Зат есім - заттың, құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
- Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Адамзат және ғаламзат есімдері
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Жалпы және жалқы есімдер
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
- Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
- Мысалы:
- кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
- үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
- өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)
- газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)
- географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
- қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)
- тағы басқа жалқы атаулар жатады.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Көптік мәнді есімдер
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.
- Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:
- Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.
- Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.
- Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.
- Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.
- Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.
- Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.
Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.
Көмекші есімдер
Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.
Зат есімнің морфологиялық сипаттары
Зат есімнің құрылымы
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
- Біріккен зат есімдер,
- Қосарлаған зат есімдер,
- Тіркес (құрама) зат есімдер,
- Қысқарған зат есімдер.
Зат есімдердің жасалу тәсілдері
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
- Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
- Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
- Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
- Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған.
Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.
Зат есімнің сөйлемде атқаратын қызметі
Зат есім-сөз таптарының ішіндегі ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйытқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемде сөйлем мүшесінің барлығының қызметін атқарады. Дегенмен зат есім заттық ұғымды білдіргендіктен, оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады. Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Grammatika Morfologiya Tүbir Zhurnak Zhalgau Koptik zhalgau Tәueldik zhalgau Septik zhalgau Zhiktik zhalgau Soz taptary Zat esim Syn esim San esim Esimdik Etistik Үsteu Shylau Elikteu soz Odagaj Sintaksis Soz tirkesi Sojlem mүsheleri Bastauysh Bayandauysh Anyktauysh Pysyktauysh Tolyktauysh Zat esim zattyn kubylystyn zhәne zhalky esimderdin atyn bildirip kim ne kimder neler degen surakka zhauap beretin soz taby Kүndelikti omirde kezdesetin әdettegi zhaj nәrselerdi gana emes tabigat pen kogamdyk omirdegi ushyrasatyn әr aluan kubylystar men okigalardy ugymdar men tүsinikterdi de kamtidy Mysaly kus tas su shyny adam kol degen sozdermen katar zhanbyr najzagaj sajlau zhүris kapitalizm evolyuciya ugym akyl sana degen sozder de zat esimge zhatady Adamzat zhәne galamzat esimderiKim degen grammatikalyk surauga zhauap beretin zat esimderge zhalpy adam ataulary zhatady Adam ataulary dep zhalpy adamga tәn ataulardy kisi bala kyz bope shal kempir kelinshek erkek әjel t b tuys ataularyn әke sheshe әzhe ata aga ini apa sinli nemere t b is әreket pen kәsip mamandyk ielerinin ataularyn әnshi atshy arbashy galym mugalim satushy t b әr aluan kyzmet baptary men lauazym ataularyn direktor lejtenant bastyk myrza hanym t b kisi attaryn Asan Әset Isa Alma Rabiga Zhәmila Gүlsim Zhanna t b zhәne baska da osylar siyakty adamga tәn ataulardy ajtamyz Ne degen grammatikalyk surau әdette adamnan ozge barlyk zhan zhanuarlardyn zhәne kүlli zattar men nәrselerdin ataularyna kojylady Zhalpy zhәne zhalky esimderZhalpy esimder dep tildegi әr aluan derekti zhәne dereksiz zattar men ugymdardy bildiretin zat esimder atalady Mysaly agash at as aral arba bas bala akyl sana tүsinik er es et dala su otin komir kense siyakty zat esimderdin bәri de zhalpy esim bolady Zhalky esimder dep belgili bir gana zatty arnaj daralaj atajtyn zat esimderdi atajmyz Mysaly kisi attary Askar Arlan Agybaj t b үj hajuandaryna berilgen arnauly attar Tajbuyryl Tenbilkok Aktaban Tajmas t b ondiris mekeme ujym attary Enbek Қajrat Tүrksib t b gazet zhurnal film kitap attary men zheke shygarmalardyn attary Egemen Қazakstan Өrken Menin atym Қozha Қan men ter t b geografiyalyk ataular Alatau Қaratau Ile Ertis t b kala koshe alan attary Temirtau Abaj dangyly Respublika alany t b tagy baska zhalky ataular zhatady Zhalky esimder magyna zhagynan belgili bir ugymdy bildirmejdi tek bir zheke dara zatty baska zattardan azhyratu үshin kojylgan belgi at retinde gana zhumsalady Ishindegi әr kily usak toptardy soz etpegende zhalky esimder en әueli үlken үlken eki salaga bolinedi onyn birinshisi kisi attary onomastika ekinshisi geografiyalyk ataular toponimika Koptik mәndi esimderKoptik mәndi esimder dep zatty zheke daralap atamaj onyn zhiynyn tobymen atajtyn zat esimderdi atajdy Mysaly sүt un zhүn alma akyl omir shyndyk altyn zhel kujyn degen siyakty zat esimderdi alsak bulardyn әrkajsysy belgili bir zhekedara zatty gana atamajdy ony tobymen atajdy Koptik mәndi esimderdin erekshelikteri tek semantikalarynda gana demek zatty zhekelep atamaj toptap ataularynda gana emes grammatikalyk sipattarynda da bar Mysaly sol atalgan un altyn zhel akyl tәrizdi koptik mәndi esimderdi alsak osylardyn bәri de praktikalyk tilde koptik zhalgauy zhalganbaj zhumsalady Eskertu Koptik mәndi esimder kejde koptik zhalgauly formalarda da koldanylady Birak bul sozder koptik formada kobinese ya baska magynada zhumsalady ya ozderine kosymsha magynalyk render zhamap alady Koptik mәndi esimderge mynadaj zat esimder zhatady Sujyk zattardyn ataulary ajran arak boza shaj tuzdyk t b Gaz tektes zattardyn attary azon bu tүtin tuman t b Uak untak zattardyn ujyskan majda zattar men bytyrandy tarandy үgitindi zattardyn ataulary un shan tozan betege zhusan zhүn tүbit shash kirpik zhide alsha t b Dereksiz ugymdardy bildiretin zattardyn ataulary ajla algys akyl dau kajgy kasiret sүjenish shyndyk t b Өzdiginen tabigi bolshektenbejtin kesek zattardyn ataulary altyn kola kurysh shojyn t b Zharatylys kubylystarynyn ataulary boran zhanbyr kar zhel kujyn t b Bulardan baska da ozderi tүpki tabigaty zhagynan koptik mәndi bildiretin zat esimder bar Mysaly tabigi zhup bolyp keletin zat esimder de ayak koz kulak etik bajpak kebis bәtenke shangy t b sondaj ak nәrsenin ya zattyn bolinbejtin tabigi bolimi ya bolshegi retinde tүsiniletin substantivtik ugymdardyn ataulary da kobinese komekshi esimder mysaly asty үsti zhany t b negizinde osy topka zhatady Komekshi esimderKomekshi esimder dep leksikalyk magynalary birde bүtindej saktalyp birde solgyndap ozge sozdermen tirkesu erekshelikterine karaj sintaksistik zhagynan kejde zheke dara mүshe esebinde kejde kүrdeli mүshenin kuramyndagy dәneker element esebinde koldanylyp morfologiyalyk zhagynan zat esimdershe tүrlenip otyratyn zhәrdemshi sozderdi ajtamyz Komekshi esimder san zhagynan sonshalykty kop emes olarga aldy arty asty үsti zhany kasy arasy ortasy ishi syrty basy beti sheti tүbi tobesi tusy many siyakty sozder zhatady Zat esimnin morfologiyalyk sipattaryZat esimnin kurylymy Қurylymy zhagynan zat esim zhalan da kүrdeli de bolady Zhalan zat esimder eki salaga bolinedi birinshisi tүbir zat esimder ekinshisi tuyndy zat esimder Tүbir zat esimder dep kazirgi kezde tiisti morfemalarga tүbirge zhәne zhurnakka bolshektenbejtin tek bir gana tүbir morfema soz retinde kabyldanatyn zattyk ataulardy ajtamyz Tuyndy zat esimder dep kazirgi kezde tүbir morfemaga zhәne kosymsha zhurnak morfemaga bolshektenetin demek tүbir sozden zhurnak arkyly zhasalgan zattyk ataulardy ajtamyz Kүrdeli zat esimderge keminde eki ya onan da astam tүbir morfemadan kuralgan formalar zhatady Ondaj zat esimder kazirgi kazak tilinde tort tүrli Tolyk makalasy Kүrdeli zat esim Birikken zat esimder Қosarlagan zat esimder Tirkes kurama zat esimder Қyskargan zat esimder Zat esimderdin zhasalu tәsilderi Zat esimder leksikalyk morfologiyalyk sintaksistik tәsilder arkyly zhasalady Leksikalyk tәsil arkyly zhasalgan zat esimderge bajyrgy zat esimder sondaj ak baska tilderden engen zat esimder bastapky semantikalyk magynasy ne keneyu ne tartylu ne auysu arkyly tugan zhana zat esimder men ozge soz taptarynan substantivtenu arkyly pajda bolgan zat esimder zhatady Sintaksistik tәsil arkyly zhasalgan zat esimderge kemi eki ya onan astam tүbirlerdin birigui kosarlanuy tirkesip kuraluy kyskaryp kuraluy arkyly zhәne leksikalanu negizinde pajda bolgan kүrdeli zat esimder zhatady Morfologiyalyk tәsil arkyly zhasalgan zat esimderge zat esimnin ozinen ozge soz taptarynan tiisti zhurnaktar arkyly tugan tuyndy zat esimder zhatady Mysaly atshy basshy degen tuyndy zat esimder at bas degen zat esim tүbirlerinen zhasalsa atshylyk basshylyk degen tuyndy zat esimder atshy basshy degen zat esim negizderinen tuyndy zat esimderden zhasalgan Al zhaksylyk үlkendik degen zat esimder lyk dik zhurnagy arkyly zhaksy үlken degen syn esimderden tugan Sondaj ak egin sauyn tuyndy zat esimderi ek sau degen etistik tүbirlerinen zhasalsa olardan shy shi zhurnagy arkyly eginshi sauynshy degen tuyndy zhana zat esimder zhasauga bolady t b Zat esimnin sojlemde atkaratyn kyzmeti Zat esim soz taptarynyn ishindegi en moly zhәne baska sozderdin negizgi ujytkysy Zat esim baska sozdermen karym katynaska tүsip sojlemde sojlem mүshesinin barlygynyn kyzmetin atkarady Degenmen zat esim zattyk ugymdy bildirgendikten onyn sojlemdegi en basty negizgi kyzmeti bastauysh pen tolyktauysh bolady Zat esimder kandaj sozben tirkesuine zhәne sojlemde kaj orynda turuyna bajlanysty anyktauysh ta pysyktauysh ta bayandauysh ta bola beredi DerekkozderҚazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Қazirgi kazak tili 1974 zh