Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Абиогендік фактор
Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді () пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.
Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады.
Климат
Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.
Жер бедері
Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады.
Антропогендік фактор
Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.
Топырақ жамылғысын механикалық құнарлылығына қарай ажырату
Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Топырақ жамылғысының түрлері
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Қара қоңыр топырақты зона
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау(қолжетпейтін сілтеме) алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Жазық алқап топырағы
Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi:
- Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га;
- Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-ды жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.
- Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га.
- Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биік таулы аймақтың топырағы
Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар:
- Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.
- Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
- Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.
- Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.
Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын қорғау
Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп-оңай. Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26%-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.
Жел эрозиясы
Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы; екіншіден, күшті желдің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы. Сондықтан мұндай әсерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерген кезде эрозияға бейім жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955-1958 ж.) күңгірт қара қоңыр, қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының көп жері осындай жағдайға ұшырады.
Су эрозиясы
Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып, солтүстік, оңтүстік аймақтардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шараларын ұсынды.
1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.;
2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу;
3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы",5 том
- Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Topyrak Topyrak kurylymy Қazakstannyn topyrak zhamylgysyTopyrak tabigat komponentterinin biri Zherdin geologiyalyk tarihynda aldymen pajda bolgan topyrak Paleogeografiyalyk zertteulerdin derekteri bojynsha algashky zhuka topyrak kabaty 500 mln zhyl buryn kembrij dәuirinde pajda bolypty Bul kezde әli osimdik zhamylgysy kalyptaspagan Topyrak zhamylgysyn zerttejtin topyraktanu gylymy zhas gylym Onyn negizin salgan XIX gasyrdyn 80 zhyldary orys galymy V V Dokuchaev topyraktyn tabigi zhәne tarihi dene ekenin anyktady Topyrak zhamylgysyn kurajtyn faktorlar Topyraktyn pajda boluynyn damuynyn ozinshe zandylyktary bar Topyrak su aua zhylu osimdik zhәne tiri agzalardyn әserinen tau zhynystarynyn үgilui nәtizhesinde zher kyrtysynyn betki kabatynda pajda bolgan erekshe tabigi kurylym Mine osy faktorlardyn kop zhyldyk үzdiksiz әserinin nәtizhesinde kunarly topyrak kabaty pajda bolady Abiogendik faktor Tabigatta topyrak zhamylgysynyn tүzilui ote uzakka sozylatyn kubylys Ұzak geologiyalyk merzimde taular үgitilip mүzhilip shyndar alasarady Қum men sazdar suga shajylyp zheldin kүshimen auaga ushady shandanady Bul procester gasyrlar bojy zhalgasady Zhanbyr zhel katty bolsa zher beti ozgerip turady Topyraktyn en negizgi kasieti tabigi kunarlylygy yagni kuramynda osimdiktin tez әri zhaksy osuine zhagdaj zhasajtyn korektik zattardyn mol boluy Sojtip analyk tau zhynystarynan kejin topyrak tүzushi zhetekshi faktor agzalardyn tirshilik әreketi Olar tasty buzatyn kyshkyldar shygarady Қyshkyldar tau zhynystaryn erituinen odan shirindi pajda bolgan Shirindi үgilgen majda zhynystarmen aralasyp kirikken Osylajsha topyrak kalyptasa bastagan Zhanuarlar dүniesi Zhanuarlar dүniesi ozderinin tirshilik әreketinin nәtizhesinde topyrakty bajytady olgenderi shirindi molsherin kobejte tүsedi Shubalshyndar topyrak pen organikalyk kaldyktardy askazan shyrynymen shylap ozgertip ondep shygarady Klimat Topyrak zhamylgysyn tүzude klimattyn da zor manyzy bar Bul proceske katysatyn osimdikterdin zhanuarlardyn zhәne mikroagzalardyn tirshiligi klimatka bajlanysty Ayazdy kezende topyraktyn tүzilui toktajdy al kuanshylyk kezende bayaulajdy Klimat tabigattyn baska komponentteri siyakty topyraktyn endik zonalyk biiktik beldeulilik zandylyktary bojynsha taraluyna әserin tigizedi Zher bederi Zher bederinin topyrak tүzudegi roli zhergilikti zherdin zher bederine bajlanysty Olardyn analyk zhynystarda әr tүrli ylgaldyn topyrakka sinui de әr tүrli Soltүstik betkejden ontүstik betkejge tүsetin zhylu men ylgal da әr tүrli bolady Antropogendik faktor Adam balasynyn topyraktyn tүziluine tigizetin әseri әr tүrli Bir zhagynan topyrakty tynajtkyshtar pajdalanyp kunarlylygyn arttyrsa zherdi suaryp batpaktardy kurgatyp zhatsa ekinshi zhagynan tynajtylgan zherlerdi үsti үstine pajdalanyp zhel eroziyasyna ushyratuda Adamdardyn kyzmet әreketi әrdajym topyraktyn kunarlylygyn arttyra bermejdi Topyrak zhamylgysyn mehanikalyk kunarlylygyna karaj azhyratu Topyraktyn mehanikalyk kuramy irili zhәne usak mineral bolshekterinin zhiyntygy Topyraktyn mehanikalyk kuramy әr tүrli bolady Ony anyktau kiyn emes Topyrakty dymkyldap alyp ilegende kuramynda saz ben shirindi bar topyraktar birikkish keledi Al kuramy kumdy kumdauytty sazdauyt bolsa onda topyraktyn birigui nashar bolady Topyraktyn kasietine karaj onyn kurylymy da әr tүrli bolady Shirindi osimdiktin korektenui үshin gana kerek emes Ol topyrak kurylymynyn tүziluine belsendi tүrde katysady Topyraktyn kunarlylygy onyn kurylymyna bajlanysty Shirindi men kalcijge baj kara topyrak kurylymy en zhaksy topyrak bolyp sanalady Topyrak tүjirshikterinin kolemi 10 mm ge dejin bolsa keuek topyrakka aua su onaj otip osimdikterdin osuine kolajly zhagdaj tuady Қurylymy kesek topyraktardy kurylymdy topyrak dep atajdy Қurylymdy topyrak kunarly keledi Tүjirshikteri usak topyrakty kurylymy zhok topyrak dep atajdy Ol onsha kunarly bolmajdy Topyrak kurylymy nashar zherlerde kar suy sinbej saj salaga agyp ketedi Қurylymdy topyraktar tynys alady Kүndiz topyrak kyzady auanyn kolemi ulgajyp tyska shygady tүnde kerisinshe aua topyrakka otedi Қazakstandagy topyrak zhamylgysynyn tipteriҚazakstanda ozge elderde kezdesetin topyrak tүrlerinin tүgeldej derligi taragan Munda tajga tundra topyragyna dejin bar tek ylgaldy beldemine tәn topyrak kana zhok Topyrak zhamylgysynyn tүrleri Қazakstannyn topyrak zhamylgysy kүrdeli zhәne әr tүrli Topyrak zhamylgysynyn zonalar bojynsha taralgany ajkyn bajkalady Қazakstannyn zhazyk boligi aumagynyn 86 yn alyp zhatyr Negizinen үsh topyrak zonalaryna bolinedi kara topyrakty zona 52 s e soltүstiginde kara konyr topyrakty zona 52 48 s e aralygynda konyr sur konyr topyrakty zona 48 s e ontүstiginde Қara topyrakty zona Қara topyrakty zona respublikanyn soltүstiginde taragan Bul zona Soltүstik Қazakstan oblysyn tүgelimen Қostanaj oblysynyn kop zherin Akmola Pavlodar Aktobe Batys Қazakstan oblystarynyn soltүstik bolikterin kamtidy Respublika aumagynyn 25 5 mln gektar zherin 9 5 yn alyp zhatyr Қara topyrakty zona үsh zona aralygyna bolinedi siltisizdengen kara topyrak ormandy dala tabigat zonasynyn ontүstiginde az gana boligin alyp zhatyr kәdimgi kara topyrak zhәne ontүstiktegi kuan dalanyn kara topyragy dala zonasyna tәn Қunarlylygy zhagynan aldyngy eki onirdin topyrak kuramynda gumusy kara shirindisi mol 6 8 kara topyrak oryn alsa ontүstiginde kara topyraktyn kara shirindisi azdau 4 6 keledi Қara topyrakty zona ylgalmen kamtamasyz etilgen zhazyk dalada taragan respublikanyn negizgi astyk ondiretin alkaby sanalady Қara konyr topyrak zonasy Қara konyr topyrak zonasy kara topyraktyn ontүstiginde ornalaskan Bul Ortalyk Қazakstannyn kop zherin Kaspij many ojpatynyn soltүstigin Shygys Қazakstan oblysynyn zhazyktaryn alyp zhatyr Bul respublikanyn ontүstik dala tym kurgak dalaly zhәne sholejtti alkaptaryn 90 6 mln gektar nemese respublika zherinin 34 yn alyp zhatkan zona Қara konyr topyrak zonasy da үsh zona aralygyna bolinedi kuan dalanyn kүngirt kara konyr topyrakty oniri kuan dalanyn zhaj kara konyr topyrakty oniri sholejt zherdin ashyk kara konyr topyrakty oniri Topyraktyn kunarlylygy ontүstikke bargan sajyn kemi tүsedi Kүngirt kara konyr topyrak pen kәdimgi kyzyl konyr topyraktyn gumusy kara shirindisi 4 5 3 0 al sholejt ashyk kyzyl topyragynyn gumusy azyrak 3 0 2 0 Bul topyrak zonasynyn soltүstiginde astyk ondiru men mal sharuashylygymen ajnalysady Өjtkeni munda ylgal az tүsedi Қara konyr topyrakty zona Қara konyr topyrakty zonanyn ontүstiginde sholdi ajmak topyraktary alyp zhatyr Munda negizinen konyr zhәne sur konyr topyrak zhamylgysy basym keledi Topyraktyn Bul tipi 120 mln gektar zherdi respublika zherinin 44 yn alyp zhatyr Қazakstannyn ontүstik boligin tүgel kamtygan Bul topyraktyn gumusy az 2 0 1 0 sondyktan onda negizinen mal sharuashylygymen ajnalysady Bul onirde suarmaly egis kana tiimdi Soltүstik Қazakstandagy Batys Sibir ojpatynan ontүstiktegi Alatau onirlerine dejingi aralyk 1500 1600 km Batystagy Atyrau kolzhetpejtin silteme alkabynan Altaj taularyna dejingi 3000 km ge zhuyk onirlerdi әr tүrli topyraktar zhamylgysy baskan Bul topyrak zhamylgysynyn әr ajmaktarda tүzilip ornalasuy geografiyalyk beldemdilik zanyna bajlanysty Mysaly Қazakstannyn 86 zherin alyp zhatkan zhazyk alkaptarynda klimattyn topyraktyn soltүstikten ontүstikke karaj ozgerui koldenen beldemdik zanyna sәjkes ozgerse Қazakstannyn 14 zherin alyp zhatkan ontүstik ontүstik shygys tauly alkaptarynda tik beldemdik biiktik beldeulik zanyna sәjkes bolady Zhazyk alkap topyragy Audany 235 mln ga Қazakstannyn zhazyk ajmaktarynda soltүstikten ontүstikke karaj mynadaj topyrak beldemderi kezdesedi Respublikanyn kiyr soltүstigin ormandy dala beldemi alyp zhatyr Negizinen bul zherler ojpatynda ornalaskandyktan zher beti zhazyk ojpatty sondyktan ormannyn shajylgan sur topyragy men shajylgan siltisizdengen kara topyragy tәn Bul ajmaktyn topyraktary kunarly negizinen zhazdyk bidaj egiledi Қalgan zherlerin orman shabyndyk pen zhajylymdar alyp zhatyr Audany 400 myn ga Osy beldemnen ontүstikke karaj dalanyn kara topyrakty beldemi Zhalpy Syrttan Ertis oniri zhazyktygyna dejin 2000 km ge sozylgan zhalgasyp zhatyr Aumagy 25 7 mln ga onyn 15 mln ga dy zhyrtylgan zherler negizinen astyk dakyldary egiledi Қara topyrakty beldem soltүstikten ontүstikke karaj 2 beldem aralygyna bolinedi kәdimgi kara topyrakty beldem aralygy ojpatynyn ontүstigin Saryarka onirinin zhәne Zhajyk biik shygys zhazygynyn soltүstik bolikterin kamtyp eni 100 140 km dej batystan shygyska sozylyp zhatyr Aumagy 11 8 mln ga Zher beti zhazyk topyragy kunarly negizinen astyk dakyldary egilip etti sүtti mal osiriledi ontүstiktik kara topyrakty beldem aralygy kәdimgi kara topyrakty beldem aralygynyn ontүstigin bojlap batystan shygyska sozylyp zhatyr eni 50 125 km dej aumagy 13 9 mln ga Zher beti zhazyk topyragy kunarly Bul negizinen ylgaly zhetkilikti dәndi dakyldar eguge kolajly zherler Қurgakshylyk әrbir 7 9 zhylda bir eki ret kajtalanady Respublikanyn ontүstik boligindegi sholdi beldemge dejingi ortalyk ajmakty kurgak dalaly zhәne sholdi dalaly kara konyr topyrakty beldem alyp zhatyr Aumagy 90 5 mln ga yagni respublika zherinin 33 2 y Munda soltүstikten ontүsttikke karaj 3 beldem aralygyna bolinedi kүngirt kara konyr topyrakty beldem aralygy konyrzhaj kuan dala munda zhyl sajyn eginnen turakty onim alynbajdy Topyraktagy kara shirik molsheri 3 4 daj Aumagy 27 7 mln ga Topyrak kunary zhap zhaksy bolganymen kurgakshylyk әrbir 3 4 zhylda bir kajtalanyp bolyp turady Songy 10 zhylda bul beldem aralygyndagy zhyrtylgan zher kolemi olardy pajdalanudyn tiimsizdiginen buryngy 10 mln ga dan 3 4 mln ga ga azajtylgan zhaj kara konyr topyrak oryn algan alkaptyn aumagy 24 4 mln ga Topyraktyn betki kabatyndagy karashirik molsh 2 3 Қurgakshylyk kejde zhyl sajyn kejde 2 zhylda bir ret kajtalanady sondyktan suarylmajtyn eginshilikpen ajnalysu tiimsiz al suaru үshin turakty su kozderi zhok Tyn igeru kezindegi asyra silteushilikpen bul beldem aralygynda astyk үshin igerilgen 4 5 mln ga zherge songy 10 12 zhylda egis egilmejtin boldy tek az gana malazyktyk zhem shop egiletin zherler kaldyryldy Munda songy zhyldary tek mal osiriledi ashyk kara konyr topyrakty beldem aralygy ote kuan shol sholejt dala negizinen mal sharushylygyna zharamdy Aumagy 38 4 mln ga Shol dala beldeminin aumagy 119 4 mln ga nemese respublika aumagynyn 44 y Munda 2 beldem aralygy bar Қonyr topyrakty beldem aralygy sholdi ajmak onyn zhusany mol zhajylymy zhutan zherler Aumagy 57 4 mln ga Zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 120 150 mm Topyraktyn betki kabatyndagy karashirik molsheri 1 1 5 Sur konyr topyrakty beldem aralygy sholdi ajmak zhusan men efemerli osimdikter basym Aumagy 61 8 mln ga Zhylyna tүsetin zhauyn shashyn molsheri 80 130 mm Topyrakta karashirik molsheri 1 daj Alkapta kumdy takyr sor zherler zhii kezdesedi Bul zherlerde mal sharuashylygy damygan eginshilik suarmaly zherlerde gana shogyrlangan Biik tauly ajmaktyn topyragy Biik tauly ajmaktyn topyragy respublikanyn ontүstik shygysyn alyp zhatyr Aumagy 37 mln ga respublika zherinin 14 yn kurajdy Қazakstanda topyragy men klimaty zhagynan erekshelenetin 4 biiktik beldeu bar Tau etegindegi sholdi dalaly beldeu teniz dengejinen 450 750 m kejbir ajmaktarda 300 1000 m biiktikte ornalaskan Tyan Shan tau etekterinde negizinen sur Batys Tyan Shan tau eteginde sur konyr men Altaj taulary etekterinde ashyk kara konyr topyrak taralgan Bul zherlerde suarmaly zhәne tәlimi eginshilik zhәne mal sharuashylygy damygan Alasa tauly dala beldeui әr tүrli tauly ajmakta 600 2200 m biiktikte ornalaskan alkap Altaj men Soltүstik Tyan Shanda taudyn kүngirt kara konyr zhәne kara topyragy taralgan Al Batys Tyan Shanda Ontүstik Қazakstanda sur konyr zhәne taudyn konyr topyragy basym Қarashirik molsheri 10 15 daj Zhajylymy shүjgin agashy kalyn alkap mal sharuashylygy zhaksy damygan Ortasha tauly ormandy dalaly zhәne shalgyndy ormandy beldeuleri әr tүrli tauly ajmaktardy 1000 2500 m ge dejingi dengejdi kamtidy Negizinen taudyn shajylgan siltisiz kara topyraktary men ormannyn sur topyraktary zhәne tauly shalgyndy topyrak taragan Batys Tyan Shanda taudyn konyr Altajda kүlgin topyraktar tүzilgen Zhajylymy shүjgin orman sharushylygy zhaksy damygan Biik tauly alpilik subalpilik shalgyndy zhәne karly muzdy beldeuleri Batys Tyan Shan men Altaj aralygyndagy biik tauly aumaktardyn 1800 3800 m kejde odan da biik dengejlerdi alyp zhatyr Topyragy alpilik subalpilik shalgyndy shymdy Kopshilik zheri topyraksyz tasty shyndar men mәngi muz kar baskan shyndardyn үlesine tiedi Shalgyndy zherleri zhazgy zhajlau retinde pajdalanylady Topyrak eroziyasy zhәne topyrak zhamylgysyn korgauTopyraktyn kunarlylygyn kemitetin tabigattyn bir apaty topyrak eroziyasy Topyraktyn kurylu procesinin uzak ekendigin tүzushi analyk tau zhynysynan kunarly 18 sm topyrak kabaty pajda bolu үshin ote kolajly tabigi zhagdajdyn ozinde 1400 zhyldan 7000 zhylga dejin uakyt kerek ekenin ajtsa zhetkilikti Al bul kabatty zheldin ushyryp әketui op onaj Topyrak eroziyasynyn eki tүri bar zhel eroziyasy zhәne su eroziyasy Қazakstan Ұlttyk Ғylym akademiyasynyn Topyraktanu institutynyn zertteuleri nәtizhesinde respublikada eroziyaga bejim zher 70 mln gektardan astam nemese respublika aumagynyn 26 y Onyn 52 mln gektary zhel eroziyasyna bejim 17 mln nan astamy su eroziyasyna bejim Zhel eroziyasy Zhel eroziyasynyn basym boluy birinshiden Қazakstan zherinin kop boliginin zhazyk zhәne ashyk boluy ekinshiden kүshti zheldin zhii soguy үshinshiden topyraktyn kurylymy bos nemese mehanikalyk kuramy zhenil kumdy kumdauytty topyraktardyn moldygy Sondyktan mundaj әserlerdi igeru ote zhauaptylykty kazhet etedi Қazakstanda tyn zhәne tynajgan zherlerdi igergen kezde eroziyaga bejim zherler zhyrtylyp bekerge eroziyaga ushyrady Mysaly Pavlodar oblysynda 1955 1958 zh kүngirt kara konyr konyr topyrakty ajmak zhyrtylyp 805 myn gektar zher eroziyaga ushyrap egiske zharamaj isten shygyp kaldy Қostanaj oblysynyn Әuliekol audanynyn kop zheri osyndaj zhagdajga ushyrady Su eroziyasy Akkan sudyn topyraktyn betki kabatyn shajyp ketuin zhyra men saj salanyn zhar men orlardyn pajda boluyn topyraktyn su eroziyasy dep atajdy Noser zhanbyrdan nemese molsherden artyk suargan topyraktyn betki kabaty shajylady Basynda usak zhyralar pajda bolyp olar suargan sajyn ojylyp terendep sajga ajnalady Zhalpy topyraktyn su zhel eroziyasy adamnyn zher resurstaryn tiimsiz pajdalanudyn saldary dep ugamyz Topyraktanu institutynda topyrak eroziyasy bolimi ashylyp soltүstik ontүstik ajmaktardyn su eroziyalaryn zerttep olarmen kүresu sharalaryn usyndy 1 agrotehnikalyk sharalar enisi үlken betkejlerde zherdi su agysynyn bagytyna koldenen zhyrtu kysta kar toktatu topyrakty kajyrmasyz sokamen zhyrtu t b 2 melioraciya sharalary zhyra men saj ozen zhagalaryna suaru tүrleri bojynsha agash zhәne buta otyrgyzu 3 gidrotehnikalyk sharalar zhyralardy bekitetin inzhenerlik kurylystar salu aryktar men kanaldardyn tүbin su otkizbejtin betondalgan takta plenkalarmen kaptau t b Bul sharalar topyraktyn su eroziyasyna ushyrauyn azajtady Derekkozder Қazak enciklopediyasy 5 tom Қazakstannn fizikalyk geografiyasy Almaty Atamura 2008 ISBN 9965 34 809 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geografiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet