Әлдебек Сатайұлы (1720–1800) — Абылай хан заманында өмір сүрген атақты би әрі шешен.
Әлдебек Сатайұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | , бұрынғы Көкшетау облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ұлты | қазақ |
Қызметі | би, шешен |
Әкесі |
|
Балалары | Шопа, Қаумен, Сасық, Майдан |
Өмірбаяны
Әлдебек шешен 1720 жылы Ертіс бойында туған. Би 80 жас ғұмыр кешкен. Әлдебек бидің зираты қазіргі Омбы облысындағы Тавричанский ауданына қарасты Байтұяқ ауылына жақын жерде тұр. Әлдебектің әкесі Сатай Алтайұлы. Руы Ашамайлы Керейдің он үшінші буыны Тарышы. Ол Танаш бидің Балға, Балта, Көшебе, Тарышы болып таралатын төрт ұлының кенжесі. Тарышы Танаш бидің екінші әйелі Әлимадан туған.
Тарышының да және оның ұлы Смайылдың да есімдері шежіреде болмаса, көпшілікке танымал емес. Оның есесіне Смайылдан туған ұлдары Ақсары мен Күрсары есімдері ру атына айналып, шежіреге ғана емес, тарихи айналымға да енді. Ақсарыдан әлемге әйгілі ақын-композитор өрбісе, Күрсарыдан он екі мың жылқы біткен Сағынай, ұлы әнші тағы басқалары өрбіді.
"Күрсары Әлдебектей шешімді бол", -дейді Сегіз сері өзінің батасында.
Әлдебек шешеннің әкесі Сатай Алтайұлының төрт әйелінен алты ұлы болған. Әлдебек би Сатайдың бәйбішесінен туған тұңғышы әрі бір анадан жалғыз, екінші әйелінен Үкі, Жандос, Боқбасар, үшінші әйелінен Шонақа, төртінші әйелінен Жолбарыс. Жолбарысты ел арасында кейде "Естек" дейді. Өйткені оның шешесі башқұрт қызы екен. Бұл жерде Күрсары керей Сатай Алтайұлын шапырашты Сатай Текеұлымен, қыпшақ Сатай Көбегенұлымен, табын Сатай Жақсыбайұлымен шатастырмауды өтінемін. "Әке балаға сыншы"-дейді ғой. Сатай Алтайұлы ұлдарының бала күнінде оларға мынадай сипаттама беріпті: "Әлдебекті-дуалы ауыз, Үкіні-береке, Жандосты-үндемес, Боқбасарды-төбелес, Шонақаны-битбермес, Жолбарысты-қонақасы" -депті.
Сатай Алтайұлы патшалы Ресей армиясының капитаны И.Г. Андреевтің 1789 жылы басылған, одан соң екінші рет 1998 жылы Алматының "Ғылым" баспасынан шыққан "Описание средней орды киргиз-кайсаков" атты кітабінің 102-бетінде:"Волость Кульсары-кирейская, в которой старшина Шатай-мурза и Мурзагул-мурза. Подвластных оных почитается кибиток 70. Лучших людей кроме и жен до 250 человек. кочевье свое имеют смешано с прочими волостями по реке Иртыш от станцы Пяторыжского до крепости Железинской. Лошадьми и скотом весьма богаты", деп жазды.
Әлдебек би Сатайұлы жастайынан билікке араласып, ағайынның жоғын жоқтаған, бірақ үнемі әділ болған, сондықтан елі ерекше құрметтеп сыйлаған. Сатай Алтайұлынан туған Әлдебек мықты адам болмапты. Әлдебек шешен айтты деген өткір уытты, кесімді-шешімді шешен сөздер кезінде хатқа түспеген. Оның ел аузынан жазып алынған кейбір нұсқалары ғана бізге жетіп отыр. Әлдебек бидің "соқыр" атануына оның жасында бір бетіне аса қатерлі дерт күйдіргі шыққандықтан бір көзі тыртықтау екен. Хан сайланбаған Қасымның бір ызалы сөзінен кейін Әлдебек би Сатайұлының "соқыр" деген лақат аты қоса аталатын болыпты.
Әлдебек бидің Қасымды хан сайлануына қ болуы
Абылай хан қартайған шағында, яғни шамасы 1779-1780 жылдары би, болыс, ақсақалдарды ордасына шақыртыпты. Ондағы мақсаты өзінің қалмақ әйелінен туған баласы Қасым төрені орнына хан сайлатпақ еді. Сөйтіп, арнайы үй тіктіріп, исі қазақтың игі жақсыларын жинаған көрінеді. Сонда Әлдебек би шақырылғандардың ең соңынан келеді. Ол есіктен кіре жиналғандарға оң жағынан бастап қол беріп төрге жетеді. Төрде Қасым шалқасынан түсіп жатқан көрінеді. Әлдебек би қолын ұсынғанда Қасым басын көтерместен саусақтарын созыпты. Би үміткердің қолын қағып жіберіп, қатарға отырып әңгімеге кіріседі. Сонда тәкаппар әрі әкесі өзі ұсынғандықтан болар мейманасы тасыған Қасым төре:
-Уай, мынау: "Аттыға жол, жаяуға сөз бермей отырған соқырың кім өзі?-дегенде Әлдебек би бөгелместен:
- Уа, менің атым Әлдебек,
- Айтар сөзім әліде көп.
- Келмей жатып сынадың,
- Мәнісін айтшы не себеп.
- Қарашаң жиылып хан сайлап,
- Төбең көкке жеткендей.
- Мен-менсініп сөйлейсің,
- Сөзің тиді-ау кетпендей
- Шалқаңнан жатып сөйлейсің.
- Көт сүйегің өскендей
- Тасыма, төрем, тасыма.
- Тасыған жетер басыңа.
- Бұл әдетті қоймасаң,
- Сендей менмен төренің,
- Жан жуымас қасына.
- Жан-жағыңа қарашы,
- Хан бір адам, қара көп.
- Хан сайласам Қасым-ау,
- Орта жүздің ішінде,
- Сендей-сендей бала көп.
- Атаң Абылай шақырды,
- Хан сайла деп Қасымды.
- Уа, сайламаймын Қасымды.
- Хан болып елді ұстай ма,
- Осындай долы, ашулы?
- Кірсіз - көктегі ай,
- Мінсіз - бір кұдай.
- Әкең сенің сарт еді,
- Шешең калмақ Құралай.
- Екеуінен жаралған,
- Бойыңа лас таралған.
- Инабат жоқ, ұят жоқ,
- Сенсің нағыз сүмырай! (ҚР ҰҒА ҒК, сирек қор)
Әлдебек бидің мына сөзіне қатты ашуланған ханзада садағына жармасқанда, көпшілік Қасымды тоқтатыпты. Қасымның мұндай өрескелдігіне шыдамаған Айтбай батыр:
- - Уа, Қасым, не қыласың соқырға,
- Соқыр бекер сөйлеп отыр ма
- Тілді қалай бумақпыз.
- Осындай жиын-топырда?
- Нағашың қалмақ болғанда,
- Әкең сенің сарт еді.
- Мұны елден жасырма.
- Жасырып кайда барасың,
- Басынып сен құтырма! - дейді
Сөз өтіп бұрында ашуланып отырған Қасым одан сайын түтігіп: - Басына темір телпек киген мына тазың кім өзі? - дейді. Сонда :
- Руым Ақжал болғанда,
- Байкелтірдің баласы,
- Атым Айтбай батырмын.
- Өз бетіммен келгем жоқ,
- Әкең Абылай шақырды,
- "Хан сайла деп Қасымды".
- Сайлауға келіп жатырмын,
- Ел қорғаны батырға.
- Келмей жатып ақырдың.
- Қамалын бұзып қанша рет,
- Жылқысын алып сонша рет,
- Қалмаққа тізе батырдым.
- Бізден кек алғың келді ме,
- Нағашың қалмақ кәпірдің!
- дегенде Қасым орнынан атып тұрып, қылышын суырады. Көпшілік тағыда қойдырады. Осы жәйттен соң көп кешікпей-ақ хан Абылай жиналғандарды ордасына кіргізіп, Қасымды хан сайлау үшін келген ру басыларының, билер мен батырлардың пікірін білу үшін олардың сөзін тыңдайды. - Уа, жұртым, не дейсіңдер? - деп көпшілікке сөз бергенде, алдымен Айтбай шешен ортаға шығыпты:
- - Уа, Абылай хан ием,
- Бақытты туған адамның,
- Артықта болар талабы.
- Сайламаймын хандыққа,
- Қасым деген балаңды.
- Хан болғанмен айырмас,
- Жақсы менен жаманды.
- Шешіп төре бере алмас,
- Адал менен харамды.
- Сен сүйіп қатын қылғанмен,
- Арғы тегі арамды!
Қанша айтқанмен "Ханда қырық кісінін ақылы бар" демекші Абылай бұл сөзге онша шамданбайды. Мәжілісті одан әрмен жалғастыра беріпті. - Тағы кім сөйлейді? - дегенде, енді Әлдебек шешен, қамшысын бүктеген күйі алға шығыпты:
- - Уа, Абылай, хан ием,
- Хан соқыр болса,
- Халқы қор болады.
- Қара соқыр болса,
- Акылы мол болады.
- Инабатты кісіден,
- Хан сайласақ,
- Көпке тиіп пайдасы,
- Әділеті зор болар.
- Тәкаппар кежір адамнан,
- Хан сайласақ тақсыр-ау,
- Қаһарын шашып халыққа,
- Айдаһардай сор болады.
- Қарауыл қойсак тырнадан,
- Қиқу бастан кетер ме?
- Түсінбеске айтқан зар,
- Құлағынан өтер ме?
- Қолқалама Қасымды,
- Болмай жатып басынды.
- Сынбасын сағың бекерге,
- Көп сөйлетіп қайтесің,
- Осы айтқаным бекер ме.
Әлдебек шешен осылай дегенде, өзге би, шешен, байлар, батырлар Айтбай мен Әлдебекті қуаттап, Қасымды хандыққа сайламай қояды. Абылайдың орнына сол жолы хан болып, онын үлкен баласы Уәли сайланып кетеді .
Әлдебек бидің соқыр атануының себебі
Әлдебек би Сатайұлының "соқыр атануының негізгі себебі мынада: алдымен Әлдекеңнің көзі қитарлау болған. Көшпенді қазақтың күнкөрісі, әрі байлығының өлшемі мал болғаны аян. Сол малға жұғатын ауыр індетті ветеринария тілінде: "Сибирьская язва" деп екі-ақ сөзбен атаса, қазақша бұл індет төрт түлік малға ғана емес, адамға да жұғып зақымдайтын болғандықтан: адамға жұқса-"күйдіргі", ірі қарада -"қараталақ, тоғалаң" жылқыда -"жамандат", түйеде -"ақшелек, қарабез", қой мен ешкіде "ылаң, ұшпа" деп аталған. Жасында осындай ауыр дертке ұшырап, әупірімдеп әрең жазылған Әлдебек би қисайыңқырап бітсе керек. Сөйтіп, "Турасын айтқан туғанына жақпайды" дегендей, Әлдебек бидің әділ шешіміне разы болмағандар, оның өткір тіліне іліккендер, оны өздерінше мұқатып, "соқыр" атаған.
Әлдебек би туралы тарихи шындықты бұрмалаушылық
Шешендік сөздері көптеген жинақтарға енгізілген Әлдебек бидің есімі бір кітапта: "Қаракерей соқыр Абыздың баласы Әділбек", екіншісінде "Қаракерей соқыр Абыздың немересі Алдабек", үшінші кітапта: "Әлдебек Абызұлы", деп алуан түрлі жазылып жүр. Қазақ тарихында Найманның Қаракерей руынан шыққан ақылгөй қарт соқыр Абыздың болғаны рас. Кезінде Арғынның тобықты руынан шыққан жігіт Кебек пен Найманның Матай руынан шыққан қыз Еңліктің арасындағы сүйіспеншілік пен трагедиялық жағдай тарихта 1740 жылы болғаны анық. "Еңлік-Кебек" поэмасының желісінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің тырнақалды шығармасы "Еңлік-Кебек" пьесасын жазған. Пьесадағы басты бейненің бірі халқымыздың ақылгөй данасы Соқыр Абыз екені аян. Бірақ, бұлардың Әлдебек би Сатайұлына ешқандай қатысы жоқ .
Әлдебек бидің ұрпақтары
Әлдебек би Сатайұлының өз буынынан Шопа, Қаумен, Сасық, Майдан есімді төрт ұлы болған. Ағайынды төртеуден өрбіген ұрпақ баршылық. Бидің тұңғышы Шопаның шөпшегі Сәлмен Зекенұлы Секербаев өзінің атақонысында Аманкелді ауылдық округінің әкімі болды. Майданынан тараған бір ұрпағы Шиябиден Қойшыбаев біз Шияп дейтінбіз. КазМУ-ды бітірген талантты журналист еді. Кезінде Қазақ радиосында қызмет атқарған. Шиябиден Қойшыбаев 1974 жылы 35 жасында кенеттен қайтыс болды. Әлдебек би туралы мәліметтерді қағаз бетіне түсіруші - бидің інісі Үкінің ұрпағы Рәшат Иманұлы. Рәшат орта мектептен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Тауман Амандосов, Әбілпайыз Ыдырысов тағы басқа ұстаздардан тәлім алған. Әлдебек бидің өзінен және бауырларынан тараған тағы басқа да ұрпақтары бүгінде Астана, Көкшетау, Павлодар қалалары мен Уәлиханов ауданы Амангелді ауылында тұрып жатыр.
Әлдебек бидің мүсіні
2004 жылы 4 тамыз Ақмола облыстық сотының сол кездегі төрағасы Ө.С. Қожабаевтың бастауымен және облыстық М.М. Ғибәділовтың көмегімен Әлдебек би Сатайұлының мүсіні Ақмола облыстық сотының ғимаратына орнатылды. Кейін М.М. Ғибәділовтың жетекшілігімен сот ғимаратында мұражай ұйымдастырылып Әлдебек бидің мүсіні сонда орналастырылды. Сонымен қатар Уәлиханов ауданы Кішкенекөлдегі аудандық сот ғимаратына да Әлдебек бидің мүсіні орнатылған.
Дереккөздер
- М.Ғалым Құнды қазына.-Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспасы", 2009, - 511 бет. ISBN 9965-32-294-5
- (Б. Адамбаев, Қазақтың шешендік өнері, 1984* 17—18- беттер)
- (Р. Иманов, Көкшетау әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, әлеуметтік журналы, №2 2013 жыл* 90- бет)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әldebek Satajuly 1720 1800 Abylaj han zamanynda omir sүrgen atakty bi әri sheshen Әldebek SatajulyTugan kүni1720 1720 Tugan zheri buryngy Kokshetau oblysyҚajtys bolgan kүni1800 1800 Қajtys bolgan zheriOmby oblysyҰltykazakҚyzmetibi sheshenӘkesiBalalaryShopa Қaumen Sasyk MajdanӨmirbayanyӘldebek sheshen 1720 zhyly Ertis bojynda tugan Bi 80 zhas gumyr keshken Әldebek bidin ziraty kazirgi Omby oblysyndagy Tavrichanskij audanyna karasty Bajtuyak auylyna zhakyn zherde tur Әldebektin әkesi Sataj Altajuly Ruy Ashamajly Kerejdin on үshinshi buyny Taryshy Ol Tanash bidin Balga Balta Koshebe Taryshy bolyp taralatyn tort ulynyn kenzhesi Taryshy Tanash bidin ekinshi әjeli Әlimadan tugan Taryshynyn da zhәne onyn uly Smajyldyn da esimderi shezhirede bolmasa kopshilikke tanymal emes Onyn esesine Smajyldan tugan uldary Aksary men Kүrsary esimderi ru atyna ajnalyp shezhirege gana emes tarihi ajnalymga da endi Aksarydan әlemge әjgili akyn kompozitor orbise Kүrsarydan on eki myn zhylky bitken Sagynaj uly әnshi tagy baskalary orbidi Kүrsary Әldebektej sheshimdi bol dejdi Segiz seri ozinin batasynda Әldebek sheshennin әkesi Sataj Altajulynyn tort әjelinen alty uly bolgan Әldebek bi Satajdyn bәjbishesinen tugan tungyshy әri bir anadan zhalgyz ekinshi әjelinen Үki Zhandos Bokbasar үshinshi әjelinen Shonaka tortinshi әjelinen Zholbarys Zholbarysty el arasynda kejde Estek dejdi Өjtkeni onyn sheshesi bashkurt kyzy eken Bul zherde Kүrsary kerej Sataj Altajulyn shapyrashty Sataj Tekeulymen kypshak Sataj Kobegenulymen tabyn Sataj Zhaksybajulymen shatastyrmaudy otinemin Әke balaga synshy dejdi goj Sataj Altajuly uldarynyn bala kүninde olarga mynadaj sipattama beripti Әldebekti dualy auyz Үkini bereke Zhandosty үndemes Bokbasardy tobeles Shonakany bitbermes Zholbarysty konakasy depti Sataj Altajuly patshaly Resej armiyasynyn kapitany I G Andreevtin 1789 zhyly basylgan odan son ekinshi ret 1998 zhyly Almatynyn Ғylym baspasynan shykkan Opisanie srednej ordy kirgiz kajsakov atty kitabinin 102 betinde Volost Kulsary kirejskaya v kotoroj starshina Shataj murza i Murzagul murza Podvlastnyh onyh pochitaetsya kibitok 70 Luchshih lyudej krome i zhen do 250 chelovek kocheve svoe imeyut smeshano s prochimi volostyami po reke Irtysh ot stancy Pyatoryzhskogo do kreposti Zhelezinskoj Loshadmi i skotom vesma bogaty dep zhazdy Әldebek bi Satajuly zhastajynan bilikke aralasyp agajynnyn zhogyn zhoktagan birak үnemi әdil bolgan sondyktan eli erekshe kurmettep syjlagan Sataj Altajulynan tugan Әldebek mykty adam bolmapty Әldebek sheshen ajtty degen otkir uytty kesimdi sheshimdi sheshen sozder kezinde hatka tүspegen Onyn el auzynan zhazyp alyngan kejbir nuskalary gana bizge zhetip otyr Әldebek bidin sokyr atanuyna onyn zhasynda bir betine asa katerli dert kүjdirgi shykkandyktan bir kozi tyrtyktau eken Han sajlanbagan Қasymnyn bir yzaly sozinen kejin Әldebek bi Satajulynyn sokyr degen lakat aty kosa atalatyn bolypty Әldebek bidin Қasymdy han sajlanuyna k boluyAbylaj han kartajgan shagynda yagni shamasy 1779 1780 zhyldary bi bolys aksakaldardy ordasyna shakyrtypty Ondagy maksaty ozinin kalmak әjelinen tugan balasy Қasym toreni ornyna han sajlatpak edi Sojtip arnajy үj tiktirip isi kazaktyn igi zhaksylaryn zhinagan korinedi Sonda Әldebek bi shakyrylgandardyn en sonynan keledi Ol esikten kire zhinalgandarga on zhagynan bastap kol berip torge zhetedi Torde Қasym shalkasynan tүsip zhatkan korinedi Әldebek bi kolyn usynganda Қasym basyn kotermesten sausaktaryn sozypty Bi үmitkerdin kolyn kagyp zhiberip katarga otyryp әngimege kirisedi Sonda tәkappar әri әkesi ozi usyngandyktan bolar mejmanasy tasygan Қasym tore Uaj mynau Attyga zhol zhayauga soz bermej otyrgan sokyryn kim ozi degende Әldebek bi bogelmesten Ua menin atym Әldebek Ajtar sozim әlide kop Kelmej zhatyp synadyn Mәnisin ajtshy ne sebep Қarashan zhiylyp han sajlap Toben kokke zhetkendej Men mensinip sojlejsin Sozin tidi au ketpendej Shalkannan zhatyp sojlejsin Kot sүjegin oskendej Tasyma torem tasyma Tasygan zheter basyna Bul әdetti kojmasan Sendej menmen torenin Zhan zhuymas kasyna Zhan zhagyna karashy Han bir adam kara kop Han sajlasam Қasym au Orta zhүzdin ishinde