Атмосфера айналымы. Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде оңүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосфералық процестер Солтүстік жарты шардың – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп, ауа температурасы жоғарылайды. Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, температура шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады.
Қазақстандағы атмосфералық циркуляциялық процестерге оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал теңіздері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солтүстік-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы температура жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның кеміп, температура инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа температурасының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100–200 мм болса, тау бөктерінде 500–600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солтүстік-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе оңтүстік-батыс жағында атмосфералық суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал теңізі мен Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңтүстік-батыс бөлігіне қарағанда солтүстік-шығысында жауын-шашын 2–3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керісінше, Арал теңізі атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4–4,5 м/с, Каспий теңізінің жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылдамдығы 70 м/с-ке жетеді.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу қамтиды:
- Дала
- Шөлейт
- Шөл
- Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 160–170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақтығы 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.
- Далалық климаттық белдем республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140–160 күнге созылады, қардың орташа қалыңдығы 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100 – 2300°С. өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170–180 тәулік. Қуаңшылықтықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).
- Шөлейт(қолжетпейтін сілтеме) (шөлейтті дала) климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43–27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30–45, 35°С-тан жоғарғысы – 10–20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170–200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27–29 күнге созылады.
- Шөл климаттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық температурасы 3–13°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 81– 84 мм. Кейде жылына 20–30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемінің оңтүстігінде 31, солтүстік-шығысында 120 күндей жатады. Желі баяу, аязды маусымның ұзақт. 100–170 күндей. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180–260 тәулік. Қысы құбылмалы: қарашада түсіп, наурыздың аяғына дейін созылады. Аяз кейде –15–20°С-қа, ал солт-нде –32°С-қа дейін жетеді. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектің 2-жартысына дейін созылады. Шілденің орташа температурасы 23 – 30°С, кей күндері 41 – 46°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Көктемнің тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14–25%-ы түсіп үлгіреді, соның нәтижесінде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлік өсімдіктер қаулап өседі.
Қазақстанның қиыр оңтүстік бөлігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай жеке оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі: жауын-шашынның негізгі мөлшері (62–67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бірақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 245–260 тәулік, 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 4300–4600°С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ, 160–170 күнге дейін созылады..
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atmosfera ajnalymy Қazakstan zheri kys mausymynda Sibir anticiklonynyn tarmagy men azorlyk yadrosynyn ykpalyna zhii ushyrap otyrady Osygan bajlanysty respublikanyn soltүstiginde onүstik batys zhәne batys al zhazda soltүstik batys bagyttan sogatyn zhel basym keledi Қazakstandagy atmosferalyk procester Soltүstik zharty shardyn Euraziya sektorynyn 3 iri aumakty ajnalymy ykpalymen kalyptasady Egerde ciklondar men anticiklondardyn almasu zholdary endik bagytpen otse onda ol endik bagyttagy ajnalym delinedi Endik bagyttagy ajnalym kezinde Қazakstannyn kopshilik boliginde zhauyn shashynnyn molsheri kemip aua temperaturasy zhogarylajdy Europalyk ajnalym kezinde respublikaga suyk aua massalarynyn enui zhiilejdi temperatura shugyl tomendejdi zhauyn shashyn molayady zhel kүshejedi Sibirlik ajnalymda ontүstikten tarajtyn zhyly aua massalary ulgajyp aua temperaturasy zhogarylajdy zhauyn shashyn kemidi Respublika klimatynyn kalyptasuyna onyn zher betinin әr tektiliginin de әseri bolady Қazakstandagy atmosferalyk cirkulyaciyalyk procesterge ontүstik zhәne ontүstik shygystagy tau zhүjeleri biikt 4000 5000 m lik men Kaspij zhәne Aral tenizderi siyakty su ajdyndary da ykpalyn tigizedi Tabigi kedergi sanalatyn tau zhүjeleri atmosferadagy endik bagyttagy sheptik beldemin soltүstik shygys bagytka karaj ojystyryp aua massasynyn zaulama agynyn kүshejtedi Osy aua massasy sonymen birge tau bokterindegi zhergilikti klimatty kalyptastyrushy tau angarlyk aua ajnalymyn tudyrady Қazakstannyn taulyk zhәne tau etegindegi onirlerinin termiyalyk rezhimi zhapsarlas zhatkan zhazyktar zhagdajyna karaganda mүldem baskasha keledi Taudagy temperatura zhazyk zherdegiden tomen keledi Tau betkejleri toniregindegi aua kabatynyn radiaciyalyk salkyndauynan zhәne betkejmen tomen karaj ojyskan auanyn zhylynuynan tauly audandarda temp ranyn kemip temperatura inversiyasy zhalpy biiktikke bajlanysty aua temperaturasynyn koterilui kalyptasady Inversiya kys mausymynda negurlym kүshtirek kalyptasady Tau zhotalaryna zhakyndagan sajyn tik bagyttagy aua agyny kүshejip zhauyn shashyn shugyl artady Ortasha zhyldyk zhauyn shashyn molsh zhazykta 100 200 mm bolsa tau bokterinde 500 600 mm ge dejin artady Zhazyk onirlerde zhyldyk zhauyn shashynnyn maksimumy zhaz ajlarynda al tau bokterinde zhylyna 2 ret nauryz sәuir zhәne karasha zheltoksan bajkalady Su ajdyndary brizdik ajnalymdy tudyrady ol kurlykta ondagan kilometrge gana taralady Orta endik bojyndagy su ajdyndarynyn soltүstik shygys zhagalauynda zhazda zhyly ylgaldy aua agyny үstemdik etse ontүstik batys zhagynda atmosferalyk suyk serpilis pajda bolady Bul kubylysty Aral tenizi men Kaspijdin soltүstik shygys boliginen zhii zhii bajkauga bolady Su ajdyndarynyn ontүstik batys boligine karaganda soltүstik shygysynda zhauyn shashyn 2 3 ese kobirek tүsedi Aumakty Kaspij ajdyny klimattyn kalyptasuyna kysta gana ykpal zhasajdy Kerisinshe Aral tenizi atmosfera ajnalymyna zhaz ajlarynda gana katysady Kolemi shagyn Balkash kolinin de atmosfera ajnalymyna zhәne bulttylykka tigizetin әseri mol Қazakstan zherindegi sogatyn zheldin ortasha zhyld 4 4 5 m s Kaspij tenizinin zhagalauynda 6 m s ten astam al Zhetisu kakpasynda sogatyn Ebi zhelinin zhyldamdygy 70 m s ke zhetedi Қazakstan aumagyn 4 klimattyk beldeu kamtidy Dala Sholejt Shol Ormandy dala klimattyk beldemi respublikanyn ylgaly en mol boligi Ortasha zhyldyk zhauyn shashyn molsh 242 315 mm ge dejin onyn 80 y zhyldyn zhyly mezgilinde zhauady 10 S tan zhogary ortasha tәuliktik aua temperaturasynyn zhyldyk zhiyntyk molsh 2100 S Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzaktygy 160 170 tәulik En kyska zhyl mausymy koktem uzaktygy 1 5 aj zhazy 3 ajga sozylady Қysy uzak kazannan sәuirdin sonyna dejin Қuanshylyktyn ortasha zhyldyk molsheri 37 kүn kejbir zhyldary 110 113 kүnge dejin sozylady Dalalyk klimattyk beldem respublikanyn soltүstigindegi biraz ajmakty kamtidy Zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 200 300 mm onyn 70 80 y zhaz ajlaryna tәn Turakty kar zhamylgysy 140 160 kүnge sozylady kardyn ortasha kalyndygy 30 sm dej Dүlej zheldi kүnder kop zhәne eroziyalyk procester kүshti damygan 10 S tan zhogary auanyn ortasha tәuliktik temperaturasynyn zhyldyk zhiyntyk molsheri 2100 2300 S osip onu kezeninin uzakt 170 180 tәulik Қuanshylyktyktyn ortasha zhyldyk molsh 69 kүn Ormandy dala klimattyk beldemine karaganda kysy zhәne koktemi kyska zhazy uzagyrak kүzi 1 ajga zhuyk kyrkүjekten bastalady Sholejt kolzhetpejtin silteme sholejtti dala klimattyk beldem nemese kuan dala Қazakstannyn orta boligindegi zhazyk onirdi alyp zhatyr Zhyldyk zhauyn shashyn molsheri ontүstikke karaj 279 mm den 153 mm ge dejin kemidi onyn 43 27 y zhyldyn suyk mausymynda tүsedi Turakty kar zhamylgysy 120 kүndej saktalady Қar zhamylgysynyn kalyndygy batystan shygyska karaj 20 sm den 60 sm ge dejin artady Auanyn ortasha tәuliktik temperaturasy 25 S tan zhogary kүnder sany 30 45 35 S tan zhogargysy 10 20 kүn Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzaktygy 170 200 tәulik Қysy katal aua rajy kubylmaly keledi zhazy ystyk radiaciyanyn zhiyntyk molsheri tym zhogary Anyzak lebi kejbir zhyldary ajyna 27 29 kүnge sozylady Shol klimattyk beldemi Қazakstannyn zhazyk onirinin kop boligin kamtidy Ol 3 tipke azhyratylady sazdy shol kumdy shol zhәne tasty shol Ortasha zhyldyk temperaturasy 3 13 S zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 81 84 mm Kejde zhylyna 20 30 kүndej kar zhauady Zhazy uzak ystyk kysy salkyn auasy tym kurgak keledi Қar zhamylgysy turaksyz Zhalpy zhylyna kar beldeminin ontүstiginde 31 soltүstik shygysynda 120 kүndej zhatady Zheli bayau ayazdy mausymnyn uzakt 100 170 kүndej Vegetaciyalyk osip onu kezeni 180 260 tәulik Қysy kubylmaly karashada tүsip nauryzdyn ayagyna dejin sozylady Ayaz kejde 15 20 S ka al solt nde 32 S ka dejin zhetedi Zhazy mamyrdyn basynda bastalyp kyrkүjektin 2 zhartysyna dejin sozylady Shildenin ortasha temperaturasy 23 30 S kej kүnderi 41 46 S ka dejin koterilui mүmkin Koktemnin tym kyska mausymynda zhyldyk ylgaldyn 14 25 y tүsip үlgiredi sonyn nәtizhesinde topyrak ylgalga kanygyp efemerlik osimdikter kaulap osedi Қazakstannyn kiyr ontүstik boligi zhylu men ylgaldyn zhyl bojy taraluyna t b meteorologiyalyk sipattamalar erekshelikterine karaj zheke ontүstik shol beldem aralygyn kurajdy Ereksheligi zhauyn shashynnyn negizgi molsheri 62 67 nauryz ajynda tүsedi zhyl bojyna 40 kүndej kar kylauy bajkalady birak ta kar zhamylgysy kalyptaspajdy Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzakt 245 260 tәulik 10 S tan zhogary auanyn ortasha tәuliktik temperaturasynyn zhyldyk zhiyntyk molsh 4300 4600 S Zhyl mausymdary ajkyn azhyratylady Қysy kyska 90 kүndej Zhazy uzak 160 170 kүnge dejin sozylady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 V tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet