Болғанбаев Қайретдин Әбдірахманұлы (1894, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1937, Ташкент) — журналист, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.
Түркістан автономиясын құруға атсалысқан (1917, желтоқсан — 1918, ақпан). Орынбор қаласындағы « медресесінде оқып жүрген кезінде «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1917 — 18 жылдары М.Шоқай, С.Қожановтармен бірге « газетін шығаруға қатысты. 1918 — 19 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық курста оқыды. 1919 — 21 жылдары Түркістан халыққа білім беру жүйесінде, Орынбор қаласында мемлекеттік «Қазақстан» баспасында сарапшы болып қызмет істеді. 1921 жылы Ә.Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының тапсырмасы бойынша Бұхарадағы басмашылар қозғалысына Энвер пашамен бірге жетекшілік етіп жүрген Зәки Уәлиди Тоғанмен кездесіп қайтты. 1922 — 23 жылдары Ақмолада, 1924 — 27 жылдары Петропавлда халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1928 жылы ОГПУ шешімімен «халық жауы» ретінде 5 жылға сотталып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1934 жылы Алматыға келіп, кейіннен қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылында тұрған. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, атылды. 1958 ж. 26 ақпанда ақталған.
Дереккөздер
- Темеш руының шежіресі, Астана "Сарыарқа" 2009, 638 бет. Авторлар ұжымы Таукейтегі Қ.А., Ахметжанов Қ.А. және т.б. ISBN 9965-536-95-3
- “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bolganbaev Қajretdin Әbdirahmanuly 1894 Akmola oblysy Қorgalzhyn audany 1937 Tashkent zhurnalist kogam kajratkeri Alash kozgalysynyn belsendi mүshesi Argyn tajpasynyn Қuandyk boliminin Temesh ruynan Tүrkistan avtonomiyasyn kuruga atsalyskan 1917 zheltoksan 1918 akpan Orynbor kalasyndagy medresesinde okyp zhүrgen kezinde Қazak gazetinin redakciyasynda zhumys istejdi 1917 18 zhyldary M Shokaj S Қozhanovtarmen birge gazetin shygaruga katysty 1918 19 zhyldary Tashkent kalasyndagy pedagogikalyk kursta okydy 1919 21 zhyldary Tүrkistan halykka bilim beru zhүjesinde Orynbor kalasynda memlekettik Қazakstan baspasynda sarapshy bolyp kyzmet istedi 1921 zhyly Ә Bokejhanov pen Ahmet Bajtursynulynyn tapsyrmasy bojynsha Buharadagy basmashylar kozgalysyna Enver pashamen birge zhetekshilik etip zhүrgen Zәki Uәlidi Toganmen kezdesip kajtty 1922 23 zhyldary Akmolada 1924 27 zhyldary Petropavlda halykka bilim beru bolimi mengerushisinin orynbasary boldy 1928 zhyly OGPU sheshimimen halyk zhauy retinde 5 zhylga sottalyp Batys Sibirge zher audaryldy 1934 zhyly Almatyga kelip kejinnen kazirgi Tүrkistan oblysynyn Saryagash audanyna karasty Қaplanbek auylynda turgan 1937 zh sayasi kugyn sүrgin kezinde tutkyndalyp atyldy 1958 zh 26 akpanda aktalgan DerekkozderTemesh ruynyn shezhiresi Astana Saryarka 2009 638 bet Avtorlar uzhymy Taukejtegi Қ A Ahmetzhanov Қ A zhәne t b ISBN 9965 536 95 3 Қazak Enciklopediyasy tom