Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт.
философияда табиғаттан жоғары тұрған ештеңе жоқ деп саналатындықтан, адам санасы, рухани құбылыстар түгелдей табиғаттың өзіндік қасиеті немесе оның дамуының заңды нәтижесі есебінде түсіндіріледі.
Натурализмнің идеалистік-философия тармақтарында діни көзқарас жоққа шығарылмайды және табиғатқа жандану (гилозоизм, панпсихизм) немесе (пантеизм) іштей тән деп есептеледі.
Натурализм әлеуметтік философияда қоғам өмірін әр түрлі табиғи себептерден (географиялық ортаның қасиеттерінен, адамдардың биологиялық және нәсілдік ерекшеліктерінен, т.б.), этикада моральдық прициптерді әлдебір табиғи бастамалардан (ғарыштан, адам биологиясы мен психологиясынан, т.с.с.) түсіндіруге ұмтылады.
Эстетикада натурализм көркем шығарманың дәлме-дәл бейнеленуін талап етеді. Табиғат көбінесе тірі табиғат, “табиғилық”, негізділік, тұтастық деп түсіндіріледі. Бұл “табиғат” “жасандыға”, механикалыққа, ал табиғат мәдениетке қарсы қойылады. Ол табиғи және жасандының, табиғат пен мәдениеттің қарама-қарсылықтарын өмір ұғымында біріктіруге тырысты.
Натурализмнің негізгі ұйғарымдары мыналар:
- табиғатты бірден-бір шындық есебінде мойындау (ол өз-өзінен жеткілікті, іс-әрекетке және ұйымдасуға бейім);
- табиғаттың әлдебір тысқары бастамадан тәуелділігін жоққа шығару;
- әлеуметтік, адамгершілік, рухани, мәдени құбылыстарды табиғи негіздемелерден түсіндіруге ұмтылу.
Әдебиет
Ғылым методологиясында натурализм табиғат заңдарының бірлігін мойындаумен байланысты таным әдісінің бірлігін, яғни жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан танымдық-методологиялық принциптер барлық ғылымдарға ортақ, әмбебап принциптер деп ұйғарылады. Әдебиетте натурализм тәсілін алғаш қолданған француз жазушысы Э.Золя болды.
Натурализм кез-келген нәрсенің қалып-бейнесін не қимылын жеріне жеткізе, елеусіз бөлшектеріне дейін қалдырмай суреттеуді мақсат етті. Шығармаларда шыбынның ұшуы мен қоңыздың ызыңы сияқты оқиғаға тікелей қатысы жоқ жайлар көп баяндалды. Адам кейпі, жануарлар қимылы, табиғат көрінісі қаз-қалпында сипатталды. Нәтижесінде тұспалмен сыпайы айтылатын жайлар қарадүрсін, жалаң баяндалды да эстет. қасиеттен айырылды, соңы анайылыққа апарып соқты. Бұл тәсілдің ерекшелігі оқырманның не болар екен деген сауалына қаламгер түгелге дерлік жауап берді, яғни бәрін жасырмай, тәптіштеп айтты. Француз сыншылары Э.Золяның “” романына қатты наразылық білдірген. Ондағы бас кейіпкердің жасынан қиыншылық көруі, ақырында нәпсіқұмарлыққа салынуы мен оның іс-әрекетін тәптіштеп тізбектеуін оқырман тұрпайылық деп тапқан.
Бұл тәсіл әдебиетте орын алған сайын оның осал жақтары да бой көрсетті. Орыс әдебиетінде де натурализмді қолдаған жазушылар болды (, В.Немирович-Данченко, т.б.). Гоголь бастаған бұл ағым өкілдері қоғам өмірінің терең қалтарыс-бұлтарысына дейін зерттеп жазу керек деп санады. Н.В. Гогольдің “”, Ф.М. Достоевскийдің “”, И.С. Тургеневтің “”, т.б. туындылар орыс қоғамындағы шаруалар жайын бұлжытпай суреттеген. Қазіргі әдебиеттануда натурализмді тұрпайы суретке, ділмарлыққа бой ұрушылық, шындықты баяндаудың қарадүрсін, қаражаяу түрі деп түсіну басым.
Сахна өнерінде натуралистердің негізгі талабы пьесадағы оқиғаны ойын арқылы емес, тап бастан кешіргендей етіп көрсетуге әрі психологиялық, тұрмыстық және тарихи шындықтан ауытқымай қаһармандардың өмір сүрген ортасын қайта жаңғырту дегенге тірелді. Натурализм өкілдері театрдағы кәсіби машықпен, шарттылықпен күресе отырып, спектакльді сахнаға көшірілген “өмір бөлшегі” ретінде көрсетуге ұмтылды.
Адам мінезі мен іс-әрекетін биологиялық тұрғыдан түсіндіру натурализмді айқындай түсетін белгілер болды. Оның көрнекті өкілдері қатарында режиссерлер А.Антуан (Франция), (Германия), актерлер (Италия), (Ресей), т.б. болды. Қазақ театрында қойылған алғашқы спектакльдерде, актерлер ойынында ұлт тұрмысын дәл көрсетуге ұмтылған Натурализм-нің кейбір белгілері бой көрсетті.
Сурет өнері
Бейнелеу өнерінде де натурализм бағыты қалыптасты. (“Нана” картинасының авторы), , ,А. Тулуз-Лотрек, (Франция), , (Бельгия),, (Германия), (Италия), т.б. суретшілер осы топтың өкілдері.
- Д. Р. Найт. «Окликая паромщика»
- А. Мутт. «Разгрузка брига в Марселе»
- Л. Лермит. «Выдача жалованья жнецам»
- Ф. Пелез. «Бродячий цирк»
- . «Дети рыбака»
Натурализм бағытын ұстанғандар импрессионизм өкілдері секілді өмірді тікелей қабылдап, қозғалыстың нақты қалпын бейнелеуге бой ұрды. Әлеуметтік құбылыстардың көлеңкелі жақтарын қамтуға ұмтылды. Бостандық үшін күресуші топ образы Золяның “”, Гауптманның “” атты еңбегінде, Кольвицтің “” мүсінінде көрініс тапты.
Тіл білімі
Натурализм - 19 ғасырда тіл білімінде тілді табиғаттағы тірі организм тәрізді биологиялық құбылыс деп санаған лингвистикалық бағыт. Тіл біліміндегі натурализм бағытының өкілдері, мысалы, , "тіл өмірінің" табиғаттағы организм (өсімдік пен хайуанаттың) өмірінен айырмашылығы жоқ, тіл де солар сияқты туады, өседі, соңынан қартайып тозады, ақырында өледі деп есептеді. А. Шлейхер "тілдің өмірі" табиғи организмнің өмірімен бірдей, тілдің өсуі тарихқа дейінгі дәуірде ғана болды, ал тарих бойындағы дәуірлерде тілдер қартайып тозады деп санады. Алайда тілді табиғи организммен салыстыру, оның дамуын тірі организмнің өсуімен теңдестіру мүлдем қате. Тіл қоғамдық құбылыс ретінде тарих бойында үздіксіз дерлік дамып келді және дами береді. Тірі организмнің тозуы, ақырында өлуі — биологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын шарасыздық, ал тіл үшін бұл шарт емес. Тіл — қоғамдық құбылыс, ол қоғамның туымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамиды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Тагер Е.Б., Проблемы реализма и натурализма, в кн.: Русская литература конца 19 – начала 20 в., М., 1968;
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006 жыл. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- Энциклопедия литературных терминов и понятии, М., 2001.М. Сәбит, К. Нұров
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Naturalizm francuzsha naturalisme latynsha natura tabigat filosofiyada tabigatty barlyk nәrsenin tүp negizi tanu men tүsindirudin әmbebap principi retinde karastyratyn filosofiyalyk bagyt Naturalizm filosofiyada tabigattan zhogary turgan eshtene zhok dep sanalatyndyktan adam sanasy ruhani kubylystar tүgeldej tabigattyn ozindik kasieti nemese onyn damuynyn zandy nәtizhesi esebinde tүsindiriledi Naturalizmnin idealistik filosofiya tarmaktarynda dini kozkaras zhokka shygarylmajdy zhәne tabigatka zhandanu gilozoizm panpsihizm nemese panteizm ishtej tәn dep esepteledi Naturalizm әleumettik filosofiyada kogam omirin әr tүrli tabigi sebepterden geografiyalyk ortanyn kasietterinen adamdardyn biologiyalyk zhәne nәsildik erekshelikterinen t b etikada moraldyk pricipterdi әldebir tabigi bastamalardan garyshtan adam biologiyasy men psihologiyasynan t s s tүsindiruge umtylady Estetikada naturalizm korkem shygarmanyn dәlme dәl bejnelenuin talap etedi Tabigat kobinese tiri tabigat tabigilyk negizdilik tutastyk dep tүsindiriledi Bul tabigat zhasandyga mehanikalykka al tabigat mәdenietke karsy kojylady Ol tabigi zhәne zhasandynyn tabigat pen mәdeniettin karama karsylyktaryn omir ugymynda biriktiruge tyrysty Naturalizmnin negizgi ujgarymdary mynalar tabigatty birden bir shyndyk esebinde mojyndau ol oz ozinen zhetkilikti is әreketke zhәne ujymdasuga bejim tabigattyn әldebir tyskary bastamadan tәueldiligin zhokka shygaru әleumettik adamgershilik ruhani mәdeni kubylystardy tabigi negizdemelerden tүsindiruge umtylu ӘdebietҒylym metodologiyasynda naturalizm tabigat zandarynyn birligin mojyndaumen bajlanysty tanym әdisinin birligin yagni zharatylystanu gylymdarynda kalyptaskan tanymdyk metodologiyalyk principter barlyk gylymdarga ortak әmbebap principter dep ujgarylady Әdebiette naturalizm tәsilin algash koldangan francuz zhazushysy E Zolya boldy Naturalizm kez kelgen nәrsenin kalyp bejnesin ne kimylyn zherine zhetkize eleusiz bolshekterine dejin kaldyrmaj suretteudi maksat etti Shygarmalarda shybynnyn ushuy men konyzdyn yzyny siyakty okigaga tikelej katysy zhok zhajlar kop bayandaldy Adam kejpi zhanuarlar kimyly tabigat korinisi kaz kalpynda sipattaldy Nәtizhesinde tuspalmen sypajy ajtylatyn zhajlar karadүrsin zhalan bayandaldy da estet kasietten ajyryldy sony anajylykka aparyp sokty Bul tәsildin ereksheligi okyrmannyn ne bolar eken degen saualyna kalamger tүgelge derlik zhauap berdi yagni bәrin zhasyrmaj tәptishtep ajtty Francuz synshylary E Zolyanyn romanyna katty narazylyk bildirgen Ondagy bas kejipkerdin zhasynan kiynshylyk korui akyrynda nәpsikumarlykka salynuy men onyn is әreketin tәptishtep tizbekteuin okyrman turpajylyk dep tapkan Bul tәsil әdebiette oryn algan sajyn onyn osal zhaktary da boj korsetti Orys әdebietinde de naturalizmdi koldagan zhazushylar boldy V Nemirovich Danchenko t b Gogol bastagan bul agym okilderi kogam omirinin teren kaltarys bultarysyna dejin zerttep zhazu kerek dep sanady N V Gogoldin F M Dostoevskijdin I S Turgenevtin t b tuyndylar orys kogamyndagy sharualar zhajyn bulzhytpaj surettegen Қazirgi әdebiettanuda naturalizmdi turpajy suretke dilmarlykka boj urushylyk shyndykty bayandaudyn karadүrsin karazhayau tүri dep tүsinu basym Sahna onerinde naturalisterdin negizgi talaby pesadagy okigany ojyn arkyly emes tap bastan keshirgendej etip korsetuge әri psihologiyalyk turmystyk zhәne tarihi shyndyktan auytkymaj kaһarmandardyn omir sүrgen ortasyn kajta zhangyrtu degenge tireldi Naturalizm okilderi teatrdagy kәsibi mashykpen sharttylykpen kүrese otyryp spektakldi sahnaga koshirilgen omir bolshegi retinde korsetuge umtyldy Adam minezi men is әreketin biologiyalyk turgydan tүsindiru naturalizmdi ajkyndaj tүsetin belgiler boldy Onyn kornekti okilderi katarynda rezhisserler A Antuan Franciya Germaniya akterler Italiya Resej t b boldy Қazak teatrynda kojylgan algashky spektaklderde akterler ojynynda ult turmysyn dәl korsetuge umtylgan Naturalizm nin kejbir belgileri boj korsetti Suret oneriBejneleu onerinde de naturalizm bagyty kalyptasty Nana kartinasynyn avtory A Tuluz Lotrek Franciya Belgiya Germaniya Italiya t b suretshiler osy toptyn okilderi D R Najt Oklikaya paromshika A Mutt Razgruzka briga v Marsele L Lermit Vydacha zhalovanya zhnecam F Pelez Brodyachij cirk Deti rybaka Naturalizm bagytyn ustangandar impressionizm okilderi sekildi omirdi tikelej kabyldap kozgalystyn nakty kalpyn bejneleuge boj urdy Әleumettik kubylystardyn kolenkeli zhaktaryn kamtuga umtyldy Bostandyk үshin kүresushi top obrazy Zolyanyn Gauptmannyn atty enbeginde Kolvictin mүsininde korinis tapty Til bilimiNaturalizm 19 gasyrda til biliminde tildi tabigattagy tiri organizm tәrizdi biologiyalyk kubylys dep sanagan lingvistikalyk bagyt Til bilimindegi naturalizm bagytynyn okilderi mysaly til omirinin tabigattagy organizm osimdik pen hajuanattyn omirinen ajyrmashylygy zhok til de solar siyakty tuady osedi sonynan kartajyp tozady akyrynda oledi dep eseptedi A Shlejher tildin omiri tabigi organizmnin omirimen birdej tildin osui tarihka dejingi dәuirde gana boldy al tarih bojyndagy dәuirlerde tilder kartajyp tozady dep sanady Alajda tildi tabigi organizmmen salystyru onyn damuyn tiri organizmnin osuimen tendestiru mүldem kate Til kogamdyk kubylys retinde tarih bojynda үzdiksiz derlik damyp keldi zhәne dami beredi Tiri organizmnin tozuy akyrynda olui biologiyalyk turgydan bolmaj kojmajtyn sharasyzdyk al til үshin bul shart emes Til kogamdyk kubylys ol kogamnyn tuymen birge tuyp kogamnyn damuymen birge damidy SiltemelerTәn Әmbebap MoralDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Tager E B Problemy realizma i naturalizma v kn Russkaya literatura konca 19 nachala 20 v M 1968 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Әleumettanu zhәne sayasattanu bojynsha Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 zhyl 569 b ISBN 9965 808 89 9 Enciklopediya literaturnyh terminov i ponyatii M 2001 M Sәbit K Nurov Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 ISBN 9965 808 78 3 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet