Өзен террасалары (лат. terra - жер, фр. terras) — беті горизонталь немесе сол еңкіш, өзен аңғарларының бір немесе екі жағында ондаған немесе жүздеген км-ге созылған, сатылы орналасып кертпештермен шектелген жазық алаңдар.
Өзеннің шаю және аккумуляциялық әрекеттерінен қалыптасқан. Жалпы алғанда, террасалар өзеннің бұрынғы жайылмалары, олар өзеннің ерте кезде жоғары деңгейінде аққанын көрсетеді. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың көтеріле дамуы кезінде немесе климаттың өзгеруіне және соған сәйкес жауын-шашынның молаюы мен ағын тасымалының артуына байланысты. Өзен бұрынғы табанын жырып шайып, төмен деңгейде жаңа арна құрайды, ал бұрынғы жайылмалардың қалдығы кертпештен биік өзен террасалары түрінде сақталып қалады. Эрозия базисінің бірнеше рет өзгеруінің нәтижесінде аңғарлар беткейлерінде сатылы орналасқан бірнеше өзен террасалары қалыптасады және ең жоғарғысы ең көнесі болып табылады. Олардың ені бірнеше м-ден жүздеген м-ге дейін, биіктігі су кемерінен бірнеше м-ден он шақты м-ге дейін (тауларда кейде жүздеген м-ге дейін) жетеді. Жергілікті эрозия базисінің өзгеруі жергілікті террасалардың қалыптасуына себепші болады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өzen terrasalary lat terra zher fr terras beti gorizontal nemese sol enkish ozen angarlarynyn bir nemese eki zhagynda ondagan nemese zhүzdegen km ge sozylgan satyly ornalasyp kertpeshtermen shektelgen zhazyk alandar Өzennin shayu zhәne akkumulyaciyalyk әreketterinen kalyptaskan Zhalpy alganda terrasalar ozennin buryngy zhajylmalary olar ozennin erte kezde zhogary dengejinde akkanyn korsetedi Zhana tektonikalyk kozgalystardyn koterile damuy kezinde nemese klimattyn ozgeruine zhәne sogan sәjkes zhauyn shashynnyn molayuy men agyn tasymalynyn artuyna bajlanysty Өzen buryngy tabanyn zhyryp shajyp tomen dengejde zhana arna kurajdy al buryngy zhajylmalardyn kaldygy kertpeshten biik ozen terrasalary tүrinde saktalyp kalady Eroziya bazisinin birneshe ret ozgeruinin nәtizhesinde angarlar betkejlerinde satyly ornalaskan birneshe ozen terrasalary kalyptasady zhәne en zhogargysy en konesi bolyp tabylady Olardyn eni birneshe m den zhүzdegen m ge dejin biiktigi su kemerinen birneshe m den on shakty m ge dejin taularda kejde zhүzdegen m ge dejin zhetedi Zhergilikti eroziya bazisinin ozgerui zhergilikti terrasalardyn kalyptasuyna sebepshi bolady DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet