Батырбек Рысбекұлы, Батырбек датқа, Батырбек қажы (1795, қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы маңындағы “Датқа саз” мекені – 1885, сонда) – белгілі тарихи тұлға. Ұлы жүз Дулат ішіндегі Сиқым тармағынан шыққан.
Әкесі Рысбек батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен. Қыстауы, жаз жайлауы – Жуалыдағы Бөкей тауының етегінде қазір “Батырбек сазы” деп аталатын орманды алқап. Батырбек өз дәуірінде Жуалы, Оңтүстік Түлкібас, Сайрам аумағына, Шымкент төңірегіне билік жүргізген. Байзақ, Сапақ датқалармен сыйлас, дос болып, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген, Кенесары бастаған көтеріліске қолдау көрсеткен. 1860 жылдардағы Орыс патшалығымен болған соғыстардың барлығына ұлдарымен бірге қатысқан. 1860 ж. Ұзынағаш шайқасына қатысты. Бұл кездері датқа қарт еді. Ұызнағаш, Әулие ата, Шымкент, Манкент, Ташкент түбінде болған соғыстардың барлығына Сыздық сұлтан әскерінің құрамында оның ұлдары қатысты.
Сондай-ақ олар халықты бірлікке, татулыққа үндеп, отырықшылыққа үйреткен, канал қаздырып, суландыру жүйесін енгізген. 1863 жылы Батырбекке полковник М.Г. Черняев пен Шоқан Уәлиханов арнайы жолығып, Оңтүстік өңірді қоқандықтардан азат ету жөнінде пікірлескен. Осы соғыс кезінде ол алдын ала қам жасап, халықты қырғыннан аман алып қалды. Батырбек Құнанбай Өскенбайұлы, Мұса Шорманұлы, Шыңғыс Уәлиханов, Андамас, Мырқы, Нұрпейіс, т.б. белгілі адамдармен таныс-біліс, құдандалы болған. Өзінің қыстауының жанынан үлкен мешіт салдырып, жанынан медресе тұрғызды. 1874 жылы Меккеге қажылыққа барып, Қасымбек датқа, Құнанбай, Аңдамас, Мырқы, Нұрпейістермен бірігіп, 3 (қонақ үй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдыртқан.
Батырбектің кіндігінен 11 ұл, 5 қыз тараған. Батырбекті кезінде Шөже, Майлықожа, ақындар мадақтап, жырға қосқан. Оның қайраткерлігі, ерлік істері жазушылар С.Бақбергеновтың “Алтын құс”, Ә.Жылқышиевтің “Дауылдан кейінгі жорық”, М.Қалдыбайұлының “Бәйдібек баба арманы”, А.Өтеуліұлының “Сиқым шежіресі” атты кітаптарында айтылады. Денесі өзі салдырған мешітінің жанына қойылып, басына үлкен күмбез тұрғызылған. Басына халық келіп зиярат жасайды. Ұрпақтары негізінен Оңтүстік өңірдің Жуалы, Талас, Түлкібас, Бәйдібек, Сайрам аудандарында тұрады.
Дереккөздер
- Ә.Дәуітбеков Сиқым Тоғатай шежіресі — Шымкент: ЖШС Кітап, 2015. — ISBN 978-601-7404-68-0.
- http://www.nlrk.kz/data11/result/ebook_315/index.html#ps Мұрағатталған 22 желтоқсанның 2016 жылы.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batyrbek Rysbekuly Batyrbek datka Batyrbek kazhy 1795 kazirgi Zhambyl oblysy Zhualy audany Kүrenbel auyly manyndagy Datka saz mekeni 1885 sonda belgili tarihi tulga Ұly zhүz Dulat ishindegi Sikym tarmagynan shykkan Әkesi Rysbek batyr zhongar shapkynshylygy kezinde erligimen kozge tүsken Қystauy zhaz zhajlauy Zhualydagy Bokej tauynyn eteginde kazir Batyrbek sazy dep atalatyn ormandy alkap Batyrbek oz dәuirinde Zhualy Ontүstik Tүlkibas Sajram aumagyna Shymkent toniregine bilik zhүrgizgen Bajzak Sapak datkalarmen syjlas dos bolyp Қokan handygyna karsy kүres zhүrgizgen Kenesary bastagan koteriliske koldau korsetken 1860 zhyldardagy Orys patshalygymen bolgan sogystardyn barlygyna uldarymen birge katyskan 1860 zh Ұzynagash shajkasyna katysty Bul kezderi datka kart edi Ұyznagash Әulie ata Shymkent Mankent Tashkent tүbinde bolgan sogystardyn barlygyna Syzdyk sultan әskerinin kuramynda onyn uldary katysty Sondaj ak olar halykty birlikke tatulykka үndep otyrykshylykka үjretken kanal kazdyryp sulandyru zhүjesin engizgen 1863 zhyly Batyrbekke polkovnik M G Chernyaev pen Shokan Uәlihanov arnajy zholygyp Ontүstik onirdi kokandyktardan azat etu zhoninde pikirlesken Osy sogys kezinde ol aldyn ala kam zhasap halykty kyrgynnan aman alyp kaldy Batyrbek Қunanbaj Өskenbajuly Musa Shormanuly Shyngys Uәlihanov Andamas Myrky Nurpejis t b belgili adamdarmen tanys bilis kudandaly bolgan Өzinin kystauynyn zhanynan үlken meshit saldyryp zhanynan medrese turgyzdy 1874 zhyly Mekkege kazhylykka baryp Қasymbek datka Қunanbaj Andamas Myrky Nurpejistermen birigip 3 konak үj әri medrese kyzmetin atkargan үj saldyrtkan Batyrbektin kindiginen 11 ul 5 kyz taragan Batyrbekti kezinde Shozhe Majlykozha akyndar madaktap zhyrga koskan Onyn kajratkerligi erlik isteri zhazushylar S Bakbergenovtyn Altyn kus Ә Zhylkyshievtin Dauyldan kejingi zhoryk M Қaldybajulynyn Bәjdibek baba armany A Өteuliulynyn Sikym shezhiresi atty kitaptarynda ajtylady Denesi ozi saldyrgan meshitinin zhanyna kojylyp basyna үlken kүmbez turgyzylgan Basyna halyk kelip ziyarat zhasajdy Ұrpaktary negizinen Ontүstik onirdin Zhualy Talas Tүlkibas Bәjdibek Sajram audandarynda turady DerekkozderӘ Dәuitbekov Sikym Togataj shezhiresi Shymkent ZhShS Kitap 2015 ISBN 978 601 7404 68 0 http www nlrk kz data11 result ebook 315 index html ps Muragattalgan 22 zheltoksannyn 2016 zhyly Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 X tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz