Қожеке Назарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы. Қарқара ауылы – 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қызылкүрке қаласы) – күйші-сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар тудырған.
Оның туындыларында төкпе, терме, шертпе күйлердің белгілері араласып, айрықша мәнермен тартылады. Ерекше күш-қайратты танытатын жігерлі күйлер жүрек қылын шертетін нәзік те сырлы сазға ұласып отырады. Қожеке күйлері уақыт тынысын, зұлымдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік сияқты өзара кереғар қасиеттердің ара жігін тап басып, айқын аңғартады. 1860 жылы Ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке қазақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына деген көнбіс, тоқмейіл, жігерсіздігін әшкерелеп “Шалқайма” күйін шығарған. Осы шығармасы үшін патша әкімдерінен теперіш көрген күйші 1869 жылы шамасында өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға көшіп кеткен. Бірақ мұнда да ол жергілікті билеушілер тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды да, азаптап өлтірілді.
Зерттеуші Мұхамед Ханафиннің мағлұматтарына қарағанда Қожеке жүзден астам күй шығарған. Оның алуан тақырыпты қамтитын бұл туындыларын негізінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – күйшінің өз өмірінің әр кезеңін қамтитын шығармалары, екіншісі көне Үйсін заманынан сыр шертетін “Қамбар ханнан” бастап, қазақ халқының тарихи-әлеум. өмірінен, тұрмыс-салтынан елес беретін күйлері. Бұлардың еншісіне көне әдеби мұралармен сарындас “Жиренше”, “Жиреншеге Қарашаштың қазасын естірту”, “Жиреншенің Қарашашты жоқтауы” сияқты топтамалары мен “Көроғлы сұлтан”, “Біржан мен Сара”, “Стамбұл”, “Мұңлық” күйлерін жатқызуға болады. Ал “Қолға алынар алдында”, “Рабат төренің естіртуі”, “Таскөмір шоғына қарылу”, “Қинау”, “Түрмедегі қинау” туындылары өз басынан кешкен ауыр халден хабар береді. Қожекеның жоғарыда аталған шығармаларымен қатар “Нұрғазарын бұлбұл”, “Керітолғау”, “Аққу”, “Күй шақыртқы” күйлері бар. 1984 жылы Үрімші қаласындағы Шынжаң жастар баспасынан Қожекенің “Күй толқыны” кітабы басылып шықты. Кітапқа тоқсаннан астам күйі енген.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қozheke Nazaruly 1828 kazirgi Almaty oblysy Rajymbek audany Қarkara auyly 1881 ҚHR Shynzhan Ұjgyr avtonomiyalyk audany Қyzylkүrke kalasy kүjshi sazger Arka Atyrau Zhetisu kүj oneri mektepterinin үlgisin zharasymdy үjlestirip ornegi ozgeshe shygarmalar tudyrgan Onyn tuyndylarynda tokpe terme shertpe kүjlerdin belgileri aralasyp ajryksha mәnermen tartylady Erekshe kүsh kajratty tanytatyn zhigerli kүjler zhүrek kylyn shertetin nәzik te syrly sazga ulasyp otyrady Қozheke kүjleri uakyt tynysyn zulymdyk pen adaldyk katygezdik pen adamgershilik siyakty ozara keregar kasietterdin ara zhigin tap basyp ajkyn angartady 1860 zhyly Resej otarshyldary Zhetisudyn Saryzhaz Tekes Қarkara siyakty zhajlaularyn zorlykpen tartyp alganyn korgen Қozheke kazak bi bolystarynyn otarshyldyk ozbyrlygyna degen konbis tokmejil zhigersizdigin әshkerelep Shalkajma kүjin shygargan Osy shygarmasy үshin patsha әkimderinen teperish korgen kүjshi 1869 zhyly shamasynda ozine karasty 25 үjmen Shygys Tүrkistanga koship ketken Birak munda da ol zhergilikti bileushiler tarapynan kugynga ushyrap tүrmege zhabyldy da azaptap oltirildi Zertteushi Muhamed Hanafinnin maglumattaryna karaganda Қozheke zhүzden astam kүj shygargan Onyn aluan takyrypty kamtityn bul tuyndylaryn negizinen eki topka boluge bolady Birinshisi kүjshinin oz omirinin әr kezenin kamtityn shygarmalary ekinshisi kone Үjsin zamanynan syr shertetin Қambar hannan bastap kazak halkynyn tarihi әleum omirinen turmys saltynan eles beretin kүjleri Bulardyn enshisine kone әdebi muralarmen saryndas Zhirenshe Zhirenshege Қarashashtyn kazasyn estirtu Zhirenshenin Қarashashty zhoktauy siyakty toptamalary men Korogly sultan Birzhan men Sara Stambul Munlyk kүjlerin zhatkyzuga bolady Al Қolga alynar aldynda Rabat torenin estirtui Taskomir shogyna karylu Қinau Tүrmedegi kinau tuyndylary oz basynan keshken auyr halden habar beredi Қozhekenyn zhogaryda atalgan shygarmalarymen katar Nurgazaryn bulbul Keritolgau Akku Kүj shakyrtky kүjleri bar 1984 zhyly Үrimshi kalasyndagy Shynzhan zhastar baspasynan Қozhekenin Kүj tolkyny kitaby basylyp shykty Kitapka toksannan astam kүji engen DerekkozderҚazak Enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet