Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында мен болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф. Л.Д. Чернышова, комп. Б.Байқадамов, балетм. А.Бекбосынов ұйымдастырды. 1989 ж. құрылған “Салтанат” би ансамблі М.Төлебаев, Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі. “Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореогр. композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығарм. бет-бейнесін айқындады. Қазақстан ән-би ансамблі ТМД елдерінде, АҚШ, ГДР, Венгрия, Швейцария, Франция, Англия, Түркия, Корея, Қытай, т.б. елдерде өнер көрсетті. ҚР еңб. сің. артистері: Б.Черноусов, З.Розмухамедова, Р.Есламғалиева, Ә.Ысмайылов, Б.Байжұманова, Н.Әлдібеков, У.Усина, Д.Нұрғалиева (Андасбаева), Н.Ножкин әр жылдары осы ансамбльде өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың фольклорлық-этногр. билерінің кәсіби сахнаға шығуында мемл. “Алтынай” би ансамблінің рөлі зор болды. Ансамбль репертуарынан, аңыз-ертегілерге, салт-дәстүр мен еңбек тақырыбына, ойын түрлеріне қойылған ұлттық би өнерінің алуан үлгісін көруге болады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak bii bishinin kozgalysy men dene kimyly arkyly korkem obrazdy bejnelejtin ulttyk sahna oneri Қazaktyn halyktyk bi oneri erte zamannan kalyptaskan halkymyzdyn asa baj auyz әdebietimen әn kүjlerimen dәstүrli turmys saltymen bite kajnasyp kele zhatkan el murasy bolyp tabylady Halyktyn korkemdik ojynyn bir korinisi retindegi bi oneri ozinin estet bolmysynda kazak zhurtynyn zhalpy dүnietanymyna saj arman murattaryn bejnelejtin kimyldar zhүjesin kalyptastyrgan Қazak halky ezhelgi bi onerinin dәstүri men ornegin saktap ozinin ruhani kazynasymen ushtastyra otyryp gasyrlar bojy damytkan Қazak bii halyktyn tirshilik tynysyn adamnyn tabigatka kozkarasyn dүnietanymyn ajshyktajtyn oner retinde orkendeude Қazak biinin kejbir kimyl kozgalystary baksy balgerlerdin ojyndary arkyly kalyptaskan Olar kobyz aspabymen birge sokpaly muz aspaptardyn komegimen de ozderinin baksylyk balgerlik үrdisterin kүshejtip otyrgan Қazak bii oneri sinkrettik tүrde damyp baska oner tүrlerin nasihattau men akparattyk tүrde bekitu zhәne kejingi urpakka zhetkizu barysynda ozindik manyzdy rol atkardy Ezhelgi bilerdin kanondyk tүrleri bizge zhetpegen Birak halyk arasynda bi kimyldaryn menzejtin ideyalar ulttyk ojyndar men salt zhoralarda saktalgan tarihi zhәne etnogr derekterde kalyptasu negizderi barlygy angarylady Zhiyn tojlarda zhurt konilin koteretin kүldirgish kuakylardyn onerlerinde bi kimyldary mol koldanyldy Қazak bii koshpeli malshynyn turmys tirshiligin tabigat korinisterin ulttyk tanym talgamga saj korkem bejneledi Қazak bii onerinin kәsibi dengejge koterilip sahna torine shyguy Қazak meml muzyka teatrynyn kazirgi Abaj atynd Қazak meml akademiyalyk opera zhәne balet teatry shygarm tarihymen tygyz bajlanysty k Қazak baleti Halyk bishisi Yskak Byzhybaev Mәskeu kalasynda otken KSRO halyktary bilerinin Bүkilodaktyk festivalderine katysyp 1936 zh ekinshi zhүldeni al 1940 zh birinshi zhүldeni ielendi Bishi osy oner sajysynda dombyranyn sүjemeldeuimen Nasybajshy zhәne Maskarampaz Қara zhorga bilerin bilegen Halyk biin tungysh kәsibi sahnaga shygargan talanttardyn katarynda men boldy Bul eki onerpaz da arnajy bi mektebinen otpej ak kәsibi bi onerin sheber mengergen Қazak halkynyn algashky kәsibi bishisi Zhienkulovadan bastau algan bi oneri birneshe urpaktyn ruhani bajlygyna ajnaldy Zhienkulova 1936 zh Meml filarmoniya zhanynan bi ansamblin kurdy Halyk biinin tez karkynmen damuyna 1955 zh kurylgan Meml әn bi ansambli zor үles kosty Ansambldi rezh horeograf L D Chernyshova komp B Bajkadamov baletm A Bekbosynov ujymdastyrdy 1989 zh kurylgan Saltanat bi ansambli M Tolebaev Bajkadamov L Hamidi S Muhamedzhanov N Tilendiev E Rahmadiev Ғ Zhubanova t b kompozitorlardyn shygarmalaryn sahnada bejneledi Sayahatta Alatau baurajynda Zhajlauda Akku kyzdar vokaldy horeogr kompoziciyalarmen birge Kilemshiler Zhigitter bii Bүrkitshi Қos alka Asatayak Bishi kajyn Sholpy zhәne Saltanat bileri ansambldin shygarm bet bejnesin ajkyndady Қazakstan әn bi ansambli TMD elderinde AҚSh GDR Vengriya Shvejcariya Franciya Angliya Tүrkiya Koreya Қytaj t b elderde oner korsetti ҚR enb sin artisteri B Chernousov Z Rozmuhamedova R Eslamgalieva Ә Ysmajylov B Bajzhumanova N Әldibekov U Usina D Nurgalieva Andasbaeva N Nozhkin әr zhyldary osy ansamblde oz onerlerin korsetti Қazaktyn folklorlyk etnogr bilerinin kәsibi sahnaga shyguynda meml Altynaj bi ansamblinin roli zor boldy Ansambl repertuarynan anyz ertegilerge salt dәstүr men enbek takyrybyna ojyn tүrlerine kojylgan ulttyk bi onerinin aluan үlgisin koruge bolady DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet