Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Семей полигонының инфрақұрылымы
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын , , әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Суарылған ядролық темірмен
Сутегілік құрылымы бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Невада - Семей
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».
Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.
Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Сыртқы сілтемелер
- Semipalatinsk test site's website
- Semipalatinsk test site's panoramic photos Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы.
- The Nuclear Threat Initiative's page on the STS Мұрағатталған 30 тамыздың 2009 жылы.
- Environmental study of the site's atomic legacy Мұрағатталған 29 наурыздың 2005 жылы. (PDF file)
- detailed seismic data for world nuclear tests Мұрағатталған 29 наурыздың 2005 жылы. - shows all explosions at STS from 1966 (PDF file)
- nuclearweaponarchive.org/ on the Soviet nuclear program
- Details of nuclear explosions at STS, including detailed map of fallout trails Мұрағатталған 26 ақпанның 2005 жылы.
- City of Kurchatov (from the site of the provincial government) (in Kazakh)
- Video and Picture Galleries of Semipalatinsk Test Site. Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы.
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Semej poligony KSRO yadrolyk synak poligondarynyn biri asa manyzdy strategiyalyk obektisi boldy KSRO zamanynda Қazakstan aumagynda atom bombalary synaktan otti Ol үshin arnajy 18 mln ga zher bolinip Semej yadrolyk poligony ashyldy Bastapkysynda adamdarga zhanuarlar men tabigatka tikelej zardabyn tigizgen ashyk synaktar zhasaldy Sosyn olardy zher astyna zhasaj bastady Atom bombalarynyn zharylystary sumdyk auyr boldy Semej manyndagy radiaciyalyk әser ajmagynda turatyn 500 myndaj adam osy synaktan azap shekti Semej poligonynyn infrakurylymyOsynau poligonnyn kemel infrakurylymy Kurchatov kalasyn Semej 21 reaktorlar keshenin Balapan Sary Өzen G Degelendegi sejsmokeshen Sh Tәzhiribelik alan dejtin synak alandaryn tolyp zhatkan baska da usak tәzhiribelik alandardy kamtidy Semej yadrolyk poligonnyn osynau tәzhiribelik alandarynda 456 yadrolyk zharylys zhasaldy Osynau synaktar atom karuynyn kiratkysh karuyn ajtarlyktaj arttyruga gana emes onyn zhana tүrlerin de zhasauga mүmkindik berdi Semej synak poligonynyn ishinde toptastyrylgan tүrli obektilerSemej yadrolyk poligonnyn algashky zhүrgiziluiSemej yadrolyk poligonyndagy synaktardyn zhalpy sany 456 yadrolyk zhәne termoyadrolyk zharylysty kurady Olardyn 116 sy ashyk boldy yagni zher betindegi nemese әue kenistiginde zhasaldy Semej poligonynda әuede zhәne zher betinde synaktan otkizilgen yadrolyk zaryadtardyn zhalpy kuaty 1945 zhyly Hirosimaga tastalgan atom bombasynyn kuatynan 2 5 myn ese kop boldy 1949 zhylgy 29 tamyzda tup tura tangy sagat zhetide koz ilespes zhyldamdykpen ulgajyp bara zhatkan otty dop kenetten Zher denesine kadalyp ony sharpyp otip aspanga koterilgen Otty shardan son surapyl kuat pen koz karastyrar sәule bas ajnaldyryp zhibergendej bir sәtte zher kabygynyn ystyk kүli men iisi kokke koterilgen Zher lypasynyn orten iisi kolka atar tүtinnin ashy iisin koldan zhasalgan zhel әp sәtte zhan zhakka taratty Tayau zherlerdegi sirek auyldarda turatyn adamdar dir ete tүsken zher men zharty aspandy alyp ketken ot zhalynga tanyrkap үjlerinen karap turgan Zhalgyz tүp shop kalmagan tүtigip karajyp ketken dalanyn tul zhamylgysy Zhan tәsilim aldynda zhantalaskan tyshkandardyn karsaktardyn kesirtkelerdin oli denesi tabylgan Zhanadan kelgender bul tozakty Semej yadrolyk synak poligony retinde belgili 2 oku poligonynda zymyrandyk korsetkish snaryady plutonij zaryadan zher betinde synaktan otkizu zharylysy dep atady Bul KSRO da tungysh atom bombasynyn zharyluy edi Poligonda zhana tataldy zhuldyzdyn tuuyn әskeri bastyktar men atakty galymdar Kenestik atom bombasynyn tolyp zhatkan ideologiyalyk ideyalyk zhәne tehnikalyk atalary tasadan bakylap turdy Semej yadrolyk poligonyndagy synaktardyn adamdarga korshagan ortaga әseriZharylysty ujymdastyru obektilerinin ornalasu maketi Tungysh atomdyk zharylystyn radioaktivti onimderi ajmaktyn barlyk eldi mekenderin zhauyp kaldy Korshi kongan әskeri obektide ne bolyp zhatkany turaly titimdej tүsinigi zhok zhakyndagy auyldardyn turgyndary radiaciyalyk sәulenin sumdyk dozasyn aldy Halykka synak turaly eskertilmegen de edi Yadrolyk zharylystar turaly halykka 1953 zhyldan bastap kana eskertile bastady Onda adamdar men maldy radioaktivti zattardyn taralu ajmagynan uakytsha koshiru olardy karabajyr korganysh obektilerine orlarga nemese kepelerge zhasyru kozdeldi Alajda zharylystan kejin adamdar radiaciyadan bylgangan zherlerdegi oz үjlerine oralyp otyrdy Zharylys tolkyny koptegen үjler terezesinin shynysyn ushyryp zhibergen kejbir үjlerdin kabyrgalary kirady Kejinirek synak aldynda uakytsha koshirilgen adamdar poligon zhanyndagy tugan zherlerine kajtyp orala bastaganda olardyn kobisi үjinin ornyn sipap kaldy ne kakyrap ketken kabyrgalardy kordi Semej yadrolyk poligonyndagy synaktardyn әseri turaly algashky shyn da zhүjeli derekter zhүrgizgen ken aukymdy medicinalyk ekologiyalyk zertteulerdin nәtizhesinde alyndy Zertteulerdi gylymi ekspediciyalardy professor B Atshabarov baskardy Radiaciyanyn adamga ykpalynyn mehanizmi kazirgi kezde edәuir zhaksy paryktalgan Bul orajda en kauiptisi iondalatyn radiaciyanyn ykpaly gendik kodty dauasyz ozgeristerge soktyruga mүmkin ekendigi 1949 zhylgy algashky zher betindegi zharylystan bastap Semej zhәne Pavlodar oblystarynyn radiaciyalyk sәulelenudin ykpalyna ushyragan baska aumaktardyn turgyndarynyn arasynda syrkat sanynyn udajy osip kele zhatkany bajkalady Bular okpe men sүt bezderinin ragy limfogemoblastoz zhәne baska da katerli isikti patologiyalary Zhalpy alganda rak isigi synaktar bastalgaly beri үsh ese osti Semej poligonyna zhakyn nak sol audandarda zhetiluindegi әrtүrli auytkular tәndik zhәne estik kemshilikter әrkily sәbiler dүniege erekshe kop keledi Mamandardyn ajtuynsha sony bәri nak kyska merzimdi zhәne kaldykty radiaciyanyn kesirinen bolatyn genetikalyk mutaciyamen bajlanysty Adamdar gana emes zher de azap shegedi Zhylma zhyl radionuklidterdin zhinala berui zherdin kunarlygyn azajtady Zherde orasan zor mikroelementter temir mys magnij zhәne baska metaldar әrttүrli dәndi dakyldar adam organizmine sinedi Semej poligonynyn baskaru pultiSuarylgan yadrolyk temirmenSutegilik kurylymy bujymy degennin kuaty zhagynan sogan dejin bolyp kormegen Zharylysy 1953 zhylgy 12 tamyzda Semej yadrolyk poligonynyn toniregin tetirentti Onyn kuaty 480 kilotonna edi Zharylystan kejin pajda bolgan narttaj zhangan radioaktivti gazdardyn sanyraukulak sekildi bulty 16 kilometr biiktikke koterildi Osy zharylystan kejin radiusy ondagan kilometr bolatyn zherde dala shopteri birneshe kүn bojy kogildir sәule shygaryp turdy 1955 zhyly әskeri bombalagyshy Semej poligonynyn үstinen ushyp bara zhatyp zhanadan zhasalgan kuaty 1 7 megatonna bolatyn termoyadrolyk zaryadyn tastady Bomba bir zharym kilometrlik biiktikte zharyldy Bul zharylystyn sokky tolkyny men zher kabatynyn dirili bүkil derlik Қazakstan aumagy men Resejdin korshilis ajmaktarynda sezildi 1962 1989 zhyldar arasynda Semej poligonyndagy Degelen tauynyn zher astyndagy shahtalarynda 340 zharylys zhasaldy Bul arada zhyl sajyn 14 18 yadrolyk synak otkizilip turdy Osynau zharylystyn saldarynan bir kozderi zhartastardan kuralgan Degelen tauy is zhүzinde kiyrshyk tas үjindisine ajnaldy Zher astyndagy әrbir үshinshi zharylystan son zharylys nәtizhesinde pajda bolgan zharyktar men sanylaulardan radioaktivti gaz shygyp ketip zhatty 1989 zhyly 12 akpanda kezekti zhosparly yadrolyk synak otkizdi Үngirlerdin birinde kuaty 70 kilotonnadan astam yadrolyk zaryad zharyldy Sonyn saldarynan zher betinde sanylaular pajda bolyp olardan eki tәulik bojy radioaktivti gazdar shygyp zhatkan Sodan pajda bolgan radioaktivti bult 30 mynnan astam adam turatyn aumakty bүrkedi Bul ajmakta radiaciyalyk fon 3000 4000 mikrorentgenge zhetti Bul korsetkish kalypty zhagdajda sagatyna 15 20 mikrorentgen bolatyn tabigi radiaciyalyk fonnan eki zhүz ese asyp tүsti Nevada Semej1989 zhyldyn akpanynda Semejdegi atom poligonyn zhabu үshin kүresti bastauga ujgargan Nevada Semej kozgalysynyn algashky mitingisi otkizildi Ony baskargan belgili kogam kajratkeri akyn Olzhas Sүlejmenov Sol zhyldyn 6 tamyzynda Semej oblysynyn Қarauyl auylynda yadrolyk karudy synauga moratorij zhariyalau zhonindegi usynysty KSRO zhәne AҚSh Prezidentterine үndeu kabyldandy Onda bylaj delingen bolatyn Sajyn dalamyz yadrolyk zharylystardan kaltyrap bitti sondyktan da onda ary karaj үnsiz kalu mүmkin emes 40 zhyl ishinde bul arada myndagan Hirosimalar zharyldy Biz keleshekti kauippen kүtudemiz Uajymsyz otyryp su men tamak ishu omirge nәreste әkelu mүmkin emes bolyp barady Қazakstandagy yadrolyk karudy toktatu үshin oz үjimizde bejbitshilik pen tynyshtyk ornatu үshin oz kukyktarymyz үshin kүresu maksatynda biz Nevada Semej kozgalysyn kurdyk Osy uakytka dejin үnsiz tygylyp kelgen halyk bir dauystan yadrolyk karuga zhol zhok Synaktar toktatylsyn dep mәlimdedi Yadrolyk synaktardyn kateri zhoninde barlyk bukaralyk akparattary kuraldarynda televidenie men gazetterde әngime bola bastady Tүrli elderdin parlamentteri oz sessiyalarynda kozgalys urandaryn talkylap zhatty Radiaciyalyk sәulelerdin zardaptary zhajly dәrigerler men galymdardyn ashyk әngime kozgauga batyldary zhetti Bukaranyn kysymymen Semej poligonyndagy synaktar sany azaya bastagan edi Halyktyn bastamasymen tungysh ret KSRO Үkimeti yadrolyk karudy synauga tyjym salu moratorij zhasau turaly sheshim shygardy Қazakstan Respublikasynyn egemendigi turaly Deklaraciyada el auagy yadrosyz ajmak dep zhariyalandy Қazakstan Prezidenti N Ә Nazarbaev Semej poligonyn zhabu turaly Zharlyk shygargan kүni 1991 zhyldyn 28 tamyzy Sojtip tiyanaktylyk pen elimtaldyk korsetken kazak halky oz maksatyna zhetti en үlken poligon zhabylyp atom karuynan bas tartu әreketi zhasala bastady Semej poligony zhabylgannan kejin Resejdin AҚSh pen Franciyanyn poligondarynda yadrolyk karudy synauga moratorij zhariyalandy 1991 zhyldyn 29 tamyzynda Semej yadrolyk poligony zhabylyp 1992 zhyldyn mamyrynda onyn bazasynda Kurchatov kalasyndagy Ұlttyk yadrolyk ortalyk kuryldy Syrtky siltemelerSemipalatinsk test site s website Semipalatinsk test site s panoramic photos Muragattalgan 25 nauryzdyn 2009 zhyly The Nuclear Threat Initiative s page on the STS Muragattalgan 30 tamyzdyn 2009 zhyly Environmental study of the site s atomic legacy Muragattalgan 29 nauryzdyn 2005 zhyly PDF file detailed seismic data for world nuclear tests Muragattalgan 29 nauryzdyn 2005 zhyly shows all explosions at STS from 1966 PDF file nuclearweaponarchive org on the Soviet nuclear program Details of nuclear explosions at STS including detailed map of fallout trails Muragattalgan 26 akpannyn 2005 zhyly City of Kurchatov from the site of the provincial government in Kazakh Video and Picture Galleries of Semipalatinsk Test Site Muragattalgan 25 nauryzdyn 2009 zhyly Tagy karanyzSary Өzen yadrolyk poligony