Саптама етік — ішіне киізден астар салып, киіз байпақ киілетіндей қонышы кең, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім.
Ол, негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын , , аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыдан, көннен тігіледі. Ол түзу табан және табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұзын болады. Ал басының ойындысын қонышының ойындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне қаратып қос тарамыспен тігеді. Басын қондырған соң оның қонышын қусырады. Етіктің қонышын қусырғанда етік жылы әрі берік болу үшін тігістің арасына жіңішке былғары таспалан сыздық салып, қос тарамыспен жиі етіп тігеді. Етіктің басы қондырылып, қонышы қусырылып болғаннан кейін етікті қалыпқа тартады. Ол үшін ең алдымен қалыпқа өлшеп былғарыдан іштік немесе ішкі ұлтан қиып алып, оны ағаш шеге мен қалыптық табанына бірнеше жерден шегелеп бекітеді. Етік басының сіріөкше деп аталатын бөлігіне жұқа былғарыдан астар салып, екі арасына қайыңның тозынан не қатты сірілен қос астар салып, қабаттал қайып тігеді. Бұдан соң етіктің басын қалыпқа кигізіл, жіңішке тарамыспен оның шетін іштікке айналдыра көктейді. Етіктің табанына суық () өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы ұлтанның арасына бірнеше қабат көн салады. Қос ұлтан салынып болған соң сыртқы ұлтанды шегелейді. Ұлтан қопарылмау үшін етіктің үзеңгілігіне дейінгі бөлігіне шеге екі қатар қағылады да үзеңгілігінің тұсынан бастап өкшесіне дейін бір-ақ қатар қағылады. Саптама етіктің өкшесі аласа болады. тозбау үшін оған қағады. Саптама етікті әдетте кең етіп тігеді. Күннің райына қарай етікті бір байпақпен де, қос байпақпен де киеді.
Саптама етікті малшылар қауымының талаптарына қарай қазіргі кезде фабрикалық тәсілмен көптеп өндіру қолға алынуда. Мұны Семей аяқ киім фабрикасы қолға алып, оның бірінші тобын тұтынушыларға жөнелтті. Болашақта саптама етік шығару ісі дұрыстал жолға қойылып, оның өндірістік қуаты арттырылмақ.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Saptama etik ishine kiizden astar salyp kiiz bajpak kiiletindej konyshy ken bylgarydan tigiletin zhyly ayak kiim Ol negizinen kys bojy dalada kyzmette bolatyn anshylarga kolajly Saptama etik zhylkynyn siyrdyn terisinen ilengen bylgarydan konnen tigiledi Ol tүzu taban zhәne taban bolyp keledi Onyn okshesi alasa konyshy tizeni zhauyp turarlyktaj uzyn bolady Al basynyn ojyndysyn konyshynyn ojyndysyna dәl keltirip tigisin ishine karatyp kos taramyspen tigedi Basyn kondyrgan son onyn konyshyn kusyrady Etiktin konyshyn kusyrganda etik zhyly әri berik bolu үshin tigistin arasyna zhinishke bylgary taspalan syzdyk salyp kos taramyspen zhii etip tigedi Etiktin basy kondyrylyp konyshy kusyrylyp bolgannan kejin etikti kalypka tartady Ol үshin en aldymen kalypka olshep bylgarydan ishtik nemese ishki ultan kiyp alyp ony agash shege men kalyptyk tabanyna birneshe zherden shegelep bekitedi Etik basynyn siriokshe dep atalatyn boligine zhuka bylgarydan astar salyp eki arasyna kajynnyn tozynan ne katty sirilen kos astar salyp kabattal kajyp tigedi Budan son etiktin basyn kalypka kigizil zhinishke taramyspen onyn shetin ishtikke ajnaldyra koktejdi Etiktin tabanyna suyk otpeu үshin ishki ultan men syrtky ultannyn arasyna birneshe kabat kon salady Қos ultan salynyp bolgan son syrtky ultandy shegelejdi Ұltan koparylmau үshin etiktin үzengiligine dejingi boligine shege eki katar kagylady da үzengiliginin tusynan bastap okshesine dejin bir ak katar kagylady Saptama etiktin okshesi alasa bolady tozbau үshin ogan kagady Saptama etikti әdette ken etip tigedi Kүnnin rajyna karaj etikti bir bajpakpen de kos bajpakpen de kiedi Saptama etikti malshylar kauymynyn talaptaryna karaj kazirgi kezde fabrikalyk tәsilmen koptep ondiru kolga alynuda Muny Semej ayak kiim fabrikasy kolga alyp onyn birinshi tobyn tutynushylarga zhoneltti Bolashakta saptama etik shygaru isi durystal zholga kojylyp onyn ondiristik kuaty arttyrylmak DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9