Балта - шабу арқылы зақым салатын жауынгерлік қару. Жауынгерлік балта екі функционалдық бөліктен тұрады: қарудың металдан жасалып, жарақат салуға арналған негізгі бөлігі «басы», қолға ұстайтын бөлігі - «сабы». Жауынгерлік балтада жүзінің жалпақтығы орташа болып, жоғары ұшы тіктеу, төменгі ұшы сағағына қарай сәл дөңгеленіп келеді. Алғашқы балталар тас дәуірінде пайда болғанмен, тікелей жауынгерлік қару ретінде жауынгерлік балта көшпелі халықтарда біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтан қолданыла бастаған, бұл кездердегі балта бастары қоладан арнаулы қалыптарда құйылып жасалған. Жауынгерлік балта ерте заманнан ғұрыптық мәнге ие болған, сондықтан көне заманда жауынгерлік балтаның ғұрыптық нұсқалары да жасалып, олардың жүзінің беттері, шүйдесі, сабы әртүрлі өрнекпен, тотемдік жануарлар мен аңдар бейнелерімен керкемделді. Темір рудасын игеру барысында орта ғасырда жауынгерлік балта басының көптеген жаңа түрлері жасалына бастады. Көшпелі түркі-моңғол халықтарында жауынгерлік балта салтатты жауынгердің басты қаруының бірі болды, соғыста жауынгерлер балтаны негізінен қоян-қолтық айқаста пайдаланды. Жауынгерлік балта ер қаруы-бес қарудың құрамына кіріп, айқас алдындағы батырлардың жауынгерлік жекпе- жегі мен әртүрлі тойларда өткізілетін сайыстарда басқа жауынгерлік қарулармен бірге балтамен шабысу сайысы да өткізілген. Қазіргі замандағыдай, бұрынғы кездерде де көшпелі халықтардың әскерінің құрамы қару түрлеріне қарай бөлініп, айқаста жауынгерлік балтаны қолдануды жетік меңгерген жауынгерлерден жеке әскери беліктер, қосындар құрылған.
Қазақтарда балтаны жауынгерлік қару ретінде қолдапу XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып келді. Жауынгерлік балталардың басы болаттан, темірден соғылып, сабы қатты ағаштан жасалып, шығып кетпес үшін басы сабына қосымша екі темір бекітпелер арқылы ұстатылды. Сыртындағы темір бекітпеге күміспен қақталып ою салынып, ал алдыңғы жағындағы бекітпе қарсыластың қаруын кесуге арналған өткір жүз түрінде жасалды. Кейбір балта саптары берік болу үшін баспалау әдісімен өрнектелген күміс қаңылтырмен, ал кейбірі терімен қапталып, металл жапсырмалармен көркемделді. Кейбір балталардың шүйдесі төртбұрышты немесе дөңгелек келген балға түрінде жасалып, қосымша ұру, соғу арқылы зақым салуға қолданылды.
Қазақ балталарының жүзінің беттері әдетте күміс қақтау, алтынмен, күміспен булау, қырнау әдістері арқылы, ал металмен қапталған саптары баспалау әдісі арқылы өсімдік өрнекпен әшекейленді. Көшпелі түркі халықтарының көне мифологиялық дүниетанымында жауынгерлік қару әлемнің үш сегментін байланыстырып тұратын «әлем ағашының» алломорфы ретінде бейнеленеді. Сондықтан қазақтардың балталарының бастары мен саптарында қолданылатын өрнек түрлері көбінесе «әлем ағашы» өрнегінің әртүрлі вариантары болып келеді. Бұл өрнектердің қолданылуы балтаның көне замандағы ғұрыптық сипатының қазақтарда көркемдік дәстүр ретінде сақталып келгенін айғақтайды. Сәнді балталардың саптары асыл тастармен де әшекейленді, кейде балта бастарында киелі сөздер немесе арнау сөздер жазылды. Қазақтардың жауынгерлік балталары сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа және ұзын сапты болып келеді. Қыска сапты балта (балташық) сиректеу қолданылды да, ең көп қолданылғаны сабы орташа ұзындықты балта, ең аз қолданылған ұзын сапты балта болды.
Дәстүрлі мәдениетте жауынгерлік балта әскери құрал ретіндегі утилитарлық қызметінен басқа түрлі символдық, белгілік және ғұрыптық мақсаттарда да қолданылды. Көне заманда жауынгерлік балта көп халықтарда оны ұстаушылардың сакральдық рөлін көрсететін символдарының бірі болды. Осы ерекшелігіне сәйкес қасиетті мүлік, жоғары құндылығы бар зат ретінде балта көшпелі қоғамдағы түрлі әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастарды белгілейтін әртүрлі ресми сыйлардың құрамына кірді.
Көне магиялық сенімдерге сәйкес ерте заманнан айбалтаның зұлым күштерден, рухтардан қорғау, сақтау күші бар деп түсінілді де, апотропеикалық (қорғау, сақтау) магиялық ырымдарда қолданылды. Түркі халықтарында шаман-бақсылардың зұлым рухтармен айқасуға, күресуге көмектестін құралы ретінде балта олардың ғұрыптық қаруларының бірі болған. Қазақ бақсылары да жауынгерлік балтаны зікір салғанда пайдаланды. Батыс Қазақстандағы қазақтардың құлпытастарында, сағанатастарында жауынгерлік символ ретінде бейнеленген әртүрлі жауынгерлік балта бейнелерін көруге болады. Жауынгерлік балтаның символдық, магиялық мәніне байланысты қазақтарда ер адамның есімдері ретінде ер балаларға Балта, Балтабай, Қарабалта деген сияқты есімдер де қойылған.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balta shabu arkyly zakym salatyn zhauyngerlik karu Zhauyngerlik balta eki funkcionaldyk bolikten turady karudyn metaldan zhasalyp zharakat saluga arnalgan negizgi boligi basy kolga ustajtyn boligi saby Zhauyngerlik baltada zhүzinin zhalpaktygy ortasha bolyp zhogary ushy tikteu tomengi ushy sagagyna karaj sәl dongelenip keledi Algashky baltalar tas dәuirinde pajda bolganmen tikelej zhauyngerlik karu retinde zhauyngerlik balta koshpeli halyktarda bizdin zamanymyzga dejingi II mynzhyldyktan koldanyla bastagan bul kezderdegi balta bastary koladan arnauly kalyptarda kujylyp zhasalgan Zhauyngerlik balta erte zamannan guryptyk mәnge ie bolgan sondyktan kone zamanda zhauyngerlik baltanyn guryptyk nuskalary da zhasalyp olardyn zhүzinin betteri shүjdesi saby әrtүrli ornekpen totemdik zhanuarlar men andar bejnelerimen kerkemdeldi Temir rudasyn igeru barysynda orta gasyrda zhauyngerlik balta basynyn koptegen zhana tүrleri zhasalyna bastady Koshpeli tүrki mongol halyktarynda zhauyngerlik balta saltatty zhauyngerdin basty karuynyn biri boldy sogysta zhauyngerler baltany negizinen koyan koltyk ajkasta pajdalandy Zhauyngerlik balta er karuy bes karudyn kuramyna kirip ajkas aldyndagy batyrlardyn zhauyngerlik zhekpe zhegi men әrtүrli tojlarda otkiziletin sajystarda baska zhauyngerlik karularmen birge baltamen shabysu sajysy da otkizilgen Қazirgi zamandagydaj buryngy kezderde de koshpeli halyktardyn әskerinin kuramy karu tүrlerine karaj bolinip ajkasta zhauyngerlik baltany koldanudy zhetik mengergen zhauyngerlerden zheke әskeri belikter kosyndar kurylgan Қazaktarda baltany zhauyngerlik karu retinde koldapu XIX gasyrdyn ayagyna dejin saktalyp keldi Zhauyngerlik baltalardyn basy bolattan temirden sogylyp saby katty agashtan zhasalyp shygyp ketpes үshin basy sabyna kosymsha eki temir bekitpeler arkyly ustatyldy Syrtyndagy temir bekitpege kүmispen kaktalyp oyu salynyp al aldyngy zhagyndagy bekitpe karsylastyn karuyn kesuge arnalgan otkir zhүz tүrinde zhasaldy Kejbir balta saptary berik bolu үshin baspalau әdisimen ornektelgen kүmis kanyltyrmen al kejbiri terimen kaptalyp metall zhapsyrmalarmen korkemdeldi Kejbir baltalardyn shүjdesi tortburyshty nemese dongelek kelgen balga tүrinde zhasalyp kosymsha uru sogu arkyly zakym saluga koldanyldy Қazak baltalarynyn zhүzinin betteri әdette kүmis kaktau altynmen kүmispen bulau kyrnau әdisteri arkyly al metalmen kaptalgan saptary baspalau әdisi arkyly osimdik ornekpen әshekejlendi Koshpeli tүrki halyktarynyn kone mifologiyalyk dүnietanymynda zhauyngerlik karu әlemnin үsh segmentin bajlanystyryp turatyn әlem agashynyn allomorfy retinde bejnelenedi Sondyktan kazaktardyn baltalarynyn bastary men saptarynda koldanylatyn ornek tүrleri kobinese әlem agashy orneginin әrtүrli variantary bolyp keledi Bul ornekterdin koldanyluy baltanyn kone zamandagy guryptyk sipatynyn kazaktarda korkemdik dәstүr retinde saktalyp kelgenin ajgaktajdy Sәndi baltalardyn saptary asyl tastarmen de әshekejlendi kejde balta bastarynda kieli sozder nemese arnau sozder zhazyldy Қazaktardyn zhauyngerlik baltalary sabynyn uzyndygyna karaj kyska ortasha zhәne uzyn sapty bolyp keledi Қyska sapty balta baltashyk sirekteu koldanyldy da en kop koldanylgany saby ortasha uzyndykty balta en az koldanylgan uzyn sapty balta boldy Dәstүrli mәdeniette zhauyngerlik balta әskeri kural retindegi utilitarlyk kyzmetinen baska tүrli simvoldyk belgilik zhәne guryptyk maksattarda da koldanyldy Kone zamanda zhauyngerlik balta kop halyktarda ony ustaushylardyn sakraldyk rolin korsetetin simvoldarynyn biri boldy Osy ereksheligine sәjkes kasietti mүlik zhogary kundylygy bar zat retinde balta koshpeli kogamdagy tүrli әleumettik zhәne memleketaralyk katynastardy belgilejtin әrtүrli resmi syjlardyn kuramyna kirdi Kone magiyalyk senimderge sәjkes erte zamannan ajbaltanyn zulym kүshterden ruhtardan korgau saktau kүshi bar dep tүsinildi de apotropeikalyk korgau saktau magiyalyk yrymdarda koldanyldy Tүrki halyktarynda shaman baksylardyn zulym ruhtarmen ajkasuga kүresuge komektestin kuraly retinde balta olardyn guryptyk karularynyn biri bolgan Қazak baksylary da zhauyngerlik baltany zikir salganda pajdalandy Batys Қazakstandagy kazaktardyn kulpytastarynda saganatastarynda zhauyngerlik simvol retinde bejnelengen әrtүrli zhauyngerlik balta bejnelerin koruge bolady Zhauyngerlik baltanyn simvoldyk magiyalyk mәnine bajlanysty kazaktarda er adamnyn esimderi retinde er balalarga Balta Baltabaj Қarabalta degen siyakty esimder de kojylgan DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet