Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертер де домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан “Қырғыз (қазақ) далаларындағы тіршілік” атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә.Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шертердің бір үлгісі Санкт-Петербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шертердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде Шертердің жетілдірілген түрі “Айгүл”, “Ғасырлар пернесі”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде пайдаланылды. Торғайдың Арқалық қаласында “Шертер” атты қазақтың халық аспаптарының фольклорлық ансамблі ұйымдастырылды.
1967 жылы Ленинградтың көптеген музейлеріндегі музыка құралдарымен танысып, қазақтың және басқа көршілес халықтардың біраз аспаптарын суретке түсіріп алдық. Сонда КСРО халықтарының Мемлекеттік этнографиялық музейінен шертерге өте ұқсас бір аспап кездесті, оны сипаттау документінде қобыз деп жазыпты. Жоғарыда суреттелгендей, бұл да шертердің құрылысына ұқсайды. Айырмашылығы тек сопақтау жасалып, екі ішек тағылуында. Бұл аспапты суретші С. М. Дудин 1902 жылы Сырдария облысынан тауып музейге өткізген.
Ысқышсыз, шертіліп тартылатын осынау аспапты екеуі де қобыз деп аталуының себебі мынада болуы тиіс. Осы кезге дейін қобыз деген сөзге ұқсас кобза, кобуз, комуз, комус деп әр халық ысқышты, шертпелі не болмаса үрмелі аспаптарды атай берген. Сол аспаптарды өз ара ажырату үшін оларды анықтауыш сөзбен қоса атаған. Мысалы, Дағыстандағы шертпелі аспап ағаш комуз, қырғыздың шаңқобызына ұқсас аспап — темір комуз, қырғыздың шертпе аспабы — чертме комуз т. б. Тарту тәсіліне, не болмаса, жасалған материалына қарай атаған. Сол сияқты қазақ халқында да «қобызды» түрлі құралдарға ортак, термин есебінде қолданылғанын байқаймыз. Қыл ішекті ысқышпен тартылатын қыл қобыздан басқа да қобыз атаулы аспаптың бірнеше түрі болған. Мәселен, оларды қыл қобыздан ажырату үшін шаңқобыз үрмелі, темірден не болмаса ағаштан жасалып, ауызға алып тартады, қыл қобыздан ерекшелігі, түлғасы жезден жасалған, қағаз қобыз біраз қазақ аудандарында гармоньды кардоннан жасалуына қарай осылай атаған. Қобыз, қобза, кобуз, комуз: комус аспаптарының аттары, негізінде, бір сөзден пайда болғандығын аңғартады, бірақ ол аспаптардың бір түріне ғана қолданылмаған. Қырғыздардың чертмек не болмаса чертме комуз дегендей, шертердің шертпе қобыз деп те аталуы мүмкін. Қазақтың басқа аспаптарының әр жерде түрлі атпен тарағанын білеміз. Мысалы, гармоньды сырнай, қағаз қобыз дейді.
Домбыраның дамуы шертермен тығыз байланысты сияқты. Шертер домбыраға қарағанда жасалуы жағынан қарапайым болған. Ескі домбыралардың кейбір бөлшектері шертерге ұқсас келеді. Мысалға аспаптың жалпы тұлға ортақтығы, осы кезге дейін Семей облысынан домбыраның үш ішекті болып кездесуі осы ұқсастықтың көрінісі.
Сөйтіп, соңғы кездегі табылған біраз жаңа деректерге сүйенсек, ертеректе қазақтың шертер аспабы болыпты деген халык арасында кездесетін әңгіменің жаны бар екендігін байқаймыз. Ал шертпелі аспап жетіген, шертер және домбыра болып үш түрге бөлінеді. Жетігеннің Күршім қазақтарының арасынан табылғандығы жайында жаңа деректер де табылып отыр.
Қазақтың көне музыка мұраларын байыптап зерттеген сайын, біздің ұлттық мәдениет тарихымызға жаңа дерек, жаңа мәліметтер қосыла түспек. Ондай деректерді әлі де болса іздей түсу, қауым боп қолға алатын келелі мәселе.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sherter ezhelgi shekti aspap Sherter de dombyra siyakty ojnajdy Sherterdin kolemi dombyradan kop kishi birak syrtky tүri kobyzdy eske salady ogan zhumyr tүr berip syrtyn terimen kaptajdy attyn kylynan eki shek tartylady Aspap bir gana burandaly bolyp keledi shektin bir basy burandaga ekinshisi basyna bekitiledi Sherter aspaby anyz әn ertegilerdi ajtkanda koldanylgan Ol baktashylar arasynda ken taragan Қazaktyn kone muzykalyk aspaptarynyn birine zhatatyn ol shertip ojnau tәsiline bajlanysty sherter dep atalgan Sherter eki nemese үsh ishekti bolyp keledi Ertedegi sherterler agashtan ojylyp shanagy konmen terimen kaptalgan Dybys kүshi kaptalgan terinin zhuka kalyndygyna isheginin zhuan zhinishkeligine bajlanysty Pernesi bolmajdy ishegine yzgan zhylky kyly tagylady Zhalpy turky 650 700 mm Ojnau tәsili dombyraga zhakyn bolganymen zhasaluy zhagynan kylkobyzga kobirek uksajdy Bul aspaptyn otken gasyrlarda negizinen malshylar arasynda ken taragandygy zhajly halyk anyzdarynda ajtylady Sherterdin sureti B Zalesskijdin 1865 zhyly Parizh kalasynda basylyp shykkan Қyrgyz kazak dalalaryndagy tirshilik atty albomynan bul aspapty ol Mangystau kazaktary arasynan kezdestirgen tabyldy Muzyka aspabyn zhasaushy sheber O Bejsembaev osy albomdagy suret bojynsha sherterdi kajta zhasap shygardy al sheber Ә Auhadiev onyn zhetildirilgen tүrin 1972 әzirledi Sherterdin bir үlgisi Sankt Peterburg etnografiyalyk murazhajynda saktauly Sherterdin kulak kүji kvarta ne kvinta burauynda bolady Dybys kolemi eki zharym oktava Sherterdi orkestr men ansamblde sondaj ak zheke oryndau үshin de pajdalanuga bolady Kezinde Sherterdin zhetildirilgen tүri Ajgүl Ғasyrlar pernesi Sazgen t b ansamblderde pajdalanyldy Torgajdyn Arkalyk kalasynda Sherter atty kazaktyn halyk aspaptarynyn folklorlyk ansambli ujymdastyryldy 1967 zhyly Leningradtyn koptegen muzejlerindegi muzyka kuraldarymen tanysyp kazaktyn zhәne baska korshiles halyktardyn biraz aspaptaryn suretke tүsirip aldyk Sonda KSRO halyktarynyn Memlekettik etnografiyalyk muzejinen sherterge ote uksas bir aspap kezdesti ony sipattau dokumentinde kobyz dep zhazypty Zhogaryda surettelgendej bul da sherterdin kurylysyna uksajdy Ajyrmashylygy tek sopaktau zhasalyp eki ishek tagyluynda Bul aspapty suretshi S M Dudin 1902 zhyly Syrdariya oblysynan tauyp muzejge otkizgen Yskyshsyz shertilip tartylatyn osynau aspapty ekeui de kobyz dep ataluynyn sebebi mynada boluy tiis Osy kezge dejin kobyz degen sozge uksas kobza kobuz komuz komus dep әr halyk yskyshty shertpeli ne bolmasa үrmeli aspaptardy ataj bergen Sol aspaptardy oz ara azhyratu үshin olardy anyktauysh sozben kosa atagan Mysaly Dagystandagy shertpeli aspap agash komuz kyrgyzdyn shankobyzyna uksas aspap temir komuz kyrgyzdyn shertpe aspaby chertme komuz t b Tartu tәsiline ne bolmasa zhasalgan materialyna karaj atagan Sol siyakty kazak halkynda da kobyzdy tүrli kuraldarga ortak termin esebinde koldanylganyn bajkajmyz Қyl ishekti yskyshpen tartylatyn kyl kobyzdan baska da kobyz atauly aspaptyn birneshe tүri bolgan Mәselen olardy kyl kobyzdan azhyratu үshin shankobyz үrmeli temirden ne bolmasa agashtan zhasalyp auyzga alyp tartady kyl kobyzdan ereksheligi tүlgasy zhezden zhasalgan kagaz kobyz biraz kazak audandarynda garmondy kardonnan zhasaluyna karaj osylaj atagan Қobyz kobza kobuz komuz komus aspaptarynyn attary negizinde bir sozden pajda bolgandygyn angartady birak ol aspaptardyn bir tүrine gana koldanylmagan Қyrgyzdardyn chertmek ne bolmasa chertme komuz degendej sherterdin shertpe kobyz dep te ataluy mүmkin Қazaktyn baska aspaptarynyn әr zherde tүrli atpen taraganyn bilemiz Mysaly garmondy syrnaj kagaz kobyz dejdi Dombyranyn damuy shertermen tygyz bajlanysty siyakty Sherter dombyraga karaganda zhasaluy zhagynan karapajym bolgan Eski dombyralardyn kejbir bolshekteri sherterge uksas keledi Mysalga aspaptyn zhalpy tulga ortaktygy osy kezge dejin Semej oblysynan dombyranyn үsh ishekti bolyp kezdesui osy uksastyktyn korinisi Sojtip songy kezdegi tabylgan biraz zhana derekterge sүjensek erterekte kazaktyn sherter aspaby bolypty degen halyk arasynda kezdesetin әngimenin zhany bar ekendigin bajkajmyz Al shertpeli aspap zhetigen sherter zhәne dombyra bolyp үsh tүrge bolinedi Zhetigennin Kүrshim kazaktarynyn arasynan tabylgandygy zhajynda zhana derekter de tabylyp otyr Қazaktyn kone muzyka muralaryn bajyptap zerttegen sajyn bizdin ulttyk mәdeniet tarihymyzga zhana derek zhana mәlimetter kosyla tүspek Ondaj derekterdi әli de bolsa izdej tүsu kauym bop kolga alatyn keleli mәsele Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Mәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz