Джек Лондон, (Джон Гриффит) (12.1.1876, АҚШ, Сан-Франциско қаласы — 22.11.1916, Сан-Франциско маңы, мекені) — америкалық жазушы. Өгей әкесінің қолында тәрбиеленген. Жас кезінде зауыт, фабрика, электр станцияларында түрлі жұмыстар істеген. Әдеби шығармалар жазумен 17 жасынан шұғылдана бастаған. 1893 ж. “Сан-Франциско дауысы” газетінде тырнақалды туындысы “Жапон жағалауындағы Тайфун” атты басылды. Сонан кейін көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарыққа шыға бастады.
Джек Лондон | |
Jack London | |
Туған кездегі есімі | John Griffith Chaney |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Глен-Эллен, Калифорния, АҚШ |
Азаматтығы | АҚШ |
Мансабы | жазушы |
Жанры | шытырманды оқиғалар |
Дебюті | «Жапон жағалауындағы Тайфун» |
Қолтаңбасы |
|
Өмірбаяны
Лондон деген аты-жөнді болашақ жазушыға Джон Лондон есімді өгей әкесі берді. Джек тұрмыстың тауқыметін тым ерте көреді: он жасқа жетер-жетпесте жүгіріп жүріп газет сатады, одан соң бұғанасы сәл қатқан кезде қалбыр заводына қара жұмысшы болып тұрады. Белді майыстырған бұл жұмыстан қолы болмашы босай қалса бірден кітапқа бас қояды. Сөйтіп екі-үш жылдың аралығында жергілікті кітапханада ол оқымаған кітап тым аз қалады.
Көп ұзамай ол матрос ретінде жұмысқа тұрып, Беринг теңізіне жол тартады. Бұл сапарда ол Сібір мен Жапон жағалауларында буырқанған мұхиттың талай-талай тарпаң мінезін көріп, қатал табиғатпен тайталаса күресе жүріп, шыңдалып, ақыры Сан-Францискоға оралады. Сол сапардың әсерінен «Теңіз қорқауы» атты романын жазады.
1896 жылы аса бай алтын қоры табылады да, онсыз да романтика іздеп жүрген жиырма жасар жігіт бірден көптің легіне қосылып, Аляскаға аттанады. Күн сайын алпыс градус аязда ит жеккен шанамен ондаған миль жол жүріп, оймақтай олжа үшін ажал аузына сан барып, сан қайтып отыратын саяхатшылардың әрбір іс-әрекетінен бір-бір көркем шығарма жазуға әбден болар еді. Джек оны кейін жазды да.
Шығармалары
- “Қасқырдың баласы” (1900)
- “Оның әкесінің құдайы” (1901)
- “Аяздың балалары” (1902)
- “Қар қызы” (1903) романы
- “Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі
- “Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде 1961)
- “Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960)
- “Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960)
- “Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951)*
- “Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51)
- “Темір өкше” (1912)
- “Айлы алқап” (1913)
- “Үлкен үйдің қожасы” (1916)
- “Теңсіз, телегей аттаныс” шығармасын 1926 ж. “Жаңа мектеп” журналына (4,5 сандары) алғашқылардың бірі болып аударып, жариялаған — Ж.Аймауытов.
Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын Мұхтар Омарханұлы Әуезов, , , т.б. қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы аумағында көп аударылып, кең тараған.
Әдебиет
- Joan Jack London and Hіs Tіmes — N.Y., 1936, Boston: Toronto, 1961;
- Стоун И., Моряк в седле, Биография Дж.Лондона, М., 1962;
- Фонер Ф.Ш., Джек Лондон — американский бунтарь, М., 1966;
- Зверев А.М., Джек Лондон (к 100-летию со дня рождения), М., 1975.
Дереккөздер
- Дидахмет Әшімханұлы. Жанкешті жазушы Джек Лондон.
Сілтемелер
- Джек Лондон Әдебиет порталында
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dzhek London Dzhon Griffit 12 1 1876 AҚSh San Francisko kalasy 22 11 1916 San Francisko many mekeni amerikalyk zhazushy Өgej әkesinin kolynda tәrbielengen Zhas kezinde zauyt fabrika elektr stanciyalarynda tүrli zhumystar istegen Әdebi shygarmalar zhazumen 17 zhasynan shugyldana bastagan 1893 zh San Francisko dauysy gazetinde tyrnakaldy tuyndysy Zhapon zhagalauyndagy Tajfun atty basyldy Sonan kejin koptegen әngimeleri povesteri romandary zharykka shyga bastady Dzhek LondonJack LondonTugan kezdegi esimiJohn Griffith ChaneyTugan kүni12 kantar 1876 1876 01 12 Tugan zheriSan Francisko Kaliforniya AҚShҚajtys bolgan kүni22 karasha 1916 1916 11 22 40 zhas Қajtys bolgan zheriGlen Ellen Kaliforniya AҚShAzamattygyAҚShMansabyzhazushyZhanryshytyrmandy okigalarDebyuti Zhapon zhagalauyndagy Tajfun ҚoltanbasyDzhek LondonӨmirbayanyLondon degen aty zhondi bolashak zhazushyga Dzhon London esimdi ogej әkesi berdi Dzhek turmystyn taukymetin tym erte koredi on zhaska zheter zhetpeste zhүgirip zhүrip gazet satady odan son buganasy sәl katkan kezde kalbyr zavodyna kara zhumysshy bolyp turady Beldi majystyrgan bul zhumystan koly bolmashy bosaj kalsa birden kitapka bas koyady Sojtip eki үsh zhyldyn aralygynda zhergilikti kitaphanada ol okymagan kitap tym az kalady Kop uzamaj ol matros retinde zhumyska turyp Bering tenizine zhol tartady Bul saparda ol Sibir men Zhapon zhagalaularynda buyrkangan muhittyn talaj talaj tarpan minezin korip katal tabigatpen tajtalasa kүrese zhүrip shyndalyp akyry San Franciskoga oralady Sol sapardyn әserinen Teniz korkauy atty romanyn zhazady 1896 zhyly asa baj altyn kory tabylady da onsyz da romantika izdep zhүrgen zhiyrma zhasar zhigit birden koptin legine kosylyp Alyaskaga attanady Kүn sajyn alpys gradus ayazda it zhekken shanamen ondagan mil zhol zhүrip ojmaktaj olzha үshin azhal auzyna san baryp san kajtyp otyratyn sayahatshylardyn әrbir is әreketinen bir bir korkem shygarma zhazuga әbden bolar edi Dzhek ony kejin zhazdy da Shygarmalary Қaskyrdyn balasy 1900 Onyn әkesinin kudajy 1901 Ayazdyn balalary 1902 Қar kyzy 1903 romany Ak azu 1906 kazak tilinde 1938 48 povesi Zholda zhүrgen zholaushylar үshin 1899 kazak tilinde 1961 Soltүstik zhorygy 1900 kazak tilinde 1960 Tyrtyk adam 1900 kazak tilinde 1960 Өmirge kushtarlyk 1900 kazak tilinde 1951 Myn dyuzhina 1903 kazak tilinde 1927 51 Temir okshe 1912 Ajly alkap 1913 Үlken үjdin kozhasy 1916 Tensiz telegej attanys shygarmasyn 1926 zh Zhana mektep zhurnalyna 4 5 sandary algashkylardyn biri bolyp audaryp zhariyalagan Zh Ajmauytov Zhazushy shygarmalaryndagy biik belesi Martin Iden 1909 kazak tilinde 1968 roman biografiyasynda avtordyn ozindik tulgasy kogam men korshagan ortany tanuy shygarmashylyk oner zhonindegi ojlary korinis tapkan Kejinnen London shygarmalaryn Muhtar Omarhanuly Әuezov t b kalamgerler audargan Әuezovtin Kokserek povesinen kanadalyk zhazushy Vinipeg kaskyry men Londonnyn Ak azu atty shygarmalarynyn әseri bajkalady Munyn ozi kazak korkemsoz onerinin әlem әdebietimen sabaktasa damyganyn korsetedi London shygarmalary buryngy aumagynda kop audarylyp ken taragan ӘdebietJoan Jack London and His Times N Y 1936 Boston Toronto 1961 Stoun I Moryak v sedle Biografiya Dzh Londona M 1962 Foner F Sh Dzhek London amerikanskij buntar M 1966 Zverev A M Dzhek London k 100 letiyu so dnya rozhdeniya M 1975 DerekkozderDidahmet Әshimhanuly Zhankeshti zhazushy Dzhek London SiltemelerDzhek London Әdebiet portalynda Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet