«Абай» - композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің . Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды.
Бұл жолы оны сахнаға қойған - режиссері Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітов, суретшісі - А. Ненашев, дирижері - Т. Османов. Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Операда жаңашыл жастардың бірі Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға. Абайдың достары Көкбай, Қарлығаштар да тартымды бейнелер. Операдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Әзім, ол Абайдың жақыны, ақын, бірақ оның негізгі ұстаған жолы, тілегі Абайға қарсы. Операның өн-бойында Әзімнің жүріс-тұрысы, әрекеті, оның халық алдындағы сөзі мен билігі оны Абай жағындағы адам сияқты көрсетеді де, шығарма соңында ол Айдарға у беріп өлтіреді. Осының өзі Абай арманының құлаған сәтін көрсетсе де.осы тұстағы қуатты ария шындықты тап басып, ұлы ақынның болашаққа сеніммен қарайтынын танытады.
Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір- бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған, ал бірқатары халық музыкасынан алынған, сондай-ақ Ӏ-актідегі «Қай талқы құл алдына құрылмаған» деп басталатын ариясы мен «Зарлының наласы, жас жүрек жарасы» әні композиторлардың өздері туғызған туындылар. Операдағы Абай, Айдар, Ажар ариялары әуендік жағынан бай, үлкен шеберлікпен жазылған. Басқа да кейіпкерлердің ариялары, дуэттері, ансамбльдері, речитативтік әндері, хорлар мен би музыкалары операның жалпы драматург, құрылысымен тығыз байланысты және Абай әндерімен, халық музыкасымен сарындас: Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1 акт, 2 картина), «Айттым сәлем, қалам қас» (3 акт), «Сегіз аяқ» (4 акт) әндерімен қоса «Қаралы қайғы кештім-ай, талай, талай» (1 акт) немесе «Қош, жазықсыз арыстаным» (4 акт) деп басталатын тұстардан Біржанның «Ақ тентек» әнінің әуені естілгендей болады. Операда Нарымбет пен Жиренше тұлғаларын бейнелеуге речитативтік әндер пайдаланылған.
«Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.).
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abaj kompozitor A Zhubanov pen L A Hamididin Librettosy M Әuezovtiki Operanyn algashky kojylymy 1944 zh zheltoksannyn 26 kүni Қazaktyn opera zhәne balet teatrynda Abajdyn 100 zhyldyk merejtojy karsanynda kojyldy Operany sahnaga shygargan rezhisseri Қ Zhandarbekov suretshisi Қ Қozhykov dirizheri L M Shargorodskij boldy Operanyn 2 redakciyasyn Zhubanov pen Hamidi 1956 zh kajta zhazdy Bul zholy ony sahnaga kojgan rezhisseri Қ Zhandarbekov pen Қ Bajsejitov suretshisi A Nenashev dirizheri T Osmanov Operada basty kejipker Abajdyn omir sүrgen zamany kazak dalasyndagy Resej patshalygynyn otarshyl sayasaty kazak halkyn bir zhagynan orys әkimderi ekinshi zhagynan zhergilikti feodaldardyn kanauy akynnyn enbekshi halyk үshin istegen kogamdyk adamgershilik kyzmetteri korinis tapkan Kompozitorlar kazaktardyn kogamdyk әleumettik turmysyn surettej otyryp akyn tulgasyn onyn reakciyashyl bolmyska baj feodaldarga karsy kүres үstinde korsete bilgen Operada bir birine karama karsy turgan eki tүrli әleumettik kүsh Zhaksylyk pen Zulymdyk yagni aldyngy katarly ozyk oj men kertartpa kүsh үnemi arbasyp otyrady Operada zhanashyl zhastardyn biri Abajdyn shәkirti Ajdar Sүjeneri zhok birak әdildikti koksegen zholy tүzu daryndy zhas akyn Onyn sүjgeni Azhar da ozinin bas bostandygyn ansagan sol үshin әdiletsizdikke karsy kүresip kele zhatkan zhagymdy tulga Abajdyn dostary Kokbaj Қarlygashtar da tartymdy bejneler Operadagy zhagymsyz kejipkerlerdin biri Әzim ol Abajdyn zhakyny akyn birak onyn negizgi ustagan zholy tilegi Abajga karsy Operanyn on bojynda Әzimnin zhүris turysy әreketi onyn halyk aldyndagy sozi men biligi ony Abaj zhagyndagy adam siyakty korsetedi de shygarma sonynda ol Ajdarga u berip oltiredi Osynyn ozi Abaj armanynyn kulagan sәtin korsetse de osy tustagy kuatty ariya shyndykty tap basyp uly akynnyn bolashakka senimmen karajtynyn tanytady Operanyn mazmuny men kejipkerlerdin bir birimen karym katynasy shielenisken tartys shiyrshyk atkan uytty muzyka arkyly ashyla tүsedi Operanyn zhalpy muzykasy halyk әnderimen әdemi zharasym tapkan Abajdyn kejbir ariyalary men ariozalary uly akynnyn oz әnderimen үndes pajdalanylgan al birkatary halyk muzykasynan alyngan sondaj ak Ӏ aktidegi Қaj talky kul aldyna kurylmagan dep bastalatyn ariyasy men Zarlynyn nalasy zhas zhүrek zharasy әni kompozitorlardyn ozderi tugyzgan tuyndylar Operadagy Abaj Ajdar Azhar ariyalary әuendik zhagynan baj үlken sheberlikpen zhazylgan Baska da kejipkerlerdin ariyalary duetteri ansamblderi rechitativtik әnderi horlar men bi muzykalary operanyn zhalpy dramaturg kurylysymen tygyz bajlanysty zhәne Abaj әnderimen halyk muzykasymen saryndas Abajdyn Men kordim uzyn kajyn kulaganyn 1 akt 2 kartina Ajttym sәlem kalam kas 3 akt Segiz ayak 4 akt әnderimen kosa Қaraly kajgy keshtim aj talaj talaj 1 akt nemese Қosh zhazyksyz arystanym 4 akt dep bastalatyn tustardan Birzhannyn Ak tentek әninin әueni estilgendej bolady Operada Narymbet pen Zhirenshe tulgalaryn bejneleuge rechitativtik әnder pajdalanylgan Abaj operasynyn algashky kojylymynda Abajdyn bejnesin R Abdullin Azhardy K Bajsejitova Ajdardy B Dosymzhanov Әzimdi M Abdullin Қarlygashty O Simonovka Kokbajdy A Bajgozhaev Syrttandy M Tolybaev Zhirensheni S Әbzhanov Narymbetti Ә Musabekov Mesti Ғ Қurmangaliev somdady Bul opera kazak operasynyn klassik үlgisi zhәne opera onerindegi zhana beles Opera kazaktyn opera zhәne balet teatry repertuarynan berik oryn aldy Teatr ozinin zhyl sajyngy zhana mausymyn osy operamen ashady Opera 1958 zh Moskvada otken Қazakstan oneri men әdebietinin on kүndiginde kojyldy Kompozitor A Zhubanov pen L Hamidige Abaj operasy үshin Қazak KSR inin Memlekettik syjlygy berildi 1978 Zh DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz