Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sheshendik sozder kogam omirine tabigat kubylystaryna bajlanysty teren oj bejneli sheber tilmen ajtylgan halyk shygarmasy tapkyrlyk sozder men Tuzhyrymdar kazak auyz әdebietindegi shagyn kolemdegi didaktikalyk zhanr Zhanr mazmunyna karaj sheshendik arnau sheshendik tolgau sheshendik dau bolyp үsh salaga bolinedi Daudyn әrkajsysy birneshege zher zhesir kun mal ar daulary zhikteledi Sheshendik arnau bata tilek әzil syn konil ajtu estirtu t b nuskalardan turady Sheshendik tolgauga kogam zamanga bajlanysty tagylym tәrbielik mәni bar takpak termeler zhatady Al sheshendik daularda sol kogamga tәn kylmystyk azamattyk isterdi sheshuge katysty sheshendik tapkyrlyk sozder ujgarymdar bejnelenedi Sheshendik sozder mazmuny men kurylysy zhagynan makal mәtelge anyz әngimelerge tolgaularga ajtystarga zhakyn Kompoziciyalyk kurylysyna karaj perneli soz termeli soz bolyp eki topka bolinedi Қara sozben ajtylgandary perneli soz tolgau takpak tүrindegileri termeli soz dep atalady Sheshendik sozder sonymen katar tүsinik pen tүjindi sozderden kuralady Tүjindi soz turakty tүsinik soz auyspaly magynada keledi Sheshendik sozder zhazba әdebietke zhakyn zhanr Okigalarynyn realistigi tilinin әdebiligi zhәne belgili halyk ojshyldarynyn Majky bi Ayaz bi Zhirenshe sheshen sheshen bilerdin Tole bi Қazybek bi Әjteke bi attarymen ajtylatyndygy bul pikirdi rastaj tүsedi Sheshendik sozderdin kopshiligi әuelgi kalpynda saktalmagan Zhattap alyp taratushylardyn әr buynnyn ondep ozgertuimen uakyttyn synynan otip uzyn yrgasy tobyktaj tүjinderi tүjip ajtkan tuzhyrymdary kalgan Ishinara ajtushylardyn esimderi de saktalgan Negizinde kogamdagy kiyanattarga әdiletsizdikterge karsy karapajym halyk okilderi bildirgen narazylyk retinde tuyndagan Sheshendik sozderdin nuskalary ozin tudyrgan kogammen sebeptermen birge zhojylyp bizdin zamanymyzdagy kyzmeti korkem әdebietke auysty Sheshendik sozder tapkyrlyk pen sheshendikke үjretetin korkem soz үlgisi gana emes halyktyn kone tarihymen birge zhasap kele zhatkan tәrbielik mәni zor halyk danalygy Ol tүrkitektes halyktardyn kopshiliginde kezdesedi Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet