Орталық Қазақстанның этникалық құрылымының құрылуы мен дамуының тарихы ұзақ. Өлкені қоныстандыру әртүрлі уақыттарда және түрліше жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағында адам баласы ежелгі кезеңнен өмір сүргені белгілі, бірақ, өлкені қоныстандыру және игеру үдерісі XX ғасырға дейін созылды.
Бұл кезең Қазақстан аумағында өз позициясын нығайту мақсатында күрес жүргізген Ресей империясының аймақта өз қызметін жандандыруымен сипатталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазіргі Қарағанды облысының аумағы Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы округтерінің құрамына кірді. Өз әсерінің күшін нығайту және өлкені игеруге қажетті жағдай жасау үшін патша үкіметі шекара бойына нығайтылған шептер ұйымдастырды. Осы шептер бойында сібір казактары мекендеген Қарқаралы (1824 ж.), Ұлытау (1841 ж.), Ақтау (1837 ж.) және тағы да басқа осылар сияқты алғашқы елді мекен-станицалар пайда болды.
Орта жүздің ірі руларының бірі арғындардың негізгі бұқарасы Орталық Қазақстанда шоғырланғаны белгілі. Деректік мәліметтер бойынша олардың саны уездер бойынша келесідегідей болған: Қарқаралы уезінде – 87 381 шаруашылық, Ақмолада- шамамен 100 мың, Атбасарда – 32 207 болған. Бұнымен қоса осы жерлерде найман руынан шыққан қазақтар да көшіп-қонып жүрген. Атбасар уезінде олар 38 375 шаруашылық болды.
1832 ж. Ақмола уезі, 1839 ж. Атбасар уезі шаруалардың қоныстануы үшін ашық болды. Бірақ Орталық Қазақстанның кең байтақ кеңістігі және оның табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығына бейім болды. Сондықтан басқа аймақтарға қарағанда бұл жерлерде шаруаларды отарлау үдерісі баяу жүрді. Шаруалардың алғашқы елді мекені аймақтың солтүстігіндегі шұрайлы қара топырақты жерлер Нұра өзені алабында пайда болды. Бұл жерлерде жауын-шашынның жеткілікті түсуіне байланысты суарусыз жер өңдеумен айналысуға мүмкіндік болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында « далалық облыстарын басқару туралы бойынша Орталық Қазақстан аумағы Ақмола облысының Ақмола, Атбасар уездерінің кейбір болыстарының және Семей облысының Қарқаралы уезінің барлық болыстарының құрамына кірді. Қарқаралы уезі Қызылтау, Кент, Абраин, Ақбота, Сартау, Нұра, Тоқырауын, Борлы, Едірей, Ақсары, Темірші, Дегелең, Қуу, Қотанбұлақ, Батыс-Балқаш, Мойынты және Шұбартау сияқты болыстардан тұрды. Бұл уезде 1897 ж. 104 569 қазақ болды. Уезде 181 старшындық болды және олардың құрамында 30 528 шаруашылық тіркелді. Орталық Қазақстанға жататын Ақмола уезінің құрамына Қараағаш, Қорғалжын, Сарыөзен, Нілді, Саран, Ақтау, Атасу, Шерубай-Нұра, Ортау, Спасск, Нұра, Мұңғылық және Қызылтопырақ болыстары енді. Осы аумақта негізінен арғын тайпасының қуандық рулары және одан тарайтын алтай, қарпық, борышы, темеш рулары қоныстанды. Атбасар уезінің Сарысу және Кеңгір болыстарында негізгі халқын арғын және найман тайпаларының қазақтары құрады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Ресей империясындағы күрделі ішкі саяси жағдайға (крепостниктік құқықтың жойылуы және орталық қаратопырақты аудандарда жер жетіспеушілік) байланысты осы аудандардан Азиялық Ресей (Сібір, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан) аумақтарына қоныс аудару үдерісі жүреді. Осы жылдары отарлаудың шаруалық кезеңі басталады (Галузо П.Г. 1965). Ол Ресей үкіметі саясатының тұрақсыздануымен сипатталады. Шаруалардың бас бостандығын беріп, 1861 жылғы реформадан кейін аграрлық мәселелерді шешуді талап еткен 70-80 жылдардағы екінші революциялық жағдай пісіп-жетіліп келе жатқан болатын. үкіметі шаруалар қауымына сенім артты және олар бұдан революцияға кедергіні көрді. 1890 жылғы 8 маусымдағы және 1893 жылғы 14 желтоқсандағы заңдар шаруаларды қауымнан шығуына тиым салды және осы қауымдардың нығаюына жәрдемдесті. Сонда да шаруалардың өз бетінше қоныстануы жыл сайын өсе берді.
ХІХ ғасырдың аяғы –XX ғасырдың басында қоныстандыруға қатысты мемлекет саясаты қайта қаралады. XX ғасырдың басында үкімет бұрынғы қауымды қорғау саясатынан бас тартуға мәжбүр болды және 1907 жылдан бастап Столыпиндік аграрлық реформаларды жүргізуімен белгілі болған қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі басталады. Бұл реформаның мәні қауымды бұзып, жер жетіспеушіліктің өткірлік мәселесін әлсіздендіру үшін шаруалардың көпшілігін империяның шеткі аудандарына қоныстандыру болды. Бұдан басқа Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатының өзге жақтарын мынадан көруге болады: «теперь, когда образование государственной территории нашего отечества завершается, и внешние границы его окончательно определяются естественными пределами, это народное движение укладывается в русло того течения, которое технически именуется переселением на свободные казенные земли и имеет своими прямыми последствиями постепенное освоение раннее пустынных пространств и окончательное их мирное завоевание окраин – их прочную колонизацию» .
XX ғасырдың басында кеңінен дамыған қоныстандыру саясаты Ресей үкіметінен қосымша іс-шараларды талап етті. Бұл шаралардың арасында Сібір темір жолдары Комитеті мен Қоныстандыру Басқарамасын құру бар болатын. Бұдан басқа қоныстандыру жер қорын құру, аймақтарды статистикалық-экономикалық бақылауды жүргізу, қоныстандырушыларға жолда және келген жерлерінде көмек көрсетудің шаралары қабылданды. Н.Е. Бекмаханованың мәліметтері бойынша 70-ші жылдардан 1916 жылға дейін Қазақстанға барлығы 1,629 мың адам қоныстанған.
Бірақ, ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы шаруалардың жаппай қоныстануына қарамастан Орталық Қазақстанның аумағы ұзақ уақыт аз қоныстанған, бірұлтты өлке болып қала берді. Негізінен қоныстанушылар аймақтың шығыс бөлігін Қарқаралы уезін игерген болатын. Жер өңдеумен айналысқан қоныстанушыларды бұл елді мекендер қызықтырмады. Табиғи-климаттық жағдайлар өлкеде тек көшпелі қазақтардың ғана емес, сонымен қатар отырықшы тұрғындардың кейбір бөлігінің негізгі кәсібі және тіршілік көзі болған мал шаруашылығының дамуына себеп болды.
В.В. Козинаның есептеуінше, 1897 жылы Ресей империясында жүргізілген Бірінші Жалпыхалықтық санаққа сәйкес Орталық Қазақстан халқының саны 310 297 адамды құрады. Негізгі тұрғындар қазақтар, олардың үлес салмағы 93 % болды; орыстардың үлесі шамалы -0,5%; татар, мордвалар, поляктардың пайызы тиісінше одан аз болды -0,1%; 0,01%; 0,003% .
Қазақстан жеріне орыс, неміс, украин шаруаларын қоныс аудару Ресейдегі Столыпин реформасынан кейін кеңінен қүлаш үрды. Ақмола, Торғай, Орал, Семей облыстары бойынша 1906 жылы 25 100 шаруалар (ерлер) келсе, 1909 жылы 87 711 адам келді. 1906-1912 жылдар арасында осы төрт облыс жеріне 438 072 адам келіп орналасты. 1383 учаскелер үйымдастырылып, 9 114 707 десятина жер бөлініп берілді.
Қазіргі Қарағанды облысының аймағы ол кезде Ақмола мен Семей облыстарының қарамағына кірген. Бұл аймақтан 251 779 десятина жер алынып, 10 940 адамы (ерлер) бар 24 қоныс аудару учаскелері үйымдастырылды. Осы кезде Қарқаралы уезінің Қу болысында - 1509 қазақ шаруашылығы, Ақтөбе болысында - 1135, Едірей болсында -1881, Темірші болысында - 1854 қазақ шаруашылықтары болған еді. Патша өкіметінің отаршылық саясаты осы аталған қазақ шаруашылықтарын қыспаққа алып, отырған мекендерінен ығыстыра бастады.
Патша өкіметінің мақсаты қазақ жерінің шүрайлы, қүнарлы алқаптарын отарлауға байланысты болды. Сол себептен орыс шаруаларын Орталық Қазақстанның Есіл, Нүра, Ертіс өзендерінің бойына, суы мол көлді аймақтарға орналастырып отырды. Патша өкіметінің отарлау саясаты осы алқаптағы қазақ шаруаларын ыдыратып, ығыстыру болды.
1907-1912 жылдары Нұра өзенінің бойына Саратов, Самара, тағы басқа губерниялардан немістердің 13 поселкесі құрылды. Ал қазіргі Нұра, Осакаров, Бұқар жырау аудандарының аймақтарына 30-40 орыс шаруаларының поселкелері орналасты.
Мысалы: Киевка поселкесі - Нұра ауданының әкімшілік орталығы, облыстың ежелгі және ерекше елді мекені. Поселокты 1898 жылы Украинадағы Киев губерниясынан келген қоныстанушылар құрған; Вольское село - 1913 жылы Самар губерниясы, Вольск уезінен келушілер: Дубовка село - Дубовка губерниясынан, Новая Узенка - село, Саратов губерниясы, Узенка селосынан келушілер және т.б. жерлерді көшіп келушілер бұрынғы қоныстарының аттарын жаңа мекенге қойып отырған.
Қарағанды көмір кенішіне алғаш рет күрек салынуы өткен ғасырдың орта тұсында басталғаны тарихтан белгілі. Патша өкіметі көмір және мыс кен орындарына иелік ететін орыс көпестеріне 1857 жылы қазақ даласында жергілікті тас көмірді пайдалану арқылы мыс қорыту өндірісін ұйымдастыруға рұқсат береді. Осыған байланысты Қарағанды көмірін өндіру қолға алынады. Бұл жұмыс ол кезде өте қарапайым әдіспен тым баяу жүргізілген еді. XX ғасырдың бас кезінде мұнда көмір қазумен айналысқан жұмысшылардың 200-дей ғана болғаны соның дәлелі.
Алайда, Қарағандының айналысына тұрғын халықтың қоныстануы барған сайын молая түскен. Мұнда 1907 жылдың қарсаңында Үлкен Михайловка, Дубовка, Новоузенка, Волынка, Тихоновка деп аталған поселекелер пайда болған. Әуелі көпестер, одан кейін шетел концессионерлері сол поселкелерде тұратын халықтың арасынан тым төмен еңбек ақыға шахтаға жүмысшылар жалдап отырған.
Орталық Ресейден Қазақстанға шаруалар, әсіресе XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қауырт көше бастады. 1896 жылы Ақмола және Семей облыстары жеріне көшіп келген шаруалардың 43 болысы құралды, саны 150 мың адамға жетті.
Көші-қон үдерістері аймақ тұрғындарының этникалық құрылымын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Аз уақыт ішінде Орталық Қазақстан аз қоныстанған және моноэтникалық өлкеден полиэтникалық өлкеге айналды.
Дереккөздер
- Қарқаралы уезіне жер аударылғандар // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 356 б.
- Шаймұқанова Р. Екінші отаны - Қазақстан немесе Қазақстнаға зорлықпен қоныс аударған халықтар тарихынан // Орталық Қазақстан.- 1998.- 18 қараша.
- Әбдәкімүлы Ә. Қазақстанның Ресейге қосылу жайы // Қазақстан тарихы.- Алматы, 1997.- 110-123 б.
- Жартыбаев А. Орыс тілінен енген атаулар // Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары.- Қарағанды, 1998.- 61-68 б.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ortalyk Қazakstannyn etnikalyk kurylymynyn kuryluy men damuynyn tarihy uzak Өlkeni konystandyru әrtүrli uakyttarda zhәne tүrlishe zhүrgizildi Ortalyk Қazakstan aumagynda adam balasy ezhelgi kezennen omir sүrgeni belgili birak olkeni konystandyru zhәne igeru үderisi XX gasyrga dejin sozyldy Bul kezen Қazakstan aumagynda oz poziciyasyn nygajtu maksatynda kүres zhүrgizgen Resej imperiyasynyn ajmakta oz kyzmetin zhandandyruymen sipattalady 1822 zhylgy Sibir kyrgyzdary turaly Zhargy bojynsha kazirgi Қaragandy oblysynyn aumagy Bayanauyl Akmola Қarkaraly okrugterinin kuramyna kirdi Өz әserinin kүshin nygajtu zhәne olkeni igeruge kazhetti zhagdaj zhasau үshin patsha үkimeti shekara bojyna nygajtylgan shepter ujymdastyrdy Osy shepter bojynda sibir kazaktary mekendegen Қarkaraly 1824 zh Ұlytau 1841 zh Aktau 1837 zh zhәne tagy da baska osylar siyakty algashky eldi meken stanicalar pajda boldy Orta zhүzdin iri rularynyn biri argyndardyn negizgi bukarasy Ortalyk Қazakstanda shogyrlangany belgili Derektik mәlimetter bojynsha olardyn sany uezder bojynsha kelesidegidej bolgan Қarkaraly uezinde 87 381 sharuashylyk Akmolada shamamen 100 myn Atbasarda 32 207 bolgan Bunymen kosa osy zherlerde najman ruynan shykkan kazaktar da koship konyp zhүrgen Atbasar uezinde olar 38 375 sharuashylyk boldy 1832 zh Akmola uezi 1839 zh Atbasar uezi sharualardyn konystanuy үshin ashyk boldy Birak Ortalyk Қazakstannyn ken bajtak kenistigi zhәne onyn tabigi klimattyk zhagdajy mal sharuashylygyna bejim boldy Sondyktan baska ajmaktarga karaganda bul zherlerde sharualardy otarlau үderisi bayau zhүrdi Sharualardyn algashky eldi mekeni ajmaktyn soltүstigindegi shurajly kara topyrakty zherler Nura ozeni alabynda pajda boldy Bul zherlerde zhauyn shashynnyn zhetkilikti tүsuine bajlanysty suarusyz zher ondeumen ajnalysuga mүmkindik boldy HIH gasyrdyn ekinshi zhartysynda dalalyk oblystaryn baskaru turaly bojynsha Ortalyk Қazakstan aumagy Akmola oblysynyn Akmola Atbasar uezderinin kejbir bolystarynyn zhәne Semej oblysynyn Қarkaraly uezinin barlyk bolystarynyn kuramyna kirdi Қarkaraly uezi Қyzyltau Kent Abrain Akbota Sartau Nura Tokyrauyn Borly Edirej Aksary Temirshi Degelen Қuu Қotanbulak Batys Balkash Mojynty zhәne Shubartau siyakty bolystardan turdy Bul uezde 1897 zh 104 569 kazak boldy Uezde 181 starshyndyk boldy zhәne olardyn kuramynda 30 528 sharuashylyk tirkeldi Ortalyk Қazakstanga zhatatyn Akmola uezinin kuramyna Қaraagash Қorgalzhyn Saryozen Nildi Saran Aktau Atasu Sherubaj Nura Ortau Spassk Nura Mungylyk zhәne Қyzyltopyrak bolystary endi Osy aumakta negizinen argyn tajpasynyn kuandyk rulary zhәne odan tarajtyn altaj karpyk boryshy temesh rulary konystandy Atbasar uezinin Sarysu zhәne Kengir bolystarynda negizgi halkyn argyn zhәne najman tajpalarynyn kazaktary kurady HIH gasyrdyn 60 zhyldarynan bastap Resej imperiyasyndagy kүrdeli ishki sayasi zhagdajga krepostniktik kukyktyn zhojyluy zhәne ortalyk karatopyrakty audandarda zher zhetispeushilik bajlanysty osy audandardan Aziyalyk Resej Sibir Kavkaz Orta Aziya zhәne Қazakstan aumaktaryna konys audaru үderisi zhүredi Osy zhyldary otarlaudyn sharualyk kezeni bastalady Galuzo P G 1965 Ol Resej үkimeti sayasatynyn turaksyzdanuymen sipattalady Sharualardyn bas bostandygyn berip 1861 zhylgy reformadan kejin agrarlyk mәselelerdi sheshudi talap etken 70 80 zhyldardagy ekinshi revolyuciyalyk zhagdaj pisip zhetilip kele zhatkan bolatyn үkimeti sharualar kauymyna senim artty zhәne olar budan revolyuciyaga kedergini kordi 1890 zhylgy 8 mausymdagy zhәne 1893 zhylgy 14 zheltoksandagy zandar sharualardy kauymnan shyguyna tiym saldy zhәne osy kauymdardyn nygayuyna zhәrdemdesti Sonda da sharualardyn oz betinshe konystanuy zhyl sajyn ose berdi HIH gasyrdyn ayagy XX gasyrdyn basynda konystandyruga katysty memleket sayasaty kajta karalady XX gasyrdyn basynda үkimet buryngy kauymdy korgau sayasatynan bas tartuga mәzhbүr boldy zhәne 1907 zhyldan bastap Stolypindik agrarlyk reformalardy zhүrgizuimen belgili bolgan konystandyru sayasatynyn zhana kezeni bastalady Bul reformanyn mәni kauymdy buzyp zher zhetispeushiliktin otkirlik mәselesin әlsizdendiru үshin sharualardyn kopshiligin imperiyanyn shetki audandaryna konystandyru boldy Budan baska Resej үkimetinin konystandyru sayasatynyn ozge zhaktaryn mynadan koruge bolady teper kogda obrazovanie gosudarstvennoj territorii nashego otechestva zavershaetsya i vneshnie granicy ego okonchatelno opredelyayutsya estestvennymi predelami eto narodnoe dvizhenie ukladyvaetsya v ruslo togo techeniya kotoroe tehnicheski imenuetsya pereseleniem na svobodnye kazennye zemli i imeet svoimi pryamymi posledstviyami postepennoe osvoenie rannee pustynnyh prostranstv i okonchatelnoe ih mirnoe zavoevanie okrain ih prochnuyu kolonizaciyu XX gasyrdyn basynda keninen damygan konystandyru sayasaty Resej үkimetinen kosymsha is sharalardy talap etti Bul sharalardyn arasynda Sibir temir zholdary Komiteti men Қonystandyru Baskaramasyn kuru bar bolatyn Budan baska konystandyru zher koryn kuru ajmaktardy statistikalyk ekonomikalyk bakylaudy zhүrgizu konystandyrushylarga zholda zhәne kelgen zherlerinde komek korsetudin sharalary kabyldandy N E Bekmahanovanyn mәlimetteri bojynsha 70 shi zhyldardan 1916 zhylga dejin Қazakstanga barlygy 1 629 myn adam konystangan Birak HIH gasyrdyn ayagy XX gasyrdyn basyndagy sharualardyn zhappaj konystanuyna karamastan Ortalyk Қazakstannyn aumagy uzak uakyt az konystangan birultty olke bolyp kala berdi Negizinen konystanushylar ajmaktyn shygys boligin Қarkaraly uezin igergen bolatyn Zher ondeumen ajnalyskan konystanushylardy bul eldi mekender kyzyktyrmady Tabigi klimattyk zhagdajlar olkede tek koshpeli kazaktardyn gana emes sonymen katar otyrykshy turgyndardyn kejbir boliginin negizgi kәsibi zhәne tirshilik kozi bolgan mal sharuashylygynyn damuyna sebep boldy V V Kozinanyn esepteuinshe 1897 zhyly Resej imperiyasynda zhүrgizilgen Birinshi Zhalpyhalyktyk sanakka sәjkes Ortalyk Қazakstan halkynyn sany 310 297 adamdy kurady Negizgi turgyndar kazaktar olardyn үles salmagy 93 boldy orystardyn үlesi shamaly 0 5 tatar mordvalar polyaktardyn pajyzy tiisinshe odan az boldy 0 1 0 01 0 003 Қazakstan zherine orys nemis ukrain sharualaryn konys audaru Resejdegi Stolypin reformasynan kejin keninen kүlash үrdy Akmola Torgaj Oral Semej oblystary bojynsha 1906 zhyly 25 100 sharualar erler kelse 1909 zhyly 87 711 adam keldi 1906 1912 zhyldar arasynda osy tort oblys zherine 438 072 adam kelip ornalasty 1383 uchaskeler үjymdastyrylyp 9 114 707 desyatina zher bolinip berildi Қazirgi Қaragandy oblysynyn ajmagy ol kezde Akmola men Semej oblystarynyn karamagyna kirgen Bul ajmaktan 251 779 desyatina zher alynyp 10 940 adamy erler bar 24 konys audaru uchaskeleri үjymdastyryldy Osy kezde Қarkaraly uezinin Қu bolysynda 1509 kazak sharuashylygy Aktobe bolysynda 1135 Edirej bolsynda 1881 Temirshi bolysynda 1854 kazak sharuashylyktary bolgan edi Patsha okimetinin otarshylyk sayasaty osy atalgan kazak sharuashylyktaryn kyspakka alyp otyrgan mekenderinen ygystyra bastady Patsha okimetinin maksaty kazak zherinin shүrajly kүnarly alkaptaryn otarlauga bajlanysty boldy Sol sebepten orys sharualaryn Ortalyk Қazakstannyn Esil Nүra Ertis ozenderinin bojyna suy mol koldi ajmaktarga ornalastyryp otyrdy Patsha okimetinin otarlau sayasaty osy alkaptagy kazak sharualaryn ydyratyp ygystyru boldy 1907 1912 zhyldary Nura ozeninin bojyna Saratov Samara tagy baska guberniyalardan nemisterdin 13 poselkesi kuryldy Al kazirgi Nura Osakarov Bukar zhyrau audandarynyn ajmaktaryna 30 40 orys sharualarynyn poselkeleri ornalasty Mysaly Kievka poselkesi Nura audanynyn әkimshilik ortalygy oblystyn ezhelgi zhәne erekshe eldi mekeni Poselokty 1898 zhyly Ukrainadagy Kiev guberniyasynan kelgen konystanushylar kurgan Volskoe selo 1913 zhyly Samar guberniyasy Volsk uezinen kelushiler Dubovka selo Dubovka guberniyasynan Novaya Uzenka selo Saratov guberniyasy Uzenka selosynan kelushiler zhәne t b zherlerdi koship kelushiler buryngy konystarynyn attaryn zhana mekenge kojyp otyrgan Қaragandy komir kenishine algash ret kүrek salynuy otken gasyrdyn orta tusynda bastalgany tarihtan belgili Patsha okimeti komir zhәne mys ken oryndaryna ielik etetin orys kopesterine 1857 zhyly kazak dalasynda zhergilikti tas komirdi pajdalanu arkyly mys korytu ondirisin ujymdastyruga ruksat beredi Osygan bajlanysty Қaragandy komirin ondiru kolga alynady Bul zhumys ol kezde ote karapajym әdispen tym bayau zhүrgizilgen edi XX gasyrdyn bas kezinde munda komir kazumen ajnalyskan zhumysshylardyn 200 dej gana bolgany sonyn dәleli Alajda Қaragandynyn ajnalysyna turgyn halyktyn konystanuy bargan sajyn molaya tүsken Munda 1907 zhyldyn karsanynda Үlken Mihajlovka Dubovka Novouzenka Volynka Tihonovka dep atalgan poselekeler pajda bolgan Әueli kopester odan kejin shetel koncessionerleri sol poselkelerde turatyn halyktyn arasynan tym tomen enbek akyga shahtaga zhүmysshylar zhaldap otyrgan Ortalyk Resejden Қazakstanga sharualar әsirese XIX gasyrdyn 60 shy zhyldarynan bastap kauyrt koshe bastady 1896 zhyly Akmola zhәne Semej oblystary zherine koship kelgen sharualardyn 43 bolysy kuraldy sany 150 myn adamga zhetti Koshi kon үderisteri ajmak turgyndarynyn etnikalyk kurylymyn kalyptastyruda manyzdy rol atkardy Az uakyt ishinde Ortalyk Қazakstan az konystangan zhәne monoetnikalyk olkeden polietnikalyk olkege ajnaldy DerekkozderҚarkaraly uezine zher audarylgandar Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty 1990 356 b Shajmukanova R Ekinshi otany Қazakstan nemese Қazakstnaga zorlykpen konys audargan halyktar tarihynan Ortalyk Қazakstan 1998 18 karasha Әbdәkimүly Ә Қazakstannyn Resejge kosylu zhajy Қazakstan tarihy Almaty 1997 110 123 b Zhartybaev A Orys tilinen engen ataular Қaragandy oniri toponimderinin magynalyk zhәne kurylymdyk sipattary Қaragandy 1998 61 68 b Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz