Михаэлис Евгений Петрович (26.9.1841, Ресей, Санкт-Петербург – 2.12. 1913, Қазақстан, Өскемен) – орыс зиялысы.
Санкт-Петербургтегі студенттік қозғалыс басшыларының бірі ретінде полицияның қатаң бақылауымен қаласына, 1863 жылы Тарту қаласына жер аударылған. 1869 жылы Михаэлис Семейге ауыстырылып, статистика басқармасында іс жүргізушінің жәрдемшісі болып орналасты. Осы кезеңнен бастап Михаэлистің ғылыми, ағартушылық қызметі Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Михаэлис 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында Абаймен танысып, бірнеше жыл қатарынан тығыз байланыс жасады. Ол ақынды Ресейдің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстырды, Г.Спенсер, И.Дарвин, т.б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. 1886 ж. Михаэлистің ұсынысы бойынша Абай Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Михаэлис 1878 жылдан Семей облысы статистика комитетінің хатшысы болып, қалада өлкелік музей мен кітапхана аштырды. 1880 жылы Ресей География қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне сайланды. Михаэлистің Семей облысын зерттеуге арналған еңбектері Ресей География қоғамның кезекті басылымдарында жарияланды. 1882 жылы Михаэлис қызмет бабымен Өскемен қаласына ауысып, өмірінің соңына дейін жергілікті қазба байлық пен ауа райын зерттеумен шұғылданды, гидрогеологиялық мәселелерді қарастырды Михаэлис жүргізген ғылыми-зертханалық еңбектері жоғары бағаланып, Ресей География қоғамының медалімен марапатталды. М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясында Михайловтың образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны көрініс тапқан. 1913 жылы 2 желтоқсанда қайтыс болды. Өскемен қаласында жерленген.
Абай және Михаэлис
Абай Михаэлиспен 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында танысады. «Құнанбаевпен танысқан және оның керемет қабілеттілігін байқаған Михаэлис оның тәжірибесіне баса назар аударды. Бірнеше жыл қатарында Абай Евгений Петровичпен тығыз байланыс жасап тұрды. Жыл сайын Абай Семей қаласында қонақ болып, кешкі уақытын Михаэлиспен әңгімелесіп өткізетін», - деп жазды Семейдің белгілі өлкетанушы зерттеушісі Б. Герасимов . Абайдың саяси жер аударылған, өз заманының жоғары білімді, озық ойлы адамдарының бірі - Михаэлиспен достасып, жақын араласуы ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер етіп, орыстың революциялы-демократ ағартушыларының идеясын терең түсінуге ықпал жасады. Михаэлис ақынды Ресейдің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармаларымен таныстырды және Ғылыми-зерттеулерді, әйгілі ғалымдар Г. Спенсер, Чарлз Дарвин т. б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. Саяси жер аударылған революциялы-демократтар Абайға үлкен әсер еткенімен, ақынның өз айтуы бойынша жаңа ізденіп жүрген көзінде көмекші түрде ғана болды. Отаршыл әкімдерден басқа орыс зиялыларын кездестірмеген Абайға Михаэлис Ресей мәдениетінің ең алғашқы хабаршысы, ақынның іздену, қалыптасу кезеңіндегі жол нұсқаушы есепті. «Ал, кейін орыс тілін еркін біліп, орыстың Ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған кездегі Абай озық ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларынан өздігімен кең, терең тәлім-тәрбие алады. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, - деп жазды М.О. Әуөзов, - әрі Абайға, әрі орыс халқының Ұлы мұрасына және Ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік. Ал, ақынның Михаэлис туралы үлкен алғыс сөз айтқанына келсек, ол алғашқы адам жөніндегі қарыздарлығын жақсылап білдіргені» (Әуезов М. Он екі томдық шығармалар, т. 12,-А., 1969, 285-6.). 1886 ж. Абай Михаэлистің ұсынысы бойынша Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланады. «Абай жолы» эпопеясында Абай тағдырына саяси жер аударылған Михайловтың жақындасуы үлкен қызмет атқарғаны көрсетілген, оның образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны берілген.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Записки Семипалатинского подотдела Зап. Сиб. отдела Русского Геогр. общества, 1914, вып. VIII, с. 6
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- "Абай жолы" роман-эпопеясы, 2-кітап ISBN 9965-666-78-4
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mihaelis Evgenij Petrovich 26 9 1841 Resej Sankt Peterburg 2 12 1913 Қazakstan Өskemen orys ziyalysy Sankt Peterburgtegi studenttik kozgalys basshylarynyn biri retinde policiyanyn katan bakylauymen kalasyna 1863 zhyly Tartu kalasyna zher audarylgan 1869 zhyly Mihaelis Semejge auystyrylyp statistika baskarmasynda is zhүrgizushinin zhәrdemshisi bolyp ornalasty Osy kezennen bastap Mihaelistin gylymi agartushylyk kyzmeti Қazakstanmen tygyz bajlanysty boldy Mihaelis 70 zhyldardyn basynda Semejdin kogamdyk kitaphanasynda Abajmen tanysyp birneshe zhyl katarynan tygyz bajlanys zhasady Ol akyndy Resejdin ishki omirindegi zhanalyktarmen orys әdebietinin үzdik shygarmalarymen tanystyrdy G Spenser I Darvin t b enbekterin okyp үjrenuge kenes berdi 1886 zh Mihaelistin usynysy bojynsha Abaj Semej oblysy Statistika komitetinin tolyk mүshesi bolyp sajlandy Mihaelis 1878 zhyldan Semej oblysy statistika komitetinin hatshysy bolyp kalada olkelik muzej men kitaphana ashtyrdy 1880 zhyly Resej Geografiya kogamy Batys Sibir bolimshesinin mүsheligine sajlandy Mihaelistin Semej oblysyn zertteuge arnalgan enbekteri Resej Geografiya kogamnyn kezekti basylymdarynda zhariyalandy 1882 zhyly Mihaelis kyzmet babymen Өskemen kalasyna auysyp omirinin sonyna dejin zhergilikti kazba bajlyk pen aua rajyn zertteumen shugyldandy gidrogeologiyalyk mәselelerdi karastyrdy Mihaelis zhүrgizgen gylymi zerthanalyk enbekteri zhogary bagalanyp Resej Geografiya kogamynyn medalimen marapattaldy M Әuezovtyn Abaj zholy epopeyasynda Mihajlovtyn obrazy arkyly Mihaelistin omirbayany korinis tapkan 1913 zhyly 2 zheltoksanda kajtys boldy Өskemen kalasynda zherlengen Abaj zhәne MihaelisAbaj Mihaelispen 70 zhyldardyn basynda Semejdin kogamdyk kitaphanasynda tanysady Қunanbaevpen tanyskan zhәne onyn keremet kabilettiligin bajkagan Mihaelis onyn tәzhiribesine basa nazar audardy Birneshe zhyl katarynda Abaj Evgenij Petrovichpen tygyz bajlanys zhasap turdy Zhyl sajyn Abaj Semej kalasynda konak bolyp keshki uakytyn Mihaelispen әngimelesip otkizetin dep zhazdy Semejdin belgili olketanushy zertteushisi B Gerasimov Abajdyn sayasi zher audarylgan oz zamanynyn zhogary bilimdi ozyk ojly adamdarynyn biri Mihaelispen dostasyp zhakyn aralasuy akynnyn dүniege kozkarasynyn kalyptasuyna igi әser etip orystyn revolyuciyaly demokrat agartushylarynyn ideyasyn teren tүsinuge ykpal zhasady Mihaelis akyndy Resejdin ishki omirindegi zhanalyktarmen orys әdebietinin ozat ojly okilderinin shygarmalarymen tanystyrdy zhәne Ғylymi zertteulerdi әjgili galymdar G Spenser Charlz Darvin t b enbekterin okyp үjrenuge kenes berdi Sayasi zher audarylgan revolyuciyaly demokrattar Abajga үlken әser etkenimen akynnyn oz ajtuy bojynsha zhana izdenip zhүrgen kozinde komekshi tүrde gana boldy Otarshyl әkimderden baska orys ziyalylaryn kezdestirmegen Abajga Mihaelis Resej mәdenietinin en algashky habarshysy akynnyn izdenu kalyptasu kezenindegi zhol nuskaushy esepti Al kejin orys tilin erkin bilip orystyn Ұly mәdenietin mol teren tani bastagan kezdegi Abaj ozyk ojdy bulardan үjrenbejdi Pushkinnin ozinen Belinskij Gercen Chernyshevskij Saltykov Shedrin Nekrasovtardyn oz muralarynan ozdigimen ken teren tәlim tәrbie alady Abajdyn klassik akyn bolgan manyzyn әleumettik kozkarasyn tek Mihaelis әserinen dep kojsak dep zhazdy M O Әuozov әri Abajga әri orys halkynyn Ұly murasyna zhәne Ұly danalaryna kiyanat soz ajtkan bolar edik Al akynnyn Mihaelis turaly үlken algys soz ajtkanyna kelsek ol algashky adam zhonindegi karyzdarlygyn zhaksylap bildirgeni Әuezov M On eki tomdyk shygarmalar t 12 A 1969 285 6 1886 zh Abaj Mihaelistin usynysy bojynsha Semej oblysy Statistika komitetinin tolyk mүshesi bolyp sajlanady Abaj zholy epopeyasynda Abaj tagdyryna sayasi zher audarylgan Mihajlovtyn zhakyndasuy үlken kyzmet atkargany korsetilgen onyn obrazy arkyly Mihaelistin omirbayany berilgen SiltemelerAbaj zholy Abaj SemejDerekkozderZapiski Semipalatinskogo podotdela Zap Sib otdela Russkogo Geogr obshestva 1914 vyp VIII s 6 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Abaj zholy roman epopeyasy 2 kitap ISBN 9965 666 78 4