Қойкелді Сартұлы (1702–1795) — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы, Шымыр руынан.
Қойкелді Сартұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Ұлты | Қазақ |
Қызметі |
1730 жылы Аңырақай шайқасына, 1734 жылы жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740–1750 жылы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756–1757 жылы Оңтүстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен.
Жастық шағы
Әкесі Қойкелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде атануы да содан. Бірақ жаугершілік заман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойкелдіні еріксіз əзіреттің сәлдесін тастап, дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді.
Төле бимен байланысы
Қойкелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: "Сол күндерде əзірет, Сарттың Ұлы Қойкелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді" - дейді. Сондай-ақ "Төле би келмей жүріс жоқ, Қойкелді келмей ұрыс жоқ" деген ел аузында сақталып, мақалға айналған ескі сөз де сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел тағдырын шешуде қандай орын алғанын айғақтап тұрғандай.
Қойкелді әуелде батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Кейін сардар болып, кол басқарғанда да ол әскери соғыс төсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай шайқасына Қойкелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Осы соғыста Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойкелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады. Қойкелді қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді.
Кешегі Кеңес дәуірінде Қойкелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы "халық жауы" аталып, атылып, айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойкелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншыларына жасырын қару-жарақ тиеп алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756–1758 жылдардагы атамекенді жоңғарлардан тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің қолында "сөйлеп", жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқаны белгілі. Қойкелді батыр 93 жасқа келіп, туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған. Денесі сол кездің дәстүрі бойынша Түркістанға жерленген.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қojkeldi Sartuly 1702 1795 zhongar baskynshylaryna karsy azattyk kүrestin kornekti okili kolbasshy Shykkan tegi Ұly zhүzdin Dulat tajpasy Shymyr ruynan Қojkeldi SartulyTugan kүni1702 1702 Қajtys bolgan kүni1795 1795 ҰltyҚazakҚyzmetiBatyr 1730 zhyly Anyrakaj shajkasyna 1734 zhyly zhongarlardyn ekinshi shabuylyna karsy kүreste ont kazaktarynyn әskerbasy bolgan 1740 1750 zhyly zhongar kalmaktarymen bolgan shajkastarda 1756 1757 zhyly Ontүstik Қazakstandy kalmaktardan azat etude erlik tapkyrlyk korsetken Zhastyk shagyӘkesi Қojkeldini zheti zhasynda Buhara medresesine okuga beredi Ol sonda on zhyl bilim alyp elge dini sauaty mol bilikti azamat bolyp oralady Onyn el ishinde atanuy da sodan Birak zhaugershilik zaman el basyna tүsken auyr zhagdaj Қojkeldini eriksiz ezirettin sәldesin tastap dulyga shapanyn tastap sauyt kiyuge tәspiygyn tastap najza ustauga mәzhbүr etedi Tole bimen bajlanysyҚojkeldinin bүkil omiri tagdyry Ұly zhүz elinin basshysy kazaktyn atakty bii Tole bimen azhyrata almastaj tygyz bajlanysta otedi Ұly bidin senimdi serigi zhauga zhumsar batyry bolgan Bul rette Tolenin omirin zhazgan Қazangap Sol kүnderde eziret Sarttyn Ұly Қojkeldi Toleden kejin bastagan Ұly zhүzdi sol edi dejdi Sondaj ak Tole bi kelmej zhүris zhok Қojkeldi kelmej urys zhok degen el auzynda saktalyp makalga ajnalgan eski soz de sol bir alasapyran kezende ajtuly eki tarihi tulganyn el tagdyryn sheshude kandaj oryn alganyn ajgaktap turgandaj Қojkeldi әuelde batyrlygymen aty shygady Tүrli shajkasta zhekpe zhek shykkanda zhenilis kormej zhongardyn togyz batyryn oltirip kazak kolyn zheniske ruhtandyrgan erligi el auzynda anyzga ajnalgan Kejin sardar bolyp kol baskarganda da ol әskeri sogys tosilin zhetik mengergen basshy retinde sarbazdaryn zhenisten zheniske umtyldyryp үlken kolbasylyk kabiletin tanytady Atakty Anyrakaj shajkasyna Қojkeldimen birge onyn eki inisi Қozhyk pen Aksha zhәne balasy Қarabatyr da katysady Osy sogysta Aksha birneshe ret zhekpe zhekke shygyp zhaudyn birneshe batyryn oltirse Қozhyk Ұly zhүz kolynyn tu ustaushysy bolady Balasy 13 zhasar Қarabatyr kaptama sogysta auyr zharalanyp attan tүsip kalgan agasy Aksha batyrdy kashan әkesi Қojkeldi kelip alyp shykkansha zhauga bermej korgap turady Қojkeldi kolbasy retinde Zhetisu zheri zhaudan azat etilgenshe zhүrgizilgen sogystardyn bәrine katysady Kejin eldi zhaudan tazartylgan zherge ornalastyruda da үlken enbek siniredi Keshegi Kenes dәuirinde Қojkeldini orys keruenin tonaushy karakshy retinde korsetip keldi Sonyn salkyny onyn kejingi urpagyna da tiip 1937 zhyly olardyn birazy halyk zhauy atalyp atylyp ajdalyp ketedi Shyndygyna kelgende Қojkeldinin keruen tonagany da kejin Tole bi men batyrdyn aralasuymen orys patshasynyn okili Karl Millerge keruen shygynyna mal berip tolegeni de ras Birak ol ne kylgan keruen edi Mәsele osynda Ol orys patshasynyn kazak zheri arkyly zhongar baskynshylaryna zhasyryn karu zharak tiep alyp bara zhatkan kerueni edi Kejin 1756 1758 zhyldardagy atamekendi zhongarlardan tazartu zholyndagy aktyk ajkastarda osy orys myltyktary kazak zhauyngerlerinin kolynda sojlep zhenis tuynyn zhelbireuine үles koskany belgili Қojkeldi batyr 93 zhaska kelip tugan zherinde oz azhalynan kajtys bolgan Denesi sol kezdin dәstүri bojynsha Tүrkistanga zherlengen DerekkozderҚazak Enciklopediyasy Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz