Ұлбике Жанкелдіқызы (1825 жыл, Сырдария ауданы , Қызылорда облысы - 1849 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал) - қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару.
Ұлбике Жанкелдіқызы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1825 Сырдария ауданы , Қызылорда облысы |
Қайтыс болғаны: | 1849 Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал |
Мансабы: | ақын |
Шығармашылығы
Ұлбикенің бойындағы туа біткен ақындық дарынының ертерек ұшталуына әкесі Жанкелді мен анасы Жаңылдықтың ықпалы айрықша болған. Бұл жөнінде Ұлбикенің өзі былай дейді:
Әке сөзін жасымнан жаттап алғам,
Тал бойыма жинақтап хаттап алғам.
Жеке шығып бәйгеден тұлпардай боп,
Өлеңімді әнімен баптап алғам.
Моншағымның әр тасы бір өлең-ді,
Бесігінде үйренгем мен өлеңді.
Балапандай кезінде қайран шешем,
Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді.
Ұлбике 12—13 жасының өзінде-ақ айтар ойын ұрымтал өлеңмен жеткізіп, ұтқыр сөздері төңірегін тәнті етіп, атақ-даңқы ауыл арасынан әріге жайыла бастайды. Әке шаңырағында бұла болып өскен қыз өз ортасындағы оқу-білімді игерген, көзі қазақты жан болғанға ұқсайды. Өзінің өлеңінде былай деуіне қарағанда, бойындағы ақындық дарынды жазба мұралар арқылы да ұштаған болу керек:
Әп тиектің ішінде «Пе» болады,
Қос ноқат қойса үстіне «Те» болады.
Айтылған сөз
Ұлбике оң солын танып, бой жете бастаған кезде Ошақтының Есмырза деген дуалы ауыз биі әулетін бастап, Әулиеата маңына көшіп келеді. Сол кезден бастап Ұлбикенің ақындығы айрықша қарқын алып, жұрт мойындаған көшелі ақындармен айтыстың додасына түсе бастайды. Күдеріқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, , , Жанкент ақын сияқты, сол кездің сөз ұстағандардың талайы Ұлбикемен айтыста тауы шағылып шығады. Ұлбикенің ақындық тегеурініне, тапқырлық-шалымына жан баласы шыдамайды. Бұл жөнінде сөз асылын терген әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев былай дейді:
Бұрынғылар домбыра ұстап, айтатұғын «Қайым білесің бе?» деуші еді. «Қайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен. Сонда «Қайым» өлеңінің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі — мақал, тақпақ… Күдері қожа албырт бозбала күнінде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерінің әкесі (Еркөшек қожада ақын екен, жырлап сөйлейді екен): «Бала, Ұлбикемен айысамын десең Бұхарға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе онымен сен айтысуға жарамайсың» — деген екен.
Көпеевтің бұл дерегіне Ұлбикенің алдына қара түсірмес дүлдүл ақын екені аңғарылып қана қоймай, сонымен бірге қазақтың сөз өнерінде ақындық айтыстың негізін салушы, орнықтырушы ақын ретінде дараланады.
Майлы қожа
Ұлбике — ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік — парасаты өрелі ақын. Бірде ақын Ұлбикеге әзілдеп: «Түсімде алтын зеренге қымыз құйып отыр екенсің» — депті. Сонда Ұлбике іркілместен былай деген екен:
Басыма салып жүрмін желегімді,
Үш-төрт жыл біле алмадым дерегіңді.
Мүттәні теріс оқыған зәлім қожа,
Тауып бер көнегім мен зереңімді.
Зерттеулер
Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгілерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Солмол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М-Ж. Көпеев, Ә. Диваев, В.В. Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», — деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Санкт-Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген.
Ұлбикенің ғұмыры қызғалдақтай келте болған. Тәңірі шебер оны ақындық өнерпаздығына қоса, хор қызындай көрікті етіп жаратқан. Оны ақындар «аққудың жүнді үрі», «тілі шешен, жүзі көркем» деп өлеңге қосқан. Алайда «бір кім дүние» деген емес пе, Ұлбикенің күйеуі Байтан өнердің парқын білмейтін ұр да жық, қызғаншақ адам болып кездескен. Ұлбике нағыз кемеліне келіп, ақын ретінде төңірегін тәнті ете бастаған шағында тентек күйеуінің қолынан мерт болған.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұlbike Zhankeldikyzy 1825 zhyl Syrdariya audany Қyzylorda oblysy 1849 zhyl Zhambyl oblysy Talas audany Үsharal kazaktyn әjgili akyn kyzy majtalman ajtysker zheztandaj әnshi dәulesker dombyrashy Tal bojyna aluan tүrli oner darygan aru Ұlbike ZhankeldikyzyDүniege kelgeni 1825 Syrdariya audany Қyzylorda oblysyҚajtys bolgany 1849 Zhambyl oblysy Talas audany ҮsharalMansaby akyn Shykkan tegi Ұly zhүz ishindegi Oshakty ruy Taszhүrek ShygarmashylygyҰlbikenin bojyndagy tua bitken akyndyk darynynyn erterek ushtaluyna әkesi Zhankeldi men anasy Zhanyldyktyn ykpaly ajryksha bolgan Bul zhoninde Ұlbikenin ozi bylaj dejdi Әke sozin zhasymnan zhattap algam Tal bojyma zhinaktap hattap algam Zheke shygyp bәjgeden tulpardaj bop Өlenimdi әnimen baptap algam Monshagymnyn әr tasy bir olen di Besiginde үjrengem men olendi Balapandaj kezinde kajran sheshem Tal bojyma darytkan kүlli olendi Ұlbike 12 13 zhasynyn ozinde ak ajtar ojyn urymtal olenmen zhetkizip utkyr sozderi toniregin tәnti etip atak danky auyl arasynan әrige zhajyla bastajdy Әke shanyragynda bula bolyp osken kyz oz ortasyndagy oku bilimdi igergen kozi kazakty zhan bolganga uksajdy Өzinin oleninde bylaj deuine karaganda bojyndagy akyndyk daryndy zhazba muralar arkyly da ushtagan bolu kerek Әp tiektin ishinde Pe bolady Қos nokat kojsa үstine Te bolady Ajtylgan sozҰlbike on solyn tanyp boj zhete bastagan kezde Oshaktynyn Esmyrza degen dualy auyz bii әuletin bastap Әulieata manyna koship keledi Sol kezden bastap Ұlbikenin akyndygy ajryksha karkyn alyp zhurt mojyndagan kosheli akyndarmen ajtystyn dodasyna tүse bastajdy Kүderikozha Majlykozha Mәdelikozha Zhankent akyn siyakty sol kezdin soz ustagandardyn talajy Ұlbikemen ajtysta tauy shagylyp shygady Ұlbikenin akyndyk tegeurinine tapkyrlyk shalymyna zhan balasy shydamajdy Bul zhoninde soz asylyn tergen әjgili Mәshһүr Zhүsip Kopeev bylaj dejdi Buryngylar dombyra ustap ajtatugyn Қajym bilesin be deushi edi Қajym dep eki akynnyn ajtyskanyn ajtady eken Sonda Қajym oleninin basyn Kүderi kozha men Ұlbike ajtyskan Bul ekeuinen buryn kajym olen de zhok ajtys ta zhok Buryngylardiki makal takpak Kүderi kozha albyrt bozbala kүninde Ұlbikemen ajtysamyn degende Kүderinin әkesi Erkoshek kozhada akyn eken zhyrlap sojlejdi eken Bala Ұlbikemen ajysamyn desen Buharga baryp үsh zhyl okyp kel Әjtpese onymen sen ajtysuga zharamajsyn degen eken Kopeevtin bul deregine Ұlbikenin aldyna kara tүsirmes dүldүl akyn ekeni angarylyp kana kojmaj sonymen birge kazaktyn soz onerinde akyndyk ajtystyn negizin salushy ornyktyrushy akyn retinde daralanady Majly kozhaҰlbike ojy ushkyr oleni sulu kisilik parasaty oreli akyn Birde akyn Ұlbikege әzildep Tүsimde altyn zerenge kymyz kujyp otyr ekensin depti Sonda Ұlbike irkilmesten bylaj degen eken Basyma salyp zhүrmin zhelegimdi Үsh tort zhyl bile almadym deregindi Mүttәni teris okygan zәlim kozha Tauyp ber konegim men zerenimdi ZertteulerҰlbike bul siyakty utkyr uәzhderdin nebir tamasha үlgilerin zhүrgen zherlerinde marzhandaj shashyp otyrgan Solmol muradan bүgingi urpakka zhetkeni myn shumaktaj olen Bul zhiyrmaga tarta ajtystary men sanauly gana konil kүj tolgaulary Ұlbikenin asyl murasyn zhinauga M Zh Kopeev Ә Divaev V V Radlov siyakty әjgili folklor zhinaushylar ajryksha yzhdaһatpen den kojgan Budan 120 zhyldaj buryn zhandy betine karatpagan akyn bolyp kazaktan Ұlbike degen kyz shygypty dep zhazady Ә Divaev Ұlbikenin shygarmalaryn V V Radlov Sankt Peterburg kalasynda bastyryp kejin orys zhәne nemis tilderine audaryp zhariyalady M Әuezov S Mukanov M Zholdasbekov katarly bilikti galymdar Ұlbikenin akyndygyna zhogary baga bergen Ұlbikenin gumyry kyzgaldaktaj kelte bolgan Tәniri sheber ony akyndyk onerpazdygyna kosa hor kyzyndaj korikti etip zharatkan Ony akyndar akkudyn zhүndi үri tili sheshen zhүzi korkem dep olenge koskan Alajda bir kim dүnie degen emes pe Ұlbikenin kүjeui Bajtan onerdin parkyn bilmejtin ur da zhyk kyzganshak adam bolyp kezdesken Ұlbike nagyz kemeline kelip akyn retinde toniregin tәnti ete bastagan shagynda tentek kүjeuinin kolynan mert bolgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz