізделді. Жаһандану заманында Қазақстан азаматы өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік өмірге жеке қатыстымын сезіндіруге мүмкіндік беретін тәуелсіздікпен орныққан, ұлттар мен ұлыстардың қасиетті, құтты мекеніне айналған «Қазақстан – Жерұйық» ұлттық идеясының концептуалды мазмұнын түйіндейтін болсақ, «Жерұйық» концепциясының тұғырнамасы түркі дүниетанымында көрініс тапқан. Негізгі мағынасы тәуелсіздік құндылығын ұлықтанған, ұлттар мен ұлыстар үшін құтты мекен саналатын қоныс. «Жерұйық» концепциясы – елдің ұлттық дүниетанымын, халқымыздың дара болмысын, этномәдени кеңістігін сипаттайтын, біртұтас этнотарихи жадында жалпытүркілік суперэтностың қыл өтпес тұтастығын және ұлттық идеяға ақпараттық негіз болар феномен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы.: Атамұра, 1999. 92 б.
2. Құлсариева А.Т. Тәуелсіз Қазақстан идеясы – жерұйық Қазақстан // Қазақ ұлтынан қазақ еліне. Алматы.: Қазақ университеті, 2010. 178-179 бб.
3. Нұрмұратов С.Е. Рухани қүндылықтардың калыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау) // Философия ғылымдарының докторы ғылыми дөрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2000. 129 б.
4. Ахмет Ташағыл. Түрік қағанатындағы адами құндылықтар // Тарих – Адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: Фолиант, 2006. - Т.10: Түркі халықтарының тарихи ойы. – 369 б.
5. Элиаде М. Священное и мирское / Пер. с фр. – М.: Издательство МГУ, 1994. – 142 с. 63 б.
6. Бирлайн Дж.Ф. Параллельная мифология. М., 1997. с.15
7. Ақмолдаева Ш.Б. древнекиргизская модель мира (на материалах эпоса «Манаса») Бишкек «шим» 1996. С.220
8. Байымбетова Р.Қ. Түркілер дүниетанымының тілдік репрезентациясы (ҮIІ-ІХ ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің тілі негізінде) / Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. Алматы, 2008. 15-б.
9. Күлтегін / Ғ. Айдаровтың нұсқасы. – Астана. Аударма., 2002 . – 66 бет
10. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М., 1964. С.103-114.
11. Liu Mau-tsai. Die chinesischen Nachrichten zur Geschichte der Ost-Türken. Bd. 1-2. Wiesbaden, 1958. Bd.1. S. 52-60. Bd. 2. S. 528.
12. Симокатта Фиофилакт. История. М., 1957. С. 161.
13. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-207
14. Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках // Памятники древнетюркской письменности и этнокультурная история Центральной Азии. М., 2006. С. 402.
15. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-31
16. Потапов Л.П. «Йер суб» в орхонских надписях // СТ. 1979. №6. С.71-77
17. Исаева М.Ү. Қазақ философиясындағы кеңістік пен уақыт мәселесі. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009, 61 б.
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Runikalyk zhazbalardan Tәnirdin kalauymen Tүrki memleketinin kurylgandygy turaly mәlimetter kop Zhalpy memleket Enisej runikasynda Қudaj kalauyndagy el dep atalady Bul kone mifologiyalyk cikl Tүrki kaganatynyn memlekettik kultinin azhyramas boligi Bүgingi tanda Orhon zhazbalaryndagy kone tүrkilerdin memlekettiginin zhәne kagandardyn dүniege kelu ereksheligi Ashina ruynan taragan tүrkilerdin tektiligi zhalpy tүrki halkynyn kaһarmandygy zhan zhakty zerttelgen Runikalyk zhazbalardagy fragmenttik mәlimetter bojynsha kone tүrkiler mifologiyasy mazmuny zhagynan arhaikalyk bolyp keledi atap ajtkanda kone tүrki mifologiyasy totemdi geneologiyalyk zhәne kosmogoniyalyk boluymen erekshe ekendigi de belgili Tүrki mifologiyasyndagy kone tүrki memlekettiginin pajda boluy turaly mif salystyrmaly tүrde elitarly zhәne sakraldy bukaralyk biliktin korinisi mifologiyalyk turgydan zhana kabatty bejnelejdi ҚR Prezidenti Elbasy N Ә Nazarbaev Ұlttyk biregejlik turaly soz kozgaganda halyktyn ruhynyn zherujygy turaly oj tastajdy Zhalpy Zherujyk ugymynyn konceptilik etimologiyasyn mifologiyalyk tugyrnamasyn anyktau manyzdy mәsele Zherujyk degende birinshiden kutty meken ojga oralady ol kazak halkynyn tarihynda Asan kajgynyn filosofiyasymen tygyz bajlanysty Sebebi Asan kajgy zhel mayasyna minip halkyna Zherujyk izdejdi Sonda zherujyk degenimiz kandaj zher zhәne bүgingi zamanda kazak halky oz zherujygyn tapty ma degen saualdarga zhauap izdeu kezek kүttirmes mәsele Orhon Enisej runikalyk zhazbalaryn negizge ala otyryp zhәne olardy arheologiyalyk etnografiyalyk mifologiyalyk derektermen tolyktyra otyryp kone tүrkilerdin dүnietanym tүsinigin zhәne olardyn kosmogoniyalyk tanymyn anyktauga negiz bar ҚR Prezidenti Elbasy N Ә Nazarbaev ozinin Tarih tolkynynda atty kitabynda Budan 1 5 myn zhyl buryngy gun nәsilderi tүrkiler Ashina ruynyn tүrkileri Ordos alabynan augan zhүndi tajpalarynyn ezhelgi aksүjek әulietinen taragan urpaktar Osynau zhana ruhani tolkynnyn togysynda tungysh Tүrki kaganaty Mәngilik El boj koteredi Bul үshinshi imperiya zhergilikti sak tajpalaryn budan argy mynzhyldykta gundardyn aryndy asau ruhynyn ykpalymen taratyp zhiberip Bajkaldan Kaspijge dejingi bajtak olkeni zhajlap kelgen Tүrki tajpalarymen biriktirip barlygyn oz kanatynyn astyna zhinagan 1 dep atap korsetui Қazak dalasynyn uly tүrki elinin kara shanyragy ekendigin ajkyndaj tүsedi Zherujyk koncepciyasynyn negizin tүrkiler zamanynan izdeu osynysymen manyzdy Tanymal mәdeniettanushy galym professor Aktolkyn Қulsarieva Қazak ultynan kazak eline atty makalalar zhinagynda Tәuelsiz Қazakstan ideyasy Zherujyk Қazakstan atty makalasynda Bizdin ulttyk ideyamyz da ulttyk ideologiyamyz da biik azamattyk kundylyktarga negizdelgen ulttyk kelisim ruhy negizinde kuralyp tәuelsizdik kundylygyn ulyktauy tiis Al sol ajtylgandardyn barlygyn oz bojyna syjdyratyn kyska da nuskalygymen bagaly ideya Zherujyk Қazakstan bolmak dej kele Zherujykty zhelmayamen izdegen armanshyl Asan kajgydaj oz eline malga shүjgin zheri bar zhanga zhajly eli bar bolashak tilejtini mәlim Қutty konys izdeu әlem halyktarynyn dүnietanymynda zhaksy omirdi kүtken arman ansardan tugan ruhani intenciya 2 degen salikaly oj bildiredi Yagni Zherujyk koncepciyasy galymnyn pikirinshe halky tәuelsizdik kundylygyn ulyktagan kutty konys Sebebi tүrki halyktarynyn ruhani әleminde ozindik zhinaktaushy kүshke ie bolgan ugymnyn kataryna kut fenomenin zhatkyzamyz Barlyk elderdegidej tүrki tildes tajpalar da bir birine zhaksy lebizin igiliktin kobeyuin bildirute tyryskan 3 Bul turasynda belgili tүrkitanushy galym Ahmet Tashagyl kone tүrkiler үshin tәuelsizdiktin manyzyn Orhon Enisej zhazbalarynyn mәn mәtinimen tүsindiredi Onyn ojynsha Zherujyk tүrkiler dүnietanymyndagy tәuelsizdikpen bajlanysy bar kutty meken Sebebi tүrkilerdin tәuelsizdikke kol zhetkizui zhәne ony zhogaltuy zhajynda Orhon zhazba eskertkishterinde barynsha tәptishtelip tүsindirilgen Onda tәuelsizdikti zhogaltudyn halyk үshin olimmen ten ekeni tәuelsizdikti aludyn kajta tirilumen zhandanumen birdej bolatyndygy zhәne halyktyn osyndaj okigalardan sabak alu kerektigi basa ajtylgan 4 dep atap korsetedi Eger tarihi derekterge sүjensek 630 680 zhyldary arasynda tүrki memleketi Қytaj baskynshylygyna ushyragan kezende tәuelsizdik zholynda birneshe ret koteriliske shykkandygy belgili Nәtizhesinde 679 zhyly bastalgan koterilis 682 zhyly Tүrki memleketinin tәuelsizdik aluymen ayaktaldy Bul Tүrki kaganatynyn tolyk tәuelsizdikke mәn beruinin manyzdy dәlelinin biri Tүrkiler tәuelsiz memleketin saktap kalu zhәne ony damytu үshin atadan zhetken asyl mura Zherdi kozinin karashygyndaj saktagan Kone tүrkiler dүnietanymynda memleket bileushinin zheke menshigi emes Tәnir tarabynan berilgen kut retinde korinis tapkan Kone tүrkiler zamanynda ata baba zherinin tәuelsizdigin saktau zhәne ony kutty konyska ajnaldyru Zherujyk koncepciyasynyn arhaikalyk formasy bolyp tabylady Әrbir halyktyn ozindik turmys saltyn tuyndatkan dүnietanym mifologiyada ozindik bolmys bitim kalyptastyrady Mifter gylymi bilim sanatyna zhetpese de kone dәuirlerde oryn alyp artynan eshbir iz kaldyrmagan belgili bir okigalardyn betperdesin ashuga kabiletti zhәne gylymi taldau үshin nakty derek bola alatyn faktiler sanatyna zhatady Mifologiya men din tarihyn zertteushi Mircha Eliade bylaj dep zhazady Mif belgili bir kasietti tarih turaly yagni Uakyt basynda ab initio bolgan algashky okigany soz etedi Bul әrkashan zharatylys turaly belgili bir zattyn kalajsha kalyptaskandygy yagni oz tirshiligin kalaj bastagandygy turaly soz 5 Dzh F Birlajn Mif adam balasy үshin barlyk uakytta da bejne bir ozgermejtin turakty dүnie Mifte korinis tapkan zhalpy modelder syuzhetter tipti usak detaldar barlyk zherde nemese zatarda kezdesedi Ony baskasha ajtkanda urpaktan urpakka berilip kele zhatkan bizdin ata babalarymyzdyn estelik muralarynyn zhiyntygy Mif bizdin dүnietanymymyzdyn kurylymynda korinis tapkan Ol kanymyzda genimizde tanbalangan 6 Mәdeni zhәdigerlerdegi mifterdi urpaktan urpakka beriletin tek zhalan mәtinder korpusy retinde kabyldau bүgingi әdistemelik turgydan kate pikir rasynda ol zhәdigerlerden aga urpaktyn әlemdi kabyldau bejnesine katysty idealdardyn nemese tүsinik ugymdardyn zhiyntygyn semiotikalyk dengejde angaruga mүmkindik mol 7 Erte orta gasyrdagy tүrkilerdin mifologiyasynyn mәdeni antropologiyalyk filosofiyalyk gnesiologiyalyk zhәne teologiyalyk turgydan zerttelip zhatkandygyn negizge ala otyryp kone tүrkilerdin islamga dejingi dүnietanymyndagy Zherujyk konceptisinin mazmunyn karastyru үshin en aldymen kone tүrkiler dүnietanymynyn negizgi ustyny sanalatyn Tәnirlik dini ustanymyna zhәne ogan katysty zertteushiler pikirine toktalu kazhet Zertteushi R Bajymbetovanyn ojynsha ҮII IH gasyrlarda zhazylgan eskertkishter tili kone tүrkilerdin dini mifologiyalyk dүnietanymyn korsetetin Tәnirlik ideyasy negizgi tort bagytty kamtydy Birinshi Zhalgyz zharatkan Ie Tәnirge tagzym etu ekinshi mәngi ozgermejtin әlem Tәnir mekeni Kokti kieli sanau үshinshi tirshiliktin osip orkendeuin kamtamasyz etip otyrgan adam mekeni Zher sudy kieli sanau tortinshi ata baba ruhyn kadirleu 8 Zher su ugymy landshaftty sipattama zhagynan әlem bejnesinin etnosayasi nemese antropologiyalyk turgydan zheke zherge ie bolu degen magynaga saj keledi Kone tүrkilerdin etnosayasi kenistigi zher su ugymyna emocianaldy turgydan belsendilik kasieti berilgen Eger ol ozindiki bolsa korgaushy boten bolsa dushpandyk Sondyktan zher su ugymy tүrkiler dүnietanymynda tek kasietti gana emes tajpalyk kudyret retinde korinis tapkan Sol arkyly tүrki mifologiyasyna engen Ony Kүlteginnin zhazuyndagy Kokte tүrki tәnirisi tүrkinin kasietti zher suy 9 mәtin mazmunynan bajkauga bolady Kone tүrkiler dүnietanymyndagy Orta әleminin kasiettisi de Zher su bolyp sanalgan Ol Orhon zhazbalarynyn mәtin mazmuny bojynsha Tәnir zhәne Ұmajmen birlikte tүrki halkyna kamkorlyk tanytady Kone tүrkilerdin dini mifologiyalyk tagylymdaryna toktalar bolsak Orhon runikalyk zhazbalarynyn mәn mәtininde Tәnir Ұmaj zhәne Zher Su nanym senim ugymdary berilgen Akademik S G Klyashtornyj Sibir Ortalyk Aziya mifologiyasynyn negizinde sol kezendegi halyktyk dүnietanymda ozindik kudajlardyn klassifikaciyalau zhүjesi oryn algandygyn alga tartady Atap ajtkanda makrokosm ezhelgi tүrkilerdi Zhogary Orta zhәne Tomengi trihotomdy әlemderge bolgen olardyn arasynda zhandy zattar kudajlar zhәne periler bolgan Bul trihotomdy koncepciya әlemnin koldenen modelin tiginen surettejtin modelimen tolyktyrdy Onyn ojynsha Kok Tәniri Zhogary әlemnin bileushisi zhәne kone tүrki panteonynyn kudajy boldy Kok Tәniri baska kudajlarmen birlese otyryp adamdardyn tagdyryn bilegen Tәnir kagandarga bilik pen danalykty syjlady Zhogary әlemnin tagy bir kudajy Ұmaj ana adamzat balasyna omir syjlagan Өlim kone tүrki mifologiyasy bojynsha Erkligtin kolynda Tүrki mifologiyasy Orta әlemde Zher Sudy kieli sanady Bulardan baska S G Klyashtornyj H g Yrk bitig dep atalatyn Dunhuan үngirinen tabylgan runikalyk zhazbadan Zhol Tәniri degen atka ie biri ala biri kara attagy zholdyn kudajyn ajkyndajdy Zhol Tәniri bejnesi tүrkilerdin memlekettik kultimen tikelej bajlanysty dep dәleldejdi Ortalyk әlem men Zhogary әlemnin arasy ardajym bajlanysta bolgan Atalgan bajlanys halyktyn syjynu tilegimen korinis tapkan 10 Mine S G Klyashtornyj kone tүrki mifologiyasyna bajlanysty arhaikalyk Ortalyk Aziya nanym senim kejipkerleri retinde zhogarydagy nanym senim ielerin kone tүrki panteonynyn basty sipaty retinde korsetedi Aspan garyshtyn bolshegi retinde mifologiyada zhәne Orhon Enisej zhazbalarynda Kok Tәniri dep atalady Kok aspan ushu koterilu sekildi etistiktermen sipattalady Al zher kone tүrki mifologiyasynda tort buryshty sharshy kenistik Kүlteginnin zhazuynda Tort buryshtyn bәri zhau edi degen mәtin tүrki әleminin dүnietanymdyk shekarasyn korsetedi Yshbara kagannyn hatynda ozderi meken etken ajmaktan tys mekende tort teniz bar ekendigi suretteledi Ony zherdin toniregindegi әlemnin mәngi ozgermejtin negizi nemese әlemnin shegi dep tүsinuge bolady Runa eskertkishterinin avtorlary үshin әlemnin kurylysy kogildir aspan adamdar meken etken әlemdi yagni zherdi zhauyp turatyn tobe Atap ajtar bolsak Tobe ozeninin manynda tabylgan eskertkishtin songy eki zholynda O menin kok aspanym bizge shatyr bolar kor O menin elim Edilim mәngi zhasaj gor dep zhazyluy tүrkilerdin әlem tүsinigin tanytady Bul zhoninde Yshbara kagannyn 585 zhyly suj imperatoryna zhazgan myna hat mәtini zhogaryda korsetilgen kone tүrki әlem modelin damyta tүsedi Mazmunyna toktalar bolsak Aspan zhauyp turady zher koterip zhүredi zheti galamshar sәule berip turady Tagy atap keter basty zhajt dәl osyndaj үjlesimdi kajtalau 600 zh Kimin kagannyn hatynda da kezdesken 11 Al ҮII gasyrda omir sүrgen Feofilakt Simatta Kүltegin eskertkishinde korinis tapkan Zhogaryda kok tәniri tomende kara zher zharalganda ekeuinin arasynda adam balasy zharalgan degen soz tirkesi bojynsha mүldem kerisinshe oj ajtady Ol oz zamanynda tүrkiler zher men aspandy zharatkan bir Қudajga tabynady 12 dep mәlimdejtin derek kaldyrgan Ғalymdar pikirinin togyskan zheri Orta әlemde kone tүrkiler Zher Sudy kieli sanagandygynda Ata babasynan miraska kalgan zherdi kieli sanau Zherujygyn kasiet tutu kone tүrki mifologiyasynda nakty korinis tapkan Sebebi Zherujyk ezhelgi tүrkilik ydyk jer sub miftik kenistiginin kypshak tildi ortadagy kejingi ozgergen atauy Kone tүrkilik yduk kasietti sozi үjekke ajnalyp ketken yagni Zher Yduktyn koktүrkilik otty kenistik Otuk Keng Yduk Keng Өtүkennin songy ozgerisi kazak ugymyndagy sarkynshagy bolyp tabylady Dzh Klossonnyn pikirinshe Zher Su ugymy Қudaj emes tәniridej kurmettelgen kieli el olke zher taraptyn tulgasy bolgan yagni ol da Өtүken Ergenekon obrazdarynyn sinonimi bolgan dep shamalauga bolady 13 Bul turasynda Ahmet Tashagyl Otanga degen sүjispenshilik Orhon zhazba eskertkishterinde anyk sipattalgan Sonymen katar ortalyk Otүken tүrikter ugymynda kasietti dep sanalgan Sebebi kok tүrkilerdin astanasy Otүken dep atap korsetken Tүrkiler mifologiyasyndagy Zher su Orhon Enisej eskertkishterinde Kok aspanga oppoziciya retinde oryn algan zhalpy kieli degen magynany bildiretin terminologiyalyk ugym bolyp tabylady Zher su ugymy landshafty shema bojynsha kieli tau shynyna para par tiginen sipattalatyn zhazyktyk nemes kenistik bolyp tabylady Ony S G Klyashtornyj svyashennaya Otyukenskaya chern 14 dep sipattajdy bizshe ajtkanda Zherujygy zhәne kone tүrki mifologiyasy bojynsha әlemnin kindigin bildiredi kagandar ordasyn tikken tүrki halky meken etken tort tarapka alga artka onga solga zhorykka shykkan Kone tүrki tүsiniginen kalgan miftik abyz akynnyn obrazy Asan kajgy turasynda oj kozgauga alyp keledi Atap ajtkanda Asan aspan adamy kajgy akyn zhyrau sazger degen tuyndy magynaga ie ekendigin Asan kajgy aspan zhyrshysy ekendigin gana ajta alamyz degen S Қondybajdyn zertteushilik pikiri Asan kajgynyn kieli zherdi izdegen Asan zhәne koktүrkilik halkyn kieli zherden atamekennen shygargan Asyan shadty bir trafaretke engizilgen obraz dep korsetedi 15 L P Potapov ta Tәnir Ұmaj Zher Su үsh kudajyna senu kone tүrki kogamynda barlyk toptarga taraldy 16 degen pikir bildiredi Osy negizde үsh miftik shygarmashylyk cikline arnalgan alty mifologiyalyk syuzhet gylymi ajnalymga endi Atap ajtkanda 1 Kosmogoniya zhәne kosmologiya әlemnin pajda boluy onyn kurylymy turaly zhәne garyshtyk apat turaly mifter 2 Panteon zhәne socium kudajlar turaly kudaj kalauyndagy memlekettin zhәne Tәniri dүniege alyp kelgen kagandar turaly mifter 3 Etnologiya zhәne geneologiya tүrki tajpasynyn shygu tegi turaly zhәne tүrki halkynyn kaһarmandary turaly mifter Osy alty mifologiyalyk syuzhettin әr kajsysynda Zherujyk koncepciyasynyn negizi zhatkandygyna koz zhetkizuge bolady Dәstүrli tүrkilik dүnietanymda kosmologiyanyn koshirmesi bolyp tabylatyn adamnyn zharatyluy da әlemnin ortalygynda zhүzege askan Mysaly Mesopotamiya mәdenietinde adam Zher zhүzi men Kok arasyndagy kopirdin ornalaskan zheri zherdin kindigi Zherujykta dүniege kelgen Osy simvoldyk bejneleuler tүrkilik kosmologiyanyn da negizgi ustyndary bolyp tabylady Negizinen eski tүrki kosmologiyasy Zherujyk koncepciyasy negizinde kalyptaskan Tүrki memleketi tүrki ordasy dүnienin tort buryshynyn tүjisken zherinde yagni dәl ortalygynda әlemnin kindiginde ornalaskan Әlemnin kindigi Zherujyk en algashky kudajlyk bastamanyn yagni adamnyn zharatylys negizi bolgandyktan da kieli Kokteme zhajlau kystau kүzeu bular koshpeli kogamnyn memlekettik shekarasy kyzmetin atkarady Bul kenistikter Tәnir tarapynan atalaryna berilgen miras bolgandyktan da kasietti kieli otan bolyp tabylady Өjtkeni bul kenistikter tүp atalarynyn sүjegi zherlengen Zherujyk 17 Bul turaly Orhon stellalary Enisej kyrgyzdarynyn zhazbalary kone ujgyr runikalyk zhәne kursivti mәtinderi kimak kypshak guz karluktar turaly musylman avtorlarynyn zhәne Ұly korgannyn soltүstiginde turatyn tajpalar turaly kytaj derekterindegi habarlamalardan da biluge bolady Dүnietanymdy tabigat pen adam arasyndagy karym katynastyk kozkaras turgysynan әlemdi ruhani tүsinu tanu dep bilsek әr aluan manyzy bar adam bojyndagy nanym senim sezim konil kүj talap dүnietanymga birigip adamdardyn әlemdi tүsinu sol arkyly ozin tүsinu ozin korshagan әlemde zhajly sezinudin birtutas tүsinigin kalyptastyrady HHI gasyrda kazak halkynyn Zherujygy Tәuelsiz Қazakstan Tәuelsiz Қazakstan Zherujyk Қazakstan koncepciyasynyn birligi durys ekendigine de tolykkandy koz zhetkizdik Өjtkeni atalmysh koncepciya tүrki әlem birligi men bүgingi kogamdyk tutastykty korsetedi Zherujyk koncepciyasynyn tarihi mifologiyalyk filosofiyalyk mazmuny ulttyk ruhymyzdyn tүp tamyrynan syr shertetindigi dүnietanymdyk ereksheligi kone tүrki mifologiyalyk bastaularynan kajnar alatyndygy bүgingi izdenisimizde tolykkandy negizdeldi Zhaһandanu zamanynda Қazakstan azamaty ozin gylymga sayasatka memlekettik omirge zheke katystymyn sezindiruge mүmkindik beretin tәuelsizdikpen ornykkan ulttar men ulystardyn kasietti kutty mekenine ajnalgan Қazakstan Zherujyk ulttyk ideyasynyn konceptualdy mazmunyn tүjindejtin bolsak Zherujyk koncepciyasynyn tugyrnamasy tүrki dүnietanymynda korinis tapkan Negizgi magynasy tәuelsizdik kundylygyn ulyktangan ulttar men ulystar үshin kutty meken sanalatyn konys Zherujyk koncepciyasy eldin ulttyk dүnietanymyn halkymyzdyn dara bolmysyn etnomәdeni kenistigin sipattajtyn birtutas etnotarihi zhadynda zhalpytүrkilik superetnostyn kyl otpes tutastygyn zhәne ulttyk ideyaga akparattyk negiz bolar fenomen Pajdalanylgan әdebietter tizimi 1 Nazarbaev N Ә Tarih tolkynynda Almaty Atamura 1999 92 b 2 Қulsarieva A T Tәuelsiz Қazakstan ideyasy zherujyk Қazakstan Қazak ultynan kazak eline Almaty Қazak universiteti 2010 178 179 bb 3 Nurmuratov S E Ruhani kүndylyktardyn kalyptasuy men damuy әleumettik filosofiyalyk taldau Filosofiya gylymdarynyn doktory gylymi dorezhesin alu үshin dajyndalgan dissertaciya Almaty 2000 129 b 4 Ahmet Tashagyl Tүrik kaganatyndagy adami kundylyktar Tarih Adamzat akyl ojynyn kazynasy On tomdyk Astana Foliant 2006 T 10 Tүrki halyktarynyn tarihi ojy 369 b 5 Eliade M Svyashennoe i mirskoe Per s fr M Izdatelstvo MGU 1994 142 s 63 b 6 Birlajn Dzh F Parallelnaya mifologiya M 1997 s 15 7 Akmoldaeva Sh B drevnekirgizskaya model mira na materialah eposa Manasa Bishkek shim 1996 S 220 8 Bajymbetova R Қ Tүrkiler dүnietanymynyn tildik reprezentaciyasy ҮII IH gasyrlardagy tүrki eskertkishterinin tili negizinde Filologiya gylymdarynyn kandidaty gylymi dәrezhesin alu үshin dajyndagan dissertaciyasynyn avtoreferaty Almaty 2008 15 b 9 Kүltegin Ғ Ajdarovtyn nuskasy Astana Audarma 2002 66 bet 10 Klyashtornyj S G Drevnetyurkskie runicheskie pamyatniki kak istochnik po istorii Srednej Azii M 1964 S 103 114 11 Liu Mau tsai Die chinesischen Nachrichten zur Geschichte der Ost Turken Bd 1 2 Wiesbaden 1958 Bd 1 S 52 60 Bd 2 S 528 12 Simokatta Fiofilakt Istoriya M 1957 S 161 13 Қondybaj S Қazak mifologiyasyna kirispe Almaty Arys 2008 207 14 Klyashtornyj S G Mifologicheskie syuzhety v drevnetyurkskih pamyatnikah Pamyatniki drevnetyurkskoj pismennosti i etnokulturnaya istoriya Centralnoj Azii M 2006 S 402 15 Қondybaj S Қazak mifologiyasyna kirispe Almaty Arys 2008 31 16 Potapov L P Jer sub v orhonskih nadpisyah ST 1979 6 S 71 77 17 Isaeva M Ү Қazak filosofiyasyndagy kenistik pen uakyt mәselesi Filosofiya gylymdarynyn kandidaty gylymi dәrezhesin alu үshin dajyndalgan dissertaciya Almaty 2009 61 b Bul makalanyn sәjkes sanaty kojylmagan