Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң.
Қарақұйрық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қарақұйрық | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Gazella subgutturosa (, 1780) | ||||||||||||||||
Таралу аймағы
Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр.
Сипаты
Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады.
Тіршілігі мен қорегі
Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді.
Өсіп-өнуі
5 – 5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай төлдеу мамырдың екінші жартысында) лақтайды. Көбіне 1 – 2 лақ (егіз басым), кейде 3 – 4 лақ (өте сирек) табады. Жаңа туған лақтың салмағы 2 – 3 кг, дене тұрқы 48 – 58 см. 5 – 10 күнде шөп шалып, 3 айдан аса енесін емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде 4,5 кг, бір айда – 9,0 кг, 6 айда – 15,0, бір жаста салм. 20 кг-нан асады. Шыбыштары 7 – 8 айда, серкештері 1,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.
Жаулары, қорғалуы
Қарқұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, қарақал және , құстардан: бүркіт, қарақұс. Аусыл және туляремия ауруларымен ауырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Оның 5 – 7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау – Бозащы қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarakujryk lat Gazella subgutturosa sүtkorektiler klasynyn kuysmүjizdiler tukymdasyna zhatatyn an ҚarakujrykҚarakujrykDүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby SүtkorektilerSaby ZhuptuyaktylarTukymdasy ҚuysmүjizdilerKishi tukymdasy Tegi Tүri G subgutturosaGazella subgutturosa 1780 Taralu ajmagyҚazakstanda Үstirt pen Mangystauda Aral onirinde Қyzylkum Mojynkum Betpakdalanyn ontүstiginde Ontүstik Balkash onirinde Taukum Saryesikatyrau kezdesedi Songy zhyldary Қara Ertis ozeninin zhagalauyndagy kumdarda korinip zhүr SipatyTulgasy symbatty dene turky 101 126 shoktygynyn biiktigi 67 79 sm Tekesinin salmagy 22 0 41 0 eshkisiniki 20 34 kg Tekelerinin mүjizi tүp zhagy bederli ushy bir birine karaj azdap iilgen kara konyr tүsti Ұzyndygy 33 43 sm bolady eshkileri tokal Қujrygy kishkentaj kara konyr tүsti Tuyaktary kishkentaj kara tүsti sopaksha әri үshkir keledi Teri zhamylgysy kum tektes sargysh sur Koz aldy shat tuyak aralyk iis bezderi koru zhәne estu mүsheleri zhaksy zhetilgen osylar arkyly bir birimen tez tabysady Tirshiligi men koregiTastakty kumdy sazdy topyrakty sholdi ajmaktarda mekendeuge bejimdelgen Қonystaryn zhyl mausymdaryna karaj kysta sekseuil zhyngyl osken bujrat bujrat kumdarga zhazda sholdi zherlerge karaj konys auystyryp otyrady Tau etekterinde teniz dengejinen 2500 3000 m biiktikte de kezdesedi mys Altynemel ulttyk tabigi sayabagynda Kүjis kajyryp demalu zhәne aua rajynyn kolajsyz zhagdajlarynan korganu үshin tuyakpen tarpyp kazuga onaj zhumsak topyrakty zherlerden shagyn 60h30 sm zhataktar zhasajdy Қoregi 70 ten asa shoptesin osimdikter men butalar Ylgaly mol zhas shoptermen korektenip kar men zhanbyrdan zhinalgan kaktardan su iship sholin kandyrsa kysta kar zhalajdy Қazannyn ayagynan zheltoksannyn ortasyna dejin kүjlejdi Өsip onui5 5 5 aj buaz bolyp sәuirdin ayagynan mausymnyn ayagyna dejin zhappaj toldeu mamyrdyn ekinshi zhartysynda laktajdy Kobine 1 2 lak egiz basym kejde 3 4 lak ote sirek tabady Zhana tugan laktyn salmagy 2 3 kg dene turky 48 58 sm 5 10 kүnde shop shalyp 3 ajdan asa enesin emedi Zhas tolder tez osedi algashky 10 kүnde 4 5 kg bir ajda 9 0 kg 6 ajda 15 0 bir zhasta salm 20 kg nan asady Shybyshtary 7 8 ajda serkeshteri 1 5 zhasta zhynystyk zhagynan zhetiledi Zhaulary korgaluyҚarkujryktyn zhaulary kaskyr tүlki karakal zhәne kustardan bүrkit karakus Ausyl zhәne tulyaremiya aurularymen auyrady Dәmdi eti men terisi үshin kop aulangan Terisinen syrt kiim zhazgy ayak kiim mәsi tigiledi saba zhәne kauga zhasagan Қazir sany az Қazakstanda bar zhogy 13 15 myndaj Onyn 5 7 myny Altynemel ulttyk tabigi sayabagynda kalgany Үstirt korygy men Aktau Bozashy korykshasynda korgauga alynyp Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen 1996 DerekkozderҚazakstan tabigaty Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy ZhShS 2011 T Z 304 bet ISBN 9965 893 64 0 T Z ISBN 9965 893 19 5