Экспрессионизм (фр. expressіo — бейнелеу) — еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 2-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П.Гоген (Франция), В.Ван-Гог (Голландия), Эдвард Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Германияда экспрессионистік бірлестіктер “Көпір” (1905, мүшелері Э.Л. Кирхнер, М.Пехштейн, Э.Хеккель, т.б.), “Көк салт атты” (1911 – 12, өкілдері В.В. Кандинский, Ф.Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия (кескіндемеші К.Шмидт-Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, археологиялар Р.Штейнер, Э.Мендельзон, Х.Пельциг) мен Австрияда (кескіндемеші О.Кокошка) кең өріс алды. Экспрессионизм ағымынан түрлі бағыттар бой көрсетті:
- Суретшілер Г.Гросс, О.Дикс, мүсінші Э.Барлах, т.б. өз шығарм-тарын соғысқа қарсы бағыттауға күш салды.
- Музыкада экспрессионизм 1900 – 10 жылдары қалыптаса бастады. Ол композиторлар Г.Малер, Р.Штраустың кейбір шығармаларында көрініс беріп, Венаның жаңа музыка мектебі өкілдері А.Шенберг, А.Берг және А.Веберн шығармаларында өріс алды. Бірақ 2-дүниежүзілік соғыстан кейін экспрессионизмнің субъективті-идеалистік өрісі мен асыра әсірешілдігі образ буалдырлығына, пошымды ретсіз бұзушылыққа, болмысты теріс бейнелеуге ұрындырып, нағыз пошымшылдық (Германия мен Францияда “нео-экспрессионизм”, АҚШ-та “абстракті экспрессионизм”) бағыт алды.
- Театрда экспрессионизм 1-дүниежүзілік соғыс жылдары (1914 – 18) және соғыстан кейінгі кезеңде, көбіне-көп Германияда кең етек алды. Ф.Верфель, Г.Кайзер, В.Газенклевер, Э. Толлер, К.Штернгейм, И.Бехер, т.б. драматургтер пьесаларының қойылуы режиссура мен актерлік ойынның өзіне тән экспрессионистік тәсілдерін қалыптастыруға ықпал жасады.
- Режиссерлер К.Х. Мартин, Р.Вейхерт, Л.Йеснер, Г.Гертунг, т.б. спектакльдер қоюда субьектінің шындықтан, яғни олардың ой-түсінігіне орай рухтың “басымдығын” көрсетуге Экспрессионизм құлшынды. Экспрессионизмге тән сахналық образдар күрделі эстетикалық қиыншылықтарымен, өткір гротескілік бояуымен ерекшеленді.
Әсіресе паталогия мен психикалық күйзеліске ұшыраудың түпкі себептерін түсіндіруге баса назар аударылды. Кейіпкер бейнесі белгілі бір нәрсеге негізделіп жасалды. Сөйтіп ол сұлбалық маскаға айналды да адамның абдырап, алас ұрған сезім дүниесін ашуға қызмет етті. Мұның өзі спектакльде негізгі екпінді патетик. декламация мен символикаға, яғни актерлік ойынның шартты болуына алып келді. Спектакльдегі әрекет тез алмасып отыратын эпизодтарға бөлшектенді, соның нәтижесінде мизансценалар қозғалыссыз, эмоциялық жағынан бір-біріне қарама-қарсы құрылуымен айрықша көзге түсті. Сахнадағы сәуле-жарыққа (көбіне түсініксіз, үрей мен тылсым жан түршігершілік бояуды күшейту мақсатымен) көп көңіл бөлінді; декорацияларды безендіруде қиғаш, көлбеу жазықтықтар қолданылды. Кейде сахнадағы заттар кейіпкерлердің ойы мен сезімін білдіре отырып, олардың эмоциясы мен түсінік-ұғымы заттық түрге айналды. Экспресионист-режиссерлер үлкен адамгершілік пен филос. мәселелерді көтеру мақсатымен классикалық драматургия шығармаларын (У.Шекспир, Ф.Шиллер, т.б.) қоюға ұмтылыс жасаса да, мұндай шығармалар экспрессионизмнің эстетикалық принциптері рухында қойылды.
1923 жылға қарай Германияның театр өнерінде экспрессионизм басты бағыт болудан қалды. Бұл жөнінде экспрессионизмді неміс театрының озық ойлы қайраткерлерінің (Б.Брехт, т.б.) сынға алуы айтарлықтай рөл атқарды. 20 ғасырдың 30-жылдары ТМД елдерінде экспрессионизм ықпалы жұмысшы жастар театры тәжірибесінен бой көрсетті. Мысалы, Ресейде Е.Б. Вахтангов, В.Э. Мейерхольд, А.Я. Таиров, экспрессионизм Қазақстанда И.Г. Боров, т.б. сынды режиссерлердің кейбір қойылымдарынан экспрессионизм белгілері байқалды. Кинодағы экспрессионизм 1920 жылдардағы экспрессионизмге тән қарама-қарсы жарық пен пошымшылдық декорацияға құрылып, кейіпкерлерін мистикалық тұрғыдан бейнелеген “Калигари доктордың бөлмесі” (1920, режиссер Р.Вине), “Балауыз мүсіндер бөлмесі” (1923, режиссер П.Лени) атты неміс фильмдерінен көрініс тапты. Жантүршігерлік қорқынышты, тығырыққа тірелген жазмыштан құтылмайтын, т.б. тақырыптарға құру экспрессионистік фильмдерге тән қасиет болды. Экспрессионизм әсері француздың “Авангард” бірлестігі қызметінен (“Механикалық балет” фильмі, режиссер Ф.Леже, т.б.), Ресейде – ФЭКС (Эксцентрикалық актер фабрикасы) (“Шинель”, режиссерлер Г.М. Козинцев пен Л.З. Трауберг) тобының шығарм. тәжірибесінен байқалды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ekspressionizm fr expressio bejneleu europa oneri men әdebiettindegi bagyt Europadagy 20 gasyrdyn 2 shireginde bolgan әleumettik dagdaryska 1 dүniezhүzilik sogys pen ogan ulaskan tonkeristik dүmpudi kamtidy shamamen 1905 20 zhylga dejin zhauap retinde korinis tapty Ekspressionizm sol kezende oz zamanyndagy orkeniet zhutandygyna karsylyk korsetu retinde pajda boldy Өnerde ekspressionizm principteri 20 gasyrdagy keskindemeshiler P Gogen Franciya V Van Gog Gollandiya Edvard Munk Norvegiya Dzh Ensor Belgiya shygarm nan korinis tapty Germaniyada ekspressionistik birlestikter Kopir 1905 mүsheleri E L Kirhner M Pehshtejn E Hekkel t b Kok salt atty 1911 12 okilderi V V Kandinskij F Mark t b pajda boldy Bul agym 1 dүniezhүzilik sogystan kejin Germaniya keskindemeshi K Shmidt Rotluf mүsinshi V Lembruk arheologiyalar R Shtejner E Mendelzon H Pelcig men Avstriyada keskindemeshi O Kokoshka ken oris aldy Ekspressionizm agymynan tүrli bagyttar boj korsetti Suretshiler G Gross O Diks mүsinshi E Barlah t b oz shygarm taryn sogyska karsy bagyttauga kүsh saldy Muzykada ekspressionizm 1900 10 zhyldary kalyptasa bastady Ol kompozitorlar G Maler R Shtraustyn kejbir shygarmalarynda korinis berip Venanyn zhana muzyka mektebi okilderi A Shenberg A Berg zhәne A Vebern shygarmalarynda oris aldy Birak 2 dүniezhүzilik sogystan kejin ekspressionizmnin subektivti idealistik orisi men asyra әsireshildigi obraz bualdyrlygyna poshymdy retsiz buzushylykka bolmysty teris bejneleuge uryndyryp nagyz poshymshyldyk Germaniya men Franciyada neo ekspressionizm AҚSh ta abstrakti ekspressionizm bagyt aldy Teatrda ekspressionizm 1 dүniezhүzilik sogys zhyldary 1914 18 zhәne sogystan kejingi kezende kobine kop Germaniyada ken etek aldy F Verfel G Kajzer V Gazenklever E Toller K Shterngejm I Beher t b dramaturgter pesalarynyn kojyluy rezhissura men akterlik ojynnyn ozine tәn ekspressionistik tәsilderin kalyptastyruga ykpal zhasady Rezhisserler K H Martin R Vejhert L Jesner G Gertung t b spektaklder koyuda subektinin shyndyktan yagni olardyn oj tүsinigine oraj ruhtyn basymdygyn korsetuge Ekspressionizm kulshyndy Ekspressionizmge tәn sahnalyk obrazdar kүrdeli estetikalyk kiynshylyktarymen otkir groteskilik boyauymen erekshelendi Eduarda Kosmakanin potreti Oleni v lesu 1913 1914 zhyldar Elbu arkyly kopir Әsirese patalogiya men psihikalyk kүjzeliske ushyraudyn tүpki sebepterin tүsindiruge basa nazar audaryldy Kejipker bejnesi belgili bir nәrsege negizdelip zhasaldy Sojtip ol sulbalyk maskaga ajnaldy da adamnyn abdyrap alas urgan sezim dүniesin ashuga kyzmet etti Munyn ozi spektaklde negizgi ekpindi patetik deklamaciya men simvolikaga yagni akterlik ojynnyn shartty boluyna alyp keldi Spektakldegi әreket tez almasyp otyratyn epizodtarga bolshektendi sonyn nәtizhesinde mizanscenalar kozgalyssyz emociyalyk zhagynan bir birine karama karsy kuryluymen ajryksha kozge tүsti Sahnadagy sәule zharykka kobine tүsiniksiz үrej men tylsym zhan tүrshigershilik boyaudy kүshejtu maksatymen kop konil bolindi dekoraciyalardy bezendirude kigash kolbeu zhazyktyktar koldanyldy Kejde sahnadagy zattar kejipkerlerdin ojy men sezimin bildire otyryp olardyn emociyasy men tүsinik ugymy zattyk tүrge ajnaldy Ekspresionist rezhisserler үlken adamgershilik pen filos mәselelerdi koteru maksatymen klassikalyk dramaturgiya shygarmalaryn U Shekspir F Shiller t b koyuga umtylys zhasasa da mundaj shygarmalar ekspressionizmnin estetikalyk principteri ruhynda kojyldy 1923 zhylga karaj Germaniyanyn teatr onerinde ekspressionizm basty bagyt boludan kaldy Bul zhoninde ekspressionizmdi nemis teatrynyn ozyk ojly kajratkerlerinin B Breht t b synga aluy ajtarlyktaj rol atkardy 20 gasyrdyn 30 zhyldary TMD elderinde ekspressionizm ykpaly zhumysshy zhastar teatry tәzhiribesinen boj korsetti Mysaly Resejde E B Vahtangov V E Mejerhold A Ya Tairov ekspressionizm Қazakstanda I G Borov t b syndy rezhisserlerdin kejbir kojylymdarynan ekspressionizm belgileri bajkaldy Kinodagy ekspressionizm 1920 zhyldardagy ekspressionizmge tәn karama karsy zharyk pen poshymshyldyk dekoraciyaga kurylyp kejipkerlerin mistikalyk turgydan bejnelegen Kaligari doktordyn bolmesi 1920 rezhisser R Vine Balauyz mүsinder bolmesi 1923 rezhisser P Leni atty nemis filmderinen korinis tapty Zhantүrshigerlik korkynyshty tygyrykka tirelgen zhazmyshtan kutylmajtyn t b takyryptarga kuru ekspressionistik filmderge tәn kasiet boldy Ekspressionizm әseri francuzdyn Avangard birlestigi kyzmetinen Mehanikalyk balet filmi rezhisser F Lezhe t b Resejde FEKS Ekscentrikalyk akter fabrikasy Shinel rezhisserler G M Kozincev pen L Z Trauberg tobynyn shygarm tәzhiribesinen bajkaldy DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8