Дорама — жапондықтардың телехикаялары. Кейінде ол ұғымды корейлердің (Оңтүстік Корея), қытайлардың, жапондықтардың және тайвандықтардың телехикаяларының барлығына қолдана бастады. Дорама сөзі жапон. - テレビドラマ тэрэби, ағылш. - drama сөзінен шыққан. Дорамалар комедия, драма, мелодрама, спорт, мектеп, фэнтези, ғажайып, сұмдықтар, мистика және тағы да басқа жанрларда шығарылады. Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр бұл , әрине, романтикалық, яғни махаббат жайлы дорама - ren’ai.
Сипаттама
Дорама ұғымы манга және аниме ұғымдарымен тығыз байланысты. Себебі сол манга мен анимелерден алынған оқиғалардан дорама түсіріледі. Ол дорамаларда Шығыс Азияның танымал адамдары, Шығыс Азия елдерінің шоу - бизнесінің атақты жұлдыздары, әртістері, актерлері, әншілері және атақты тұлғалары түседі. Солайша біз анимені тірі кейіпкерлермен, сол кейіпкерлердің рөлін орындайтын сүйікті актерлермен көре аламыз. Бірақ көп жағдайда дорамалар манга немесе анимеге тәуелсіз дербес туынды ретінде болады. Дораманың орташа ұзақтығы 10 - 25 топтамаға(серия) дейін, ал әрбір топтама бір сағат шамасында уақытты алады. Әрбір топтамасы алдыңғы топтаманың аяқталған жерінде басталады. Кәдімгі тілмен айтқанда бұл 10 - 25 топтамаға бөлінген үлкен фильм (басқа телехикаялар сияқты). Әдетте дорамалардың жалғасын ешқашан түсірмейді және де бір оқиғаны аяғына дейін көрсетеді. Бірақ батыстардың үлгілеріне қарап кейінгі кезде көрерменнің көңілінен шығатын фильмдерден барлық мүмкіншілігін алу жағдайы қолданылады. Бұл тек сирек жағдайда ол оқиғаны жалғастырып тағы дорама түсіруі мүмкін. Дорама көп жағдайда жас аудиторияға арналып түсіріледі. Себебі онда жас әрі әдемі актерлер (кейде поп-айдолдар). Бұл, әрине, оның жастар арасында табынушыларын қызықтырады. Дорамалардың телехикаялардан айырмашылығы тек қана оның Шығыс елдерінің түсіргендерінде ғана емес, оның басқа да ерекшеліктері баршылық.
Дораманың телехикаялардан айырмашылығы
- Эмоция мен мимикаға ерекше назар аударылады. Яғни, дорамаларда актерлердің эмоцияны көрсетуі айқын беріледі.
- Көрермендер аудиториясының көп бөлігін қыздар (әйелдер) құрайды. Бірақ басқа да әйелдерге де, еркектерге де қызықты дорамалар да аз емес.
- Көбіне дорамалар жастарға арналған. Бірақ үлкендерге де шығарылып келеді.
- Онда нәзіктік, сүйкімділік, сезімталдық, бала қылықтары жиі кездеседі.
- Рейтингі телехикая біткеннен кейін соңында емес әрбір топтама(сериал) рейтингісі анықталып отырады. Сол бойынша дорамаға қызығушылығы анықталып, оған деген көзқарас қалыптасады.
Дораманың түрлері
Дорама тек жанрға ғана бөлінбейді. Ол шығаратын еліне де, мазмұнына да байланысты бөлінеді. Шығаратын елдеріне: Жапон, Оңтүстік корея, Қытай, Тайвань, Тайланд (Гонконг, Индонезия, Вьетнам). Әр ел өз ойына қарай әртүрлі болып шығаруы мүмкін. Соған орай әр елде актерлер ойыны де алуан түрлі.
Көрермендер
Дорамалардың көрермендері тек Шығыс Азиядан ғана емес, басқа елдерден болады. Алайда Шығыс Азия елінен көрермендер өте көп. Бұл дорамалар корей, жапон және қытай тілдерінде түсіріліп, шығарылады. Көп жағдайда көрермендері бұл тілдерді түсінбейді, ал ресми телеарналарда дорамаларды көрсетпеуі мүмкін. Соған байланысты біршама аудармашылар тобы бар. Олар фансаб топтары (орыс. фанаткие сабы табынушылардың жазулық аудармасы) деп аталады. Фансаб топтары көбінесе тікелей корей тілінен аудара алмауына байланысты, әдетте оның ағылшынға жазбаша аударылуын күтеді және содан ағылшын тілінен орыс тіліне аударады.
Қазақстанда көрсетілуі
Қазақстанның ресми телеарналарында Оңтүстік Кореялық телехикаялар көрсетіледі. Әдетте бұл телехикаялар өз отанында рейтингі жоғары, көрермендерімен бағаланған дорамалар. Оны "Хабар", "Астана", "Ел арна", "Қазақстан" арналары қазақ тіліне аударып көрсетеді. Бұл Қазақстанда көрсетілген дорамалар қатарына:
- Ыстық ұя (Полный дом)
- Құштар жүрек (Пламя желаний)
- Махабат құдыреті (Сила любви) т.б. бар
Сілтемелер
- Дорамалар жинағы бар арнай дорамаларды көруге арналған сайт Мұрағатталған 21 тамыздың 2012 жылы.
- Дорамаларды рейтингісіне бөлу мүмкіндігі бар және жалпы Азия мәдениеті жайлы сайт Мұрағатталған 13 наурыздың 2013 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dorama zhapondyktardyn telehikayalary Kejinde ol ugymdy korejlerdin Ontүstik Koreya kytajlardyn zhapondyktardyn zhәne tajvandyktardyn telehikayalarynyn barlygyna koldana bastady Dorama sozi zhapon テレビドラマ terebi agylsh drama sozinen shykkan Doramalar komediya drama melodrama sport mektep fentezi gazhajyp sumdyktar mistika zhәne tagy da baska zhanrlarda shygarylady Әr adam ozine zhagymdy ozi unatatyn zhanrdy tandaj alady Birak en tanymal zhanr bul әrine romantikalyk yagni mahabbat zhajly dorama ren ai SipattamaDorama ugymy manga zhәne anime ugymdarymen tygyz bajlanysty Sebebi sol manga men animelerden alyngan okigalardan dorama tүsiriledi Ol doramalarda Shygys Aziyanyn tanymal adamdary Shygys Aziya elderinin shou biznesinin atakty zhuldyzdary әrtisteri akterleri әnshileri zhәne atakty tulgalary tүsedi Solajsha biz animeni tiri kejipkerlermen sol kejipkerlerdin rolin oryndajtyn sүjikti akterlermen kore alamyz Birak kop zhagdajda doramalar manga nemese animege tәuelsiz derbes tuyndy retinde bolady Doramanyn ortasha uzaktygy 10 25 toptamaga seriya dejin al әrbir toptama bir sagat shamasynda uakytty alady Әrbir toptamasy aldyngy toptamanyn ayaktalgan zherinde bastalady Kәdimgi tilmen ajtkanda bul 10 25 toptamaga bolingen үlken film baska telehikayalar siyakty Әdette doramalardyn zhalgasyn eshkashan tүsirmejdi zhәne de bir okigany ayagyna dejin korsetedi Birak batystardyn үlgilerine karap kejingi kezde korermennin konilinen shygatyn filmderden barlyk mүmkinshiligin alu zhagdajy koldanylady Bul tek sirek zhagdajda ol okigany zhalgastyryp tagy dorama tүsirui mүmkin Dorama kop zhagdajda zhas auditoriyaga arnalyp tүsiriledi Sebebi onda zhas әri әdemi akterler kejde pop ajdoldar Bul әrine onyn zhastar arasynda tabynushylaryn kyzyktyrady Doramalardyn telehikayalardan ajyrmashylygy tek kana onyn Shygys elderinin tүsirgenderinde gana emes onyn baska da erekshelikteri barshylyk Doramanyn telehikayalardan ajyrmashylygyEmociya men mimikaga erekshe nazar audarylady Yagni doramalarda akterlerdin emociyany korsetui ajkyn beriledi Korermender auditoriyasynyn kop boligin kyzdar әjelder kurajdy Birak baska da әjelderge de erkekterge de kyzykty doramalar da az emes Kobine doramalar zhastarga arnalgan Birak үlkenderge de shygarylyp keledi Onda nәziktik sүjkimdilik sezimtaldyk bala kylyktary zhii kezdesedi Rejtingi telehikaya bitkennen kejin sonynda emes әrbir toptama serial rejtingisi anyktalyp otyrady Sol bojynsha doramaga kyzygushylygy anyktalyp ogan degen kozkaras kalyptasady Doramanyn tүrleriDorama tek zhanrga gana bolinbejdi Ol shygaratyn eline de mazmunyna da bajlanysty bolinedi Shygaratyn elderine Zhapon Ontүstik koreya Қytaj Tajvan Tajland Gonkong Indoneziya Vetnam Әr el oz ojyna karaj әrtүrli bolyp shygaruy mүmkin Sogan oraj әr elde akterler ojyny de aluan tүrli KorermenderDoramalardyn korermenderi tek Shygys Aziyadan gana emes baska elderden bolady Alajda Shygys Aziya elinen korermender ote kop Bul doramalar korej zhapon zhәne kytaj tilderinde tүsirilip shygarylady Kop zhagdajda korermenderi bul tilderdi tүsinbejdi al resmi telearnalarda doramalardy korsetpeui mүmkin Sogan bajlanysty birshama audarmashylar toby bar Olar fansab toptary orys fanatkie saby tabynushylardyn zhazulyk audarmasy dep atalady Fansab toptary kobinese tikelej korej tilinen audara almauyna bajlanysty әdette onyn agylshynga zhazbasha audaryluyn kүtedi zhәne sodan agylshyn tilinen orys tiline audarady Қazakstanda korsetiluiҚazakstannyn resmi telearnalarynda Ontүstik Koreyalyk telehikayalar korsetiledi Әdette bul telehikayalar oz otanynda rejtingi zhogary korermenderimen bagalangan doramalar Ony Habar Astana El arna Қazakstan arnalary kazak tiline audaryp korsetedi Bul Қazakstanda korsetilgen doramalar kataryna Ystyk uya Polnyj dom Қushtar zhүrek Plamya zhelanij Mahabat kudyreti Sila lyubvi t b barSiltemelerDoramalar zhinagy bar arnaj doramalardy koruge arnalgan sajt Muragattalgan 21 tamyzdyn 2012 zhyly Doramalardy rejtingisine bolu mүmkindigi bar zhәne zhalpy Aziya mәdenieti zhajly sajt Muragattalgan 13 nauryzdyn 2013 zhyly