Әлмен Байқалмақызы (1860, Қордай ауданы Сұлутөр өңірінде туған)- айтыскер ақын.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Төртінші атасы Қарабек Салтангелдіұлы айтулы батыр болған. Әлейбек, Әлімбай, Иман дейтін үш ұлдың ортасындағы жалғыз қыз болғасын Әлмен ерке өсіп, өткір де батыл, жігітке бергісіз өр тұлғаға айналады. Оның ақындық өнері қарашадай қыз күнінде-ақ танылған. Өз тұсындағы өлеңші, ақын атаулының бәрін де бет қаратпай жеңіп отырған. Сол кездегі белгілі ақынның бірі Тәкен сал онымен өмір бойы айтысып, ешқашан жеңе алмаған. Әлмен бесіктегі кезінен-ақ "бесік кертпе" салтымен бір байдың баласына атастырылады. Ақын қыз өсе келе, болашақ күйеуін менсінбейді. Өйткені, атастырылған жігіті "айрантаз" көрінеді. "Оған берсең у ішіп өлем" деп қорқытқасын, әкесі құдалармен астыртын хабарласып, қызының нағашысынікіне бармақ ниетін жеткізеді де, оны жолдан алып кетуге кеңес береді. Бұл ұсынысты құп алған күйеу бала жол торып, Әлменді қолға түсіреді. Әлменнің осындай зорлықпен ұзатылып бара жатқаны Тәкен салға жетеді. Бір сүріндіретін реті келген шығар деген оймен Тәкен сал Әлменнің артынан қуып жетіп, онымен айтыс бастайды.
Ел аузындағы бұл айтыс - Әлменнің ақындық өнерінің қаншалықты ерте жетілгенін айғақтай түссе керек. Тағдырына еріксіз көніп, сүймеген күйеуімен өмір сүруге мәжбүр болған Әлмен өмір бойы өксумен өткен. "Сайрап жүрген саяда бұлбұл едім, мойыныма түсірді-ау тұзақ тор ғып", - деп зарлаған.
Сыптқы сілтемелер
- Әйел көркейсе, әлеуетіміз артады Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
Дереккөздер
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
- Айтыс 1т.1998 Ысқақбай М., Шығарма шырайы -шындық.
- Тараз Жамбыл энциклопедия "Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы Алматы,2003 133-бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әlmen Bajkalmakyzy 1860 Қordaj audany Sulutor onirinde tugan ajtysker akyn Dulat tajpasynyn Zhanys ruynan Tortinshi atasy Қarabek Saltangeldiuly ajtuly batyr bolgan Әlejbek Әlimbaj Iman dejtin үsh uldyn ortasyndagy zhalgyz kyz bolgasyn Әlmen erke osip otkir de batyl zhigitke bergisiz or tulgaga ajnalady Onyn akyndyk oneri karashadaj kyz kүninde ak tanylgan Өz tusyndagy olenshi akyn ataulynyn bәrin de bet karatpaj zhenip otyrgan Sol kezdegi belgili akynnyn biri Tәken sal onymen omir bojy ajtysyp eshkashan zhene almagan Әlmen besiktegi kezinen ak besik kertpe saltymen bir bajdyn balasyna atastyrylady Akyn kyz ose kele bolashak kүjeuin mensinbejdi Өjtkeni atastyrylgan zhigiti ajrantaz korinedi Ogan bersen u iship olem dep korkytkasyn әkesi kudalarmen astyrtyn habarlasyp kyzynyn nagashysynikine barmak nietin zhetkizedi de ony zholdan alyp ketuge kenes beredi Bul usynysty kup algan kүjeu bala zhol toryp Әlmendi kolga tүsiredi Әlmennin osyndaj zorlykpen uzatylyp bara zhatkany Tәken salga zhetedi Bir sүrindiretin reti kelgen shygar degen ojmen Tәken sal Әlmennin artynan kuyp zhetip onymen ajtys bastajdy El auzyndagy bul ajtys Әlmennin akyndyk onerinin kanshalykty erte zhetilgenin ajgaktaj tүsse kerek Tagdyryna eriksiz konip sүjmegen kүjeuimen omir sүruge mәzhbүr bolgan Әlmen omir bojy oksumen otken Sajrap zhүrgen sayada bulbul edim mojynyma tүsirdi au tuzak tor gyp dep zarlagan Syptky siltemelerӘjel korkejse әleuetimiz artady Muragattalgan 14 shildenin 2014 zhyly DerekkozderBaspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Izdatelstvo Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H Ajtys 1t 1998 Yskakbaj M Shygarma shyrajy shyndyk Taraz Zhambyl enciklopediya Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Almaty 2003 133 bet