Барақ хан (т.ж. белгісіз — 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.
Барақ хан ﺒﻪﺭﻪﻙ ﺣﺎن | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1423 — 1426 | ||
Ізашары | Ұлық Мұхаммед хан | |
Ізбасары | Кіші Мұхаммед Хан | |
| ||
1427 — 1428 | ||
Ізашары | Ұлық Мұхаммед хан | |
Ізбасары | Кіші Мұхаммед Хан | |
| ||
1395 — 1428 | ||
Ізашары | Құйыршық хан | |
Ізбасары | мемлекет құлады | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 1428 Сығанақ | |
Династия | Ордаежендіктер | |
Әкесі | Құйыршық хан | |
Балалары | Жәнібек хан | |
өңдеу |
Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 жылы Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты.
Билік жылдары
1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарқандта болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мәуереннахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды. 1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.
Дереккөздер
- Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. — Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Айбын. Энциклопедия. // Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Barak han t zh belgisiz 1428 zhyly kajtys bolgan Ұrys hannyn nemeresi Barak biraz uakyt bojy Ak Ordadagy oz әuletinin biligin kalpyna keltirdi Barak han ﺒﻪﺭﻪﻙ ﺣﺎنLauazymyAltyn Ordanyn hany1423 1426Izashary Ұlyk Muhammed hanIzbasary Kishi Muhammed HanAltyn Ordanyn hany1427 1428Izashary Ұlyk Muhammed hanIzbasary Kishi Muhammed HanAk Ordanyn 14 hany1395 1428Izashary Қujyrshyk hanIzbasary memleket kuladyӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui belgisizҚajtys boluy 1428 1428 SyganakDinastiya OrdaezhendikterӘkesi Қujyrshyk hanBalalary Zhәnibek hanondeu Tugan zhyly turaly derek zhok 1428 zhyly kajtys bolgan 1423 1428 zhyldary Ak Ordanyn hany boldy Қujyrshyk hannyn uly Orys hannyn nemeresi Barak oz tusynda en bedeldi handardyn biri bolgan Syganak kalasyn saludy baskaruga katysty Altyn Ordanyn kүjreui kezeninde tore tukymdarynyn takka tartysy kezinde Ak Orda birkatar ulystardy ielengen bolatyn Tak muragerlerinin biri Barak han edi Balasy Zhәnibek han men inisi Kerej han 1456 zhyly Ak Ordada әkesinin әuletin zhangyrtty Bilik zhyldary1416 zhyly Deshti Қypshaktyn bileushileri men Temirdin nemeresi Ұlykbektin arasynda Syrdariyanyn tomengi agysyndagy zherler үshin kүres bastaldy Bul kүres bүtindej zhүz zhylga sozyldy Ұlykbektin sogyska aralasuyna Barak hannyn odan komek surauy sebep boldy Bul 1419 zhyly mamyr ajynda Samarkandta bolgan edi Ұlykbek Barak hanga konakzhajlylyk korsetip ogan komektesuge bel bajlady Barak han oz karsylastaryn zhenip biligin birte birte nygajta berdi 1422 zhyly ozinin en negizgi karsylasy Muhammed hannyn Ordasyn bagyndyrgannan kejin Barak han Deshti Қypshak aumagynyn үlken boligin zhaulap aldy Onyn aumagy Syrdariyanyn tomengi agysynan Aral tenizine dejingi aralykta soltүstikte Zhajyk ozeninen Tobyl ozenine dejin soltүstik shygysta Ertis ozenine dejin sozylyp zhatty 1423 zhyly handyk bilikke kol zhetkizgen Barak han Mәuerennahrga karsy bagyttalgan sayasatty zhүrgize bastady 1425 zhyly Ұlykbek memleketi men Syganak arasyndagy shekaraga ishkerilej zhakyndagan Barak han buryn atasy Orys hannyn kol astynda bolgan odan Temir zhaulap algan Syrdariya ozeninin bojyndagy Ak Ordanyn ezhelgi zherlerin kajtarudy talap etti 1427 zhyldyn basynda Syganak tүbinde Ұlykbek pen Barak han әskerleri arasynda keskilesken urys boldy Zheniliske ushyragan Ұlykbek әskerleri Samarkan kalasyna dejin ygystyryldy Tek 1427 zhyldyn mamyr ajynda sogyska Shahruh bastagan Ғirat әskerinin aralasuymen Barak han Deshti Қypshakka keri oraluga mәzhbүr boldy Syganak kajtadan Orys han tukymdarynyn ordasyna ajnaldy 1428 zhyly Mongolstan sultany Mahmud oglanga karsy shajkasta Barak han kaza boldy Sol 1428 zhyly Deshti Қypshakty Әbilkajyr han 1428 1468 zhaulap algan edi DerekkozderTarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HTagy karanyz