Sendej sendej bala kop Atan Abylaj shakyrdy Han sajla dep Қasymdy Ua sajlamajmyn Қasymdy Han bolyp eldi ustaj ma Osyndaj doly ashuly Kirsiz koktegi aj Minsiz bir kudaj Әken senin sart edi Sheshen kalmak Қuralaj Ekeuinen zharalgan Bojyna las taralgan Inabat zhok uyat zhok Sensin nagyz sүmyraj ҚR ҰҒA ҒK sirek kor Әldebek bidin myna sozine katty ashulangan hanzada sadagyna zharmaskanda kopshilik Қasymdy toktatypty Қasymnyn mundaj oreskeldigine shydamagan Ajtbaj batyr Ua Қasym ne kylasyn sokyrga Sokyr beker sojlep otyr ma Tildi kalaj bumakpyz Osyndaj zhiyn topyrda Nagashyn kalmak bolganda Әken senin sart edi Muny elden zhasyrma Zhasyryp kajda barasyn Basynyp sen kutyrma dejdi Soz otip burynda ashulanyp otyrgan Қasym odan sajyn tүtigip Basyna temir telpek kigen myna tazyn kim ozi dejdi Sonda Ruym Akzhal bolganda Bajkeltirdin balasy Atym Ajtbaj batyrmyn Өz betimmen kelgem zhok Әken Abylaj shakyrdy Han sajla dep Қasymdy Sajlauga kelip zhatyrmyn El korgany batyrga Kelmej zhatyp akyrdyn Қamalyn buzyp kansha ret Zhylkysyn alyp sonsha ret Қalmakka tize batyrdym Bizden kek algyn keldi me Nagashyn kalmak kәpirdin degende Қasym ornynan atyp turyp kylyshyn suyrady Kopshilik tagyda kojdyrady Osy zhәjtten son kop keshikpej ak han Abylaj zhinalgandardy ordasyna kirgizip Қasymdy han sajlau үshin kelgen ru basylarynyn biler men batyrlardyn pikirin bilu үshin olardyn sozin tyndajdy Ua zhurtym ne dejsinder dep kopshilikke soz bergende aldymen Ajtbaj sheshen ortaga shygypty Ua Abylaj han iem Bakytty tugan adamnyn Artykta bolar talaby Sajlamajmyn handykka Қasym degen balandy Han bolganmen ajyrmas Zhaksy menen zhamandy Sheship tore bere almas Adal menen haramdy Sen sүjip katyn kylganmen Argy tegi aramdy Қansha ajtkanmen Handa kyryk kisinin akyly bar demekshi Abylaj bul sozge onsha shamdanbajdy Mәzhilisti odan әrmen zhalgastyra beripti Tagy kim sojlejdi degende endi Әldebek sheshen kamshysyn bүktegen kүji alga shygypty Ua Abylaj han iem Han sokyr bolsa Halky kor bolady Қara sokyr bolsa Akyly mol bolady Inabatty kisiden Han sajlasak Kopke tiip pajdasy Әdileti zor bolar Tәkappar kezhir adamnan Han sajlasak taksyr au Қaһaryn shashyp halykka Ajdaһardaj sor bolady Қarauyl kojsak tyrnadan Қiku bastan keter me Tүsinbeske ajtkan zar Қulagynan oter me Қolkalama Қasymdy Bolmaj zhatyp basyndy Synbasyn sagyn bekerge Kop sojletip kajtesin Osy ajtkanym beker me Әldebek sheshen osylaj degende ozge bi sheshen bajlar batyrlar Ajtbaj men Әldebekti kuattap Қasymdy handykka sajlamaj koyady Abylajdyn ornyna sol zholy han bolyp onyn үlken balasy Uәli sajlanyp ketedi Әldebek bidin sokyr atanuynyn sebebiӘldebek bi Satajulynyn sokyr atanuynyn negizgi sebebi mynada aldymen Әldekennin kozi kitarlau bolgan Koshpendi kazaktyn kүnkorisi әri bajlygynyn olshemi mal bolgany ayan Sol malga zhugatyn auyr indetti veterinariya tilinde Sibirskaya yazva dep eki ak sozben atasa kazaksha bul indet tort tүlik malga gana emes adamga da zhugyp zakymdajtyn bolgandyktan adamga zhuksa kүjdirgi iri karada karatalak togalan zhylkyda zhamandat tүjede akshelek karabez koj men eshkide ylan ushpa dep atalgan Zhasynda osyndaj auyr dertke ushyrap әupirimdep әren zhazylgan Әldebek bi kisajynkyrap bitse kerek Sojtip Turasyn ajtkan tuganyna zhakpajdy degendej Әldebek bidin әdil sheshimine razy bolmagandar onyn otkir tiline ilikkender ony ozderinshe mukatyp sokyr atagan Әldebek bi turaly tarihi shyndykty burmalaushylykSheshendik sozderi koptegen zhinaktarga engizilgen Әldebek bidin esimi bir kitapta Қarakerej sokyr Abyzdyn balasy Әdilbek ekinshisinde Қarakerej sokyr Abyzdyn nemeresi Aldabek үshinshi kitapta Әldebek Abyzuly dep aluan tүrli zhazylyp zhүr Қazak tarihynda Najmannyn Қarakerej ruynan shykkan akylgoj kart sokyr Abyzdyn bolgany ras Kezinde Argynnyn tobykty ruynan shykkan zhigit Kebek pen Najmannyn Mataj ruynan shykkan kyz Enliktin arasyndagy sүjispenshilik pen tragediyalyk zhagdaj tarihta 1740 zhyly bolgany anyk Enlik Kebek poemasynyn zhelisinde kazaktyn uly zhazushysy Muhtar Әuezov ozinin tyrnakaldy shygarmasy Enlik Kebek pesasyn zhazgan Pesadagy basty bejnenin biri halkymyzdyn akylgoj danasy Sokyr Abyz ekeni ayan Birak bulardyn Әldebek bi Satajulyna eshkandaj katysy zhok Әldebek bidin urpaktaryӘldebek bi Satajulynyn oz buynynan Shopa Қaumen Sasyk Majdan esimdi tort uly bolgan Agajyndy torteuden orbigen urpak barshylyk Bidin tungyshy Shopanyn shopshegi Sәlmen Zekenuly Sekerbaev ozinin atakonysynda Amankeldi auyldyk okruginin әkimi boldy Majdanynan taragan bir urpagy Shiyabiden Қojshybaev biz Shiyap dejtinbiz KazMU dy bitirgen talantty zhurnalist edi Kezinde Қazak radiosynda kyzmet atkargan Shiyabiden Қojshybaev 1974 zhyly 35 zhasynda kenetten kajtys boldy Әldebek bi turaly mәlimetterdi kagaz betine tүsirushi bidin inisi Үkinin urpagy Rәshat Imanuly Rәshat orta mektepten kejin S M Kirov atyndagy Қazak memlekettik universitetinin zhurnalistika fakultetin bitirgen Tauman Amandosov Әbilpajyz Ydyrysov tagy baska ustazdardan tәlim algan Әldebek bidin ozinen zhәne bauyrlarynan taragan tagy baska da urpaktary bүginde Astana Kokshetau Pavlodar kalalary men Uәlihanov audany Amangeldi auylynda turyp zhatyr Әldebek bidin mүsini2004 zhyly 4 tamyz Akmola oblystyk sotynyn sol kezdegi toragasy Ө S Қozhabaevtyn bastauymen zhәne oblystyk M M Ғibәdilovtyn komegimen Әldebek bi Satajulynyn mүsini Akmola oblystyk sotynyn gimaratyna ornatyldy Kejin M M Ғibәdilovtyn zhetekshiligimen sot gimaratynda murazhaj ujymdastyrylyp Әldebek bidin mүsini sonda ornalastyryldy Sonymen katar Uәlihanov audany Kishkenekoldegi audandyk sot gimaratyna da Әldebek bidin mүsini ornatylgan DerekkozderM Ғalym Қundy kazyna Kokshetau Sh Uәlihanov atyndagy Kokshetau memlekettik universitetinin baspasy 2009 511 bet ISBN 9965 32 294 5 B Adambaev Қazaktyn sheshendik oneri 1984 17 18 better R Imanov Kokshetau әdebi korkem kogamdyk sayasi әleumettik zhurnaly 2 2013 zhyl 90 bet