Шерубай Құрманбайұлы (27 қараша 1964, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы) – мемлекет және қоғам қайраткері, тіл маманы, филология ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001), ҚР ҰҒА академигі (2020).
Шерубай Құрманбайұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | Лингвистика, терминология, терминография, лексикология, лексикография, аударматану, неология, ономастика, әлеуметтік лингвистика, сөз мәдениеті, тіл саясаты |
Ғылыми дәрежесі | Филология ғылымының докторы |
Ғылыми атағы | ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор |
Шерубай Құрманбайұлы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Шалкөде ауылында туған. Классик жазушы Бердібек Соқпақбаев, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, Сағат Әшімбаев, Баққожа Мұқай мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды және тағы басқа қазақтың біртуар қайраткерлері дүниеге келген киелі өңірдің тумасы болғандықтан ол жастайынан әдебиет пен шығармашылыққа қызығып өсті. Болашақ филолог бастауыш сыныптан бастап Мұқағали туып өскен Қарасаз ауылында оқыды. Мектеп қабырғасында жүргенде аудандық «Советтік шекара» және республикалық «Қазақстан пионері» (кейін «Ұлан» болып өзгерген) газеттеріне өлеңдері мен шағын мақалалары жарияланды.
1983-1985 жылдар аралығында Кеңес Одағы армиясының қатарында Қиыр Шығыстағы Уссурийск қаласы маңында әскери борышын өтеді. Әскерден 1985 жылдың соңында оралып, 1986 жылы С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби ат.) ҚазҰУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы үздік бітіріп шықты. Университетте қазақ тіл білімінің корифейлеріне айналған тұлғалар – академик Ә.Қайдар, М.Томанов, Р.Әмір, Қ.Есенов, А.Аманжолов, Ә.Құрышжанов, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, С.Мырзабеков, Б.Сағындықов, А.Айғабылов, Х.Кәрімов сынды белгілі тілші-ғалымдардан, З.Қабдолов, Р.Бердібай, Т.Кәкішев, Р.Нұрғалиев, Ж.Дәдебаев, Ш.Ыбыраев, Б.Майтанов, А.Қыраубаева тәрізді ұлағатты әдебиетші ғалым-ұстаздардан дәріс алды.
1991 жылы университетті үздік бітірген жас түлекке кәсіпкерлікпен айналысу, арнаулы қызмет саласына өту, мемлекеттік қызмет атқару сияқты ұсыныстар түскеніне қарамастан ол михнаты мол ғылым жолын таңдады. 1991 жылы ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының (ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ТБИ) Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сөздік жасау ісінің майталман маманы Байынқол Қалиев жетекшілік ететін Терминология және аударма теориясы бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. Көрнекті тілші-ғалым, ұстаз, тіл жанашыры әрі ұлтжанды азамат Шерубай Құрманбайұлының ғылымдағы еңбек жолы осылай басталды.
Еңбек жолы
- 1991-1993 жылдары ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері;
- 1993-1996 жылдары ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалым-хатшысы;
- 1996-1999 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Қазіргі шығыс тілдер кафедрасының меңгерушісі;
- 1999-2001 жылдары филология факультетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі;
- 2001-2003 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің басқарма бастығы;
- 2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары;
- 2005-2006 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары;
- 2006.06-2007.02 аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі;
- 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;
- 2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының кеңесшісі;
- 2009.01-2009.08 – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тіл құрылымының басшысы;
- 2009 жылдың 17 тамызынан – 2011 жылдың 10 шілдесіне дейін ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы 10.02.06 - түркі тілдері және 10.02.02 - қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.53.38.01 диссертациялық кеңесінің төрағасы;
- 2011-2013 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, төраға орынбасары;
- 2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың ақпанына дейін – ҚР Ұлттық Банкі Ұйымдастыру және бақылау департаменті директорының орынбасары;
- 2016 жылғы ақпаннан қазірге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында департамент директорының орынбасары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры (қосымша қызметі).
Ғылыми қызметі
1994 жылы «түркі тілдері» мамандығы бойынша «Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер» деген тақырыпта кандидаттық, 1999 жылы 12 наурызда «қазақ тілі» мамандығы бойынша «Қазақ лексикасының терминденуі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2013 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 2020 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды.
Ш.Құрманбайұлы АҚШ (Нью-Йорк), Германия (Гиссен, Майндағы Франкфурт, Гамбург, Мюнхен), Қытай (Бейжің), Әзірбайжан (Баку), Түркия (Анкара), Өзбекстан (Ташкент, Самарқанд, Хиуа, Бұқара), Ресей (Қазан), Қырғызстан (Бішкек) елдерінде өткен халықаралық ғылыми конференциялар мен форумдарда баяндамалар жасады. Оның тікелей басшылығымен елімізде тіл білімінің көптеген мәселелеріне арналған конференциялар ұйымдастырылып, өзі негізгі баяндамашы болды.
1998-2014 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, хатшысы. 2011-2013 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының хатшысы. 2002 жылдан ҚР Үкіметі жанындағы Мемтерминком органы «Терминологиялық хабаршы» журналының бас редакторы.
Ш.Құрманбайұлының ғылыми кеңесшілігімен 1 ғылым докторы, ғылыми жетекшілігімен 8 ғылым кандидаты дайындалды. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тіл білімінің терминология, лексикология, лексикография, терминография, сөз мәдениеті, аударма, әлеуметтік лингвистика, ономастика, тіл саясаты мәселелерін зерттеуге арналған. Бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының, терминологиялық, екітілді сөздіктердің, барлығы 350-ден астам еңбектің, соның ішінде 40-қа жуық кітаптың (10 ғылыми монографияның) авторы.
Негізгі ғылыми еңбектері
- Қазақ лексикасының терминденуі (монография). – Алматы: «Ғылым», 1998. –208.
- Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты (монография). – Астана:«Елорда», 2002. –212.
- Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары (монография). – Алматы,2004. –184.
- Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы, 2005. –240.
- Терминтану: оқу құралы. – Алматы, 2006. – 244.
- Терминтанушы құралы (ЖОО-ға арналған оқу құралы). – Алматы, 2007. –208.
- Алаш және терминтану (XX ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910-1930 жылдар): монография. – Алматы, 2008. –244.
- Жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар. – Алматы, 2012. –288.
- Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. – Алматы, 2013. –296.
- Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. – Алматы:«Сардар», 2014. –928+16.
- Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы (монография). – Астана: «Фолиант», 2017. –560.
- Мұқағали тілі сөздігі (Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлы, Ж.Түймебаев, С.Исақова). – Алматы, 2019. – 1064 бет.
- Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі (Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан, Г.Әлімбек, Г.Мамырбекова, Д.Боранбаев). – Алматы, 2019. –596 бет.
- БАҚ және сөз мәдениеті. – Алматы, 2020. –116.
- Абай тілінің ерекшеліктері. – Алматы: "Сардар" баспа үйі, 2020. –384 бет.
- Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі (Жоба жетекшісі, авторлардың бірі). – Нұр-Сұлтан, 2021. –402.
Мемлекеттік марапаттары
- ҚР ҰҒА-ның «Аса көрнекті зерттеушілер мен талантты жас ғалымдарға» арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (1994, 1996);
- «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006);
- «Астана – 10 жыл» медалі (2008);
- ҚР БҒМ-ның «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі (2010);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011);
- «Құрмет» ордені (2014);
- ЖОО қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі (2014);
- «Алаш» медалі (2017);
- «Ұлт қайраткері» медалі (2017);
- «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі (2017);
- ТҮРКСОЙ-дың «Абай-175» медалі (2021);
- «Мұқағали Мақатаев» медалі (2021);
- «Парасат» ордені (2021);
- ҚР БҒМ-ның «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2022);
- ТҮРКСОЙ-дың «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі (2022).
Сілтемелер
- https://termincom.kz/gallery/?id=1
- https://alashainasy.kz/omir/sherubay-kurmanbayulyi-58116/ Мұрағатталған 1 желтоқсанның 2021 жылы.
- http://m.adebiportal.kz/kz/authors/view/2419
- https://anatili.kazgazeta.kz/news/25449
- https://anatili.kazgazeta.kz/news/25772
- https://nauka-nanrk.kz/kz/%D0%BE%D1%82%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%B8-%D0%B3%D1%83%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BA.html Мұрағатталған 1 желтоқсанның 2021 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sherubaj Қurmanbajuly 27 karasha 1964 19641127 Almaty oblysy Қazakstan Respublikasy memleket zhәne kogam kajratkeri til mamany filologiya gylymdarynyn doktory 1999 professor 2001 ҚR ҰҒA akademigi 2020 Sherubaj ҚurmanbajulyTugan kүni27 karasha 1964 1964 11 27 59 zhas Tugan zheriAlmaty oblysy Narynkol audanyAzamattygy ҚazakstanҒylymi ayasyLingvistika terminologiya terminografiya leksikologiya leksikografiya audarmatanu neologiya onomastika әleumettik lingvistika soz mәdenieti til sayasatyҒylymi dәrezhesiFilologiya gylymynyn doktoryҒylymi atagyҚR Ұlttyk gylym akademiyasynyn akademigi professor Sherubaj Қurmanbajuly kazirgi Rajymbek buryngy Narynkol audanynyn Shalkode auylynda tugan Klassik zhazushy Berdibek Sokpakbaev akiyk akyn Mukagali Makataev Sagat Әshimbaev Bakkozha Mukaj men Altynbek Sәrsenbajuly syndy zhәne tagy baska kazaktyn birtuar kajratkerleri dүniege kelgen kieli onirdin tumasy bolgandyktan ol zhastajynan әdebiet pen shygarmashylykka kyzygyp osti Bolashak filolog bastauysh synyptan bastap Mukagali tuyp osken Қarasaz auylynda okydy Mektep kabyrgasynda zhүrgende audandyk Sovettik shekara zhәne respublikalyk Қazakstan pioneri kejin Ұlan bolyp ozgergen gazetterine olenderi men shagyn makalalary zhariyalandy 1983 1985 zhyldar aralygynda Kenes Odagy armiyasynyn katarynda Қiyr Shygystagy Ussurijsk kalasy manynda әskeri boryshyn otedi Әskerden 1985 zhyldyn sonynda oralyp 1986 zhyly S M Kirov atyndagy kazirgi әl Farabi at ҚazҰU dyn filologiya fakultetine okuga tүsip 1991 zhyly үzdik bitirip shykty Universitette kazak til biliminin korifejlerine ajnalgan tulgalar akademik Ә Қajdar M Tomanov R Әmir Қ Esenov A Amanzholov Ә Қuryshzhanov M Sergaliev T Sajrambaev S Myrzabekov B Sagyndykov A Ajgabylov H Kәrimov syndy belgili tilshi galymdardan Z Қabdolov R Berdibaj T Kәkishev R Nurgaliev Zh Dәdebaev Sh Ybyraev B Majtanov A Қyraubaeva tәrizdi ulagatty әdebietshi galym ustazdardan dәris aldy 1991 zhyly universitetti үzdik bitirgen zhas tүlekke kәsipkerlikpen ajnalysu arnauly kyzmet salasyna otu memlekettik kyzmet atkaru siyakty usynystar tүskenine karamastan ol mihnaty mol gylym zholyn tandady 1991 zhyly ҚazSSR ҒA Til bilimi institutynyn ҚR ҰҒA Ahmet Bajtursynuly atyndagy TBI Memlekettik syjlyktyn laureaty sozdik zhasau isinin majtalman mamany Bajynkol Қaliev zhetekshilik etetin Terminologiya zhәne audarma teoriyasy bolimine kishi gylymi kyzmetker bolyp kabyldandy Kornekti tilshi galym ustaz til zhanashyry әri ultzhandy azamat Sherubaj Қurmanbajulynyn gylymdagy enbek zholy osylaj bastaldy Enbek zholy1991 1993 zhyldary ҚR ҰҒA A Bajtursynuly atyndagy Til bilimi institutynyn kishi gylymi kyzmetkeri 1993 1996 zhyldary ҚR ҰҒA A Bajtursynuly atyndagy Til bilimi institutynyn galym hatshysy 1996 1999 zhyldary әl Farabi atyndagy ҚazҰU dyn halykaralyk katynastar fakultetinde Қazirgi shygys tilder kafedrasynyn mengerushisi 1999 2001 zhyldary filologiya fakultetinde kazak tili kafedrasynyn mengerushisi 2001 2003 zhyldary ҚR Mәdeniet akparat zhәne kogamdyk kelisim ministrliginin baskarma bastygy 2003 2004 zhyldary ҚR Mәdeniet ministrligi Tilderdi damytu departamenti direktorynyn orynbasary 2005 2006 zhyldary ҚR Mәdeniet akparat zhәne sport ministrligi Til komiteti toragasynyn orynbasary 2006 06 2007 02 aralygynda L N Gumilev atyndagy EҰU dyn zhalpy til bilimi zhәne audarma teoriyasy kafedrasynyn mengerushisi 2007 zhyly ҚR Bilim zhәne gylym ministrinin kenesshisi 2008 zhyly ҚR Prezidenti Әkimshiligi Basshysynyn kenesshisi 2009 01 2009 08 Samuryk Қazyna ulttyk әl aukat kory til kurylymynyn basshysy 2009 zhyldyn 17 tamyzynan 2011 zhyldyn 10 shildesine dejin ҚR BҒM A Bajtursynuly atyndagy Til bilimi institutynyn direktory A Bajtursynuly atyndagy Til bilimi institutynyn zhanyndagy 10 02 06 tүrki tilderi zhәne 10 02 02 kazak tili mamandyktary bojynsha filologiya gylymdarynyn doktory gylymi dәrezhesin alu үshin dissertaciya korgajtyn D 53 38 01 dissertaciyalyk kenesinin toragasy 2011 2013 zhyldary ҚR Mәdeniet ministrligi Til komitetinin toragasy toraga orynbasary 2014 zhyldyn kantarynan 2016 zhyldyn akpanyna dejin ҚR Ұlttyk Banki Ұjymdastyru zhәne bakylau departamenti direktorynyn orynbasary 2016 zhylgy akpannan kazirge dejin Astana halykaralyk karzhy ortalygynda departament direktorynyn orynbasary L N Gumilev atyndagy EҰU dyn kazak til bilimi kafedrasynyn professory kosymsha kyzmeti Ғylymi kyzmeti1994 zhyly tүrki tilderi mamandygy bojynsha Өsimdik mүsheleri men olardyn kurylym kurylysyna katysty terminder degen takyrypta kandidattyk 1999 zhyly 12 nauryzda kazak tili mamandygy bojynsha Қazak leksikasynyn termindenui degen takyrypta doktorlyk dissertaciya korgady 2013 zhyly ҚR Ұlttyk gylym akademiyasynyn korrespondent mүshesi 2020 zhyly ҚR ҰҒA akademigi bolyp sajlandy Sh Қurmanbajuly AҚSh Nyu Jork Germaniya Gissen Majndagy Frankfurt Gamburg Myunhen Қytaj Bejzhin Әzirbajzhan Baku Tүrkiya Ankara Өzbekstan Tashkent Samarkand Hiua Bukara Resej Қazan Қyrgyzstan Bishkek elderinde otken halykaralyk gylymi konferenciyalar men forumdarda bayandamalar zhasady Onyn tikelej basshylygymen elimizde til biliminin koptegen mәselelerine arnalgan konferenciyalar ujymdastyrylyp ozi negizgi bayandamashy boldy 1998 2014 zhyldary ҚR Үkimeti zhanyndagy Memlekettik terminologiya komissiyasynyn mүshesi hatshysy 2011 2013 zhyldary ҚR Үkimeti zhanyndagy Memlekettik onomastika komissiyasynyn hatshysy 2002 zhyldan ҚR Үkimeti zhanyndagy Memterminkom organy Terminologiyalyk habarshy zhurnalynyn bas redaktory Sh Қurmanbajulynyn gylymi kenesshiligimen 1 gylym doktory gylymi zhetekshiligimen 8 gylym kandidaty dajyndaldy Negizgi gylymi enbekteri kazak til biliminin terminologiya leksikologiya leksikografiya terminografiya soz mәdenieti audarma әleumettik lingvistika onomastika til sayasaty mәselelerin zertteuge arnalgan Birneshe okulyktar men oku kuraldarynyn terminologiyalyk ekitildi sozdikterdin barlygy 350 den astam enbektin sonyn ishinde 40 ka zhuyk kitaptyn 10 gylymi monografiyanyn avtory Negizgi gylymi enbekteriҚazak leksikasynyn termindenui monografiya Almaty Ғylym 1998 208 Қazak terminologiyasy damuynyn kezendik sipaty monografiya Astana Elorda 2002 212 Қazak terminologiyasy damuynyn gylymi kagidattary monografiya Almaty 2004 184 Terminkor kalyptastyru kozderi men terminzhasam tәsilderi Almaty 2005 240 Termintanu oku kuraly Almaty 2006 244 Termintanushy kuraly ZhOO ga arnalgan oku kuraly Almaty 2007 208 Alash zhәne termintanu XX gasyr basyndagy kazak terminologiyasy 1910 1930 zhyldar monografiya Almaty 2008 244 Zhana ataular men zhana koldanystar Almaty 2012 288 Қazak tilindegi kyskargan sozder Almaty 2013 296 Қazak terminologiyasy zertteuler okulyk sozdik bibliografiya Almaty Sardar 2014 928 16 Korkem audarmadagy zhana ataular zhasaluy men koldanysy monografiya Astana Foliant 2017 560 Mukagali tili sozdigi B Қaliev Sh Қurmanbajuly Zh Tүjmebaev S Isakova Almaty 2019 1064 bet Қazak tilinin kirme sozder sozdigi Sh Қurmanbajuly S Isakova B Mizamhan G Әlimbek G Mamyrbekova D Boranbaev Almaty 2019 596 bet BAҚ zhәne soz mәdenieti Almaty 2020 116 Abaj tilinin erekshelikteri Almaty Sardar baspa үji 2020 384 bet Soztүzer Қate koldanystar sozdigi Zhoba zhetekshisi avtorlardyn biri Nur Sultan 2021 402 Memlekettik marapattaryҚR ҰҒA nyn Asa kornekti zertteushiler men talantty zhas galymdarga arnalgan memlekettik stipendiyasynyn iegeri 1994 1996 ҚR Bilim beru isinin kurmetti kyzmetkeri 2006 Astana 10 zhyl medali 2008 ҚR BҒM nyn Қazakstan Respublikasynyn gylymyn damytuga sinirgen enbegi үshin medali 2010 Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdigine 20 zhyl medali 2011 Қurmet ordeni 2014 ZhOO kauymdastygynyn Ahmet Bajtursynuly medali 2014 Alash medali 2017 Ұlt kajratkeri medali 2017 Қazak handygyna 550 zhyl medali 2017 TҮRKSOJ dyn Abaj 175 medali 2021 Mukagali Makataev medali 2021 Parasat ordeni 2021 ҚR BҒM nyn Ana tilin damytuga koskan үlesi үshin tosbelgisi 2022 TҮRKSOJ dyn Ahmet Bajtursynuly medali 2022 Siltemelerhttps termincom kz gallery id 1 https alashainasy kz omir sherubay kurmanbayulyi 58116 Muragattalgan 1 zheltoksannyn 2021 zhyly http m adebiportal kz kz authors view 2419 https anatili kazgazeta kz news 25449 https anatili kazgazeta kz news 25772 https nauka nanrk kz kz D0 BE D1 82 D0 B4 D0 B5 D0 BB D0 B5 D0 BD D0 B8 D0 B5 D0 BE D0 B1 D1 89 D0 B5 D1 81 D1 82 D0 B2 D0 B5 D0 BD D0 BD D1 8B D1 85 D0 B8 D0 B3 D1 83 D0 BC D0 B0 D0 BD D0 B8 D1 82 D0 B0 D1 80 D0 BD D1 8B D1 85 D0 BD D0 B0 D1 83 D0 BA html Muragattalgan 1 zheltoksannyn 2021 zhyly